Дифференциалды сынақ сұрақтары «Мейірбикелік үрдіс» туралы түсінік, барлық кезеңдердегі мейірбикелік үрдістің жұмысын ұйымдастыру


Медбикенің терапевтік бөлімде емдеу-диагностикалық шараларды өткізу кезіндегі міндеттері



бет4/39
Дата08.09.2023
өлшемі137,24 Kb.
#180485
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Байланысты:
КК ДИФ ЗАЧЕТ
2 5249114763505444293
3. Медбикенің терапевтік бөлімде емдеу-диагностикалық шараларды өткізу кезіндегі міндеттері.
Терапия – медицина ғылымының ішкі орган аурулары, олардың себептері, даму барысы, оларды анықтау, емдеу және олардың алдын алып, сақтану әдістерін зерттейтін саласы.
Терапия бөлімшесі - тәулік бойы науқастарға ішкі ағзалардың түрлі дертіне, арнайы мамандандырылған емдеу-диагностикалық көмек көрсетеді. Пациенттерді госпитализациялау шұғыл және жоспарлы түрде жүргізіледі.
Терапия бөлімшесінің негізгі міндеті
1. Емханада және үйде тіркелген тұрғындарға білікті терапевтік көмек көрсету.
2. Халықты диспансеризациялау бойынша шаралар кешенін жүргізу.
3. Халықтың мақсатты топтарына профилактикалық скринингтік тексерулерді өткізу.
4. Халық арасында салауатты өмір салты туралы санитарлық- ағартушылық жұмыс жүргізу.
Терапия бөлімшесінде аурулардың келесі түрлерін анықтау және емдеу үшін толық тексеру жиынтығын жүргізеді:
-Тыныс жолдары аурулары:пневмония,созылмалы бронхит
-Жүрек-тамырлық жүйесі патологиясы:артериялық гипертония,жүректің созылмалы жеткіліксіздігі,жүректің ишемиялық ауруы,жүректің ревматикалық созылмалы ауруы,кардиомиопатия,миокардиттер
-асқорыту ағзалар патологиясы:созылмалы гепатиттер,бауыр циррозы,асқазанның және ұлтабардың ойық жарасы.
Медбикенің негізгі төрт міндеті бар
1.Денсаулықты сақтау
2.Ауруды тоқтату
3.Денсаулықты қалпына келтіру
4.Қайғыруды жеңілдету
Медқызметкерлердің жұмысында,көбінесе азаматтық және тәртіпшілік қылықтар кездеседі.Кейбір жағдайда медқызметкер науқастармен қарым-қатынасында заң нормаларын бұзуы мүмкін.Бұдан қылмыстық іс пайда болуы мүмкін.
Егер медқызметкер өзінің қызмет міндетін орындауда және міндетті түрде қажетті сақтықты қадағаламай немесе ықылассыз және салақтықпен орындаса ол қылмыстық жауапқа тартылады.
Медициналық бике - емдеу-профилактикалық мекемелерде дәрігердің тікелей басшылығымен жұмыс істейтін,медициналық орта білімі бар маман.
Емханада жұмыс жасайтын медициналық бикенің міндеті:
Аурудың алдын алу бөлімшелерінде және дәрігерлік кабинеттерде дәрігердің белгілеуі бойынша зерттеу және емдеу шараларын жүргізеді;
Дәрігерге емханалық операция кезінде және таңу жасағанда көмектеседі;
Алдын алу шарасы кезіндегі медбике міндетті
Антрометриялық , қызулық өлшемдер жүргізеді;
Артерия және көз іші қысымын, көздің көру және құлақтың есту қабілетін анықтайды;
Зертханаға анализдік материалдар алады.
Туберкулезге қарсы, тері-соз аурулары, психикалық-неврологиялық диспансерлерінде, балалар және әйелдер конультациялық емханаларында, фельдшер-акушерлік пункттерінде де медициналық бике ауруларға үй жағадайында медициналық қызмет жасайды, дәрігер нұсқауын орындайды.
Жалпы мейірбикенің міндеті-науқасқа жеке әсер етіп,оның денсаулығын жақсарту арқылы өміріне өзгеріс әкелу



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет