Дінтануды оқытудың әдістемесі



бет5/6
Дата19.12.2021
өлшемі52,48 Kb.
#103414
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
емтихан
емтихан, емтихан, емтихан, 12-Комбинаторика, Лекция 2, тапсырма №10 (1)
Билет №3


  1. Дінтану” пәнін ЖОО-да оқыту мәселелері

  2. Оқытушының кәсіби шеберлігі

  3. Батыс Еуропа ойшылдарының дүниетанымы

1.Дінтанулық білім тарихы 1992 жылы алғаш рет Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «Дін және еркін ойлау» мамандығының ашылуынан бастау алады. Қазір дінтану бакалаврларын еліміздегі Л.Н Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің Дінтану кафедрасы, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Философия ғылымдары және дінтану кафедрасы, Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің Философия және мәдениет теориясы кафедрасы, «Нұр» Қазақ-египет ислам университетінің Дінтану кафедрасы, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Дінтану және теология кафедрасы, Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің дінтану факультеті даярлайды.

Қарағанды мемлекеттік университетінен өзге аталған оқу орындарында дінтану мамандығы бойынша магистратура ашылған. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті мен «Нұр» Қазақ-египет ислам университеті дінтану мамандығы бойынша  PhD докторларын даярлайды.

ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан «дінтану» мамандығына жыл сайын 65 мемлекеттік грант бөлініп келген болатын. 2013-2014 оқу жылынан бастап, оқу гранты 77-ге көбейтілді. Жекелеген оқу орындары өз гранттары арқылы дінтанушылардың белгілі бір бөлігінің ақысыз білім алуын қамтамасыз етуде.

Жалпы дінтанудың өзі бастапқыда пән ретінде Батыс елдерінде теологияға қарсы көзқарастар негізінде қалыптасқаны белгілі. Аталған пәнді қалыптастыру мен дамыту үдерісінде бірте-бірте екі жетекші бағыт қалыптасты. Бірінші бағытты ұстанушылар дінтануды дін туралы (сырттай) оқытатын пән ретінде қабылдаса, екінші бағыттағылар дінтануды дін арқылы (теологиялық тұрғыдан) оқытатын пән ретінде қабылдайды. Қазақстандық білім стандарттарында дінтану дін туралы (сырттай) оқытатын пән ретінде негізделген, ал жалпы оқыту үдерісінде ұстаздар қауымының діни және дінтанулық білімді ұштастыру мүмкіндігіне қарай екі көзқарас аралас көрініс тапқан деуге болады. Бұл ең алдымен дінтану пәнін оқытуға деген мемлекеттің тұжырымдамалық көзқарасының айқындалмауының салдары болып табылады. Осы орайда дінтану пәнін оқытуда ненің мақсат етілетіні, оның қандай пән болуы қажеттігі мемлекет тарапынан нақтылануға тиіс.

Дінтану мамандарын даярлауда қазір «дінтанушы – дінтану пәнінің оқытушысы», «дінтанушы – ислам теологиясы бойынша сарапшы», «дінтанушы – христиан теологиясы бойынша сарапшы», «дінтанушы – жаңа діни ағымдар бойынша сарапшы», «дінтанушы – мемлекет-дін қатынастары бойынша сарапшы» бейіндік бағыттары қалыптасқан. Аталған мамандану бейіндері негізінен Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті мен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде толығымен қамтылған. ҚазҰУ-де сонымен қатар дінтану магистранттары болашақта өндіріске жіберілетін бейіндік бағыт бойынша және ғылыми қызмет пен жоғарғы оқу орындарына оқытушылыққа жіберілетін ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша даярланады.

 «Дінтану» мамандығын оқыту үдерісі барлық оқу орнында мемлекеттік білім стандарттарына сәйкес бекітілген бағдарлама бойынша жүреді. Дегенмен оқу үдерісінде бірізділіктің сақталмауына төмендегідей жайттар әсер етуде:

- негізгі оқу құралдары мен қосымша әдебиеттердің әр алуан болуы;

-    оқытушылардың дайындық деңгейінің әркелкілігі;

-    кафедралардың мамандандыру бағдарының әртүрлілігі.

Дінтану пәнінің оқу әдебиеттерінің санаулы болуы, негізінен орыс тілді және Қазақстанда емес, алыс-жақын шетелдерде даярланған әдебиеттерден құралуы, еліміздегі нақты діни ахуал ерекшеліктерін қамти алмауы, дін мәселелеріне қатысты объективті көзқараспен емес, көбіне атеистік тұрғыдан жазылуы салдарынан идеологиялық жүйелілік пен логикалық бірізділік қалыптаспай отыр.

Оқытушылар құрамына қатысты негізгі мәселе дінтану мамандығы бойынша базалық пәндерден дәріс беретін ұстаздардың көпшілігінің философия, мәдениеттану, т.б. сала мамандары болуында. Аталған ұстаздардың діни қатынастар саласында да біршама тәжірибелері қалыптаса бастағанымен, базалық білімдерінің өзге саладан болуы дінтану пәнінің өз деңгейінде оқып-үйренілуіне мүмкіндік бермейді. Дегенмен соңғы екі-үш жыл көлемінде дінтану магистрлерінің даярланып, жоғарғы оқу орындарында дәріс бере бастауының игі ықпалы байқалады.

Дінтану кафедраларының бірқатар оқу орындарында философия ғылымдары, мәдениет теориясы, теология мамандықтарын қатар алып жүруі аталған бағыттарға белгілі бір дәрежеде бейімділікті аңғартады. Бұл, әрине, мамандану үдерісінің кемшілігі емес, өзіндік ерекшелігі деп тануға болатын жайт. Дегенмен кафедраларға топтасқан ұстаздардың бейіндік бағыты дінтану пәніне деген өзіндік көзқарас пен оқыту әдістемесін айқындайтыны белгілі. Сондықтан әр алуан кафедралар аясында топтасу дінтану мамандығын оқыту үдерісінде тұжырымдамалық бірізділіктің болмауына алғышарт жасайды.

Дінтану пәнінің отандық мамандар жетіспейтін жекелеген оқу бағдарламаларын оқыту үшін қазір шетелден мамандар шақыру үдерісі жолға қойылған. Бұл үдерістегі негізгі қиыншылықтар шақырылатын маманның мемлекеттік немесе орыс тілін игермеуі, аудиторияның ағылшын тіліне жетік болмауы салдарынан оқу үдерісінің созылмалы сипат алып, қиындықпен игерілуіне байланысты болып келеді.

2.

Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған келелі мәселе – білім беру, ғылымды дамыту, өркениет біткеннің өзегі, білім, ғылым, тәрбие екендігіне ешкімнің таласы жоқ. А.Байтұрсыновтың «Мектеп керектері» еңбегінде былай делінген: «...Мұғалім қандай болса, мектеп һәм осындай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика әдістемеден хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім».

Ұстаз қолында адам тағдыры, болашақ ел тағдыры тұрады, мұғалім өсіп, дамып келе жатқан ұрпақпен жұмыс істейді. Сол жас бүгінгі күннің жаңалығынан сырт қалмай ізденісте болу үшін заман талабына лайық жаңа білім, жаңа тәрбие керек. Мұғалім сөзімен, ісімен, мәдениетімен, білікті білімімен, ұйымдастырушылық қабілетімен, балалармен тіл табысудағы қасиетімен асқақ, өз кәсібін қадірлеген ұстаз ғана педагогтік мәртебесін биік ұстай алады.Қазіргі қоғамда қажетті де осындай ұстаздар.

«Маған жақсы мұғалім  бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім мектептің жүрегі» - деп Ыбырай Алтынсарин айтқандай: қазіргі мектеп алдындағы міндеттерді шешуде мұғалімнің кәсіптік мәдениеті басты шарт екені аян. Бүгінгі таңда мұғалімнің ұстаздық тұлғасын қалыптастыру күшеймесе, кеміген жоқ. Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші, жаттандылықтан аулақ, практикалық қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген психолог – педагогтік диагностика қоя білетін іскер мұғалім керек.

ХХІ ғасыр мұғаліміне қойылатын талаптар зор.

Мұғалім жеке көзқарасы бар, соны қорғай білетін жігерлі тұлға, зерттеушілік, ойшылдық қасиеті бар маман, білімді де білікті, көп оқитын, білімін күнделікті ісіне шебер қолдана білетін, өзінің оқушысын өз бетінше білім алуға үйрете алатын болу керек. Бұл - өмір талабы. Мұғалімде ұйымдастырушылық, құрылымдық, бейімділік, сараптамалық қабілеті болу шарт. Ол сонымен қоса ұлттық құндылықтарды яғни этнопедагогика, этнопсихология негіздерін меңгеру қажет, ғаламдасуға байланысты «Ғаламтор» жүйесін жетік меңгерген, әлемдік білімге сай, мәдениеті жоғары жеке тұлға тәрбиелей алатын ұстаз болу қажет.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет