Диплом және курстық ЖҰмыстарын орындауғА Қойылатын талаптар


Жазба жұмыстарын орындау жоспары



бет5/45
Дата27.05.2020
өлшемі384 Kb.
#71309
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Байланысты:
Кадыров и др.

1.1 Жазба жұмыстарын орындау жоспары

Жазба жұмыстарын орындау бірнеше кезеңдерден тұрады:



Бірінші кезеңдайындық, оны ұйымдастыру жұмыстары деп қарауға да болады. Бұл кезеңнің негізгі міндеті:

  1. болашақ жұмыстың тақырыбын таңдау және бекіту;

  2. диплом (жоба) жұмысының тақырыптары мамандықтарға және мамандарды даярлау бағытына сәйкес болуы қажет;

  3. диплом (жоба) жұмысының тақырыптары шығарушы кафедрада әзірленеді, факультет кеңесінде қаралып бекітіледі (жоғары оқу орнының);

  4. жұмыстың орындалу тәртібі анықталады және бекітіледі;

  5. жазба жұмыстардың жалпы мазмұнының жоспарын құру.

Студентке бекітілген тақырыптардан да тыс тақырыпқа диплом жұмысын (жобаны) орындау құқығы беріледі. Мұндай жағдайда студент таңдаған тақырыбының негіздері дәлелденген тұжырымдамасын немесе осы тақырыпқа тапсырыс берген мекеменің хатын кафедраға тапсыруы керек.

Сырттай бөлімде оқушыға диплом жұмысын (жобаны) өндірістік қажеттілікке сәйкес таңдап алуына рұқсат беріледі.

Жоғарыдағы міндеттерді жүзеге асыру үшін жетекшімен бірлесе отырып, студент тақырып таңдайды және әдістемелік көмек көрсету мақсатындағы кеңестің кестесі құрылады. Ол кеңестің уақыты БОӨЖ аясына енуі қажет.

Әдістемелік көмек әр апта сайын жұмыс толық аяқталғанға дейін көрсетіледі. Бұл кеңес формасында (кесте бойынша) жазба жұмыстарының орындалу әдістемесінің жалпы сұрақтары қарастырылады: алғашқы баспалдақ – жұмыстың жалпы мазмұнымен таныстыру, соңғы баспалдақ – жұмысты ұсыну және қорғаумен байланысты.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет