Диплом жұмысы 5В010200 «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы



Pdf көрінісі
бет46/48
Дата16.06.2020
өлшемі0,77 Mb.
#73621
түріДиплом
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48
Байланысты:
Отбасындағы баланың сөйлеу мәдениетін қалыптастыруда педагогикалық қарым-қатынастың тиімділігі.-конвертирован
Титулка, Титулка
 


61 

 

ҚОРЫТЫНДЫ 

 

В.Г.Крысько  бала  өмірге  келген  сәттен  бастап  білім,  тәрбие  үрдістері 



арқылы қоғамдық рөлдерді меңгеріп, әлеуметтік сипатқа ие болатынын айтады. 

Осы  тұрғыда  ата-ананың  педагогикалық  білімі,  мөдениеті  ерекше  күшке  ие. 

Себебі индивидтің әлеуметтік рөлді меңгерудегі алғашқы мектебі  - отбасы, ал 

ұстазы  -  ата-анасы.  Бұл  құбылыс  қоғам  дамуының  әр  сатысында  әр  түрлі 

болған.  Зерттеу  жұмысында  балаға  деген  ата-ананың  қатынасы  б.д..д  IV 

ғасырда  инфатицидті,  ІҮ-ХІІІ  ғасырда  -  тастанды,  ХІҮ-ХҮИ  ғасырларда 

амбивалентті, XVIII  ғасырда  - беймаза, ХІХ-ХХ ғасырларда  - әлеуметтік, XXI 

ғасырдың  басында  жәрдем  беру  сипатында  болғаны  көрсетілді,  және  де  ата-ана 

мен  баланың  отбасындағы  қарым-қатынасы  адамзат  тарихында  өзінің 

өзектілігімен  ерекшеленгендігін  де  бейнеледі.  Біздің  елде  де,  бұл  мәселе 

ғылыми,  саяси,  әлеуметтік  сипатта  қарастырылуда.  Қарым-қатынас  мәселесі 

психолог, педагог, социолог, саясаткерлердің зерттеу нысанасы болып табылса да, 

отбасындағы  мектеп  жасына  дейінгі  бала  мен  ата-ананың  қарым-қатынас 

мәдениеті әлі де жан-жақты зерттеуді қажет етеді. 

Кезінде  (Кеңес  дәуірі)  "халықтар  достығының  зертханасы"  -  аталған 

Қазақстан Республикасында бүгінгі күні жүзден аса ұлт өкілдері тіршілік етеді. 

Әр түрлі этнос өкілдерінің бір өмір сүруі, кейде аралас отбасын құруы - қарым-

қатынас мәдениетін күрделендіреді. 

Зерттеу  жұмысымызда  бұрын  қарастырылмаған,  қазақ  отбасындағы  ата-

аналар мен мектеп жасына дейінгі бес-жеті жастағы балалардың өзара қарым-

қатынас 

негізінде 

сөйлеу 

мәдениетін 

қалыптастыру 

ерекшеліктері 

қарастырылды. 

Біріншіден, философиялық, психологиялық-педагогикалық ой-пікірлер мен 

ғылыми  теорияларға,  әдістемелер  мен  бағдарламаларға  сүйене  отырып, 

отбасының  психологиялық  көңіл-күйі  өсіп  келе  жатқан  бала  тәртібіне 

қаншалықты әсер ететіні анықталды. 

Алғашында  қарым-қатынастың  дұрыс  болмау  салдарынан  мектеп  жасына 

дейәнгә бала тәртібі түрлеріне жекелей психологиялық талдау жүргізіп, кейінірек, 

түрлі  отбасында  (қала  және  ауыл)  тәрбиеленғен  балада  эгоизм,  бірбеткейлік, 

еркелік, агрессия құбылыстарын түзетуге арналған ұсыныстар мен бағдарлама 

әзірленді.  Эксперимент  нөтижелері  қазіргі  жастардың  бала  тәрбиесіндегі 

"сауатсыздығын", олардың баламен қарым-қатынасының шектеулі болатынын, 

сезімдерін  танытуда  үнемшілдігін  көрсетіп,  ең  алдымен,  осы  жас  ата-аналармен 

жұмыс  жүргізу  керектіғін  көрсетті.  Шет  елдік,  ресейлік  және  де  қолда  бар 

отандық  зерттеулер  негізінде  ата-ана  мен  бала  арасындағы  қарым-қатынас 

мәселесін шешуге, түзетуге бағытталған эксперименталды бағдарлама ұсынылды. 

Философиялық,  педагогикалық және психологиялық өдебиеттердің теориялық 

талдауы,  жеке  тұлға  дамуына  қатысты  психологиялық-педагогикалық, 

этномәдени  даму  тұжырымдамаларына  сүйене  отырып,  сөйлеу  мәдениетін 

қалыптастыруда  этностық  компонентті  есептеу  қажеттілігі  көрсетілді. 

К.Қожахметованың этномәдени даму тұжырымдамасы бізге, сөйлеу мәдениетіне 




62 

 

ерекше назар сала қарау керектігін көрсетті. Себебі, қарым-қатынастың аумағы 



өте  кең.  Оның  тікелей  әсерінен  бала  әлеуметтік  тәжірибені  ғана  меңгермейді, 

қарым-қатынасқа  түсу  арқылы  баланың  барлық  таным  үрдістері  (қабылдау, 

қиял, ес, зейін, ойлау) пайда болады. Бала туғаннан мектепке дейінгі аралықта 

үш түрлі (1 жас, 3 жас,7 жас) дағдарысты басынан өткізетіні белгілі, ал баланы 

тәрбиелеуде осы жағдайларды ата-аналар біліп отыруы керек. 

Екіншіден,  тәрбие  ісінде  әр  ата-ана  білімін  үнемі  жетілдіріп  отыруы  тиіс. 

Себебі, баланы есті, мәдениетті етіп тәрбиелеу отбасындағы ата-ананың парызы. 

Кеңес жылдарында отбасы тәрбиесі өзінің құнды жақтарынан айырылып артқа 

шегінді. Бұл жайында академик С.Г.Струминин: «Біздің дүние жиырма жылдан 

кейін»  деген  еңбегінде:  «совет  азаматы  перзентханадан  балабақшаға  немесе 

балалар  үйіне,  мектеп  интернатқа,  одан  өнеркәсіп  орнына,  не  оқуын 

жалғастыруға жолдама алады» - деген. Расында, отбасы тәрбиесінің маңызы өте 

төмен  болды.  Біз,  өз  зерттеуімізде  барлық  тәрбие  шараларын  отбасымен,  ол 

жердегі 


ата-аналардың 

психологиялық-педагогикалық 

сауаттылығымен 

байланыстыруға  тырыстық.  Бала  тәрбиесі  отбасындағы  ата-ананың  өзіндік 

үлгісіне  байланысты.  Бұл  тұжырымды  растайтын  халықтық  тәрбие  үлгісі, 

ғылыми  қағидалар  жетерлік.  Ғылыми-зерттеу  жұмысы  нәтижесінен 

төмендегідей қорытынды жасаймыз: 

1.  Қазақ  отбасында  ата-ананың  баласына  эмоционалды  қатынас-тарының 

шектеулі  болатындығы немесе тапшылығы байқалатыны анықталды. 

2.  Мектепке 

дейінгі 

кезеңдегі 

балалардың 

қарым-қатынасының 

қалыптасуында сөйлеу мәдениетінің алатын орны ерекшеленді. 

3.  Сөйлеу мәдениеті мектеп жасына дейінгі баланың тәртіп мәдениетінің бір 

компонентіне жататыны қарастырылды. 

4. 


Психологиялық-педагогикалық  әдебиеттердегі  сөйлеу  мәдениетінің 

анықтамаларын талдау негізінде сөйлеу мәдениенінің анықтамасын ақтыланды: 

«Сөйлеу   мәдениеті қоғамдық қажеттіліктер негізінде туатын әр адамның білім

тәрбие  және  әлеуметтану  деңгейін  көрсететін  тәртіп  мәдениетінің  құрамдас 

бөлігі». 

5.  Сөйлеу  мәдениетінің  нақтыланған  анықтамасына  сүйене  отырып,  оны 

қалыптастырудың  құрылымдық  үлгісі  жасалынды.  Басты  назар  отбасы 

тәрбиесіне,  ата-ананың  педагогикалық  біліміне  аударылды.  Құрылымдық  үлгі 

отбасындағы  тәрбие  үрдісін  ұлттық  тұрғыдағы  (С.Қалиев,  К.Қожахметова, 

С.Ұзақбаева)  ғылыми  негізделген  (М.И.Лисина,  І.Т.Шериазданова)  бағытта 

ұйымдастыруды көздейді. 

6. 


Мектеп жасына дейінгі баланың  сөйлеу  мәдениетін қалыптастырудың 

өлшемдері мен көрсеткіштері анықталды. Ата-аналар үшін де, балалар үшін де 

сөйлеу мәдениетін меңгеру деңгейлері (төменгі, орта, жоғары) анықталды. 

7. Қазақ  отбасындағы  ата-аналардың  түрлерін  анықтай  отырып  (5-түрі) 

тәжірибе  жүзінде  қалалық  және  ауылдық  жерлердегі  ата-ана  мен  бала  қарым-

қатынасының тілдік қатынас ерекшеліктері талданды. 

8. Қазіргі кездегі қазақ отбасындағы мектеп жасына дейінгі баланың сөйлеу 

мәдениетін  қалыптастырудың  жолдары  ұсынылды.  Ұсынылып  отырған 




63 

 

әдістемелер бала жасын есепке ала әзірленді. 5-7 жас - мектеп жасына дейінгі 



шақ, бұл кездегі баланың психологиялық дамуын бейнелейтін жетекші әрекет, 

ол  -  ойын.  Ұсынылып  отырған  ойын-жаттығулар  түріндегі  әдістеме  мектеп 

жасына  дейінгі  баланың  сөйлеу  мәдениетін  қалыптастырудың  жалғыз  ғана 

тиімді құралы деп есептемейміз. Дегенмен де, ата-аналар, балаларға   арналған 

бұл  психологиялык-педагогикалық  әдістеме  пайдалы  болады  деп  ойлаймыз. 

Себебі,  әдістеме  мазмұны  қарапайым,  бала  үшін  қолайлы,  арнайы  жағдайлар 

ұйымдастыруды  аса  қажет  етпейді.  Әдістемені  мектепке  дейінгі  тәрбие 

мекемелерінде  де, отбасы жағдайында да кеңінен қолдануға болады.  Біздің 

жүргізген  зерттеу  жұмысымыз  бойынша  төмендегідей  ұсыныстар  жасауға 

болады: 


1 .Ата-аналармен: 

1.1 


Лекция,  семинар  түрлеріндегі  педагогикалық  ағарту  шаралары 

жүргізілу тиіс. Лекция, семинар тақырыптарын  ата-аналардың сұраныстарына 

қарай таңдап, мәселені ата-ананың отбасы тәрбиесіндегі "сауаттылығын" көтеру 

арқылы шешкен дұрыс. 

1.2 

Ата-аналар  бала  тәрбиесінде  мектепке  дейінгі  мекемелермен  тығыз 



байланыс орнатуы тиіс. 

2.Балалармен: 

2.1  Отбасы  тәрбиесінде  бала  жасы,  танымын,  қызығушылығына  сай, 

түсінуге қолайлы әңгіме, ертегілер түріндегі әдістемелерді жүргізу керек. 

2.2.  Ұлттық  тәрбиенің  озық  үлгілерін  тиімді  пайдалану  қажет.  Жүргізілген 

жұмыстар  нәтижесінде  зерттеудің  ғылыми  болжамы  дәлелденіп,  қойылған 

міндеттер  іске  асырылды.  Солай  дегенмен  де,  қазақ  отбасының  бүгінгі 

жағдайы, қарым-қатынас мәселесі аумағындағы көптеген сұрақтардың жауабын 

қарастыру болашақтағы ізденістерді талап етеді. 

Жүргізілген 

зерттеу 

жұмысы 


сөйлеу 

мәдениетін 

қалыптастыру 

проблемасын  жан-жақты,  түбегейлі  шештік  деп  айта  алмаймыз.  Зерттеу 

барысында  қазақ  отбасындағы  ата-ана  мен  баланың  сөйлеу  мәдениетін  басқа 

ұлт  отбасындағы  (мысалы  орыс  немесе  өзбек)  мәдениетпен  салыстыру 

қажеттілігі  және  де  басқа  жас  кезеңдеріндегі  сөйлеу  ерекшеліктерін 

қарастырудың да маңыздылығы бар екендігі анықталды. 

  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   48




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет