Диплом жұмысымды жазуда пайдаланатын әдебиеттер тізімін алып


Пәнаралық  координация  принципі



Pdf көрінісі
бет10/32
Дата04.01.2022
өлшемі1,09 Mb.
#109559
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   32
Байланысты:
Шетел тілдеріне оқыту әдістері doc
педагогика
 

Пәнаралық  координация  принципі

 

түрлі  пәндердегі  тақырыптары 

қайталанып  кетпеуі  мақсатымен  үйлестіруді  қарастырады  және  оқушылардың 

санасында  қоршаған  орта  мен  пәндерді  қабылдауды  қалыптастыру.  «Бір-

бірімен  байланыста  жататын    нәрселердің  барлығы,  осындай  байланыста 

түсіндірілуі  қажет,»-деп  жазған  Я.А.Коменский,  ол  оқыту  процесі  кезінде 

барлық оқу пәндері байланыста болу керектігі өте маңызды деп бірінші болып 

айтқан. Тіл сабақтарында бұл принцип пән – тілдік деңгейде көрінеді; пәндерге 

оқытуда 

тілді 


меңгеру 

деңгейін 

ескереді 

және 


профессионалды 

қызығушылықтары  ескеріледі.  Оқушылар    мамандықтарының  тілдік 

элементтерін  игереді.  Осының  нәтижесінде  жалпылығымен  пән  ретінде  де, 

қарым-қатынас құралы ретінде де профессионалды қарым-қатынас сферасында 

коммуникативті компетенцияны қалыптастыруға жағдай жасалады.  

Филолог  студенттермен сабақта пәнаралық координация бірінші кезекте 

екі  профильді  пәнге  қатысты:  оқытылып  жатқан  тілдің  теориялық  және 

практикалық    курсы.  Аталған  пәннің  мазмұны  сәйкес  келеді  және  келесі 

материалды  қамтиды:  сөздің  дыбыстық  жағы  (фонетика);  дыбыстап  айту 

ережесі(орфоэпия); дыбыстық құрамның жазбаша әріптермен берілу әдісі және 

жазу  ережесі  (графика  және  орфография);  сөздің  мағынасы  мен  қолданылуы 

(лексика);  құрамы  бойынша  тұрақты  және  мағынасы  бойынша  бөлінбейтін 

сөздер  кешені  (фразеология);  сөздің  структурасы  және  сөз  жасау  (сөз  жасау); 

сөздердің  формасы  және  грамматикалық  категориясы  (морфология);  сөздерді 

біріктіру  ережесі,  олардан  сөйлем  жасау  (синтаксис);  сөздердің  түрлі  тілдік 

қарым-қатынастарда қолданылуы, түрлерінде, жанрларда (стилистика).  

Бірақ  аталған    материалдардың  берілу  сипаты  әр  пән  төңірегінде  бір 

бірінен ерекшеленеді. Тілдің теориялық курсында бірінші кезекте оның жүйесін 

сипаттау ұсынылады,  яғни тілдің парадигматикасы, ал практикалық сабақтарда 

басты  назар  синтагматикаға  аударылады,  яғни  қандай  да  бір  мазмұнды  айту 

үшін  тілдің  бірлігін  қолдануға  материалдың  осылайша  түсіндірілуі  тілді 

практикада  меңгеруге  көмектеседі,  ал  оны  таңдау  және  сабақтарда  қолдану 

(көрсету) функциональды сипатқа ие.  

Пәнаралық  координация  пәндік-тілдік  сипатқа  ие  және  тілдің  теориялық 

сабақтарында  терең  ой  елегінен  өткізіліп,  жүйеленеді.  Филологияға 

бағытталған  мәтіндердің  оқылуы,  бұндай  мәтіндердің  лингвоелтану 

тұрғысында  талдануы  теориялық  курс  мазмұнының  жақсы  игерілуіне  

көмектеседі.    «Мамандықтың  тілі»  аспектісі  филологиялық  жоғарғы  оқу 

орнының  бірінші  курсынан  бастап  алдыңғы  қатарда  болады,  ал  бұл 

студенттердің    профильді  әдебиеттердің  оқылуына  мүмкіндік  береді.  Осы 

мақсатпен  мамандық  дайындайтын  (профилирующий)  кафедра  оқытушылары 

тілден практика сабақтары үшін оқу материалдарын талдауға және дайындауға 

қатысады.  Осылайша,  пәнаралық  координация    принципі  түрлі  пәндердің    тіл 



 

12 


деңгейінде  де,  пән  деңгейінде  де  байланыста  оқытылуын  қарастырады.  Оқу 

процесінде  принципті  іс  жүзіне  асыру  студенттер  таңдаған  мамандықтар 

көлемінде 

коммуникативті 

және 

профессионалды 



компетенцияны 

қалыптастыруға  жағымды  жағдайлар  жасауға  көмектеседі.  Шетел  тілінің 

професионалды  бағытталған  курсын  мүмкіндігінше  ертерек  жүзеге  асырған 

жөн, бұл тілге деген қызығушылықты арттырады.  



Мәдениетаралық  қатынас  принципі 

оқу  –  тәрбие  процесінің 

ұйымдастырылуын  қарастырады.  Бұл  жерде  оқытушы  оқушылардың  ұлттық-

мәдени ерекшеліктерін мәдениетаралық қарым-қатынас жағдайында ескереді.  

Мәдениетаралық  қатынастың  оқу-тәрбие  процесіне  әсері  өте  үлкен. 

Мәдениетаралық қатынас принципінің өз алдына бөлек дидактикалық принцип 

ретінде бөлінуі орынды және ол бірнеше зерттеулерде (мысалы, Суригин 2000), 

лингвокуольтрологияның  проблемалары  жұмыстарында  (Воробьев,  1997) 

қолдау тапты. 

Бұл  принциптің  оқу  тәрбие  процесінде  ескерілуі  мәдениетаралық 

компетенцияның қалыптасуына  көмектеседі.  Қалыптасу  деңгейі  оқушылардың 

әлеуметтік  мәдени    деңгейдегі  тілді  игеру  жетістіктерін  бағалауға  мүмкіндік 

береді. Нәтижесінде:  

Жер бетіндегі тіл туралы білімді алу, оны суреттеуге және өзінің оқыған 

тілдің көмегімен ойын айтуға мүмкіндік береді;  

Ұлт өкілдері (носители языка) сферасынан негізгі білімді игеру;  

Оқушылардың  жалпы  кругозорын  кеңейту,  яғни  жаңа  тілдік  ортада 

қарым-қатынаста  пайдалана алатындай адам есімдері, күн, ай, апта атаулары.  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   32




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет