Дипломдық жұмыс Қазақстан республикасы шымкент 2006 жыл мазмұНЫ



бет2/3
Дата04.12.2016
өлшемі0,84 Mb.
#3203
түріДиплом
1   2   3

Жастардың саяси қалыптасу процесі әлеуметтанулық ілімдер де арнаулы зерттеу объектісіне айналып отыр. Әлеуметтендіру теориясы адамды тұлғалық қасиеттер қалыптасу процесіндегі әлеуметтік фактордың рөліне, олардың тетіктеріне және адам мен қоғам үшін маңыздылығына басты назар аударады. АҚШ әлеуметтанушылары бұл процестегі адаммен коммуникациялы байланысқа түсетін әлеуметтік ортаның нақтылы бөліктерін атап өтеді (рөлдер мен статустар, әлеуметтік институттар, саяси құрылымдар т.т.).


Әлеуметтену процесіндегі ең негізгі мәселе – оқу процесі. Сондықтан, оқу процесінің жастардың әлеуметтендірудегі қызметін анықтап, талдаудың маңызы айрықша. Осы ретте жастардың саяси дағдыларын қалыптастыруда ерекше орын алатын ″әлеуметтендіру″ деген не, соны анықтап алайық.

Дүнижүзілік ғылыми әдебиетте ″әлеуметтендіру″ ұғымының мазмұны туралы ортақ пікір жоқ. Әр түрлі ғылым өкілдері бұл терминнің мазмұнын өзінше түсіндіреді. Айталық, необихевиоризм өкілдері ″әлеуметтендіру″ ұғымның "әлеуметтік өмірді оқытып үйрету" түрінде түсіндіруге, символды, интеракционизм мектебінің мүшелері оны "әлеуметтік қарым-қатынас нәтижесі" деп біледі. Ал, гуманистік психология ағымының өкілдері "әлеуметтендіру" терминінің мазмұнын "мен" ұғымның баламасы ретінде пайымдап, "дайындалған болашаққа қатысты көзқарастың" өзіндік маңызды мәселелерін құрайды деп есептейді.

Батыс Европа зерттеушілерінен басқа орыс ғалымдары "әлеуметтендіру" терминінің мазмұны, әлеуметтік тәжірибені меңгерту арқылы жеке тұлғаның өмірлік позициясын қалыптастыру мәселелері құрайтындығына баса назар аударады. Мысалы, Мәскеуде 1988-ші жылы жарық көрген "Қысқаша социологиялық сөздікте" "әлеуметтендіру" ұғымына төмендегідей анықтама берген. Әлеуметтендіру – жеке тұлғаның қалыптасуы, оның белгілі бір қоғамда, әлеуметтік ортада, топта қабылданған мінез-құлық үлгілерін, құндылықтарды, нормаларды, нұсқауларды меңгеруі /36/. 1990 жылы шыққан "психология" атты түсіндірме сөздіктеде жоғарыда аталған "әлеуметтендіру" ұғымына пара-пар анықтама берілген /37/.

Профессор Г.М.Андреева мұндай анықтамалардың "әлеуметтендіру" ұғымының мәнін толық ашып көрсете алмайтындығын айта отырып, "әлеуметтендіру" дегеніміз екі жақты процесс, ол өзінің мазмұнына бір жағынан индивидтің белгілі бір әлеуметтік ортаға еніп, онда жинақталған әлеуметтік тәжірибені меңгеруін, екінші жағынан индивид өзінің белсенді іс-әрекетінің ықпалымен әлеуметтік қарым-қатынастар жүйесінің ұдайы толықтырылып отырып қамтамасыз ете алуы, әлеуметтік ортаға белсенді түрде қосылуы деп түсіндіреді.

"Егер", - дейді ол.- "әлеуметтендіру процесінің бірінші жағы - әлеуметтік тәжірибені меңгерту – бұл ортаның адамға тигізетін ықпалын сипаттаса, онда екінші жағы әлеуметтенген адамның өзінің қоршаған ортаны өзгертуге бағытталған белсенділігін танытады. Адам тек әлеуметтік тәжірибені меңгеріп қана қоймайды, қажетіне жаратады" /38/.

Ұғымның түп мәніне терең бойламай сырт көзбен қарағанда "әлеуметтендіру" термині "тәрбие" ұғымына пара-пар сияқты болып көрінуі мүмкін. Дей тұрғанмен, бұл екі ұғым арасында айтарлықтай айырмашылық бар. "Тәрбие" ұғымы қоғамның өз мүшелеріне саналы түрде арнайы жоспарланған мақсатта тәрбие беруін білдіреді. Ал, "әлеуметтендіру" термині болса өзінің мазмұнына мемлекеттік тәрбие жүйесіне тән белгілерден де басқа қоршаған нақты әлеуметтік ортаның ықпалымен жиі кездесіп отыратын тәрбиелік мүмкіндіктерді қамтиды. Мысалы, жастардың әлеуметтік тұрғыдан қалыптасуына мектепте, жоғарғы оқу орнында берілетін білім, өзге де саяси ықпалдарды басқа қатар жүрген құрбы-құрдастарының тигізетін әсерін әлеуметтендіру факторы ретінде алып қарауға болады.

"Білім беру" және "оқыту" ұғымдары да "әлеуметтендіру" терминінің негізгі құрылымдық компоненттерінің қатарынан берік орын алады. Себебі, кез-келген тәрбиелік шаралардың, яғни жастарға әлеуметтендірудің негізін оларға өмір бойы қызмет ететін, олардың дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыруға және ғылымның негізгі байлықтарын, ұлттық, жалпы адамзаттық мәдениетті игеруге мүмкіндік беретін, сондай-ақ өскелең ұрпақтың өздігінен ойлау қабілетін дамытуға, алда тұрған өмірлік, бағыт-бағдарлық және өндірістік міндеттерді өз бетінше шешуге, елдегі саяси жағдайдың өзгеруіне байланысты тез бейімделуді, алған білімдерін нарықтық кезеңдегі тұрмыс-тіршілікте қолдана білуді қажет ететін қазіргі заманғы күрделі техникамен және технологиямен байланысты алдағы еңбек жолында қажет болатын кәсіптік білім негіздерін, дағды-іскерліктер мен біліктілікті меңгерту құрайды. Сонымен бірге, білім беру жастардың бойына өз ұлтына тән құндылықтарды сіңірумен қатар, олардың жалпы адамзатқа тән қазыналардан сусындауын қамтамасыз етеді. Жастардың жан-жақты қабілеттерінің дамуына жағдай жасау, олардың бойына еңбек және қоғамдық қызмет дағдыларын сіңіру, қоғамдық қарым-қатынас жүйесіне енгізе отырып, өтіп жатқан саяси құбылыстарға сындарлы қарап, талдай білу және өзінің нақты саяси бағдарын қалыптастыру, білім берудің, оқыту мен тәрбиелеу процесінің басты міндеті болып табылады.

Осында аталғандарды талдай келіп, "әлеуметтендіру" терминіне мынандай анықтама беруге болады. Әлеуметтендіру дегеніміз – жеке тұлғаны жан-жақты қалыптастыру, жастарға оқыту мен тәрбиелеу процесінде белгілі бір тәртіпке келтіріліп, жинақталған қажетті әлеми білімдерді, дағды-іскерліктерді және біліктілікті, рухани байлықтарды, мүдделер мен құндылықтарға, дүниетанымдық тағылымдар мен салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптар мен жөн-жоралғыларды, адамгершілік пен мінез-құлық нормаларын меңгерту арқылы оларды бірте-бірте өздері өмір сүріп отырған қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылысына сәйкес әлеуметтік рөлдер жүйесіне қосу.

Жастардың әлеуметендіруде айрықша маңыздылыққа ие болатын тағы бір мәселе, ол жастардың дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру болып табылады.

Оқу-ағарту жүйесі үш түрлі функцияны: білім-беру, тәрбиелеу және жетілдіріп дамытуды атқарады.

Білім беру – ақыл-ойдың дамуына тікелей әсер ете отырып, адамның дүниеге жүйелі көзқарасының қалыптасуына ғылыми негіз болады. Ал дүниеге ғылыми көзқарасы адамның толыққанды қалыптасуының ең негізгі арқауы. Сондықтан республикада жастардың дүниеге көзқарасын қалыптастыру оларды оқытудың, тәрбиелеудің және жетілдіріп дамытудың бөлінбес бөлігі ретінде оқу процесі бойынша жүзеге асырылса дұрыс болар еді.

Білім- жеке тұлғаның әлеуметтік-саяси көзқарасын дамытып, дүниетаным аясын кеңейтетін маңызды факторлардың бірі. Ол жеке тұлғаның әлеуметтік статусын айқындауда, сондай-ақ қоғамда саяси келісім мен ішкі тұрақтылықты орнықтырып, саяси құрылымды дамытуда үлкен рөл атқарады.

Білім – біздің қоғамымыздың ХХІ ғасырдағы басым бағыттарының бірі. Білімсіз Қазақстанның қоғамдық-саяси жүйесін өркениетті дамыту мүмкін емес.

Білім – мемлекеттің күш-қуатын анықтаушы. Қай кезде де адамзат қоғамының білім деңгейі аса маңызды мәселе болды. Көрнекті ғалым Э.Дюркгейм білім берудің негізгі міндетін қоғамда үстемдік етіп отырған мәдени құндылықтарды ел арасында тарату деп тапса, американдық социолог – Н.Смелзер білімді институционалдандырылған процесс, яғни қоғамда қалыптасқан белгілі бір құндылықтарды жеке адам, топ, қауымдастық арасында орнықтыруды жүзеге асыратын құрал ретінде анықтайды /39/. Бұл ыңғайда қос ғалымның да ой-пікірі бір арнада тоғысып жатыр.

Сонымен, аталмыш міндеттерді негізінен іске асырушы рухани мәдениеттің қайнар көздерінің бірі – жоғары оқу орындары. Ол елдің ұлттық интелектуалдық потенциялының жас буының қалыптастыратын орын. Оның мақсаты егеменді елімізге ұлттың қамын ойлап, жоғын жоқтайтын өнегелі, өрісі биік азаматты дайындап, тәрбиелеу десек, екіншіден ол – білім ордасы. Жастардың бойындағы талантты ашып, жетілдіріп дамыту, белгілі бір маман өнеріне үйрету әрбір жоғарғы оқу орнының міндеті. Келешек маман иесін толыққанды тәрбиелеуде білім ордалары жастарға тек қана белгілі бір кәсіпті үйретіп қана қоймай, сонымен қатар сол мамандықтың кәсіби ой жүйесін, сананың кәсіби этикасын, кәсіби мәдениетін қалыптастыру шарт. Сондай-ақ жастарға қоғамдағы және бүкіл адамзат өркениетіндегі ортақ рухани, саяси құндылықтар тұрғысынан да жүйелі білім беру қажет. Мұның болашақ мамандықтың кәсіби ой-өрісін кеңейтуде, саяси бағдарын қалыптастыруда маңызы зор. Бұл жайында белгілі ғалым Э.Дюркгейм қоғамдағы халықтың барлық мүшелеріне ортақ құндылықтар қоғам өмірін реттеуде үлкен рөл атқарады деп көрсеткен. Ол адамдардың мінез-құлқында ортақ нормалар мен ұстанымдарға (принциптерге), идеалға айналады. Ал, бұлар құықтық және адамгершілік тұрғыда беделді әлеуметтік күш қызметін атқармақ. Осындай күш бүкіл экономикалық-әлеуметтік, рухани-мәдени және қоғамдық-саяси тіршіліктің тұтқасы, өлшемі болмақ. Мұндай құндылықтар болмаған жерде адам мінезінде әртүрлі ауытқулар мен тұрақсыздықтар орын алуы мүмкін.

Орта ғасырлық ойшыл Ж.Баласағұн ″Құтты білік″ еңбегінде: ″Мемлекеттік ойлауды қалыптастырудың басты шарты – білім немесе әмірші заңдар арқылы қанша мықты бола тұрып, ғалымдарсыз елді басқара алмайды″- дейді /40/.

Ендеше, мемлекетіміз өз бағытын айқындаудың стратегиялық мақсат-міндеттері қатарына жас ұрпақтың білімі мен тәжірибесін алға шығаруы – заңды құбылыс. Ел Президентінің үстіміздегі жылғы халыққа жолдауындағы төртінші басымдылығында: ″Осы заманғы білім беруді дамыту, кадрлардың біліктілігі мен оларды қайта даярлауды ұдайы арттыру және Қазақстан халқы мәдениетінің одан әрі өркендеуі /41/.

Бүгінгі таңда еліміздегі білім беру саласындағы реформалар арқылы жастар арасында демократиялық саяси мәдениеттің қалыптасуы мен таралуы жүзеге асады. Республиканың білім жүйесіндегі жүріп жатқан реформалардың бірі- білімді гуманитарландыру, ізгілендіру. Президенттің тікелей нұсқауымен 1994жылы 25-ші тамызда Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы саясат жөніндегі ұлттық кеңес бекіткен гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы қабылданды. Аталмыш құжатта: ″Жоғарғы мектептегі гуманитарландыру қоғам дамуының алғышарттарын қалыптастыруға, жастарды нарықтық қатынастар жағдайында жұмыс істеуге әзірлеуге тиіс болғандықтан, қоғамда болып жатқан өзгерістерді алдын ала анықтап, оларды бейнелеп отыруға тиіс. Кез келген жастың жоғарғы оқу орнын бітіргенде игеруге тиісті негізгі жеке қасиеттер, адамгершілік өлшемдер мен гуманитарлық бағдарлар жиынтығы ретінде мыналар танылады:



    • философиялық даярлық (өйткені дүниетану мен түйсінудің негізін құрайтын да, өмірдің мәнін іздегенде құндылық бағдар беретінде осы);

    • нарықтық экономиканың әлеуметтік бағытталуы туралы қазіргі түсініктердің негізінде қалыптасатын экономикалық біліктілік;

    • әлемдік өркениет тарихындағы неғұрлым мәнді идеялар мен тұлғаларды білу; мәдениеттің негізі кезеңдеріне түсінік беру;

    • әлеуметтік-мәдени даму заңдылықтарын түсіне отырып, тарихи жылнамаға талдай жасай білу; қазіргі өркениет жолдарын пайымдау қабілеті; қоғамдағы институттардың құрылымы мен функциялары жайында нақты түсініктің болуы; тарих субъкетілері, оның ішінде осы заманғы әлеуметтік күштер, қазіргі қоғамның әлеуметтік құрылымы туралы кең ауқымды түсінік, әлеуметтік технологиялық даму мәселелерінде еркін бағыт бағдар ұстау″ /42/- деп білім жүйесін ізгілендірудің мақсат-міндеттері айқындалған.

Демек, жеке тұлғаның үздіксіз даму, қалыптасу, кәсіби жетілген танымның болуы үшін ең алдымен, адам факторының тек өндірісте ғана емес, өмірдің барлық саласында алдыңғы қатарға шығуын талап етеді.

Білім саласын гуманитарландыру дегеніміз әрбір ғылымда адамның ішкі жан дүниесінің, адамгершілік қасиеттерінің, жеке басының дұрыс қалыптасуына (қоғамның қажеттігіне сай) бағыттау соған негіздеу. Адам мен қоғам туралы білім жүйесін қалыптастыратын білім берудің адамгершілік жағын дамыту.

Осыған байланысты жоғарғы оқу орындарының негізгі міндеті маманды тек қана біліммен қаруландырып қоймай, сонымен қатар олардың жеке басының жан-жақты қалыптасуына, дамуына, шығармашылық қасиетінің жетілуіне, кәсіби және саяси мәдениеттің, саяси құндылықтарының қалыптасуына өз дәрежесінде көңіл бөлу /43/.

Жас азамат ертерек саяси өмірдің қыр-сырын түсіне бастаса және оның адамгершілік принциптеріне сүйенген негізі болса, онда қоғамда жастар арасында белсенді, өркениетті саяси мәдениет жылдамырақ қалыптасары сөзсіз. Жастарға білім беруді оның ішінде саяси білім беруді қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымынан, мәдеи құндылықтарынан ұлттық дәстүр, рухани негізден бөле жара қарауға болмайды.

Саяси білім азаматқа өмір сүріп отырған қоғамдық және саяси құрылыста, мемлекеттегі өз орны мен рөлін, құқығы мен міндеттерін дұрыс ұғынуына, жете түсінуіне көмектеседі. Саяси білім беру арқылы – адамды күрделі әлеуметтік-саяси жағдайда өз орнын таба білуге, басқа адамдардың мүдделері мен құқын құрметтей отырып, өз мүддесін қорғай білуге үйрету. Сонымен қатар ол азаматтарды демократиялық тәртіпті және оны қамтамасыз ететін мемлекеттік, қоғамдық ұйымдарды сыйлауға баулиды.

Бүгінгі таңда кімнің қандай кәсіппен айналысқанына қарамастан саяси және құқықтық білім әр адамға қажет. Өйткені ол қоғамда тұрып, тіршілік еткендіктен басқа адамдармен, ұйым, мекемелермен және мемлекетпен қатынаста болады. Ал құқықтық-саяси білімі жоқ адамдар қандай да бір саяси істерде амал-айла, қулықтың жетегінде кетеді. Адамдардың саяси сауаттылығына қоғам да мүдделі. Саяси сауаттылық қоғамды деспоттық басқарудан, адамгершілік құндылықтарға қарсы негізделген жүйеден сақтандырады.

Қазіргі қоғамдық сұраныс - өз ісіне мығым, жұртшылықпен араласуда жеке басындағы барлық шынайы жағымда қасиеттерін байқата алатын жеке тұлғаны тәрбиелеуді талап етеді. Сол себепті жастардың өз бойында қоғамдық құнды қасиеттерді әдетке айналдыру бейімділігін дамыту, оған бөгет болатын факторларды өз бетімен жеңе білуге үйретуге бағытталған саяси мәдениетке баулу қажеттілігі туындап отыр.

Саяси мәдениет саяси әлеуметтену құбылысымен астасып жататын қоғамда тарихи, табиғи құбылыс.

Саяси әлеуметтенудің негізгі институттарына дәстүрлі саясаттануда: отбасы, мектеп, аула, жұмыс орны, діни ұйымдар, мәдени ошақтар, БАҚ, мемлекеттік мекемелер және т.б жататыны белгілі.

Міне, осы - әлеуметтік саяси институттардың арқасында саяси мәдениет пен саяси құндылықтар бір ұрпақтан екіншісіне беріліп отырады. Сөйтіп тұлғада бірте-бірте әлемнің саяси келбеті қалыптаса бастайды. Міне, осындай саяси топтар мен етенелестіруі мүмкін. Сондықтан, қоғамның өркениетті бағытта болуы үшін өз азамттарының саяси әлеуметтенуіне көңіл аударған абзал.

Саяси әлеуметтену процесі индивидтің бүкіл өмір бойы жалғасады. Саяси әлеуметтену ең алғаш отбасынан басталады. Ал, бұл процесс біздің қоғамымызда қалай жүріп жатыр? Меніңше өте баяу. Себебі, көптеген ата-ана балаларымен Қазақстан, мемлекеттік рәміздер, олардың мәні мен мағынасы туралы, мемлекет басшысы және оның жүргізіп отырған саясаты жөнінде әңгімелеспейді. Пікір алмаспайды. Тіпті, кейбір үлкендердің ойынша балаларға бұл мәселені білу ертерек екен. Шынымен де, жаңағы кейбір ата-аналар жоғарыда аталған жәйтттерді баланың санасына кішкентай кезінен сіңіріп өсіргенде ғана жас ұрпақтың бойында біз жағымыз талмай айта беретін патриоттық, отан сүйгіштік сезімдерді қалыптастыратынын білмей ме, әлде білгісі келмей ме?... Ал олар баланы іште жатқаннан тәрбиелеу керектігін және оларды санасына жоғарыда аталған құндылықтарды енгізу қажеттігін түсінбейді. Мәселен, бүлдіршіндердің қоршаған ортаға деген қызығушылығы өте жоғары деңгейде болады. Олар әр нәрсені көріп, қызығып не екенін білуге ұмтылады. Ал, кейбір ата-аналар баласының сұрағына жауап беруі, оның ақ-қарасын ажыратып көрсетуі парызы екенін ұмытып кетеді. Әлеуметтену процесіне АҚШ халқы өте көп мән береді. Америка ғалымдары Д.Истон мен Дж.Денис 12 мың балаға сұрақ-жауап арқылы зерттеу жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде олардың саяси әлеуметтенуін 4 кезеңге бөліп көрсетеді:


  1. саясаттану, яғни жасөспірімнің ата-ана билігінен де жоғары саяси билік барын ұғынуы;

  2. жекелеу. Мұнда бала саяси билікті жеке тұлғалар арқылы (Президент, полиция) сезінуі;

  3. дәріптеу. Саяси қайраткерлерді тек жақсы қасиеттері арқылы тану;

  4. институционалдандыру. Яғни, саяси билікті жеке тұлғалар арқылы емес, саяси институттар арқылы (Парламент, партия, сот, әскер және т.б.) қабылдау /44/.

Жастардың саяси құндылықтық бағдарларын қалыптастыруда патриоттық тәрбиенің мәні зор. Қазақ халқы "Отан" ұғымын бала бойына ерте сіңіруге тырысқан, оны туған жер, ата-мекен, ел-жұрт ұғымдарымен байланыстырған. Қазақ баласы үшін отан – отбасынан, ата жұртынан, туып өскен топырақтан басталады. Бұны қазақ халқының мына мақалынан айқын аңғаруға болады. "Малым – жанымның, жаным – арымның садағасы". Осылайша халық ар – намысты жоғары қойған. Қазақ халқының ұлттық тәрбиесінің ең бір биігі – ата-анасын, үлкенді құрметтеу т.б. ұғымдар қабысып- отаншылдық, елжандылық ұғымдарына алып келеді. Мұндай ұғымдар негізінде тәрбиеленген птриоттық сезім қалыптастыратындығы анық. Бүгінгі ұрпаққа адамзат тарихында ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан осы патриоттық тәрбиені, отаншылдықты, елжандылықты, жасұрпақ бойына дарыту бүгінгі күннің көкейкесті мәселесінің бірі болып отыр /45/.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2030 – стратегиялық бағдарламасының "Қазақстан мұраты" деп аталатын бөлімінде- еліміздің тұтастығын, оның тыныштығын яғни мемлекетімізге қауіп төндіретін қандай да болмасын ішкі және сыртқы күштерден сақтау міндетінің өзі, жастарымызды отаншылдық, елжандылық, патриоттық рухта тәрбиелеуді жүктейді. Қазақ халқының бір туар ұлдарының бірі, Б.Момышұлы: "Патриотизм Отанға деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман-саулығы, қоғамдық, мемлекеттік қауіпсіздікке байлыныстығын сезіну, әр адам өзінің мемлекеттке тәуелді екендігін, олай болса мемлекетті нығайту жеке адамдардың күшейту екендігін мойындау", - деген болатын. Міне, жас ұрпақ бойында патриоттық сананы қалыптастыру, ол үшін патриоттық іс-әрекет ұйымдастыру, бұл шараны іске асыру үшін оқу-тәрбие процесінде патриоттық тәрбие беру қажеттігі туындап отыр. Олай болса, жастарға патриоттық тәрбие беруде - өткені мен бүгінгі күнде және болашағын байланыстыру қажет. Осылайша, жастар бойында "ұлттық патриотизмді" қалыптастыруға болады. Ұлттық патриотизм – жеке адамның өз халқына деген сүйіспеншілігі, ерекшелігі, тегі, территориясы, тарихи дәстүрі т.б. жағынан дербес белгілеріне байланысты. Міне, осы рухани ерекшеліктерді білу, оны қалыптастыру бүгінгі тәрбиенің негізгі мақсаты. Патриоттық сезім тәрбие арқылы қалыптасып, ол жетіліп патриоттық сана түріне айналады. Сонда ғана жеке адам өз ұлтына тән ерекшеліктерді түсініп, сезініп, өз ұлтының бабаларының қасиеттерін бойына сіңіреді /46/.

Жалпы қай тәрбиенің де бастауы отбасынан бастау алатын сияқты, патриоттық тәрбие де отбасынан қалыптасып, одан әрі мектепте, жоғарғы оқу орындарында дамытылуы қажет.

Қазіргі кезде өтпелі кезеңдегі халықтың әл-ауқатының төмендеуінің салдарынан патриоттық сезім, рухани сананың төмендеуі айқын байқалуда. Дегенмен, бұл өтпелі кезеңнің уақытша қиындықтары екендігін түсініп, болашақ ұрпақты өркениетті елдердегі ойлау мен рухани мәдениет деңгейіне сәйкестендіріп тәрбиелеу қажет.

Мемлекеттің жүргізіп отырған саясаты кең ауқымды процесс, оның ішінде әсіресе мемлекеттік жастар саясаты және жастардың саяси құндылықтық бағдарлары ең маңызды процестердің бірі болып табылады. Өйткені, жастар қоғамның қозғаушы күші және еліміздің ертеңі.

Жастар халықтың ерекше бір әлеуметтік- демографиялық тобын құрайды. Қазақстан Республикасында жастарға 14-29 жастың арасындағы адамдар жатқызылған. Бұл демографиялық топ өзінің білімділігімен, жаңашылдығымен, белсенділігімен, ашықтығымен, оптимистік көзқарасымен, болашаққа бағытталуымен белгілі. Бірақ жастар өмірлік тәжірибесінің аздығынан, елігушілігінен, құмарпаздығынан теріс бағыттарға түсіп кетуі де мүмкін.

Жастардың саяси көзқарастарының, саяси мәдениетінің қалыптасуының негіздерін жан-жақты қарастырудың маңыздылығы мен өзектілігі зор. Саяси мәдениеті жоғары (жетілген) жастар қоғамда көбейген сайын ол елде шынайы демократиялық құрылымдардың мүмкіндіктері ұлғаяды. Әрбір жас азамат саяси салада сауатты болған сайын әлеуметтік дүниедегі саяси ахуалдық өркениетті жолмен өрбуіне жол ашылады. Міне, осы себептерге байланысты бұл мәселенің ғылыми зерттеулер үшін де, саяси-әлеуметтік тәжірибе үшін де маңыздылығы зор.

Барлық елдерде жастар экономикалық дамудың, техникалық прогрестің және әлеуметтік өзгерістердің басты жол бастаушылыары болғандықтан, "Қазақстанның болашағы жастар", "Жастар біздің ертеңіміз" және тағы басқаша ұрандап жүргенімізде еліміздегі жастардың саяси белсенділігі қай деңгейде деген сұрақ туындайды. Жастардың саясатқа қызығушылығы қандай? Қазіргі жас азамат өзін қай саяси топқа жатқызады? Кіммен ұқсастырады немесе етенелестіреді? Осы сұрақтар елім деп жүрген азаматтардың барлығын толғандырып жүр. Бұл үлкен ғылыми социологиялық зерттеуді қажет ететін мәселе. Өйткені жастардың саяси құндылықтық бағдарларын анықтап отыру керек /47/. Осы тақырыпты зерттеудің басты мақсаты жастардың ішіндегі студент жастардың саяси құндылықтық бағдарын айқындау болып табылады.

Студенттер жастардың белгілі бір әлеуметтік тобына жатады. Және жас шамасы орташа 17-24-тің арасында болады. Жалпы жастар тобымен ортақ белгілері жеткілікті болғанмен, студенттердің өзіндік ерекшеліктері бар. Қоғамның интеллектуалдық потенциялының негізгі қайнар көзі болып табылатын студенттер төмендегідей әлеуметтік маңызды міндетті орындайды: жоғарғы кваликациялы кәсіби ой еңбегінің әр түрлі мамандықтарын атқару мақсатында белгілі бір білім жүйелері мен практикалық дағдыларды меңгеру. Студенттердің басты әрекеттерін былай жіктеуге болады: оқу процесі, ғылыми зерттеу, қоғамдық-саяси, мәдени еңбек, спорт-дене шынықтыру, отбасылық-тұрмыстық және көңіл көтеру іс-әрекеттері. Бұлардың ішінде оқу ең маңызды мақсат болып есептеледі. Оқу процесі болашақ мамандыққа дайындық болып есептелгенімен өзінің күрделілігі жағынан ой еңбегінің кез-келген түрінен кем түспейді. Студенттің қоғамдағы орны әр уақытта жоғары бағаланған. Бірақ ол мамандық диапазонында ауытқып отырады.

Студент жастардың шешілмеген мәселелері жеткілікті. Ең маңыздысы олардың оқуы мен өмір талаптарын қаржыландыру қиындықтарынан басталады. Бір жағынан алғанда, 17 мен 24 жастың арасында жас адам әрі мамандық алып, әрі отбасы құрып, әрі өзінің мұқтаж-тілектерін орындауы тиіс. Бірақ қаншалықты талантты болғанымен барлық жастардың қолы оған жете бермейді.

Студенттердің саяси субъект ретінде қалыптасу процесінің төмендегідей ерекшеліктерін атап өтуге болады: бұл процесс басқа әлеуметтік топтағыдай ұзақ мерзімді әрі біртұтас сипатта болмайды. Өйткені ол қысқа мерзімде (4-5 жыл) жүзеге асады; студент өзінің әлеуметтік уақытында екі түрлі адаптациядан (икемделуден) өтуі қажет: ата-аналық және мектеп бақылауынан салыстырмалы дербестілік жағдайындағы өзін-өзі бақылау жүйесіне және болашақ мамандығына сәйкес өмір салтына алдын ала икемделу; болашақтағы мамандығы қаншама беделді, абыройлы болғанымен, студенттік уақытында ол аз қорғалған, материалдық жағынан ата-анасына, оқу процесінде ұстаздарға көп тәуелді.

Менің Шымкент қаласындағы оқу орындарындағы студенттер арасындағы жүргізген әлеуметтік зерттеуім, олардың таза саяси құндылықтық бағдарларын анықтауға арналады. Мұнда зерттеудің анкета тарату тәсілін қолдандым. Анкета ішіне кіретін сауалдарды орналастыру барысында төмендегі жайлардың барлығын қамтуға тырыстым.

Адамдардың саяси бағдарының үш түрі бар: бірінші, билік құрылымдарына, екінші, қоғамның басқа мүшелеріне, үшінші өзінің жеке саяси белсенділігіне қатынасымен тығыз байланысты.

Осында айтылған мәселелердің бәрін зерттеу барысында ескере отырып, студенттердің саяси құндылықтық бағдарларындағы басымдылықтарды анықтауға бағытталған он екі сауалды екшеп алдым. Енді мен аталмыш сауалдар мен студенттердің оларға білдірген жауаптарын ұсынбақпын 1.

1. Сіз өзіңізді Қазақстанның патриотымын деп санайсыз ба?

а) ия-86


б) жоқ-6

в) жауап беруге қиналамын-8

2. Сіз бүгінгі таңда Қазақстандағы саяси жағдайды қалай бағалар едіңіз?

а) қолайлы-23

б) тұрақты-52

в) күрделі, бірақ қауіпті емес-15

г) өте қатерлі, шиеленісті-8

д) шектен тыс шиеленісті-0

ж) дағдарысты-2

з) жауап беруге қиналамын-0

3. Қандай қоғамда өмір сүргіңіз келеді?

а) социалистік-5

б) капиталистік-7

в) білмеймін-21

4. Сіз үшін бүгінгі таңда қандай саяси құндылықтар маңызды рөл атқарады?

а) Қ.Р. Конституциясын құрметтеу және билік тиімділігі-20

б) азаматтардың құқықтары мен бостандықтары-45

в) демократиялық сайлау-10

г) тіл туралы заңның енгізілуі-10

д) бүкілхалықтық келісім және интернационализм-2

ж) БАҚ-тың бостандығы-3

з) қоғамдық тәртіп-8

л) жауап беруге қиналамын -2

м) басқа-0

5. Президент сайлауына қатыстыңыз ба?

а) қатыстым-87

б) қатыспадым-4

в) жауап беруге қиналамын-9

6. Өзіңіздің саясатқа деген қызығушылығыңызды анықтаңыз.

а) қызығушылық жоғары-84

б) қызығушылық төмен-6

в) қызығушылық жоқ, немқұрайлылық-2

г) жауап беруге қиналамын -10

7. Қазақстандағы көппартиялы жүйеге қалай қарайсыз?

а) қалаймын-35

б) қаламаймын-38

в) мен үшін бәрбір-20

г) білмеймін-7

8. Өзекті саяси оқиғалар туралы мәліметтерді қайдан аласыз?

а) газет-журналдардан-34

б) дәріс пен семинар сабағынан-11

в) теледидардағы жаңалықтардан-55

9. Сіз қандай саяси партияға жатасыз?

а) Отан-31

б) Асар-16

в) Ақ жол-8

г) Ауыл-3

д) Аграрлық-1

ж) басқа-2

з) жатпаймын-39

10. Сіздің пікіріңізше мүдделеріңізді, құқықтарыңызды Қазақстанның саяси жүйесінің қандай құрамдас бөлшектері қорғайды?

а) президент-43

б) парламент-14

в) сот-21

г) прокуратура-12

д) білмеймін-10

11. Қазақстандағы жастар ұйымдарының жұмыстарына қанағаттанасыз ба?

а) қанағаттанамын-33

б) қанағаттанбаймын-53

в) білмеймін-14

12. Сіз мүше болған партияның жұмысына белсене қатысасыз ба?

а) өте белсене-4

б) белсене қатысамын-14

в) аса белсенді емеспін-24

Қазақстанның тәуелсіздік алуы қоғамтанушылардан патриотизмнің жаңа бағытын қалыптастырып, тәрбиелеуді талап етті. Патриотизм біріктіруші рухани саяси фактор ретінде қаралды. Осы жөнінде елбасы Н.Ә.Назарбаев 1993 жылы 11-мамырда Алматыда өткізілген мемлекеттің идеологиялық қызметінің мәселелері жөніндегі республикалық кеңесте сөйлеген сөзінде: "Қоғамды біріктіру жөніндегі жұмыстағы маңызды бағыттардың бірі қазақстандық патриотизм болуы тиіс. Біз Отанға деген сүйіспеншілік-қара шаңыраққа деген сүйіспеншілік қана еместігін, осы күйді қиын қыстау күндерде тұрғызушыларды терең құрметтеу екенін де есте ұстауымыз қажет. Отанға адалдықтан, біздің аталарымыз бен аналарымызды, соғыс және еңбек ардагерлерін қастерлеуден биік ешнәрсе жоқ. Әлемдік өркениеттің үздік жетістіктерін, басқа халықтардың рухани қазыналарын бойымызға сіңіру қаншалықты маңызды болса да, біздің әрқайсысымыз өзіміздің терең тамырымыз, туған жеріміз туралы есте ұстап, қандай елдің азаматтары екендігімізге есеп беруіміз керек" деп атап көрсетті /48/.

Сауалнама нәтижелеріне жүгінсек. Сіз өзіңізді Қазақстанның патриотымын деп санайсыз ба? деген сұраққа: Студенттердің басым көпшілігі өздерін Қазақстанның патриотымын деп санайды екен. Яғни, 86 пайызы ия деген, 6 пайзы жоқ, 8 пайызы жауап беруге қиналған. Яғни студенттер арасында қазақстанның патриоты емеспін деген жастарда болғанын байқауға болады. Қазіргі кезде өтпелі кезеңдегі халықтың әл-ауқатының төмендеуінің салдарынан патриоттық сезім, рухани сананың төмендеуі айқын байқалуда. Дегенмен, бұл өтпелі кезеңнің уақытша қиындықтары екендігін түсініп, болашақ ұрпақты өркениетті елдердегі ойлау мен рухани мәдениет деңгейіне сәйкестендіріп тәрбиелеу қажет. Менің ойымша, студенттерге оқу процесіндегі гуманитарлық пәндер арқылы тәрбие беруді күшейту керек. Мұнда жоғарғы оқу орындарында, орта мектептерде саясаттану пәнін оқыту проблемасына ерекше назар аудару қажет.



Сіз өзіңізді Қазақстанның патриотымын деп санайсыз ба?

Сіз бүгінгі таңда Қазақстандағы саяси жағдайды қалай бағалар едіңіз? деген сауалға: студенттердің көпшілік бөлігі тұрақты деп бағалаған (52), ал 23 пайызы қолайлы деп ойлайды, жалпы бірге 75 пайызды құрап отыр. Демек студенттердің жартысынан көбі Қазақстандағы саяси жағдайды қолайлы да тұрақты деп жауап беріп отыр. Сондай-ақ сұралғандардың 15 пайызы саяси жағдайды күрделі, бірақ қауіпті емес деп жауап берсе, 2 пайызы дағдарысты деп жауап берген.



Студенттердің 74 пайызы қандай қоғамда өмір сүргіңіз келеді деген сауалға капиталистік қоғамда, 5 пайызы социалистік қоғамда, 21 пайызы жауап беруге қиналған. Студенттердің көпшілігі отбасында әкелері мен аталарынан кешегі "қой үстіне боз торғай жұмыртқалаған заман" туралы тамсана, сағынышпен айтатын әңгімелерін тыңдап өскенімен, басым бөлігі капиталистік қоғамды, нарықтық экономиканы қалаған. Мұны ашық қоғамның адамзатқа ұсынатын еркіндігімен байланыстырған жөн.

Сіз үшін бүгінгі таңда қандай саяси құндылықтар маңызды рөл атқарады?

Кесте № 3



Жауаптары

2006

ҚР Конституциясын құрметтеу және билік тиімділігі

20%

Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары

45%

Демократиялық сайлау

10%

Тіл туралы заңның енгізілуі

10%

Бүкілхалықтық келісім және интернационализм

2%

БАҚ-тың бостандығы

3%

Қоғамдық тәртіп

8%

Жауап беруге қиналамын

2%

Бұл зерттеу нәтижелерінен байқайтынымыз, студенттердің көпшілік бөлігі азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бірінші орынға қояды, одан кейінгі орында Қ.Р. Конституциясын құрметтеу және билік тиімділігі (20%), сондай-ақ студенттер үшін басты құндылық демократиялық сайлау және тіл туралы заңның енгізілуі (10%).



Ал, сіздің мүдделеріңізді, құқықтарыңызды Қазақстанның саяси жүйесінің қандай құрамдас бөлшектері жақсы қорғайды деген сауалға студенттердің көпшілігі президентті атаған. Бұл президентіміздің жеке басының, атқарып жатқан іс-әрекетінің жетістігі деуге болады. Н.Ә.Назарбаевтың атқарып жатқан іс-әрекетінің жетістіктеріне мыналарды жатқызуға болады:



  1. Н.Ә.Назарбаев Қазақстан мемлекетінің имиджін қалыптастырды, елімізді дүниежүзіне бейбітшілік мәдениетімен, ядролық қаруға қарсы күресімен, ұлттар мен конфессиялар арасындағы келісім мен татулық қатынастарымен танытты;

  2. елімізде саяси тұрақтылықтың орнауына қол жеткізді. Қоғам өмірінің кез келген саласына жүргізілген реформа нәтижесі қоғамда қалыптасқан саяси ахуалға тәуелді. Тиімді, қолайлы саяси ахуал, яғни саяси тұрақтылық реформа тиімділігінің негізгі кепілі. Біз қазіргі кезде қоғам өмірінің кез келген саласында жүргізілген реформалар нәтижелерін көріп отырмыз;

  3. елімізде алдымен экономика содан соң саясат деген принципті ұстану, экономикада оның заңдылықтарының үстемдік етуіне қол жеткізді. Экономикада нарықтық қатынас, бәсекелестік, ерікті кәсіпкерлік орнықты. Осы жылы жан басына шаққандағы жалпы өнім 3 мың доллар болады деп болжам жасалып отыр. Сыртқы сауда айналымы 33 млрд. АҚШ долларына жетті, ол 1994 жылдан 3 есе көп;

  4. Н.Ә.Назарбаевтың ең үлкен жетістігі, Қазақстанды әлеуметтік мемлекет деңгейіне жеткізуі деп санаймыз. Соңғы "Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында" атты Қазақстан халқына Жолдауы әлемге әлеуметтік бағдарламасы күштілігімен танымал болды. Әлеуметтік саладағы тиімді жүргізілген реформаларды көрші елдер үлгі ретінде алуда, әсіресе Ресейліктер зейнеткерлік, тұрғын үй, ипотекалық реформаларға қызығушылық танытуда. Реформалаудың қазақстандық үлгісі деген ұғым ғылым мен практикаға кеңінен еніп отыр;

  5. елімізді демократиялық саяси институттардың қалыптасуына ықпал етті. Президент, парламент және парламентаризм, көппартиялық жүйе, саяси плюрализм, азаматтық қоғам институттарының қалыптасып дамуына үлес қосты;

  6. 1995 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы саяси жүйе институттарының орнықтылығы, олардың сыртқы және ішкі өзгерістер кезінде тиімді жұмыс істеу мүмкіндігін қалыптастырды. Негізгі Заңымыз қоғамымызды саяси және мемлекеттік тұрақтылықты қалыптастыруға мүмкіндік жасады;

  7. билік күрделі саяси феномен. Оны жүргізу және қолдану саяси лидердің бойында көптеген қасиеттердің болуын талап етеді. Жекелеген саяси лидерлердің әлсіздігі бүкіл бір мемлекетті тоқырауға ұшыратып отырғандығын көрші елдерден көріп отырмыз. Н.Ә.Назарбаев харизматикалық лидер ретінде танымал. Оның лидерлік қасиетін біз ТМД-ы, Орталық Азия елдерінің интеграциялануы процесіндегі шешуші рөлінен де байқап отырмыз;

  8. ұлттық валюта, Астананың көшірілуі, көрші елдермен шекараны толығымен межелеуге қол жеткіздік;

  9. білім беру саласындағы реформалар, оның ішінде Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің ашылуына үлкен үлес қосқан үлесін біздер ұмытпауымыз керек.

Сайлау тақырыбы қазіргі кезеңде бүкіл адамзат үшін ең өзекті де өткір тақырыптардың бірі болып табылады, жалпы сайлау дегеніміз не?

  1. сайлау ең алдымен қоғамның алдыңғы қатарлы өкілдерін билік құрылымдарына ұсынумүмкіндігі;

  2. сайлау – азаматтар мүддесі мен талап-тілектерін билік құрылымдарына ұсыну мүмкіндігі.

Сайлау нәтижелі болуы экономикалық, әлеуметтік және рухани факторларға тәуелді. Сайлаудың рухани факторына – халықтың патриотизмді сезінуі, заңға деген құрметі, мемлекеттік жауапкершілік сезімі жатады. Мұнда әсіресе маңызды нәрсе халықтың жоғарғы саяси мәдениеті мен білімділігі болып табылады. Осы аталған факторлардың барлығы біздің елімізде бар.

Президент сайлауына қатыстыңыз ба?

Кесте № 4

Жауаптары

1999ж

2005ж

Қатыстым

45

91

Қатыспадым

55

9

Жауап беруге қиналамын

0

0

Бұл жауаптардан байқайтынымыз студенттердің сайлауға деген қызығушылықтарының жоғары, төмендегінде біршама өзгерістер бар. 1999 жылы болған президент сайлауында студенттердің 45 пайызы қатыстым, 55 пайызы қатыспадым деп жауап берген. Бұл олардың аталмыш сайлауға аса құштарлық таныта қоймағандығын көрсетеді. Ал, 2005 жылғы президент сайлауында керісінше студенттердің 91 пайызы қатыстым, 9 пайызы қатыспадым деген. Бұдан шығатын қорытынды, студенттер президент сайлауында өз белсенділіктерін танытқанын байқауға болады. Бұл, әрине өте қуантарлық жайт.



Өткен президент сайлауына қатыстыңыз ба?


"Қазақстанның болашағы-қоғамның идеялық бірлігінде" деген еңбегінде еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев: "әрбір адам біздің мемлекетімізге, оның бай да даңқты тарихына, оның болашағына, өзінің қатысты екенін мақтанышпен сезіне алатындай іс-қимыл жүйесін талдап жасау керек. Елдің проблемалары да, келешегі де барлық адамға жақын әрі түсінікті болуы тиіс... Әрбір адам бала кезінен: Қазақстан- менің Отаным, оның мен үшін жауапты екені сияқты, мен де ол үшін жауаптымын, деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей іс істеген жөн"- деп атап көрсеткендей өзіміздің жеріміз туралы есте сақтап, оның болашағына сенім артайық дегім келеді /49/.

Өзіңіздің саясатқа деген қызығушылығыңызды анықтаңыз?

Кесте № 5

Жауаптары

2002

2004

2006

Қызығушылық жоғары

29

52%

84%

Қызығушылық төмен

52

20%

6%

Қызығушылық жоқ, немқұрайлылық

11

19%

2%

Жауап беруге қиналамын

5

6%

10%

Бұл жауаптардан байқайтынымыз азаматтардың саясатқа деген қызығушылықтарының артып жатқанын байқауға болады2. Алдыңғы жылдарда сұралғандардың 52 пайызы саясатқа жоғары деңгейде қызығатынын айтады, ал 6 пайызы қызығушылық төмен деп жауап берген. Соңғы жылдағы зерттеулерде керісінше 84 пайызы қызығушылық жоғары деп жауап берген. Сондай-ақ сұралғандардың 6 пайызы қызығушылық төмен, ал 10 пайызы жауап беруге қиналған.

Егеер бүгінгі Қазақстанды осы көрсеткіштер тұрғысынан бағаласақ, алдыңғы жылдармен салыстырғанда студенттердің саяси белсенділігінің, саясатқа деген қызығушылығының біршама артқанын байқауға болады.

Ол ең алдымен, елдің экономикалық, әлеуметтік жағдайына, сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысына, азаматтардың бұрынғы тоталитарлық құрсаудан арылып, жаңа демократиялық құндылықтарға бет бұруына, қоғамдық қозғалыстар мен саяси партиялардың пайда болуына бірқатар факторларға байланысты.


Қазақстандағы көппартиялы жүйеге қалай қарайсыз деген сауалға 35 пайызы қалаймын, 38 қаламаймын, 7 пайызы мен үшін бәрбір деген. Сауалнама нәтижесі көрсеткендей студенттердің көпшілігі Отан, Асар, Ақ жол партяларына мүше екен. Сондай-ақ, 39 пайыз студенттер саяси партияға мүлдем мүшелікке кірмеген. Бұдан шығатын қорытынды Қазақстандығы саяси партиялардың жұмыстары қанағаттанарлық емес.

Сондықтан да болар партияның жұмысына белсене қатысасыз ба деген сауалға студенттердің 24 пайызы аса белсенді емеспіп, 19 пайызы қатыспаймын деген.

Сауалнама нәтижесі көрсеткендей өзекті саяси оқиғалар туралы мәліметтерді негізінен студенттер бұқаралық ақпарат құралдары (газеттерден-34%, теледидардағы жаңалықтардан- 55%) арқылы алатын көрінеді. Одан кейін дәріс пен семинар сабақтары алады. Ол 11 пайызды құрайды. Бұдан шығатын қорытынды БАҚ-тың студенттердің саяси біліктілігін қалыптастыруда үлкен рөл ойнайтынын байқауға болады. Жалпылай алғанда студенттердің үштен екісі елдегі іргелі саяси оқиғалармен жақсы таныс деп айтуға болады. Солай бола тұрса да, олардың осы оқиғаларды салқын ой, сындарлы ақылмен талдап, таразылауда әлі де болса саяси біліктілігін көтеру керек. Менің ойымша, оқу-тәрбие процесінде бұл бағыттағы жұмыстарды мақсатты түрде жандандыра жүргізу қажет.

Қазіргі таңда Қазақстанда көптеген жастар ұйымдары жұмыс істейді. Қазақстандағы жастар ұйымдарының жұмысына қанағаттанасыз ба деген сауалға студенттердің көпшілігі қанағаттанбаймын деген. Яғни қазіргі кезде жастар ұйымдары жастардың қажеттіліктерін қанағаттандырмай, өз дәрежесінде жұмыс істемей жатқанын байқауға болады.

Сондықтанда жастар ұйымдарының жұмыстарын төмендегідей деңгейде көтеру керек:



  1. жас белсенді саяси мәдениетті жоғары лидерлерді даярлау керек;

  2. студент жастардың талап мүдделерін жинақтау, талдап зерттеу қажет;

  3. студент жастармен жұмыс жүргізудің жаңа формаларын қолдану қажет;

  4. студент жастардың құқықтарын белсенділік таныту қажет.



Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет