Дипломдық ЖҰмыс дж. 050106. 11 09. 09. Кб тақырып: Мектептерде музыка пәні арқылы халықтың тәрбие берудің мән-мағынасы



бет15/23
Дата15.11.2022
өлшемі463,5 Kb.
#158316
түріДиплом
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23
Байланысты:
diplom1

2.3 Шығармашылық тапсырмалар.

Орындалатын музыка ырғағын және әуендік қозғалысты қолмен, сатлай немесе қол шапалақтап көрсету, тыңдалған және орындалған музыкаға сурет салу, жұмбақтар шешу, ертегі тыңдап, тақпақтар оқу, әннің, күйдің шығу тарихы жөнінде әңгімелеу, т.б.


Бірінші сынып оқушыларының жас ерекшеігін ескере отырып (тұрақсыз зейін, еріксіз есте сақтауының басым болуы, ойынға бейімділігі, т.б.) музыка сабағында би қимылдары, бейнелеу, ойын элементтері, тақпақтар, жұмбақтар енгізілген.
Сипатын ажыратып, қандай сезімді білдіреді, есту арқылы дыбыстарын биіктерін ажырату, қандай көркемдік, мәнерлік құралдар «Полет шмеля» және салыстыра білуге үйренеді («Аққу»-Н.Тілендиев және К.Сен-Санс – француз композиторы).
2 - сынып. БІРІНШІ ТОҚСАН Бірінші сабақ - 2 сағат
Негізгі тақырып: Музыкадағы негізгі төрт жанр - ән, би, марш, күй.
Сабақтың мақсаты: Балаларды музыкаға қызықтыру. Музыка мен өмірдің байланысын көрсету.
Тәрбиелік максаты: Өмірдің алуан қыры мен сырын танып білу. Музыканың өзі де - өмір дегенге көз жеткізу. Музыка мен өмір жеке-жеке өмір сүрмейді. Музыка адамдарға жазылады, тыңдармансыз өмір сүрмейді. Өз еліңнің музыкасын сүю, кадірлеу. Өз Отанын сүю, мектебін қадірлеу.
Дамыту мақсаты: Балаларға музыканың үш саласын көрсету:
Шығарма.
Орындау.
Тыңдау.

Музыканың өмірдегі жалпы моделін көрсету.


Жанрлар:
Ән.
Би.
Марш.
Күй.
Оқытудыц максаты: Терминдерді білу: композитор, орындаушы, тыңдаушы, ән, би, марш, күй. Орындаушының, тыңдаушының дене қалпы, дыбыстың шығуы, пайда болуы.
Сабақтың жоспары, өту барысы
«Сүйікті мектебім». Ө.Бэйділдаев - сыныпқа балалардың
кіруі. Түсініктеме: Әрбір жаңа оқу жылындағы алғашқы музыка
сабағында орындалатын әндер: Қазақстан Республикасының Әнұраны,
«Сүйікті мектебім», «Мектеп вальсі» - символ болып табылады.
Кіріспе: Композитор, орындаушы, тыңдаушы туралы.
Сұрактар: - нешінші сыныпқа келдіңдер?
-Сабақта не істейміз?
-Музыка қайдан пайда болады және оны кім жазады?
/шығарады?/ - Музыка орындалмаса, тек кағазда ғана жазылып қалса
өмір сүре ме?
- Музыка өмірде керек пе?
Музыканы /әнді/ оръшдаушы адамды кім деп атаймыз?! Орындалған әнді кім тыңдайды?
-Сонда біздер кімдерміз?
Композитор, орындаушы, тыңдаушы болу үшін оку керек пе?
Білім алу керек пе?
Музыкадағы негізгі төрт жанрмен таныстыру /арғашқы
музыкалық үлгілер аркылы /.
«Марш» - Е.Брусиловский
«Қамажай» - халык ән-биі
«Қазак валсі» - Л.Хамиди
«Айттым сәлем, Қаламқас» - Абай /үзінді/
«Кеңес» - халык күйі
Музыкадағы төрт жанрға көшер алдында «Үш алып кит туралы аңызды» айту. Содан соң жанр деген ұғымға көшу: марштан бастап одан кейін би, ән және күй туралы. Сұракгар: - Бұл қандай музыка?
Бұл музыкамен не істеуге болады? /орындауға, билеуге, ән
айтуға, адымдауга, кұй орындауға/.
Тындау үшін, орындау үшін, композитор болу үшін не істеу
керек? /Тыңдаушы, орындаушы, композитор болу үшін - әңгіме
арқылы түсіндіреміз/.
Ескерту: Әнді тыңдағанда ән сөзсіз орындалу керек. «Айтгым сәлем, Қаламқас» - Абай - үзінді. ӘН - бұл мелодия /әуен/. (Әнді тек қана музыкалық аспапта ғана орындау керек).
Музыкамен не істеуге болады?
Тыңдаған әнде не жетпейді? (сөзі) /Домбырамен орындалған
қазақ халык күйі «Кеңес», «Би күйі» - А.Жұбанов - оркестрмен/.
Бұл кандай музыка? Қандай аспапта орындалды?
-Домбыра қай халыктың аспабы? /Бір топ музыкант бірігіп
ойнаса, оны ОРКЕСТР дейміз /.
КҮЙ - қазақ халқына кең таралған аспаптык шығармз- Ел ішінде күйді домбыра, қобыз, сыбызғы аспаптарында орындаладьі.
Жатгығу жұмысы: «Жалау» (Балапан) - И.Нүсіпбаев. Үйрену кезінде оқушылар орындаушы ережелерімен танысады: Дыбыс шығару, бір-бірін тыңдай білу, айкайламай және негізінен түзу тұру, отыру қалпы, ән айту қалпы. Сабақта балалар дирижердің кол қимылымен, сілтеуімен танысады.
Тыңдау және ансамбльде орындау «Италиян полькасы» -үзінді. С.Рахманинов.
Бұл шығарма қандай жанрға жатады? /Би ырғақтылығы
аныкталады/. Қолмен шапалақтап бірге орындау.
Әңгіме: орындаудың, тыңдаудың ережелері, дене қалпы және дыбыс шығару, дыбыстың пайда болуы туралы қорытындылау. Сұрақгар: - Музыканы кім жазады?
Кім орындайды?
Кім тыңдайды?
Жалғыз адам орындаса, ол кім? /әнші, орындаушы/.
Сынып орындаса? Олар кімдер? /хор, орындаушылар/.
-Орындау, тыңдау ережелерін кім айтады? /түзу отыру,
сөйлеспеу, айқайламау, тыныш отыру, бір-бірін тыңдау, әнді бірге
бастап, бірге аяқтау т.б./.
-Қандай негізгі жанрлармен таныстық? /марш, би, ән, күй/.
Үйге тапсырма: апта бойы музыка тыңдау, кім жазғанын,
ұнаған әннің, бидің, марштың, күйдің аттарын білу, композиторларды
тану.
Ең негізгі қойылатын талап – балаларға әр жанрдың кейпін ұғынуға көмектесу, олардың бір - бірінен айырмашылығын білу. Әннің, күйдің, бидің, марштың музыкасын анықтайды да, өздерінің ізденуін, ойлануын ұйымдастыру. Тыңдалатын шығармалар сабақ тақырыбына, оқушылардың қабылдау мүмкінділігне, жас ерекшелігіне сәйкес болуы шарт. Берілген музыкалық шығармалар – балалардың ой-өрісін, жалпы танымын да әрі қарай дамытып, кеңейтуге лайықталған. Мысалы: марш. Полька. Вальс. Күй (Әсем қоңыр – Дина). Қарсы алу марш – Чернецкий. Күй – марш (Қазаңғап – «Мұғалім») т.с.с.
Тақырыптарға байланысты: билер – «Ұйқыдағы ару» вальс. Әзіл вальсі – Д.Шестакович. Балбырауын – күйі, Құрманғазы. Камаринская – орыс халық биі т.с.с. Әдер: «Елім-ай» - саз сырнай. «Сурок» - ердің дауысы, төмен, жуан т.с.с. Өзара ұласуы: «Әрқашан күн сөнбесін». «Көңілді ән» - К.Қуатпаев. «Би күйі» - А.Жұбанов т.с.с. Нені суреттейді? Қалай бейнелейді? – «Бөдене». «Үш құрбы» - Д.Кобалевский. «Аққу» Тленді – табиғатты суреттеу, ұшып бара жатқан аққудың қанатының суылы. «Аққу» К.Сен-Санс – судың мөлдірі, аққудың сұлулығы, жүзуі т.б. Музыка бізді қайда жетелейді? «Гәкку». «Кеңес» - операға. «Елім-ай» - ораторияға. «Уж как по мосту...» - операға. «Сарыарқа» - күй - №7 симфонияға. «Вальс. Түн ортасы» - балетке. «Жастар биі» күй – операға т.с.с. Музыка тілі дегеніміз не? «Көңілді ән» - Б.Ғизатов, «Таң», «Кеш» - К.Қуатпаев, «Ақсақ құлан», «Ұшардың ұлуы», «Последняя утрата» Р.Шуман т.б.
3 - сынып. Ән, күй, би, марш жанрларына сүйене отырып, музыканың ерекше сипаты әуенділік, екпінділік, ырғақтылық, тағы да басқа өзінің ерекшеліктері бар. Шығармалар арнайы дауысқа жазылмаса да өте әуенді, сазды, би ырғағы, марш екпінді болып келеді.
Мысалы: «Қазақ вальсі» Л. Хамиди, «Полонез» Ф.Шопен (кейін оқушылар билейді), «Теміртау таңы» Ғ.Жұбанова, «Ортеке» А.Еспаева, «Арагон хотасы» М.Глинка (кейін ырғағын шапалақтап, не соқпалы аспаптармен сүймелдеу жасау). Интонация тақырыбын оқушыларға түсіндіріп, жеткізу өте қиын келеді. Балаларға ең алғаш рет интонация музыкадағы әуендік, марш екпінділік, би ырғақтылық, мәнерлік, бейнелік, суреттілікті ести білуін, ажыратуын қалыптасады. Мысалы: «Қара торғай»- әуенділік, «Балтунья»-тақпақ сазды, «Естайдың термесі»- тақпақ сазды, речитатив, № 5 симфония-марш интонациясы, «Алты қаз»- би ырғағы, «Мұғалім» күй-марш Қазанғапт.с.с. Музыканың дамуы. Музыкалық интонацияның түрлі өзгеріске ұшырайтындығын байқады, тыңдаған музыкадан «өмірдің даму заңдылықтарын» байқайды. Даму-ол өмір. Ондағы болып жатқан өзгерістер. Мысалы: № 4 симфония (финал) П. Чайковский, «Ақсақ құлан», «вальс» Шуберт, «Балбырауын» Құрманғазы, «Жайдарман» , «Ата толғауы» т.с.с.
4 - сынып. Бастауыш сыныптарда алған музыкалық тәрбие жұмысының қорытындылауы. Мәдениеттілігін, талаптарын, мақсаттарын қалай жүзеге асырғандығы көрсетіледі. Қазақстан Республикасында жалпыға бірдей білім беретін музыка бағдарламасы қойылған міндеттерді жүйелі түрде тереңдете түседі. 4 - сыныптағы өтілетін тақырыптар мазмұнының идеясын 2 топқа топтастыруға болады:
1) Халық өміріндегі музыканың алатын орны. Олар: халық әндерінің жанрлары, халық аспаптық музыкасы, халық музыкасы мен композиторлық музыкасы, композитор және фольклор, Отанымыздың тарихы, музыка және патриоттық тәрбие, халық салт-дәстүр - халық мұрасы, жаңа дәстүрлер, жергілікті ақын- композиторлар.
2) Әртүрлі ұлттармен байланыс жасаудағы музыканың рөлі. Олар: қазақ халқы мен өзге халықтардың музыкасының арасындағы шекара жоқ, ұлтаралық бірлестігі және музыка, музыка және интерұлтаралық тәрбие, әлемдегі барлық елдердің музыкаларының арасындағы шекара жоқ, интерұлттық музыкалық шығармалар, әлем өнері - адамның рухани байлығы, әлем халықтарының шығармалары - әндері.
Мысалы: Әнұран. Исаның желдемесі. Қорқыт туралы аңыз. Жезкиік. Желдірме. Қос қарлығаш. Горные вершины. Көш керуен. Русская пляска. Тәжік билері. Рондо (Моцарт). №40 симфония. Құсни- Қорлан. Катюша.Т.б.
Өнер - халық тарихының шежіресі. Өнерде өмір, тіршілік құбылыстары, адамның күйініш-сүйініші, қуанышы мен қайғысы бейнеленеді. Сөз, музыка, қолөнер де адам өмірінің сан ғасырлык тарихынан алуан түрлі сыр шертеді.
Қазақ халқының басынан өткен қилы замандар, тіршілігі мен тағдыры, салт-дәстүрі, өмір сүрген ортасы мен өдет-ғұрыптары ұлттық өнері аркылы ұрпактан ұрпакка жалғасып, тарих арнасына айналды. Соның ішінде музыканың алатын орны ерекше.
Қазак музыка өнерінің халықпен бірге жасасып, тарихи өлеуметтік өмірі мен толғаныс-тебіреністерін үздіксіз баян етіп келе жатқан саласы - ән мен күйі. Халық дүниеге келген сәби қуанышынан бастап, адамзат тіршілігіндегі окиғаларды, алуан түрлі ойларды ән-әуенмен жеткізе білген. Сондай-ақ тірліктің бүкіл тауқыметін, ауыртпалығын көтере жүріп, бесік тербеткен аналар да өздеріне алдымен әнді серік еткен. Қыз ұзату, үйлену тойлары, халықтық ойын-сауықтар - барлығы да ән-күй аясында өтеді.
Өлімге карсы күресіп, мәңгілік өмірді көксеген Қорқьгт, ұлы ғұлама ғалым әл-Фараби, бейбіт, тыныш өмірді аңсап, желмаясын желдіртіп, дүниені кезген Асанқайғы бабаларымыз үміт-армандарын музыка тілімен жеткізді. Одан бергі Құрманғазы, Тәттімбет, Дәулеткерей, Абыл, Біржан сал, Ақан сері, Мұхит, Қазанғап, Дина, Сүгір және тағы баска дарын иелері халқының бастан кешкен таукымет-тағдырларын музыкамен суреттеп өтті.
Сөйтіп, халқымыздың музыкалық рухани қазына, мол мұрасы сан ғасырлар бойы басынан кешкен тұрмыс-тіршілігімен жұптаса жалғасып келеді. Сендер, балалар, бүгінгі күннің ұрпақтары, сол ата-бабаларымыздан қалған асыл мұраларды көкейге тоқып, бойға сіңіріп өссеңдер, тарих тағылымы жалғаса бермек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет