Дипломдық жұмыс Көркем мәтінде окказионал фразеологизмдердің жасалуы мазмұНЫ


ФТ-дың дыбыстық өзгеріске ұшырауы арқылы ОФТ сипатына енуі



бет50/53
Дата10.05.2020
өлшемі0,61 Mb.
#66916
түріДиплом
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53
Байланысты:
Көркем мәтінде окказионал фразеологизмдердің жасалуы

ФТ-дың дыбыстық өзгеріске ұшырауы арқылы ОФТ сипатына енуі

Біз қарастырғалы отырған келесі тәсіл ФТ-дың дыбыстық өзгеріске ұшырап ОФТ сипатына ие болуы. Тұрақты сөз тіркестерінің лексика-семантикалық түрленулерімен қатар, олардың дыбыстық түрлену нұсқалары да бар.

Автордың сөз қолданысының жан-жақтылығына байланысты тұрақты тіркестердің кей сыңарларын дыбыстық өзгеріске түсіріп, мағынасын қайта жаңғыртып өзгертуі жалпы тілде кездесетін заңды құбылыстардың бірі. Өйткені көркем тіл кестесінде қаламгер фразеологиялық сөз орамдарын тұрпаты жағынан бірыңғай, бір сарынмен жұмсай бермей, жаңалық енгізу мақсатына лайықты іс-әрекет жасайды. Осы қарастырып отырған тәсіліміз де автордың сондай ізденістерінің бірі.

Күлкі шыққан жерден «түлкім» де шығарына шәк келтірмей, «іннің» аузында ыржалақтап мен отырмын... (Ж. Сабыржанұлы, 318 б.).

Осы берілген мысалдардың алғашқысында «шәк келтірмеу» – шек келтірмеу ’күмәнданбау, күмән келтірмеу‘ деген қалыпты мағынаны білдіреді. Шек/шәк сөздері е~ә дауысты дыбыстарының сәйкестігіне ұшыраған және осындай өзгеріс негізінде жасалған ФТ мағынасы өзгермеген.



Сонымен қатар дауыссыздар сәйкестігі нәтижесінде трансформацияланған фразеологиялық орамдар да бар.

Пошымының дізе бүктірмес «дінсіз» күндері осылай қауырт өтіп жатты (О. Әубәкіров, 9 б.). Мұнда ФТ-ны өзгертуде екі түрлі әдіс қолданылған: 1) контексте «дізе бүктірмес» деп нормалы қолданыстағы «тізе бүкті» (жеңілді; мойындап, бас иді [44, 534 б.]; 2) тізе/дізе қатаң т мен ұяң д дауыссыздарының сәйкестігі арқылы жасалған. Қазақ тілінде сөздің басқы және ортаңғы позициясында т дыбысы д-мен жиі алмасады, сонымен қатар т~д сәйкестігі сөйлеу жанрында жарыса қолданылады. Мұндай құбылыстарды көбінесе диалектілік өзгертулерге жатқызамыз.

Басшы қарғаның пысы басты ма, әлде тісі басты ма, бір-бірінің сөзін тыңдамай бетімен қарқылдап жүрген қарғалар қалыпқа келіп, қадалып отырып қалғымай жұмыс істейтін болды (О. Әубәкіров, 89 б.). Қалыпты қолданыста «мысы басты» – біреуден қаймықты, тайсалды, үндей алмады [44, 399] мағынасын білдіреді. Мұнда да мысы басты/пысы басты м үнді дауыссызының табиғи жақындығы жоқ п қатаң дауыссыз дыбысымен сәйкесіп тұр; 2) ФТ-ға қосымша «әлде тісі басты ма» компонентін қосу арқылы тұрақты тіркестің эспрессивтілігін арттыра түскен екінші компоненттегі «тісі басты» тіркесінің қалыпты түрі «тісі батты» (қинау, қорқыту) және «тісі батпады» (батылы бармады, күші жетпеді [44, 538 б.] деген мағынасы бір-біріне ұқсамайтын оппозитивті тұлғалары бар. С мен т қытың дыбыстарының алмасуы арқылы жасалған. Контекст барысында әбден реконструкцияға ұшыраған «пысы басты ма, әлде тісі басты ма» тұлғасы «қорқу, үрку, аяғын тарту» деген мағынаны береді.

Намыс жыным қозып, тұлан түтіп, қан түленіп тұрмын (Ж. Ахмади, 186 б.). 1) «тұлан тұтты» тіркесі нормалы қолданыста «түлен түртті» – шайтан түртіп бір бәлеге ұрындырғалы тұр [44, 526 б.] деп берілген; тұлан тұтты/түлен түртті тіркестерінде ұ ,а, ы жуан дауыстылары ү ,е, і жіңішке дауыстыларымен алмастырылған; 2) дыбыстық өзгеріске түскен компоненттің алдына «жыны қозу» – ашуы келді, ыза болды [44, 222 б.] мағынасын беретін нормалы қолданыстағы тіркесін қосқан; 3) «тұлан тұтып» тіркесіне қан түленіп қосымша компоненті қосылуы арқылы эмотивтік әсерге қол жеткізген. Осы процестер негізінде пайда болған жыным қозып, тұлан тұтып, қан түленіп тұрмын ОФТ-сының мағынасы «өте қатты ашуланып, біреуге соқтыққысы келген адам туралы айтылады. Сондай-ақ «Өнер» баспасының қоржынында да бір кітабымның қолжазбасы саржамбас болып жатыр. Тек жүрек қартаймасын! Осы сөйлемдегі «Саржамбас болды» тіркесі ҚТФС-да «сары жамбас болды» – ешқайда шықпай, ұзақ жатып алды [44, 454 б.] деп берілген. Сары жамбас/ саржамбас сөзінде біріншіден, «ы» дауысты дыбысы редукцияға ұшыраған; екіншіден, бөлек жазылатын сары жамбас тіркесі біріктіріліп жазылған. Үш жылдан кейін Ақбайтал биігінің басында жалғыз қара боп қалбайып жүрген жылқыны Әбдуәйс шал да бір рет барып көріп қайтқан (Ж. Ахмади, 11 б.). Контекстегі «қалбайып жүрген» тұлғасы нормалы қолданысты «қарайып жүрген» деп айтылады «жалғыз өзі ғана, аман-есен жүрген» деген мағынаны білдіреді. Сөйлемдегі қарайып/қалбайып сөздерінде р~л сәйкестіктері жасалған, артикуляциялық ерекшелігі жағынан, генетикалық біртектілігі жағынан жақын осы екі р~л дыбыстары жиі алмасып отырады, сонымен бірге бұл сөздердің құрамына «б» дыбысы қосылған. Сөйлемнің беретін мағынасы «жалғыз,бір ғана өзі, өзінен басқа қасында ешкім жоқтығын, ешкімнің болмайтыныдығын» білдіріп тұр.

Тіл дыбыстары үйлесімділік, әуезділік, мәнерлілік принципіне негізделе отырып өзгеру барысында сәйкестіктер түзеді. ФТ құрамындағы сөздер дыбыстық сәйкестікке ұшырағанымен, олардың мағыналары өзгеріске ұшырамайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   53




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет