Дипломдық ЖҰмыс «Өнеркәсіптік кәсіпорындарда еңбек ақы төлеуді ұйымдастыруды жетілдіру»



бет4/6
Дата17.06.2018
өлшемі0,78 Mb.
#42967
түріДиплом
1   2   3   4   5   6

Кәсіби-біліктілік топтарына қарай жалақы көлемін айыру тарифтік тор негізінде жүргізіледі. Осыған орай айта кету керек, ставка көлемі мен тарифтік жүйе жалақы жақын арадағы уақытқа дейін орталықтан белгіленіп келеді.

Тарифтік жүйені ұйымдастырудың тиімділігіне жақындау және кәсіби біліктік топтары арасындағы оның өзгешеліктері 1991 жылғы ҚР-ның “Минималды жалақы және еңбек ақы саласындағы минималды әлеуметтік кепілдер туралы” заңның қабылдануына байланысты іске асты. Осы заңнамалық акт негізінде ҚР-ның Министрлер Кабинеті 1992 жылы “Халық шаруашылығы жұмысшыларының барлық категорияларына арналған бірегей тарифтік тор негізіндегі еңбек ақы төлеудің жаңа шарттары туралы” қаулы қабылдады, осы қаулыда меншік формасына қарамастан барлық ұйымдар мен кәсіпорындарға 21 разрядты БТТ-ды енгізу көрсетілген. Және де тарифтің жоғары шегі орталықтан шектелмеген, ол тарифтік ставка деңгейлері мен қызметтік окладтар кәсіпорында белгіленетін болды. Бұл алдыңғы қолданылған тәртіптен еңбек ақы ұйымдастыруды тиімді жасаудың алғы шарттары болды. Бірақ та жоғарыда келтірілген заңнамалық акт 1999 жылы өз күшін жоғалтқан деп табылса да, экономиканың нақты секторындағы шаруашылық субъектілері БТТ-ды қолданып келеді.

Өндірістік сала мен өндірістік емес сферада қатынастарды белгілеудегі тарифтік тордың жетілмегендігін айту керек. Бір разрядқа жататын жұмысшылардың жалақыларының көлемі оның минималды деңгейіне емес, сонымен қатар материалдың өндірісте еңбек ақы көлемін сыйақылар есебінде көбейту мүмкіндігі бар екендігімен өзгешеленеді.

Бюджеттік сферада мұндай төлемдер аз таралған. Біркелкі емес жағдай жалақы қоры құрылымының динамикасында да байқалады. Белгілі болғандай, жалақы негізгі және қосымша бөліктерден тұрады. Негізгі жалақы оның күнделікті бөлігіне қатысты негізінен жұмысшылардың тарифтік ставкаларына байланысты төмен және қызметкерлердің қызметтік окладтарынан тұрады.


5 – сурет - Жалақы қорының құрылымы
Қосымша жалақының құрамалық элементтеріне қосымша төлемдер кіреді. 2003-2005 жылдар аралығындағы жалақы қорының динамикасына талдау жасағанда негізгі жалақының үлес салмағының төмендей үрдісін байқауға болады [20].
4 – кесте - 2003-2005 жылдар аралығындағы жалақы қорының құрылымының динамикасы

(пайызбен)



Жыл

Жалақы қоры

Негізгі жалақы

Ынталанд. төлемдер

Өтемдік төлемдер

Жұмыс істемеген уақытқа төлем

Төлемге есептелмеген басқа да ақшалай сома

2003

100

64,9

15

8,1

7,5

4,5

2004

100

67,0

13,9

7,7

8,0

3,4

2005

100

67,1

14,1

7,5

7,8

3,5

«Жалақы қоры құрылымы туралы» негізінде есептеледі, 2003-2005 жылдар ҚР-ның статистикасы жөніндегі Агенттігі.
Көрініп тұрғандай, іс жүзінде жұмыс күшіне шығынның жартысын жалақының қосымша бөлігі құрайды. Жалақының қосымша бөлігінің басым көпшілігін сыйақылар, төлемдер құрайды, бұл еңбек ақының аймақтық реттеулерімен байланысты. Жоғарыдағы кестедегі мәліметтерді біз оны кеңірек 15-суреттен айқын көрдік.
2.2 «Арыстан» ЖШС-нің технико-экономикалық сипаттамасы
«Арыстан» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2004 жылы 19 сәуірде Әділет министрлігінде тіркелген. Кәсіпорын өзін-өзі қаржыландыру толық шаруашылық есеп принципінде қызмет етеді және заңды тұлға болып табылады. Оның жеке балансы, Қазақстан банктерінде жеке шоты өзінің атауы жазылған мөрі мен мөртабаны бар, ол банктерден қарыз алуға, сондай-ақ жарғыға сәйкес Қазақстан Республикасының заңдары бойынша заңды тұлғаларға рұқсат етілген басқа да операцияларды жүзегее асыра алады. Кәсіпорынның мекен-жайы Қазақстан Республикасы, Талғар ауданы, Талғар қаласы, Промышленный көшесі 8 Б.

Кәсіпорын икемді қорап, яғни химиялық, фармацевтикалық және тағам өнімдеріне арнаулы орама материалдарын жаңа толық ротогравюралық және флексополимерлі мөрімен шығаратын кәсіпорын [21].

«Арыстан» ЖШС-гі бұл белсенді дамушы құрылым. Оның негізгі міндеттері өндіріс ұлғайту, өнімді өткізу және нарықта кеңею. Кәсіпорының негізгі мақсаты табыс табу. Сол үшін кәсіпорын жаңа соңғы үлгідегі құрал-жабдықтармен қамтылған. Бұл келесідей өнім өндіруге мүмкіндік береді:

-Полиэтиленмен ламинатталған қағаз;

-Вакуумдық пакеттер;

-Сүт өнімдеріне арналған полиэтилендік пленка;

-«Маечка» тәріздес пакеттер;

-Мөр басылған полипропиленді пленка;

-Қағаз пакеттер;

-10-200 микронды полиэтиленді пленкалар;

-фармацевтика өнімдеріне арналған ламинатталған қағаз шығару;

Кәсіпорын шығаратын тауарларының ассортименті әр түрлі. Бұл тапсырыс берушінің талғамына байланысты болады. Қазіргі уақытта кәсіпорын шығаратын өнімдер бұл: балыққа арналған вакуумдық пакеттер, балмұздақ, макарон, теңіз өнімдеріне, чипсіге, бұрышқа, ванилинге, шекілдеуікке арналған ламинатталған қағаздар мен пакеттер. Икемді қорап жасаудың технологиясы жоғары температураның қатысуын қажет етеді. Дайын өнім кейіннен өзінің сапасын сақтау үшін нормираторда тәулік бойы тұрады. Клиенттердің тапсырысы бойынша пакетке түрлі суреттер мен жазулар салынады. Сурет салу алдында өнім сапасы тексерілуі тиіс, себебі кейде сурет салу барысында пленка жыртылып қалуы мүмкін. Сонымен қатар кәсіпорын көзге анық түсетін түрлі-түсті этикеткаларды шығарады. Ал полиэтиленді пленка тек мөлдір түсті ғана емес, сонымен бірге түрлі-түсті бояудар қосу арқылы түсін өзгертеді.

Барлық өнімдерді өндіру үшін келесідей шикізаттар қолданылады: ВОРР-полипропилен, РЕТ-полиэтер, ПЭВД-жоғары қысымды полиэтилен, ПВХ-төмен қысымды полиэтилен, клей. Ал ең бастысы құрал-жабдықтар, яғни сурет салу үшін валдар қолданылады, әр өнім түрінің өзінің валы болады.

Кәсіпорынның негізгі өндірісі Талғар қаласында өтеді. Бірақ басында тапсырыс бас офиске түседі. Дизайнерлер суретін салып Қытайға үлгілерін жібереді. Содан кейін Қытайдан өнім өндіру үшін құрал-жабдық, яғни валдар жіберіледі. Талғарда өнім өндірілетін үш цех, дайын өнім сақталатын қоймалар, өнімнің сапасын жақсартатын нормиратор және басқарушылар отыратын офисі бар. Сонымен қатар шикізаттар сақталатын қойма бар.

Цехтарда құрал-саймандар орналасқан. Бірінші цехта полиэтиленді пакеттер шығаратын Экструдер, 6-түсті ротогравюрді мөр машинасы және экструзионды ламинатор орналасқан. Екінші цехта бобинорезка, пакет жасайтын машина, құрғақ ламинатор орналасқан. Ал үшінші цехта дайын өнімдерді қаптайды.

Ал, енді өндіріс технологиясына келсек, бірінші құрал-жабдық бұл - Экструдер. Яғни ол қалындығы түрлі микронды полиэтиленді пленканы үрлейтін машина. Бұл үшін Ресейден әкелінген күріш тәріздес шикізат полиэтилен өте үлкен температурада қыздырылады. Содан кейін цилиндр тәріздес пішінде жоғары көтеріліп төмен арнайы қысқыш арқылы тегістеліп пакет шығарылады. Алғашқы сәтте пакет екі қабатты болады. Бірақ тапсырыс берушінің талғамы бойынша екіге бөліп беруге болады және кейде арнайы логотип салып берілуі мүмкін. Дайын өнім кейін өз сапасын сақтау үшін бір тәулікке нормираторда жатады. Бұл өнімге сурет салу алдында сапасы тексерілуі тиіс, себебі кейде пленка сурет салу барысында жыртылып қалуы мүмкін Өнім тонналап сатылады.

Келесі өндірісте жиі қолданылатын машина бұл – 6-түсті ротогравюрлі мөр машинасы. Кәсіпорынның көптеген өнімдері осы машина арқылы жасалады. Себебі ол қолданыста оңай және әмбебаб, бір уақыт ішінде бірнеше жұмыс атқара алады. Бұл машинада чипсы, тұшпара, шекілдеуік, ванилин, балмұздақ және т.б. үшін орамалар өндіріледі. Бұның 6-түсті деп аталудың себебі онда 6 вал орнатылған, бұлардың әрқайсысы түрлі түске арналған. Өндірісте көбіне қара, көк, қызыл, сары, ақ түсті бояу және РЕТ12 микрон материалы қолданылады. Үрдіс басында қара түспен сөздер жазылады оның үстінен көк, қызыл бояулар жатқызылады. Бұның нәтижесінде жасыл түс пайда болады, соңынан дайын суретті ақ түсті бояумен тегістейді. Керек кезде өнім сапасы және беріктігі жоғары болу үшін оны ламинаттайды. Тәжірибе барысында бұл машинада «Сыр чечел», «ФудМастер – Айскрим», «INGUZ - cемечки », «Жанель-клад хомячка», «Круст-чипсы», «MAXI-чай», «Ванилин», «Бұрыш», «Бумер» Йогуртқа арналған этикетка, «Хрустики-сухарики», «Корона- макарон», «Тан-сусыны» өнімдері үшін орамалар өндірілді .Кейіннен бұл өнімдер құрғақ ламинаторда қатаяды.Бұл үшін этил+қатайтқыш+этил ацетат қолданылады. Кейіннен дайын өнімді бобинорезкада бөлек-бөлек кеседі.

Пакетировкада Фудмастерге арналған Дой-пактар 80-100о температурасында 50 мин. жылдамдығында өндіріледі. Машинадан пакеттер 100 данамен шығады. Сонымен бірге мұнда вакуумды пакеттер шығарады.

Кәсіпорында қағазды да ламинаттайды, бұл қара және қызыл бұрыш орамалары үшін. Бұны өндіру үшін сызықты полиэтилен қолданылады, оны ыстық сұйық түрінде сорып қағазға түсіреді.

Қағаз пакетировкада гриль, фармацевтикалық өнімдер үшін қағаз пакеттер өндіріледі, сонымен бірге мұнда ФРИ кортобына арналған орамалар өндіріледі.

«АРЫСТАН» ЖШС-гі Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Министрлігі және Индустрия мен Сауда Министрлігінің қолдауымен құрылған азық-түлік және қайта өңдеуші өнеркәсібінің тауар өндірушілер бірлестігі құрамына кіреді. Кәсіпорын 2006 жылы 2-ші Қазақстандық халықаралық «Жабдық, Қорап, Орама» көрмесіне қатысты [22].

Кәсіпорын қызметінің технико-экономикалық көрсеткіштерінің өзгеруі жайлы мәліметтерге келетін болсақ талданған мерзім ішінде «Арыстан» ЖШС-гі өндірістік-шаруашылық және қаржылық қызметінде біршама жетістікке жеткенін көре аламыз.

Кәсіпорынның шығаратын өнімдеріне жылдан жылға сұраныс ұлғаюда. Табыстың бірінші абсолютті көрсеткіші өнімді өткізуден түскен түсім. Ол қаржылық-шаруашылық қызмет нәтижесі есебінде қосылған құн салығын, акциз және сол сияқты міндетті төлемдерді есептелмегенде көрсетіледі.



Төмендегі көрсетілген кесте бойынша, өнім өткізуден түскен түсім 2005 жылы 2004 жылмен салыстырғанда 996809 мың тенгеге өсті, ол 206,6 % құрады. 2005 жылы жиынтық табыстың жоғарлауы байқалды. Ол 2005 жылы 996809 мың тенгеге өсіп 1478419 мың тенгеге жетті. Әрине бұған әсер еткен өнімнің өзіндік құны десек те болады. Есепті жылы ол алдыңғы жыллмен салыстырғанда кемідіі. Яғни 2005 жылы 103,489 мың тенгені құрады немесе 23,1% ға өсті жиынтық табыстың да ұлғаюыда байқалып тұр, есепті ол 103,544 мың тенгеге өсіпті. Келесі көрсеткіш кезең шығындарына тоқталатын болсақ, бұл көрсеткіш жалпы шығындар, өнімді өткізуге кеткен шығындар, пайыз шығындары, курстық ерекшелік шығындары. Осылардың қосындысы кезең шығындарын береді және мұны 2004 жылмен салыстырғанда 2005 жылы 815058 теңгеге өсті немесе 638 пайызды құрады [23] .

5 – кесте - «Арыстан» ЖШС-нің технико-экономикалық көрсеткіштері



Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

Жылдары

Ауытқулар

2004

2005

+/-

%

1

Өнімді өткізуден түскен түсім

мың. тг

481,610

1478,419

996,809

306,9

2

Өткізілген өнімнің өзіндік құны

мың. тг

210,225

103,489

106,736

49,2

3

Жиынтық табыс

мың. тг

271,385

1374,929

1103,544

506,6

4

Кезең шығындары

мың. тг

151,361

966,419

815,038

638,0

5

Негізгі қызметтен түскен түсім

мың. тг

120,024

408,51

288,49

340,3

6

өткізілген өнімнің 1 тг-ге шығыны

тенге

0,75

0,72

0,03

96

7

Таза табыс

мың. тг

84,01

285,96

201,95

340,38

8

Өндіріс рентабельдігі

%

8,9

12,1

3,2

135,9

9

Жұмысшылардың саны

адам

14

32

18

228,5

10

Еңбекақы қоры

мың. тг

839,0

4319,0


3480,0

514,7

11

Жұмысшылардың орташа жылдық еңбекақысы*

мың. тг

59,92

134,968

75,048

225,2


12

Өндірістегі негізгі құралдардың орт. жылдық құны

мың. тг

896,524

1833,868

937,344

204,5

13

Қор сыйымдылығы

тенге

1,88

1,25

-0,6

66,4


14

Қор қайтарымдылығы

тенге

0,53

0,8

0,09

116,9

15

Қормен қарулану

тг./адам

64037,4

57302,6

-6734,8

89,4

16

Еңбек өнімділігі

мың.тг

34,4

46,2

11,8

134,3

*Кәсіпорын 2004 жылы 7 ай жұмыс істеді. Сол себепті орташа айлық жалақы төмен болады

Негізгі қызметтен түскен түсім көрсеткіші бойынша 2004-жылға қарағанда 2005-жылы 240,3 пайызға өсті. Бұның себебі жалпы табыс өсіп жатыр және өнімнің өзіндік құны да төмендеген.

Өндірістегі шығындар мен жұмыс нәтижесі көрсетілетін көрсеткіш, яғни нәтижелі көрсеткіш өткізілген өнімнің 1 тенгеге шығыны. Бұл көрсеткіш көлемі 2004 жылы 0,75 тенге, ал 2005 жылы 0,72 тенге болды. Яғни 0,03 тенгеге кеміді, бұл кәсіпорын аз болса да оң әсерін тигізеді. Егер жылдан жылға осынша деңгейге төмендеп тұрса кәсіпорын үшін бұл өте жақсы.

Өндірісте негізгі мәнді жұмысшылар санына беріледі. Себебі жұмысшылар көмегімен өндіріс үзіліссіз жүреді. Бізде 2004 жылмен салыстырғанда жұмысшылар саны өсті, егер 2004 жылы 14 адам болса 2005 жылы 32 жетті. Бұның басты себебі өндіріс көлемін ұлғайтуға байланысты жаңа еңбек күші қажет болды, сонымен бірге жаңа құралдарды меңгеруге жоғары білікті мамандар қажет болды.

Ендігі көрсеткіш еңбекақы қоры - бұл кәсіпорын жұмысшыларының жалақысының жиынтығы. Бізде 2004 жылы еңбекақы қоры 839 мың тенге болса, 2005 жылы ол 4319 мыңға жетті. Яғни ол 3480 мыңға себебі. Мұның басты себебі кәсіпорын табысы өсті және кәсіпорын үздіксіз жұмыс істейді

Өндірістегі негізгі құралдардың орташа жылдық құны Бұл көрсеткіш кәсіпорынның орналасқан жерін, мекемесін тасымалдайтын транспортты, машиналары жатады Бұлардың қосындысы арқылы негізгі құралдардың орташа жылдық құнын табу үшін, осы көрсеткіштің бәрін қосып, әр жылды жеке – жеке (2) бөлеміз. Бұл көрсеткіш 2004 жылы 896524,5 мың тенгені құрапды. Ал 2005 жылы 2366560,1 мың тенгеге жетті.

Қызметтің соңғы нәтижелері бойынша қорытындыны таза табыс және өндіріс рентабельділігі көрсеткіштері арқылы жасаймыз.

Өндіріс рентабельділігі. Осы көрсеткіш кәсіпорын өндірісінің тиімділігін есептеуде қолданылатын ең негізгі көрсеткіш болып табылады. Ол өндірістегі 1 тенгеден алынған пайданы көрсетеді. Бізде өндіріс рентабельділігі 2005 жылы 12,1 пайыз болса 2004 жылы 8,9 пайыз болған. Байқап тұрғанымыздай өндіріс рентабельділігі өсуде бұл кәсіпорын үшін оң нәтиже береді. Осыған байланысты таза табыстың да өсуін байқап тұрмыз. Есепті жылы таза табыс 201,95 мың тенгеге өсті.

Қор сыйымдылығы қор қайтарымдылық көрсеткішіне кері көрсеткіш болып табылады. Оның қасиеті сонда, оның алымын бірнеше бөлек цех және құрал – жабдықтар группаларға бөліп тастауға болады. Бұл техникалық өндірістік учаскілеріне деген жерін, қор пайдаланудағы жалпы көрсеткішін анықтауға мүмкіншілік береді. Қор сыйымдылығы былтырғы, яғни 2004 жылы 2005 жылмен салыстырғанда кеміді. Осы көрсеткішті есептеу үшін біз:қор сыйымдылығы = негізгі қордың (орт)/ өнімді өткізуден түскен түсім [24].

Негізгі өндірістік қорларды пайдаланудағы жалпы көрсеткіш ретінде қор қайтарымдылығы кәсіпорынның эффектілігін көрсетеді. Осы көрсеткішті 2004 салыстырғанда 2005 жылы 150,9 пайызға өскен. Осы көрсеткішті есептеу үшін біз: қор қайтарым. = өнімді өткізуден түскен түсім / негізгі қордың (орт) Қолданылған негізгі капиталдың деңгейі бір жағынан кәсіпорынның қор құрылымын құруда қолданылатын прогрессивті технологиялық политикасы. Ал екінші жағынан өнім шығару өндірісінде ұйымдастыруы мен технологиясы. Бұл жағдайда басшылар негізгі қорлардың нақты қалай қолданатынын білу керек.

Бұл мақсаттар үшін негізгі капиталды қолдануды бағалайтын көрсеткіштер жүйесі қолданылады. Олардың ішінде ең маңыздалары қор қайтарымдылығы, қор сыйымдылығы көрсеткіштері. Қор қайтарымдылығы өткізілген өнімнен түскен түсімнің негізгі құралдарына қатынасына тең.

2005 жылы «Арыстан» ЖШС-ң қор қайтарымдылығы 0,8 тенге, ал 2004 жылы 0,53 тенге болған. Қор қайтарымдылығы көрсеткіші басшыларға бекітілген қорлардан қаншалықты табыс алатынын көрсетеді. 2005 жылы негізгі қорлардың 1 тенгесіне 8 тиын пайда түседі. Бұл аз, бірақ 2004 жылмен салыстырғанда өсті. Егер жыл сайын мұндай өсулер байқалса, онда кәсіпорын пайдасы сондай деңгейде өседі.


6 кесте Негізгі капиталды қолдану көрсеткіштері.



Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

Жылдары

Ауытқулар

2004

2005

+/-

%

1

Өнімді өткізуден түскен түсім

мың. тг

481610,0

1478419,0

996809,0

306,9

2

Өндірістегі негізгі құралдардың орт. Жылдық құны

мың. тг

896524,5

1833868,5

937344

204,5

3

Қор сыйымдылығы

тенге

1,88

1,61

0,27

85,6

4

Қор қайтарымдылығы

тенге

0,53

0,62

0,09

116,9

5

Қормен қарулану

тг.адам

64037,4

57308,0

-6729,1

89,4

6

Тозу коэффициенті

%

0,07

0,11

0,04

157,1

7

Жарамдылық коэффициенті.

%

0,92

0,87

-0,05

91,5

Жоғарыдағы кестеге сүйене отырып қор сыйымдылығы, яғни 1 өнім көлеміне қанша негізгі қор келетінін көрсетеді. Қор сыйымдылығы – бұл өте қажет көрсеткіш, ол капитал салымдарының үнемдеуімен немесе олардың ұлғаюымен байланысты. Қарастырылып отырған кезең уақытында 2004 жылы қор сыйымдылығы 1,86 тенге, ал 2005 жылы 1,24 тенгені құрды. Қор сыйымдылығы төмендеген кезде негізгі өндірістік қорлардың жақсы қолдануы байқалады. Сонымен бірге 1 жұмысшының қормен қарулануы 2005 жылы 57308,3 мың тенгені көрсетті, ол 2004 жылдан 89,4% төмендеді.

Негізгі өндірістік қорларды сипаттайтын келесі көрсеткіш тозу коэффициенті. Ол негізгі құралдардың тозуын көрсетті 2005 жылы 0,11 болса, 2004 жылы 0,07-ге дейін төмендеді, сондықтан оларды ауыстыруы қажет етеді.

Жарамдылық коэффициенті негізгі құралдардың техникалық жағдайын сипаттайды және негізгі құралдардың соңғы құнының бастапқы құнына қатынасы арқылы есептеледі. Қарастырылып тұрған кәсіпорында бұл коэффициент 2005 жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда төмендеді. Бұл көрсеткіштің төмен болуы бізге тиімсіз. Себебі, егер негізгі құралдардың жарамдалығы төмен болса, оларды жиі ауыстыру керек болады, ал ауыстырулар қосымша шығындарды керек етеді.


2.3 «Арыстан» ЖШС-де еңбек ақы төлеуді ұйымдастыруды талдау
Еңбек ақы төлеуді талдау өндірістің ұйымдастырушылық және техникалық деңгейін көтеруімен байланысты [25]. Еңбек ресурстарын тиімді пайдалануын жақсарту жалпы кәсіпорын тиімділігін жоғарлатуға бағытталған [

Еңбек ақы төлеуді талдау келесіден көрінеді:

-кәсіпорында кадрлар құрамы, олардың қозғалысын талдау;

-еңбек өнімділігі деңгейін талдау;

-еңбек ақы қорын пайдалануды талдау,

-негізгі факторлардың жалақы қорын қолдануға әсерін талдау;

Кәсіпорын кадрлары жайлы талдау жасауда келесі сұрақтар қарастырылады:

-еңбек ресурстарының құрамы;

-кәсіпорынның еңбек ресурстарымен қамтылуы;

-мамандардың қозғалуы;

Талдау жүргізу алдында қызметкерлерді топтастырылуын қарастырамыз. Кәсіпорындағы барлық мамандар өнеркәсіптік-өндірістік және өндірістік емес топтар деп бөлінеді. Өнеркәсіптік-өндірістік мамандарға кәсіпорынның негізгі қызметімен байланысты (өнеркәсіп өнімдерін өндіру, өндірісті ұйымдастыру және кәсіпорынды басқару) еңбек операцияларымен айналысатын тұлғалар жатады. өнеркәсіптік-өндірістік қызметкерлер жұмысшылар мен жұмыскерлерге бөлінеді. Жұмысшыларға тікелей еңбек құралдарына және өнім қозғалысына, яғни тікелей өндіріске қатысты тұлғалар жатады. Оларға кіші қызмет көрсетуші мамандар жатады, яғни курьер, жүргізушілер.

Жұмыскерлер құрамынан ерекше бөлінетіндер басшылар, мамандар, сонымен бірге басқа да ұйым жұмыскерлері жатады. Олар өндіріске қатысты емес. Талдау барысында персоналдың құрылымы өзгерісімен танысу қажет. Өнім өндірісінің негізгі шартарының бірі ол еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуі. Мұнда еңбек ресурстары өздерінің кәсіби біліктілігі, жасы және т.б. көрсеткіштері бойынша орналасуы керек.


7 - кесте - Кәсіпорын қызметкерлерінің саны құрылымының өзгерісі

Мамандар категориясы

(адам)


2004ж

%

2005

%

Жұмысшылар

8

57,14

13

65,62

Басшылар

3

21,43

3

9,38

Мамандар

3

21,43

8

25

Барлығы, соның ішінде:

14

100

32

100

Кесте мәліметтерінен көріп тұрғанымыздай талданып тұрған кәсіпорында өндірістік әлеует өсті. Сонымен қатар басшылардың үлес салмағы кеміді 12,05%-5ға, ал мамандар үлесі өсті 3,57%. 2004 жылы кәсіпорын қызметкерлерінің саны 2005 жылмен салыстырғанда екі есе аз. Мұның себебі кәсіпорынның өзі 2004 жылы құрылған. Кәсіпорында жұмысшылар санының өсуі айқын көрініп тұр, яғни 2004 жылы 8 адам болса, 2005 жылы 21 адамға жетті. Бұл өндірістің жұмыс істеуіне оң әсер береді.

Еңбек көрсеткіштерінің талдауын жүргізу үшін еңбек ресурстарының қолдануымен танысуымыз қажет.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет