Дипломдық жоба 5В070800 Мұнай-газ ісі Алматы 2021


Су айдаудың потенциалды жоспарларын таңдау



Pdf көрінісі
бет39/43
Дата19.03.2022
өлшемі3,37 Mb.
#136346
түріДиплом
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43
Байланысты:
2021 БАК Әбдуәли Құндыз, Бораншиева Нұрсәуле Нұрболатқызы, Еркінқызы Құралай, Қайдар Айгерім Манатқызы
Ұңғыманы фонтанды пайдалану, Ұңғыманы фонтанды пайдалану, adaskin-materialtanu
 
2.2 Су айдаудың потенциалды жоспарларын таңдау 
 
Су айдау жоспарын таңдау көбінесе әр қабатқа тән факторлармен 
анықталады. Кейбір қабатта қысымды ұстап тұру мақсатында перифериялық 
ағын пайда болу үшін су айдауда шеткі ұңғылар қолданылуы мүмкін. Көп 
жағдайда қысымды ұстап тұруға арналған су айдау көбінесе өндіріс қарқынын 
ұстап тұру үшін қабатты игерудің алғашқы сатысында басталады. Типтік су 
айдау процесі егер қабаттың қасиеттері шеткі ұңғылар арқылы қажетті айдау 
шығынында су айдауға мүмкіндік бермесе қолданылады. 
Айдау және өндіру шығыны ұңғымалардың орналасуымен, сондай-ақ 
қабаттың қасиеттерімен де анықталады. Тор жүйесі экономикалық талдау 
кезінде қарастырылатын айнымалы ретінде қарастырылады. Су айдау үшін 
ұңғының тор жүйесін таңдау үнемдеу мақсатында қолданыстағы ұңғыларға 
байланысты болады. Үлгіні таңдау өндіріс ұңғымаларының орналасуымен 
шектеледі. 
Ұңғы торының тығыздығы 
Ұңғы торының тығыздығы (Sс) – бір өндіретін ұңғыға келетін өнімді 
қабат ауданы 
Sc = Sн/nд (м2/скв) 
1 га = 100м×100м = 10000 м2 
Мұнай кен орындары үшін Sc = 1 – 81 га/скв 
Газ кен орындары үшін Sc = 1 – 100 га/скв 
Ұңғы торының тығыздығы: 
1. Тығыздығы жоғары: Sc = 1. . . .12 га/скв 


- тау жыныстарының өткізгіштігі төмен; 
- қабат біркелкі емес; 
- қабат мұнайының тұтқырлығы жоғары. 
2. Тығыздығы орташа: Sc = 16 . . . .30 га/скв 
- тау жыныстарының өткізгіштігі орташа; 
- салыстырмалы түрде біркелкі қабат
- қабат мұнайының тұтқырлығы орташа. 
3. Тығыздығы сирек орналасқан тор: Sc = 32 . . . . 81 га/скв 
- тау жыныстарының өткізгіштігі жоғары; 
- біркелкі қабат; 
- қабат мұнайының тұтқырлығы төмен 
Игеру кезінде ұңғы торының тығыздығын таңдау күрделі мәселелрдің 
бірі. Сол себепті бірнеше жағдай үшін гидродинамикалық есептеулер 
жүргізіп, тиімдісін таңдайды. 
Айдау шығыны - су айдау жобаларын бағалаудағы маңызды 
экономикалық параметр болып саналады. Айдау шығыны судың ұңғыны 
жарып шығу уақытына әсер етеді.
Айдау шығынының мәні келесі параметрлерге байланысты: 

Тау жынысының қасиеттері 

Тау жынысы/ сұйықтық байланысы 

Ұңғы торының орналасуы 

Қысымның төмендеуі 
Егер жылжымалылық коэффициенті = 1 болса, айдау шығыны тұрақты 
болып қалады. Егер жылжымалылық коэффициенті <1.0, ығыстыру процесі 
кезінде айдау шығыны азаяды. Егер жылжымалылық коэффициенті >1.0, 
ығыстыру кезінде айдау шығыны қабаттың суға қанығу коэффициентімен 
бірге өседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет