Дипломдық жоба «Компанияның қызметін талдау және даму перспективалары» тақырыбында «5В050900 Қаржы»



бет6/9
Дата06.02.2022
өлшемі272,67 Kb.
#66978
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Компанияның қызметін талдау және даму перспективалары

2017 жыл

1

А1 = 72+36264=36336

П1 = 1914+0+0=1914

А1 > П1

2

А2 =642+0=642

П2 =31983

А2 > П2

3

А3 =17748+0+0-0=17748

П3 =0

А3 > П3

4

А4 =2862

П4 =55476+0-0=55476

А4 < П4

2018 жыл

1

А1 =624+68730=69354

П1 = 9558+0+0=9558

А1 > П1

2

А2 =2886+0=2886

П2 =12000

А2 > П2

3

А3 =35130+0+0-0=35130

П3 =0

А3 > П3

4

А4 =4446

П4 =90258+0-0=90258

А4 < П4

2019 жыл

1

А1 =15+9462=99498

П1 = 7032+0+0=7032

А1 > П1

2

А2 =672+0=672

П2 =18000

А2 > П2

3

А3 =36654+0+0-0=36654

П3 =0

А3 > П3

4

А4 =6774

П4 =118566+0-0=118566

А4 < П4

Ескерту: [13] дереккөз негізінде авторлармен құрастырылған.



6-кестенің деректері 2017-2018 жылдары «Туризм ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі балансы өтімділік талаптарына жауап бермегенін куәландырады. 2019 жылы 2017 жылғы өтімділік көрсеткіштерімен салыстырғанда өтімділік көрсеткіштері өзгерген жоқ.
Неғұрлым өтімді және тез сатылатын активтерді неғұрлым мерзімді міндеттемелермен және қысқа мерзімді пассивтермен салыстыру ағымдағы өтімділікті, яғни талдау жүргізу сәтіне жақын уақытта компанияның төлем жасай алуы қабілеттілігін, болмаса төлем төлей алмайтындығын, яғни қабілетсіздігін көрсетеді.[19,56б] Зерттелетін кезеңде мынадай үш шарт орындалды: A1>=П1; A2>=П2; A3>=П3, яғни компанияның ағымдағы активтері оның сыртқы міндеттемелерінен асып түседі.
Баяу іске асырылатын активтерді салыстыру, компанияның болжамды түрде төлем қабіоеттілігі барын көрстееді. Зерттелетін кезеңде соңғы шарт орындалмады: А4 ≥ П4, бұл компанияда меншіікті айналым қаражатының болуын растамайды және қаржылық тұрақтылықтың ең аз шарттарын сақтамауды білдіреді.
Терең талдау шеңберінде абсолюттік көрсеткіштерге қосымша өтімділік коэффициенттерінің бірқатар аналитикалық көрсеткіштерін есептейміз.


Кесте 7 - «Туризм ғылыми-зерттеу институты» ЖШС өтімділік коэффициенттерінің динамикасы, 2017-2019 жж.





Көрсеткіштер

Норматив

2017ж.

2018ж.

2019ж.

Абсолютті өзгеріс
(+,-)

1

Ағымдағы өтімділік коэффициенті

2

26

5,0

5,4

-20,44

2

Абсолютті өтімділік коэффициенті

0,2 - 0,5

0,034

0,029

0,006

-0,03

3

Мерзімді өтімділік коэффициенті

≈ 0,8

0,34

0,16

0,03

- 0,31

Ескерту: [13] дереккөз негізінде авторлармен құрастырылған.



7-кестенің негізінде компанияның банкроттық мүмкіндігін талдау туралы мынадай қорытындылар жасауға болады. 2019 жылдың соңындағы ағымдағы өтімділік коэффициенті 2-ден кем емес норматив кезінде 5,47 құрады, бұл кезең басындағы деңгейден 20,44 тармаққа немесе 78,89% - ға аз.
Абсолюттік өтімділік коэффициенті кезеңнің соңына қарай 0,006 дейін төмендеді. Бұл компания өзінің барлық қарыздық міндеттемелерін шұғыл түрде өтей алмайтынын көрсетеді.
Банкроттықтың ықтималдығын бағалау тұрғысынан компанияның қаржылық жай-күйінің маңызды сипаттамаларының бірі перспективасында компанияның қызметінің тұрақтылығы боллады. Жалпы компания қызметінің тұрақтылығы капиталдың жалпы құрылымына, оның кредиторлар мен инвесторларға тәуелділік дәрежесіне байланысты. Өйткені, көптеген компаниялар іске кем дегенде өз қаражатын салуды, ал оны қарызға алынған ақша есебінен қаржыландыруды қалайды. Өз қаражатының тұрақты қаржылық құрылымы бола отырып, компания инвесторларды тарту мүмкіндігіне ие.
Дәл осы уақыттағы жоспардағыдай ұзақ мерзімді тұарқтылық, меншік және берешек қаражатының ара - қатынасымен сипатталатын қаржылық тұрақтылық жағдайды айтамыз. Бұл көрсеткіш қаржылық тұрақтылыққа жалпы баға береді. Сондықтан «Туризм ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2017-2019 жылдардағы қаржылық тұрақтылығына талдау жүргіземіз.
Кәсіпорынның тұрақты жағдайының сипаттамаларының бірі оның қаржылық тұрақтылығы болып табылады.
Қаржылық тұрақтылықтың келесі коэффициенттері кәсіпорынның активтері мен мүлкінің әрбір элементінің тәуелсіздігін сипаттайды, компанияның қаржылық тұрақтылығын өлшеуге мүмкіндік береді.
Қаржылық тұрақтылықтың ең қарапайым коэффициенттері олардың құрылымын ескерместен тұтастай активтер мен міндеттемелер арасындағы қатынасты сипаттайды. Бұл топтың маңызды көрсеткіші - дербестік коэффициенті (немесе қаржылық тәуелсіздік, немесе активтердегі меншікті капиталдың шоғырлануы).
Кәсіпорынның тұрақты қаржылық жағдайы - бұл өндіріс нәтижелерін анықтайтын өндірістік және экономикалық факторлардың жиынтығын шебер басқару нәтижесі. Қаржылық тұрақтылық кәсіпорын жұмыс істейтін экономикалық ортаның тұрақтылығымен де, оның жұмысының нәтижелерімен де, оның ішкі және сыртқы факторлардың өзгеруіне белсенді және тиімді әсерімен де анықталады.


Кесте 8 - «Туризм ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қаржылық тұрақтылық коэффициенттерін талдау, 2017-2019 жж.



Көрсеткіштер

Норм-в

2017 ж.

2018 ж.

2019 ж.

Абсолют-тік өзгеріс (+,-)

Қарыз және меншікті қаражат арақатынасының коэффициенті (ҚМ)

1

0,04

0,2

0,2

+0,17

Автономия коэффициенті (қаржылық тәуелсіздік) (ҚКҚК)

0,5

0,9

0,8

0,8

-0,14

Тартылған капиталдың шоғырлану коэффициенті (ТШк)

0,4

0,04

0,19

0,17

+0,14

Меншікті капиталдың маневрлік коэффициенті (Ккм)

0,5

0,9

0,9

0,9

-0,01

Ескерту: [13] дереккөз негізінде авторлармен құрастырылған.



8-кестенің деректерінен көрініп тұрғандай, зерттелетін кезеңнің соңына қарыз және меншікті қаражаттың арақатынасы коэффициентінің мәні 1,0-ге тең барынша рұқсат етілген мәннен әлдеқайда төмен және 2019 жылдың соңына қарай 0,21 құрады, бұл кезеңнің басына қарағанда 0,17-тармаққа көп. Бұл компанияның қаржылық тұрақтылығын көрсетеді. Өз қаражатының әрбір теңгесі 0,21 теңгеге тиесілі. Компания өз сұраныстарын меншіік көздері есебінен жаба алады. Зерттелетін кезеңнің соңына қарай компанияның тартылған капиталға қаржылық тәуелділігі артады.

Сурет 2 - «Туризм ғылыми-зерттеу институты» ЖШС 2017-2019 жылдардағы қаржылық тұрақтылық коэффициенттерінің динамикасы


Қаржылық тәуелділіктің болуы автономия коэффициенттерін және тартылған капиталдың шоғырлануын сипаттайды, олар жағымсыз қаржылық жағдайды көрсетеді, яғни зерттелетін кезеңнің басында меншік иелеріне ұйым мүлкі құнының 96% тиесілі болды. Зерттелетін кезеңнің соңына қарай бұл мән 83% - ға дейін төмендеді, ал ұйымның тартылған капиталдан қаржылық тәуелділігі 17% - ға дейін ұлғайды. Тартылған капиталдың шоғырлану коэффициентінің өсуі ұйымды қаржыландырудағы қарыз қаражаты үлесінің ұлғаюын, қаржылық орнықтылықтың төмендеуін және сыртқы кредиторларға тәуелділіктің ұлғаюын білдіреді.
Меншікті капиталдың маневрлік коэффициенті ағымдағы қызметті қаржыландыру үшін пайдаланылатын, яғни айналым қаражатына салынған меншіікті капиталдың бір бөлігін сипаттайды. Қалған бөлігі капиталдандырылған құралдардың шамасын көрсетеді. 0,5 тең маневрлік коэффициентінің шамасы оңтайлы болып табылады. Зерттелетін кезеңнің соңында коэффициент мәні рұқсат етілген мәннен жоғары. Бұл көрсеткіш шамасының 2019 жылы төмендеуі ағымдағы қызметтің өз қаражатымен қамтамасыз етілгендігінің азайғанын куәландырады.
Егер қаралып отырған компания есепті кезеңде активтердің қор сыйымдылығы мен айналымдылығы артты деп есептесе, бірақ егер абсолюттік өтімділік коэффициенті көрсеткішінің мәні есепті кезеңнің соңына (2019 жылдың соңына 0,006) өте төмен мәнге ие екенін назарға алсақ, егер бірнеше ірі кредиттер бір мезгілде қарызды жедел тәртіппен өтеуді талап етсе, осы үрдіс компанияны банкроттық шегіне әкелуі мүмкін деп айтуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет