Директоры: жөніндегі орынбасары



бет1/2
Дата20.06.2018
өлшемі0,68 Mb.
#43301
  1   2
№ 3 Талапкер орта мектебі

Бекітемін: Келісемін:

№3 Талапкер орта мектебінің директордың оқу-тәрбие жұмысы

Директоры: жөніндегі орынбасары:



Абеева С.Х_________ Хамзина Г.А.___________



атты тәрбие сағаты.

1 «Г» сынып

Өткізген: Аукирова А.Т.

2015 жыл.


Күні : 14.12.2015

Тақырыбы: Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіздіктің кепілдемесі


Мақсаты: Отанымызды сүюге, Қазақстан Республикасының рәміздерін қастерлеуге, туған елімізге адал қызмет етуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ту, елтаңба ,әнұран(әр элементі жеке салунған суреттер), шарлар.
Барысы:
I. Кіріспе сөз. 1 - жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, ата - аналар, қадірлі қонақтар және оқушылар!

1992 жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі мемлекеттік рәміздерді қабылдады. Мемлекеттік рәміздеріміз – Ту, Елтаңба, Әнұран.


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының авторлары – Жандарбек Мәлібеков пен Шота Уәлиханов.

Елтаңбаның негізгі ойын білдіретін орталық элемент – шаңырақ. Шаңырақ – отбасы ынтымағы мен тыныштықтың нышаны. Қазақта «Шаңырағың биік, керегең кең, босағаң берік болсын» деген тілек сөз бар. Елтаңба авторлары осы сөздерді басшылыққа алған. Уықтар - әлемдегі жылу мен тіршілік нышаны – күн сәулесін еске салады. Шаңырақ пен уықтар біздің Отанымызда тыныштықта жарасымды өмір сүріп жатқан көптеген халықтардың бірлігін көрсетеді.


Қазақстан Республикасының Елтаңбасының бір бөлігі ертедегі қанатты тұлпар. Пырақ – тұлпар биікке ұшуды, болашақты арман етуді бейнелейді. Пырақтың қанаттары шаңырақты – біздің ортақ үйімізді сақтайды. Алтын жұлдыз – ол биік ойлар белгісі. Елтаңбаның жоғарғы жағындағы бес бұрыш – бақытты өмірге жол сілтейтін жарық жұлдыздың белгісі. Төменгі жағындағы «Қазақстан» деген жазу республиканың атын көрсетеді. Масақ Отанымыздың байлығы іспеттес.(балалар әр элементті жеке ұстап түсіндіреді және өз орындарына орналастырады)
1 - оқушы:
Алтын қанат көмкерген,
Шаңырақ бар, уық бар.
Әсем бейне сен көрген,
Жай бейне емес ұғып ал!
Сүйсіндірген өзіңді,
Түсіне біл таңбаны.
Аңызда ұшқыр, төзімді
Пырақ - халық арманы.
Көгілдір түс аясы,
Бейбіт дала елесі.
Шаңырақ - жұрт панасы,
Уықтар - күн сәулесі.
Жоғарыда түсер көз,
Бес тармақты жұлдызға,
Ал, «Қазақстан» деген сөз,
Таныс барлық ұл - қызға.
Мағыналы, сымбатты
Бар осындай белгіміз.
Маған, саған қымбатты
Елтаңбасы ол - елімнің!
2 - жүргізуші:
Егер де Туға тұтас зер салсаң, автордың оны жасағанда үлкен мазмұнды ойластырғаны байқалады. Ол жер жүзінде әлемге нұрын шашқан Күн сәулесі астында қияға қанат қаққан қыран - тыныштық пен баянды өмірдің белгісі, ал ою - өрнек тудың қай елдікі екенін аңғартады.
Тудың авторы – Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков белгілі монументші - суретші. Біздің туымыз – көгілдір түсті, тік төртбұрышты мата. Ол бірлік пен аман - есендікті көрсетеді. Оның қақ ортасындағы сәулесін шашқан алтын Күн – тыныштық пен байлықтың белгісі.
Қазақ халқы сонау ерте заманнан бері қыранды киелі, қасиетті құс деп есептеген. Туда қыранның орын алуы тәуелсіздік алған Қазақстан қыран сияқты биікте болсын, қыран сияқты ғұмыры ұзақ болсын деген ойдан туған.
Тудың сабын бойлай ұлттық ою - өрнек салынған тік жолақ қазақ елінің өзіндік сипатын, танымдық бейнесін көрсетеді.



Каталог: C44431D0966C41BD
C44431D0966C41BD -> Тақырыбы: Елбасы – елімнің тірегі! Тақырыбы
C44431D0966C41BD -> Оқушыларды ағылшын тілінен Ұбт-ге дайындауда қолданылатын әдіс-тәсілдер
C44431D0966C41BD -> Сабақ Биология 10-сынып. Пән мұғалімі: Абдыманбекова Гүлбану Адамбекқызы апта Күні: 13. 10. 15. №24-сабақ
C44431D0966C41BD -> Сабақтың тақырыбы : Компьютерлік вирустардан қорғау Сабақтың мақсаты
C44431D0966C41BD -> Сабақ Мақсаты : Оқушылардың математикадан алған білімдерін тереңдету,өткен тақырыптар бойынша білімдерін пысықтау, ой-өрісін кеңейту,шығармашылықпен өз бетімен жұмыс істеу қабілетін арттыру
C44431D0966C41BD -> АӘД пәнінің мұғалімі: Байсанов Қ. Т талапкер 2015/16 о/ж Әскери-патриоттық клуб жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру түрлері
C44431D0966C41BD -> Ел жүрегі елбасы Қазақстанның тұңғыш президенті


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет