Дістемелік кешен



бет124/126
Дата05.02.2022
өлшемі2,53 Mb.
#22337
түріРеферат
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   126
Қарашайлар. Карачайлылар. Ресей құрамындағы халық. Негізінен қарашай- черкес республикасының жергілікті тұрғындары және Ставрополь өлкесінде тұрады. Жалпы саны ТМД-да 131,1 мың адам,оның ішінде қарачай- черкес республикасында 129,2 мың адам. Тілі – алтайлық түрік тобының батыс қыпшақ кабардин- балқар тілінде сөйлейді. Орыс тілі де кең тараған. Жазуы- орыс таңбасына негізделген. Діні – мұсылман сүннит. Қарашайлардың этногенезіне жергілікті қола дәуірінен бермен өмір сүрген – алан, көне болгар, қыпшақтардың әсері болды. ХІХ ғасырдың ортасына дейін Қарашайларда феодалды – патриархалды қарым-қатынас сақталды. ХІХғасырда Қарашайлардың Россияға қосылуына сай капиталистік қатынас түрін орнату. Қарашай-черкес АО құрылуына сай 1943 жылы қарашайлар таратылып, заңсыз басқа жаққа көшірілді, 1957 жылы қалпына келтіріліп өздерінің этникалық аймағына келтірілді.
Негізгі дәстүрлі кәсібі – жайылымдыққа мал өсіру. Қой, ешкі, жылқы, ірі мүйізді қара мал. Жер суландыру (тары бидай, бақташылық ). Ұсталық қол өнері – бөз жасау, жүн қалпақ жасау, оюлы сырмақ пен төсеніш, тоқыма жүн заттарын шығару. Кеңес дәуірінен бастап көп салалы өнеркәсіп және механикаландырылған шаруашылық дамып жаңа мәдени, оның ішінде техникалық дақылдар өңдірілді.
Дәстүрлі ауылы таулық кварталдарға бөлінген, тұтасымен бірге туған – туыстас отбасылар тұрады. Мекен – жайы – тік бұрышты екі қабатты 1 – 2 бөлмелі шатырлы үй. Қазан төңкерісінен 1917 жылдан кейін тегіс және ауылды ортаға орналасты. Ұлттық киімдері көршілес солтүстік кавказ халықтарына ұқсас, ерлердің бас киімі – тұлып сақталған. Ұлттық киімдерді көбінесе кексе әйелдер қолданады.
Негізгі тағамы – қайнатылған немесе қуырылған ет, ашыған сүт, ұннан немесе жүгеріден жасалған таба нан. Бай фольклоры сақталған, тарихи, еңбек, сықақ, махаббат және бесік жыры, мақал, мәтел, ән, қожанасыр туралы әңгімелер, би, сандырақ, жұптасып лезгинге билеу т.б. дәстүрлі музыка аспаптары: сыбызғы, екі ішекті скрипка, үш ішекті, соқпалы аспап.



Каталог: files -> umo
umo -> Қазақстан жаңа заман тарихты пәнінен оқу-әдістемелік кешені
umo -> «Тарихты оқыту әдістемесі» пәнінен оқу-әдістемелік кешені
umo -> Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Тарих және өнер факультеті Қазақстан тарихы кафедрасы
umo -> Лекциялық материалдың мазмұны
umo -> Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Тарих және өнер факультеті Қазақстан тарихы кафедрасы
umo -> Лекциялық материалдың мазмұны
umo -> Қазақстан орта ғасырлар тарихы пәннің жұмыс бағдарламасының жинағы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   126




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет