Дістемелік материалдары


Дәріс №3 Тақырыбы. Ойын теропиясының негізгі түрлері мен формалары



бет7/26
Дата06.02.2022
өлшемі60,21 Kb.
#80073
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26
Байланысты:
ойын терапиясы

Дәріс №3
Тақырыбы. Ойын теропиясының негізгі түрлері мен формалары.

  1. Теориялық тұрғыдан төмендегідей түрлерге бөлуге болады:

психоанализдегі ойын теропиясы;
· тұтынушыға негізделген ойын теропиясы;
· жауап қайтару ойын теропиясы;
· қарым қатынас құру ойын теропиясы;
· арнайы ойын теорпиясы
· отандық психологиялық тәжірибедегі ойын теропиясы
2. Ойындағы ересек адамдның функциясына қарай:
· директивті емес ойын теропиясы
· директивті ойын теропиясы

3. Іс әрекетті ұйымдастыру формасына қарай


· жеке ойын теропиясы;
· топтық ойын теропиясы;
4. Ойын теропиясында қолданылатын материал құрылымына қарай
· құрылымдық емес материал қолданылған ойын теропиясы
· құрылымдық материал қолданылған ойын теропиясы.

130 Психоанализдегі ойын теропиясы


Түзету тәжірибесінде ойынды қолдану психоанализдің теориялық дәстүрімен тарихи байланысты.Ойын теропиясының негізі б.з 20 жылдары М. Кляйн (1922), А. Фрейд (1921), Г Гуг-Гельмут (1926) шығармаларында қаланған.
Психоанализде ойынды қолдану белгілі мөлшерде мәжбүрленген іс болды.Мелани Кляйн талдау арқылы баланың психикалық дамуының бұзылуын жойып ,кем дегенде оған жағымды әсер етуге болады деп есептеді. Сондай-ақ талдау сау баланың дамуына да пайдасын тигізуі ықтимал,ал уақыт оте келе,тәрбиелеу барысындағы қажетті толықтыру болады.
Алайда бала жасының ерекшелігіне байланысты, психоанализдің тәсілдерін балалармен жумыс жасауға тура ауыстыру cәтсіздікке әкеп соқтырды.Баламен жұмыс істеу кезіндегі аналитикалық тәсілдерді қолданудағы басты қиыншылық - психоанализдегі ең негізгі болып табылатын,еркін байланыс тәсілінің қолданылмайтындығы.
Бұл мәселені шешудің балама жолдарын іздестіру барысында М.Кляйн мен Г.Гуг-Гельмут еркін байланыс тәсілінің орнына бала ойынын қолдануға болатындығын ойлап тапты
Ойынды осылай қолдану оның еки сипаттамасына байланысты:
1. М.Кляйнның пайымдауынша,баланың ойыны символикалық іс әрекет болып табылады.Оның барысында қоғамдық бақылау кезінде басымға ұшыраған бйсаналық серпін мен құштарлық еркін көрініс табады. Баланың өзіне алатын рөлдері мен ойыншықтарды қолданып ойнайтын іс ірекеттерде белгілі бір символикалық мағына бар.
2. Ойын,балаынң қарсы тұрған қоршаған орта мәжбүрлеуі мен қысымынан еркін сезінетін жалғыз іс-әрекет түрі. Ал бұл деген, бала мен әлемнің шынайы қарым-қатынасында қабылданбайтын және түсінілмейтін бейсаналық ықылас, сезімдер мен алаңдаушылықтарын білдіруге жол ашылады.
М,Кляйн,баланың кез келген ойыны, белгілі бір символикалық мағына береді және жанжал мен оның басылып қалған құлшынысын көрсетеді деп есептеген. Бұл символикалық мағынаны терапевт түсініп баланың санасына жеткізуі керек.
1919 жылы М.Кляйн ,ойын техникасын 6 жасқа дейінгі балармен жұмыс жасау кезіндегі талдау тәсілі ретінде пайдалана бастады. Оның ойынша,балалар ойыны және соған негізделген ойын теропиясы баланың санасына енуге мумкіндік береді. “Ойын теропиясы” терминын Мелани Кляйн ұсынған болатын.
Алғашқыларлардың бірі болып ойын теропиясын Анна Фрейд, Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Лондондонның бомбылауын бастан өткізген балармен жұмыс кезінде, қолдана бастады. Бала ойын кезінде өзінің алаңдаушылықтарына еркіндік бере алса,ол қорқыныштан айырылып,басынан өткен жағдайлалар психикалық зақымға айналмайды.
А.Фрейд "Дети и война" кітабында Лонданның бомбылауна ересектер мен балалардың кері әрекетінің айырмашылығын айқын сипаттайды: шабуылдан кейн ересектер бастарынан өткен сұмдықты қайта қайта айта береді. Дәл осы жағдайды бастан өткізген балалар,ол туралы ешқашан айтпайтын. Олардың реакциясы ойын кезінде көрініс тапты. Балалар текшеден үй құрап,оған бомбы тастайтын. Үйлер өртеніп,дабыл соғылатын. Жан жақта қаза болған ,жарақаттанған адамдарды «жедел жәрдем» ауруханаға әкетіп жататын. Осы тәрізді ойындар бірнеше аптаға созылды.
А.Фрейд ойынның баламен эмоционалды қарым-қатынас орнатудағы маңызды фактор екенін және баланың өз-өзін көрсетуін еркін ететін құрал болып табылатындығын анықтады.
Фрейдттен кейн балалар психоанализінде ойын ең маңызды сәт екенін,ойын теропиясы өткізілген балар озін көрсету үшін ойыншықтар ұсынғын ең алғашқы теропевттардың бірі Термина Гуг-Гульмут болды. Оның шығармалары А.Фрейд пен М.Кляйннан бұрын жарық көрсе де, ол қандай да бір нақты әдісті тұжрымдамай,ойын материалдарын тек 6 жастан үлкен балалрға қолданған.Дегенмен,ол ересектер теропиясында қолданатын тәсілдерді балармен жұмыс жасауда қолданудың қиындығына назар аудартты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет