Дизайн без названия


h Үстіңгі үлкен азу тістерді жұлу



бет5/8
Дата08.11.2023
өлшемі8,55 Mb.
#190299
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Дизайн без названия - 2023-10-15T135919.207 (копия)
-9786010410848 convert compress, леуметтік згеріс, мада0тама, 0-80107928 (3), Дневник Бекнес (1) (1) (копия), Айлык тест No3

h


Үстіңгі үлкен азу тістерді жұлу. Үстіңгі моляр тістердің 3 түбірі болады. Олардың біреуі таңдай, екеуі ұрт түбірлері. Ұрт түбірлері бір-біріне жақын, ал таңдай түбірі олардан алшақ, оқшау орналасқан. 3-ші молярдың түбірлері түрліше болып келеді, олар кейде бірігіп те кетеді. 6-7-ші тістерді S – тәрізді жағының бірінде қылқаны бар қысқышпен жұлады. Оның қылқаны тістің ұрт түбірлерінің арасына кіріп, қылқанның екі жағындағы ойықтар сол ұрт түбірлерін ұстап, ал таңдай түбірін қысқыштың жұмыр жағы ұстайтындай етіп салады. Анатомиялық ерекшеліктерін ескеріп, алғашқы ырғауды 6-шы тісті жұлғанда ішке қарай, ал 7-8 ші тістерді жұлғанда сыртқа қарай бастайды. 6-7-8-ші тістерге ротация жасауға болмайды, тек түбірлер бөлінген соң таңдай түбірді ғана ротация жасауға болады. 8-ші тістің басқалардан өзгеше құрылысы оған арнайы қысқыш қолдануды қажет етеді. Ол қысқыштардың оң солы бірдей, байонетке ұқсас, бірақ одан айырмашылығы жақтары жалпақ және түйіспейді.
Төменгі күрек тістерді жұлу. Төменгі күрек тістердің түбірлері біреу, бүйірлері сығыңқы, альвеоланың сырт қабырғасы жұқа. Оларды жұлу үшін құстұмсық, сауытты, жақтары жұмыр, бойлай иілген (иогнутые по ребру) қысқыштар қолданылады. Сауыттары мен түбірлері жіңішке болғандықтан қысқыш жақтары олардан жіңішкерек болуы керек. Олай болмаса көрші тістерді босатып алуымыз әбден мүмкін. Қысқыш жақтарының бірі тістің тіл, екіншісі кіреберіс жағына салынады. Ротация жасауға болмайды, алғашқы люксация сыртқа қарай жасалады. Ротация кезінде қысқышпен көрші тісті босатып немесе жұлынатын тіс түбірін сындырып алуымыз мүмкін. Ұясынан жұлып алған кезде абай болған жөн. Орынсыз, дөрекі қимыл үстіңгі күрек тістердің сауытын сындыруы мүмкін.

v


15
Төменгі сүйір тістерді жұлу. Төменгі сүйір тістің ұзын, жуан түбірі бар. Оның қабырғсаы жұқа. Бұл тісті жұлу күрек тіс сияқты, тек қысқыштың жағы жалпақ болуы керек. Люксация сыртқа қарай басталады, ұядан шығарар кезде біршама ротация жасауға болады. Төменгі кіші азу тістерді жұлу. Төменгі премолярлардың түбірлері біреу, бүйірлері сығыңқы. Ұясының қабырғалары қалың болғандықтан, қысқышты салу, жылжыту қиындау. Бұл тістерді жұлу үшін күрек тістер мен сүйір тістерді жұлатын қысқаштар қолданылады. Люксация сыртқа қарай басталады. Премолярлардың ұяда мықты тұрғанын ескеріп, көрші тістерді жаралап алмау жолдарын еске сақтау керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет