Джаншанло Р. Е


Қаржылық талдаудың әдістері мен әдістемелері



бет5/73
Дата26.02.2023
өлшемі0,77 Mb.
#170245
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73
Байланысты:
treatise101973
111
Қаржылық талдаудың әдістері мен әдістемелері

Ұйымның қаржылық талдауын жүргізу үшін экономикалық талдаудың барлық түрлері мен бағыттарына тән белгілі бір әдістер мен құралдар қолданылады.


Экономикалық талдау әдісінің астарында даму барысындағы шаруашылық процестерді және олардың өзара байланысын зерттеудің жүйелі кешенді тәсілі түсіндіріледі.
Жүйелі тәсіл талдау кезінде талдау объектісін өзара байланысты элементер (құрауыштар) жүйесі ретінде қарастырады, олардың объект жағдайына және оның қызметінің нәтижесіне әсерін зерттейді.
Жүйелі тәсілдің негізгі құрамдас бөлігі кешенділік болып табылады, ол алынған объект қызметінің талдауының нәтижесін оның барлық аспектілерінің (жақтарының) өзара байланысының салдары және оған әсер ететін факторлардың жиынтығы ретінде қарастырылатындығын білдіреді.
Қаржылық талдау әдістерінің өзіндік ерекшеліктері болып келесілер табылады:

  • Ұйымның қаржылық қызметін жан-жақты сипаттайтын аналитикалық көрсеткіштер жүйесін қолдану;

  • Бұл көрсеткіштердің өзгеру себептерін зерттеу;

  • Олардың арасындағы себеп-салдарлы байланысты өлшеу және анықтау.

Қаржылық талдаудың негізгі және жиі қолданылатын әдістеріне келесілер жатады: абсолютті, қатысты және орташа шама әдісі; салыстыру әдісі; топтастыпу әдісі; тізбекті қойылым әдісі.
Абсолютті көрсеткіштер зерттелетін процестің көлемін (мөлшерін), санын сипаттайды. Оларда әрқашан белгілі-бір өлшеу бірлігі болады: натуралды, шартты-натуралды, ақшалай.
Қатысты көрсеткіштер абсолютті (немесе басқа қатысты) көрсеткіштердің қатынасын көрсетеді, яғни бір көрсеткіштің сандық бірлігінің басқа көрсеткіштің бір бірлігіне қанша келетіндігін көрсетеді.
Орташа шама арнайы статистикалық көрсеткіш болып табылады, мәліметтерді жинақтау үшін қолданылады.
Салыстыру әдісі – талдаудың логикалық әдісі. Бұл ұйымның, бағыныңқы ұйымдардың, бөлімшелердің, цехтардың жеке көрсеткіштері бойынша ішкі шаруашылық салыстыру және сонымен қатар берілген ұйым көрсеткіштерін орта саладағы және орташа жалпы эконмикалық мәліметтермен бәсекелес ұйым көрсеткіштерімен шаруашылықаралық салыстыру.
Топтастыру әдісі, көрсеткіштер топтастырылып және кестеде жинақтаған кезде. Бұл аналитикалық есептеулерді жүргізу үшін, жеке құбылыстардың даму тенденциясын және олардың өзара байланысын, көрсеткіштердің өзгеруіне әсер ететін факторларды анықтауға мүмкіндік береді.
Тізбекті қойылым әдісі факторлардың жалпы кешенде олардың жиынтық қаржылық нәтиже деңгейіне әсерінің мөлшерін есептеу үшін қолданылады. Тізбекті қойылым әдісінің маңыздылығы дәйекті түрде әр есепті көрсеткішті базисті деп өзгертіліп, ал қалған көрсеткіштер тұрақты болып қарастырылады. Бұндай өзгертулер жиынтық қаржылық көрсеткішке әсер ететін әр фактордың деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Экономикалық талдау тәжірибесі қаржылық есептілікті талдаудың негізгі әдістерін жасап шығарып қойды. Олардың ішінде негізгі 5 әдісті бөліп қарастыруға болады:

  1. Тігінен талдау – қаржылық есептілікті қатысты көрсеткіштер ретінде көрсету. Бұндай көрініс әр есептілік бабының жалпы қорытындыдағы үлес салмағын көруге мүмкіндік береді.

Тігінен талдаудың екі негізгі сипатын бөліп көрсетеді:

  • Қатысты көрсеткіштерге ауысу ұйымның салалық ерекшелігін және басқа сипаттарды есепке ала отырып салыстырмалы талдау жүргізуге мүмкіндік береді;

  • Қатысты көрсеткіштер қаржылық есептіліктің абсолютті көрсеткіштерін бұрмалайтын және сол арқылы динамикада оларды салыстыруды қиындататын теріс әсер ететін инфляциялық процестерді тегістейді;

  1. Көлденең талдау – есепті кезең ішінде қаржылық есептілік көрсеткіштерінің өсу (төмендеу) темпін бағалайды. Ол қарастырылатын кезең ішінде ұйымның әр топ құралы және олардың қалыптасу көзі бойынша өсу (немесе төмендеу) темпін бағалауға көмектеседі;

  2. Трендтік талдау – перспективті талдаудың бөлімі, қаржылық болжамды басқару үшін қажет. Тренд – бұл даму жолы. Тренд уақыттық қатарды талдау негізінде келесідей анықталады: ұйымның негізгі көрсеткіштерінің мүмкін болатын даму графигі салынады, өсудің орташажылдық қарқыны анықталып және көрсеткіштің болжамдық мағынасы есептеледі. Бұл қаржылық болжаудың ең қарапайым әдісі болып табылады. Уақыттық қатарды талдау келесі міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:

  • Уақыттық қатардың құрылымын анықтау, трендті қосқанда – параметрлардың орташа деңгейінің қалыпты өзгеруі, сонымен қатар кездейсоқ ауытқуы;

  • Процестер арасында өзара байланысты себеп-салдарларды зерттеу;

  • Уақыттық қатардың математикалық моделін құрастыру.

  • Трендтік талдау трендтің математикалық моделі құрастырылған уақытша қатардың орташа мағынасының өзгерісін зерттеу үшін және осыған негізделе отырып қатардың болашақтағы мағынасын болжауға арналған.

  1. Қаржылық коэффициенттерді талдау олардың мағынасын базистік шамамен салыстырудан тұрады, сонымен қатар олардың динамикасын есепті кезеңде және бірнеше жыл ішінде зерттеуден тұрады. Базистік шама ретінде берілген ұйымның өткен қаржылық жағдайдың қолайлы кезеңіне жататын уақыт қатары бойынша орташаландырылған көрсеткіштері қолданылады. Сонымен қатар, салыстыру үшін база ретінде теориялық негізделген немесе эксперт жолы арқылы алынған білім қолданылады;

  2. Факторлық талдау – факторлардың нәтижелі көрсеткіштер мәніне әсер етуінің өлшемі және кешенді және жүйелі зерттеу әдісі. Факторлық талдаудың келесідей түрлерін бөліп көрсетеді:

  • Тікелей (дедуктивті) және кері (индуктивті);

  • Бір сатылы және көп сатылы;

  • Статикалық және динамикалық;

  • Кеңістіктік және уақыттық;

  • Ретроспективті және перспективті.

Факторлық талдаудың негізгі кезеңдері болып келесілер табылады:

  1. Зерттелетін нәтижелі көрсеткіштерді анықтайтын факторларды іріктеу.

  2. Жүйелі тәсіл мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында оларды жүйелендіру және жіктеу.

  3. Нәтижелі көрсеткіш пен факторлар арасындағы тәуекелдік нысанын анықтау.

  4. Нәтижелі көрсеткіш пен факторлар арасындағы өзара байланысты модельдеу.

  5. Факторлардың нәтижелі көрсеткіш мәнінің өзгеруіне әсерін есептеу және олардың әрқайсысының рөлін анықтау.

  6. Факторлы модельмен жұмыс.

Факторлы жүйені құрастыру дегеніміз зерттелетін құбылысты алгебралық сома түрінде көрсету, бұл құбылыс мәніне әсер ететін және олармен функционалды тәуекелдікте болатын жеке немесе бірнеше факторлардың әсері.
Қаржылық талдау негізгі көрсеткіштер арасындағы байланысты құрылымдауға және теңестіруге мүмкіндік беретін бірнеше модельдеу типтері арқылы жүргізіледі. Модельдеудің негізгі үш типін бөліп көрсетуге болады: дескриптивті, предикативті және нормативті.
Дескриптивті модель ұйымның қаржылық жағдайын бағалауда негіз болып табылады. Оларға жатады: есепті баланс жүйесін құрастыру, әртүрлі аналитикалық бөлімдерде қаржылық есептілікті ұсыну, есептілікті тігінен және көлденең талдау, аналитикалық коэффициенттер жүйесі, есептілікке аналитикалық ескертпелер.
Предикативті модельдер – бұл модель болжамдық және алдын ала айту сипатында, ұйымның табысын және болашақтағы қаржылық жағдайын болжауға арналған. Олардың ішінде көбірек тарағандары: сатудың сыни көлеміндегі есептеу нүктесі, болжамдық қаржылық есептіліктерді құрастыру, динамикалық талдау модельдері (қиын анықталатын факторлық модельдер және кемімелдік модельдері), жағдайлық талдау модельдері.
Нормативті модель ұйым қызметінің нақты нәтижелерін күтілетін, бюджет бойынша есептелінген көрсеткіштермен салыстыруға мүмкіндік береді. Бұл модельдер негізінен ішкі қаржылық талдауда қолданылады. Олардың маңыздылығы технологиялық процестер, өнім түрі, жауапкершілік орталығы және т.б. бойынша шығынның әр бабы бойынша нормативті қалыптастыруға және бұл нормативтердің нақты мәлімметтердің ауытқуын талдауды түйістіреді. Талдау едәуір деңгейде қиын анықталатын факторлық модельдерді қолдануға негізделеді.
Қаржылық есептілікті аналитикалық оқудың негізгі қағидасы – бұл дедуктивті әдіс, яғни жалпыдан жекеге, бірақ ол бірнеше рет қолданылуы керек. Бұндай талдау кезінде шаруашылық фактілер мен оқиғалардың тарихи және логикалық бірізділігі, олардың қызмет нәтижесіне әсер ету күші және бағыты жүргізіледі.
Дәстүрлі қаржылық талдаудың алгоритмі келесі кезеңдерден тұрады:

  1. Қажетті ақпаратты жинау (көлемі қаржылық талдаудың түрі мен міндетіне байланысты)

  2. Ақпараттың шынайлығын бағалау (көп жағдайда тәуелсіз аудиторлар нәтижелерін қолданады)

  3. Ақпаратты өңдеу (аналитикалық кестелерді және біріккен есептілік нысанын құрастыру)

  4. Қаржылық есептіліктің құрылымдық көрсеткіштерін есептеу (тігінен талдау)

  5. Қаржылық есептілік баптарының өзгеру көрсеткіштерін есептеу (көлденең талдау)

  6. Қаржылық есептіліктің негізгі аспектілері немес аралық қаржылық агрегаттар бойынша қаржылық коэффициенттерді есептеу (қаржылық тұрақтылық, төлем қабілеттілік, іскерлік белсенділік, рентабельділік)

  7. Қаржылық коэффициенттер мәнін нормативтермен салыстыруды талдау (жалпы және орташа салалық)

  8. Қаржылық коэффициенттердің өзгеруін талдау (өсу немес төмендеу тенденциясын анықтау)

  9. Интегралды қаржылық коэффициенттерді есептеу және бағалау (ұйымның қаржылық жағдайын бағаудың көп факторлы моделі, олардың ішінде ең танымалы болып Альтманның Z- шоты болып табылады).

  10. Өңделген мәліметтерді түсіндңру негізінде ұйымның қаржылық жағдайы туралы қорытындыны дайындау.






    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет