Дүйсенова Нұржамал Мүғалім портфолиосы с-есеп 1-топ 1-деңгей



Дата10.10.2019
өлшемі72 Kb.
#49638
Байланысты:
ОҚО Шардара ауданы


Дүйсенова Нұржамал Мүғалім портфолиосы С-есеп

1-топ 1-деңгей

ОҚО Шардара ауданы


-

С. Өз мектебімде өзгеріс енгізу үшін маған не істеу керек?

ЭЫДҰ ұсынымдарының негізінде және үздік әлемдік тәжірибелерді қорыту

нәтижесінде анықталған оқыту мен оқу тәжірибесіне қандай өзгеріс енгізу қажет екнедігін көрсететін рефлексивтік есеп.

ЭЫДҰ жасаған Құзіреттерді анықтау және іріктеу жобасы дағдылардың барынша кең ауқымын қамтитын 21-ғасыр дағдыларының моделі болып табылады,

1-сілтеме: ЭЫДҰ жүргіізген инновациялық ортаның салыстырмалы талдауы

мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік берді:

Мұғалімдерге көптеген оқыту стратегиялары, түрлі педагогикалық тәсілдерді

араластырып қолдану қажеттігі туралы білім қажет болады.

Мұғалімдер жұмыстарына жеткілікті уақыт бөле білулері керек.оқушының білімі мен дағдыларын дамытуда ғана емес.жалпы алғанда оның оқуын барынша даралау және баланың бойында метасананы-қалай оқу керектігін үйренуді қалыптастыруға мән бере отырып, оны тұлға ретінде дамытуда

икемділік танытулары тиіс.(Schleicher 2012)

Қазақ халқында : «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген нақыл сөз бар. Демек, қай қоғамда, қандай заманда өмір сүрсек те, баланың жеке тұлға болып қалыптасуы ұстазға байланысты. Мектеп жұмысы мен оқушы жетістігін өрістетудегі негізгі тұлға -мұғалім (Strong 2011)21- ғасыр –ақпараттардың ғасыры.Сол ақпараттар ішінен мұғалім оларға керектісін

Іріктеп,сұрыптап,өмірде дұрыс қолдана білуі үшін қазіргі заманда мұғалім оларға бағыт-бағдар береді Қазіргі кезде білім беру саласында болып жатқан түбегейлі өзгерістер мектеп мұғалімдері үшін де үлкен жауапкершілік міндетін қойып отыр.Кез-келген мұғалімнің оқыту құралдары оның өз болжамдарының, білімі мен ұстанымының,көзқарастарының жиынтығынан тұруға тиңс.Бұл элементтердің барлығын жинақтасақ, жеке тұлғаның ерекше

«білім беру сызбалары» құралады. Пажарес 1992 оқыту стилін таңдау кезінде

мұғалімнің білімділігінен гөрі ұстанымға негізделген ой тоқтамдарының ықпалы күштірек деп сендіреді:оқыту кезінде қалыптасқан көзқарастар мұғалімнің сыныптағы барлық іс-әрекетіне әсер етеді.де мұғалімнің сыныптағы іс-әрекетіне әдістемелік құралдар мен оқулықтардан гөрі пәннің қалай оқытылуы керектігі жөнінде әбден қалыптасып қалған пікірлер анағұрлым күштірек ықпал етеді (Мұғалімге арналған нұсқаулық 10-бет) Дәстүрлі оқыту стилінде басты тұлға-мұғалім болса, мұғалімнің негізгі атқаратын қызметі оқушыға дайын білім беру еді.

Мен Кембридж бағдарламасының 1-бетпе-бет кезеңінен кейін жеті модуль аясында көптеген оқыту мен оқу үдерісінде жаңаша әдіс-тәсілдермен таныса отырып, меңгердім деп айта аламын.Мұғалімдеріміз оқушыларын сыни ойлауға үйреткілері келсе. онда өздері де сыни ойлау қабілеттерін дамыта отырып, жаңашыл идеяларға көңіл бөлу керек деп ойлаймын. Оқушының сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыта отырып, өздігінен білім алатын, жан-жақты ,ізденгіш, талпынатын, өмір жолын өзі болжай алатын азаматты тәрбиелеу-ұстаздың еншісінде. Елбасымыз айтқандай дамыған елдердің қатарына қосылу үшін ең алдымен жастарымыз білімді,ізденгіш болуы керек .Ал ол үшін мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру қажет.

Мен осы курсқа келгендегі мақсатым жеті модульді терең түсіне білу. меңгеру, кәсіби білімімді жетілдіру және мектепте еңбек стажы әртүрлі болуына қарамастан мұғалімдерге мектеп жүйесін жан-жақты дамыту үшін қажетті білім мен дағдыны беру болып табылады. Бұл мақсатқа жету үшін көп еңбек етуіме тура келіп тұр, алайда дұрыс шешім қабылдап, ерінбей еңбек етсем, бүкіл мектеп шеңберінде өзгеріс жүргізілуіне ықпал ете аламын. Курстың 1-бетпе-бет кезеңінде нені білдім? Мен 1-деңгейді игерген мұғалімнің негізгі функциясы-оқыту мен оқу тәжірибесіне жаңа тәсілді енгізу мақсатында өз мектебінің дамыту бағдарламасын әзірлеу болып табылатынын ұғындым Ол үшін мен мектепте өзімнің бір әріптесіме , бағдарламаның 3-деңгейін оқып, қолына сертификат алған Болатова Гүлжаханға тәлімгер болдым. Ол жас маман болуына қарамастан , коучинг әдісін қолдана отырып, мктептегі басқа әріптестерімізді дамытуға ықпал ете

алды. Ол педагогикалық стратегияларды тиімді және орынды пайдалану жөнінде коучинг сессия барысында қажетті білім берді

Мұғалімдер пайдаланатын стратегиялар жалпы алғанда, бүкіл сыныпты оқыту мәселелеріне, сонымен қатар жүргізілетін зерттеулердің бағытына, топтық жұмыстарға, өзіндік жұмыстарға және жеке жүргізілетін зерттеулерге қатысты болмақ. Оның үстіне білім беру стратегиялары әрбір оқушымен болатын жеке кері байланысты да естен шығармауға тиіс. Дәстүрлі оқыту стилінде оқушылар үш қатар орналасқан парталарда бір-бірінің желкесінен қарап отырып, мұғалім берген дайын білімді тек қана енжар тыңдап отырған еді. Бұған дәлел мен мектептегі тәжірибе кезеңінде жас маман орыс тілі пәні мұғалімі Жұмадділлаева Жансаяның сабағына еніп,

Мұғалім мен оқушылардың іс-әрекетін бақылағанда куә болдым. Бүкіл сабақ барысында тек қана Арман мен Нура екеуі сабаққа белсенді қатысып отырды, арасында Айнұр да сабақта жауап беріп отырды. Сабақта мұғалім білім беруші ролінде болды. Қалған оқушылар тек тыңдаушы болып отырды.Жансая апай да Гүлжахан Болатова жүргізген коучинг сессияға қатысты. Ол өзінің сабақ беру тәсілін өзгертіп, оқушыларды топқа бөліп өтті. Ал енді жаңа тәсіл бойынша оқушылар топқа мозайка әдісі бойынша бөлінді. Енді оқу ынтымақтастық сипат ала бастады. Ынтымақтастық оқу дегеніміз олардың өзара іс-«рекет жасау философиясы, ал бірлескен жұмыс соңғы нәтижеге немесе мақсатқа жетуге ықпал етуге бағытталған өзара әрекеттің құрылымы. Адамдар топтық жұмыс жасағанда олардың қабілеті мен іске қосқан үлесі құрметтеледі. Топ жұмысы тиімді болу үшін билік пен жауапкершілік топ мүшелерінің арасында бөлінеді.

Ынтымақтастық оқу-бұл оқу мен оқыту тәсілі. Топтық жұмыс кезінде оқушылар бір-бірімен әңгімелеседі және осы әңгімелесу арқылы білім алады. Бірлескен оқу үдерісінің негізгі сипаттамалары мынадай:


  1. Оқушылар оқу үдерісінде ақпаратты игереді және өздері игерген мәліметті бұған дейін меңгерген білімдерімен байланыстырады.

  2. Оқу тапсырмаларды орындау үшін механикалық есте сақтау мен қайталау емес, құрдастардың белсенді қатысып, ақпаратты өңдеуіне және қорытуын талап етеді.

  3. Қатысушылар әр адамның көзқарасымен танысудан пайда алады.

  4. Оқу оқушылардың әңгімелесу кезіндегі әлеуметтік ортасы жағдайында өтеді.

  5. Оқудың ынтымақтастық ортасында оқушылар әлеуметтік және эмоционалдық тұрғыдан да дами түседі, оқушылар құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жасайды ,идеялар ұсынады, қорғайды әртүрлі ұстанымдармен алмасады және басқа тұжырымдамаларға күманмен қарауға және оған белсенді қатысуға мүмкіндік алады.Оқушының өзі оқу үдерісіне белсенді қатысса тиімділікпен оқиды.Зерттеушілер шағын топта жұмыс істейтін оқушылар, әдетте, оқытылатын нәрсе туралы көбірек біліп, соның нәтижесінде алған білімін ұзақ сақтайтындығын дәлелдеп отыр

Мұғалімде жалпы білім алу үдерісі қалай жүретіні туралы, жекелеген оқушыларды оқуға ынталандыру, олардың көңіл-күйлері, толғаныстары туралы барынша ауқымды мағлұмат болуға тиіс.

Қазіргі кезде оқушылардың бірлескен сұхбаты үлкен пайда келтіреді. Олар:

-оқушылар тақырып бойынша өз ойларын айтады

- басқа адамдарда түрлі идеялар болатынын түсінеді

-оқушылардың өз идеяларын дәлелдеуге көмектеседі \\

- мұғалімдерге өз оқушыларының деңгейін анықтауға көмектеседі

Дәстүрлі оқытуда мұғалім әңгіме тақырыбы,мәні, өзектілігі туралы өзі айтып түсіндіретін. Сондай-ақ мұғалімнің сөзін бөліп «Бұл көзқарас қызық екен» деген сияқты оқушының өз ойын айтуға рұқсат берілмейтін. Мұғалім сұхбатты бақылап, оқушы жауабын қайталап, мадақтап отыруы оқушының ойлау деңгейін, сөйлеу дағдыларын да дамытпайды. Мерсер (2005) құрдастар тобындағы өзара қарым-қатынас оқуда маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Мен де оқушылардың топтық, жұптық жұмыс кезінде «мұғалім-оқушы» сұхбаты түріндегі өзара іс-қимылға қарағанда «оқушы-оқушы» болып табылатын іс-қимылға тартылатынын байқадым және дәлелдерді әзірлеу мен оқиғаларды сипаттауда түрлі мүмкіндіктерге ие болады Негізінде,білім алу диалог арқылы беріледі де, мұғаліммен және басқа оқушылармен әңгімелесу-оқушының белсенділігін арттырады және түсінігін дамытады.

Александер(2008) диалог түрінде оқыту оқушыларды ынталандыру және дамыту үшін әңгіме күшін қолдануға мүмкіндік береді деп санайды.Александердің пайымдауынша диалог арқылы мұғалімдер оқушылардың дамып келе жатқан идеяларымен жұмыс жасауларына және түсінбеушілікті жеңе білулеріне көмектесе алады. Александер (2004) оқытудағы әңгімелесу –қарым-қатынас жасаудың бірсарынды үдерісі емес, керісінше идеялар екі жақты бағытта жүреді және осының негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжиды деп тұжырымдайды. Диалог барысында оқушылар мен олардың мұғалімдері де келісілген нәтижеге жету үшін күш жігерін жұмсайды және Мерсер сипаттағандай білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктестер болып табылады. Пікір алмасу оқушылармен диалог құру арқылы іске асады, дегенмен оны оқушылар бірлесіп зерттеу барысында да анықтай алады.

Мұғалімдер өз әріптестерімен өздері сабақ беретін пән бойынша және мазмұндас пән бойынша бір ұйымның ішінде немесе бірқатар басқа ұйымдардың өкілдерімен, желілік кәсіби қоғамдастық шеңберінде, тәлімгерлік жүйесін көздейтін басқа да іс-шаралар аясында ынтымақтастық орната білулері керек.

Ұлттық мектеп көшбасшылығы колледжі( Англия) үшін 2004 жылы жасалған құжатта «Білім беру желісіне» мынадай анықтама берілген:»Оқушылар жоғары нәтижелерге жету үшін бір мектептің шегінде, болмаса мектептер арасында оқыту мен оқу үдерістерін жетілдіруге бағытталған көптеген іс-қимылдарды жоспарлау,жүзеге асыру және мониторингін жүргізу мақсатында бірігетін мектептер тобы немесе әріптестер.

Қыркүйек айының алғашқы онкүндігінде бізге Шардара ауданындағы Б.Соқпақбаев атындағы мектепке кәсіби желілік қоғамдастық шеңбері аясында пікір алмасу үшін шақыру келді.Әрине, шақыруды ұялы байланыс арқылы алдық.Сөйтіп, біз Кембридж бағдарламасы бойынша білім алып жатқан Шардара ауданы мұғалімдері және Шымкент қаласы, Сарыағаш, көрші Мақтаарал аудандарынан да Бағдарламаның 1-бетпе-бет кезеңін оқып келген мұғалімдер бас қостық. Бас қосу барысында «АКТ-ны пайдаланудың тиімділігі» деген тақырыпта баяндама тыңдадық және пікір алмастық. Мұғалімдердің мектептегі іс-тәжірибе кезеңі туралы, оның қалай өтіп жатқаны туралы мағлұмат алдық.Өзімізге ой түйдік және алдағы жұмысты жоспарладық.

Желілік қоғамдастық құру мақсатында біз өзіміздің іргеміздегі Көксу ауылында орналасқан С.Ерубаев атындағы жалпы орта мектебіне бардық. Алдын-ала келісілген уақытта біз сол мектепте болдық.Біз әдеттегідей Бағдарлама мақсаты, міндеті,мазмұнымен таныстырылым жасай отырып,коучинг сессия отырысын жасадық.Коучинг сессиядан соң біз әріптестерімізбен оқыту мен оқу үдерісіне қатысты қызу пікірталас жүргіздік.Пікірталас диалогтік оқыту негізінде жүзеге асты.Мерсер(2000) сипаттағандай пікір алмасу барысында ол мектептің мұғалімдері тең құқылы серіктестер болып табылады.Зерттеушілік әңгіме барысында мұғалімдер өз әріптестерімен шағын топтарда жұмыс істеді.Идеялармен алмасып,бір-бірінің идеясын талқылап,баға берді және ұжымдық білім мен түсінікті қалыптастырды Басқаша айтқанда мұғалімдер зерттеушілік әңгімеге тартылғанда, бірге ойланып, өз ойларын дауыстап айтты.

«Бес саусақ» әдісімен кері байланыс жасағанда, олар кәсіби желілік қоғамдастықтың берері мол екенін және осындай кездесу көп болса екен деген тілектерін білдіріп жатты.

Одан кейін біз көрші Ұзын ата мектебінде болдық. Кездесу өткізуді дүйсенбі күнге жоспарладық. Алдын-ала директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары Әсем мен Баян апайлармен байланыстық. Белгіленген уақытта мұғалімдер мультимедия кабинетінде жиналып отырды.Шаттық шеңберін жасап, әркім өзін таныстырды. Аптаның күндері арқылы мұғалімдер топқа бөлінді. Содан соң әріптестерімізге бейне сюжет көрсете отырып, оларды сын тұрғысынан ойландырдық.Мұғалімдер жұмысына жеткілікті уақыт бөле білулері керек ,оқушының білімі мен дағдыларын дамытуда ғана емес,жалпы алғанда оның оқуын барынша даралау және баланың бойында метасананы-қалай оқу керектігін үйренуді қалыптастыруға мән бере отырып, оны тұлға ретңнде дамытуда икемділік танытулары тиіс(`Schleicher 2012) екеніне көз жеткіздік деп ойлаймын. Бұл тәсілдің аясында көшбасшы –мұғалім ұсынған зерттеулер мен инновациялар негізінде мұғалімнің тәжірибесі жетіледі.(Frost2003) Кәсіби біліктілік пен білім жай қабылданбайды екен, мұғалімдер оны өз қолымен жасайды екен.

Мен мектептегі іс-тәжірибе кезінде қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пән мұғалімдерімен кәсіби қоғамдастық аясында жұмыс істедім .1-деңгей Бағдарламасын игерген мұғалім ретінде өзімнің әріптесім Болатова Гүлжаханға тәлімгер болдым. Ол коучинг әдісін қолдана отырып мектептегі басқа мұғалімдерді дамытуға ықпал ете алды. Ол кәсіби қоғамдастық мүшелеріне тәлімгерлік жүйесін көздейтін төрт коучинг сессия отырысын өткізді

Мұғалімдер ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында мықты дағдыларды игеріп,оқытудың тиімді құралы ретінде оларды қалай пайдалану әдістемелерін меңгеруге тиіс,сондай-ақ оқу үдерісін бақылауда ақпараттық-басқару жүйелерін тиімді қолдана білгені жөн.

Білікті мұғалім үшін теориялық және тәжірибелік білімдер өзара тығыз байланысты болуы тиіс. АКТ-ны енгізген кезде теориялық,тәжірибелік білімдердің біртұтастығы оларды ойланып қолдануды талап етеді,ал бұл оқыту мен оқу үдерісін жақсартуға жағдай жасайтын болады.

Пәндік білім дегеніміз –оқытылатын пән бойынша өзекті білімдер.Жаратылыстану ғылымдары мұғалімнің біліктілігі педагогикалық білімдерді дамыту қажеттігін көрсетеді

Педагогикалық білімдер-білім берудің жалпы негздерін, оқыту мақсаты мен міндеттерін білуге негізделетін оқыту мен оқу үдерістері,тәжірибесі мен әдістері туралы терең білімділік. Кез-келген мұғалім үшін осы білімдер кешені қажетті болып табылады және оқушыны оқыту үдерісіне, сыныпты басқаруға, сабақты жоспарлау және өткізуге,оқушыларға баға қоюға қатысты мәселелерді қамтиды.Оқыту мен оқудың түйінді түйінді тоғыз ұстанымы:

1.Оқушыны бүкіл өміріне жеткілікті біліммен жабдықтайды.

2.Білімді арттырадв.

3.Алдын ала зерттеу мен тәжірибеге негізделеді

4.Оқытуды қолдайды

5.Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалауды қолданады

6.Оқушының іскерлікпен белсенді қатысуына ықпал етеді

7.Әлеуметтік және жеке үдеріске ықпал етеді

8.Мазмұндық оқытуды жүзеге асырады

9.Кәсіби дайындық деңгейін жетілдіреді

Білімнің педагогикалық аспектісі ( БПА) оқу мазмұны мен педагогикалық білімдердің біртұтастығы болып табылады. БПА нәтижелілікті қамтамасыз ететін аналогия, суреттеу, мысалдар,түсіндіру және көрсету әдістерін қолдана отырып, оқытуда ғылыми идеяларды қолданудың тиімді, оңтайлы формалары болып табылады.

Технологиялық білімдер –оқытудың қосалқы құралдары(бейне, желілік материалдар, сандық бұқаралық ақпарат құралдары және т.б.) туралы білім.

ТБ операциялық жүйелер және компьютерлік аппараттық құралдарды білуді, сондай-ақ мәтіндерді теру мен түзетуге, электронды кестелер құруға мүмкіндік беретін бағдарламалық құралдардың стандартты жиынтығын, браузерлер мен электронды поштаны пайдалана алу қабілеті.

Білімнің технологиялық аспектісі- ТБ мен пәндік білімдердің ПБ өзара әрекеттесуінің тәсілін білу.Мұғалім өзі сабақ беретін пәнді ғана емес,оқыту технологияларын қолдану арқылы осы пәнді жетілдіру тісілдерін де білуі керек,

Технологиялық, педагогикалық және мазмұндық білім(ТПМБ) Осы тәсілді алғаш рет 2006 жылы Мишра мен Келер қарастырды,олардың айтуынша, егер жаңа технология оқуды жақсарту жағына өзгертуге қабілетті болуға тиіс болса, онда жоспарлау үдерісі пән бойынша арнайы білімдердің оқушылардың осы білімдерді қалай игеретінін түсінумен бірге жүруін көздеуі керек.Оның үстіне Мишра мен Келердің пайымдауынша,барлық үш білім саласы арасында өзара байланысты іске асыруға қабілетті мұғалім жоғары деңгейдегі кәсіпқой болып табылады.(Мұғалімге арналған нұсқаулық 30-бет)

Мұғалімдер әріптестерімен ынтымақтастықта оқу ортасын құру,жүргізу,басқару және жоспарлауға үлес қосу үшін өзінің мүмкіндіктерін барынша жетілдіріп отыруға тиіс.

Білім беру процесінде педагог пен оқушының қатынасын тең тұлғалыққа ,ынтымақтастыққа құрылған позицияға ауыстыратын диалогтік үрдіс нықтап орын алуы керек.Мұндай өзгеру педагогикалық процеске қатысушылардың ролдері мен функцияларының өзгеруімен байланысты.

Педагог тәрбиелемейді, үйретпейді, ол оқушыны белсендендіреді,оның ұмтылыстарын қуаттайды,оқушының өзін-өзі дамытуға қоғайтын күштерді қалыптастырады,оқушы белсенділігін зерттейді,оның дамуына жағдай жасайды. Ынтымақтастық оқу –бұл оқыту мен оқу тәсілі.Мектептегі іс-тәжірибе кезеңінде мұғалімдеріміз әріптестерімен ыынтымақтастықта оқу ортасын құрды және коучинг сессияның 4 отырысын жүргізе отырып, оны тәлім алушы (менторинг) Г:Болатова басқарды және коучинг сессияның отырысының жопарын жасауға өзінің мүмкіндіктерін жетілдіріп отырды.Ынтымақтастықта жүргізілген коучинг сессияның барысында мұғалімдеріміз проблемаларды шешу,тапсырмаларды орындау және бағдарламаның жеті модулін сабақта қалай ықпалдастыруға болатынын меңгеру үшін бірлесіп жұмыс жасады.Білім берудің бастапқы кезеңінде коучер Г:Болатова мұғалімдердің белсенділігін бірте-бірте арттырып,оларға оқу мәселелерін шешуге көмек беріп,кейініректе оларды оқытуда толық өз бетінше білім алуға және партнерлік қатынас құруға бағыттады.Авторитарлық педагогикада тиімді және классикалық үлгі болып саналған мұғалімнің тегеурінді ықпалы қазіргі кезде педагог пен оқушының бірлескен жұмысына негізделген өзара әрекеттесумен алмастырылды.



Мұғалімдер өз тәжірибесі арқылы білім алу үшін тәжірибесіне қатысты рефлексия жасауға,яғни ой толғауға міндетті.




Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет