Доплер эффектісін зерттеу жұмыстың мақсаты



бет3/5
Дата09.10.2023
өлшемі4,15 Mb.
#184285
1   2   3   4   5
Байланысты:
2-ЗЕРТХ.ЖҰМЫС.Акустикалық Доплер эффектісі зерттеу
Зертханалық жұмыс7, Дәстүрлі құндылықтардың рөлі, МАӨС8 Әмір Айзат, 1 курс-14.09
Жұмыстың орындалу ретi


1-тапсырма (бұл тапсырманы орындау үшін 1-суретті жинаймыз)



  1. Алдымен дыбыс көзі орналастырылған арбаның (7-сурет) жылдамдығын анықтау керек. Арбадағы жылдамдық реттегішті аралық күйге қойыңыздар және бағытты арба микрофонға жақындайтындай түрде орнатыңыздар. Арбаның қозғалысты бастайтын бастапқы нүктесін арбаның жылдамдығы жарық тосқауылынан өткенде тұрақты болатындай түрде таңдаңыздар. Арбаның жылдамдығын арбаның үстінгі жағында орналасқан бұрау тетігі арқылы өзгертуге болады (7-сурет).

  2. Функционалдық сандық генератор ажыратулы тұрған кезде арбаның жылдамдығын өлшеңіздер.

  3. Өлшеулерді бастау үшін сандық әмбебап есептегіштегі Start түймесін басып, сонан соң арбаның қозғалту түймесін қосыңыздар. Арба жарық тосқауылынан өткеннен соң өлшеуді тоқтату үшін Stop түймесін басып, арбашаның қозғалту түймесін аралық жағдайға қою арқылы арбаны тоқтатыңыздар.

  4. Сандық әмбебап есептегіштегі Hold түймесін пайдалану арқылы арбаның жарық тосқауылынан өту кезінде өлшенген мәнді бекітіңіздер және жылдамдық мәнін жазып алғаннан соң ноль (Zero) бастырмасы арқылы нольге келтіріңіздер.

  5. Сонан соң, ығысқан жиілікті өлшеу үшін функционалдық сандық генераторды қосып, келесі параметрлерді таңдаңыздар:

  • Функционалдық сандық генератордың параметрлерін келесідей тәртіппен таңдау керек (10-сурет):

1) жиілігі: 5 кГц... 15 кГц аралығы;
2) амплитудасы: 1 В;
3) сигнал: синус.

  1. Сандық әмбебап есептегіштің параметрлерін келесі түрде таңдаңыздар:

1) функция (Function): жиілік (Freq);
2) режим:аналогтық.

  1. Функционалдық сандық генератор қосылып тұрған жағдайда тыныштық күйде тұрған арбада орналасқан дыбыс көзі шығаратын дыбыс толқынының жиілігін өлшеп алыңыздар.

  2. Сонан соң арбаны белгілі жылдамдықпен қозғалысқа келтіріп өлшенген (ығысқан) жиіліктің мәнін жазып алыңыздар.

  3. Ол үшін, яғни өлшеулерді бастау үшін сандық әмбебап есептегіштегі Start түймесін басып, сонан соң арбаның қозғалту түймесін қосыңыздар. Арба микрофонға жақындаған мезетте өлшеуді тоқтату үшін Stop түймесін басып, арбашаның қозғалту түймесін аралық жағдайға қою арқылы арбаны тоқтатыңыздар.

  4. Сандық әмбебап есептегіштегі Hold түймесін пайдалану арқылы өлшенген мәнді бекітіңіздер және ығысқан жиіліктің мәнін жазып алғаннан соң ноль (Zero) бастырмасы арқылы нольге келтіріңіздер.

  5. Бөлме температурасындағы дыбыс жылдамдығын кестеден ала отырып, 4-формуланың көмегімен ығысқан жиілікті анықтаңыздар.

  6. Алыңған мәндерді 1-кестеге жазыңыздар

1-кесте



арбаның жылдамдығы, м/с

бастапқы жиілік, кГц

ығысқан жиілік, кГц

жиіліктің ығысуы,
, кГц

1













2













3













  1. 1-12 пункттерді арбаның басқа жылдамдықтары үшін орындаңыздар.

14. Дыбыс көзі микрофоннан қашықтайтындай жағдай үшін 1-13 пунктерді қайталаңыздар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет