Е. Толымбеков Мектеп директоры



бет3/4
Дата08.02.2022
өлшемі83 Kb.
#122411
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
Askeri jargilar
портфолио сынып жет, Физикадан мектепішілік олимпиада
Дұрыс жауаптары:
1) 3 2) 2 3) 1 4) 2 5) 3
6) 165-180 7) 5 8) 2 9) 2 10) 3
Тест нұсқаларын бір – бірімен ауыстыра отырып оқушылар өздерін бағалайды.
б) Негізгі бөлім – 20 минут.
Білім және ғылым министрлігінің «Білім беруді ақпараттандырудың педагогикалық технологиялар орталығында» 2010 жылы жасалған электронды оқулық бойынша жаңа сабақты өту.


Қарулы Күштердің, басқа әскерлердің және ҚР әскери құрылымдарының жалпы әскери жарғылары. Жалпыәскери жарғылардың әскери ұжымның тұрым тіршілігіндегі маңызы. Әскери қызметшілердің жалпы міндеттері.әскери атақ және айыру белгілері.
ҚР ҚК –нің Жарғылары жеке құрамды тәрбиелеу мен оқытудың негіздеріндегі әскери қызмет заңдарының жиынтығы болып табылады. Онда әскери қызметшілердің міндеттері мен құқықтары және өзара қарым – қатынастары анықталады. Жарғылар әскерледің өмірі мен күнделікті қызметін, тұрмысының барлық жақтарын қатаң және нақты түрде белгілейді, әскерде белгіленген тәртіптің,ұйымдастырушылық, әскери тәртіптілікті ұстап тұру мәселелеріне анық нұсқау береді.Әскери Жарғыларға : Ішкі қызмет Жарғысы,Тәртіптік Жарғы,Гарнизондық және Қарауылдық қызметтер Жарғысы мен Саптық Жарғы жатады. ҚР ҚК –нің Жарғылары ҚР Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі №364 Жарлығымен бекітілген.
Ішкі қызмет жарғысы әртүрлі санаттағы әскери қызметшілердің жалпы және лауазымдық қызмет міндеттерін , бастықтар мен бағыныштылар арасындағы қарым-қатынасты, бұйрықтар беру мен орындалу тәртібін , әскери сыпайылық ережелері мен жеке құрамның мінез – құлқын , яғни әскери қызметкерлердің негізгі ішкі тәртіп ережелерін анықтайды.Осы жарғы негізінде жеке құрам орналастырылады,күн тәртібі белгіленеді, әскери киім кию үлгілері, бөлімне олардың сейілге шығуы,дабыл бойынша шақыру ұйымдастырылады.Жарғыда сондай ақ тәуліктік күзет пен ішкі қызмет атқару тәртібі баяндалады. ҚР – ның азаматтары ерікті түрде шақыру бойынша және келісімшартқа отыру арқылы атқарады. ҚР-ның Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы заңына сәйкес жауынгерлерге әскери атақ беріледі. ҚР ҚК –нің әскери қызметшісі қызметтік іс - әрекетінде ҚР Конституциясын, заңдарын, әскери жарғылардың талаптарын басшылыққа алуы және саяси мақсаттарды көздейтін қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің қызметіне қатысы болмауы тиіс. Әскери қызметшілердің жалпы міндеттері мыналар:

  • ҚР Конституциясын, заңдарын қатаң сақтауға және әскери жарғылардың талаптарын орындауға;

  • әскери антқа адал болуға, өз халқына жанқиярлықпен қызмет етуге, ҚР-ын ерлікпен, қырағылықпен, қасық қаны қалғанша аянбай қорғауға, әскери борышын адал орындауға, әскери қызметтің қиындықтарын табандылықпен өткеруге;

  • өз Отанының патриоты болуға, түрлі ұлттардың әскери қызметшілерінің арасындағы достықты нығайтуға;

  • адал, тәртіпті, ержүрек болуға, әскери борышын орындау кезінде байыпты бастама жасауға;

  • командирлер мен бастықтарға сөзсіз бағынуға және оларды ұрыста қорғауға, әскери бөлімнің жауынгерлік туын сақтауға;

  • әскери кәсіптік біліктілікті ұдайы меңгеруге, өзінің машықтануы мен әскери шеберлігін жетілдіруге;

  • өзіне сеніп берілген қару мен әскери техниканы білуге және оларды ұдайы әзірлікте ұстауға, әскери мүлікті және басқа да материалдық құндылықтарды сақтауға;

  • әскери бауырластықты бағалауға, жолдастарын қауіптен құтқаруға көмектесуге, оларға сөзімен де, ісімен де көмектесуге, әрқайсысының ар – намысы мен абыройын құрметтеуге, өзіне және басқа да әскери қызметшілерге қатысты тұрпайылық пен қорлауға жол бермеуге, оларды лайықсыз іс – қылықтардан тежеуге;

  • әскери әдептілік, мінез – құлық пен әскери сәлемдесу қағидаларын сақтауға, әрдайым және барлық жерде өз қадір – қасиеті мен абыройын биік тұтуға, нысанды киімін таза, ұқыпты киюге;

  • қырағы болуға, әскери және мемлекеттік құпияны қатаң сақтуға міндетті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет