Әбділдә Тәжібаев



бет1/2
Дата06.06.2023
өлшемі26,46 Kb.
#178354
  1   2
Байланысты:
Әбділдә Тәжібаев
тест ТОМ емтихан 1 курс бакалавр-1

Әбділдә Тәжібаев

Әбділдә Тәжібаев 1909 жылдың 4-ақпанында Қызылорда қаласында туған. Ол – ақын, драматург, әдебиет зерттеушісі. ҚР-ның халық жазушысы (1985), филология ғылымының докторы (1970), профессор (1976). Ол интернатта оқып орта білім алған, 1946 жылы С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік униеверситетін бітірген. 1932-1934 жылдары Қарсақбайдағы «Қызыл кенші», республикалық «Жас алаш» газеттерінде редактордың орынбасары, 1934-1939 жылдары Қазақстан Жазушылар одағының басқармасының хатшысы, 1939-1944 жылдары төрағасы, 1945-1948 жылдары ҚР ҰҒА-ның Тіл және әдебиет институтында аға ғылыми қызметкер, театр өнері бөлімінің меңгерушісі болған. Тұңғыш жинағы «Жаңа ырғақ» деген атпен 1933 жылы шықты. «Оркестр» (1935), «Құтқару» (1935, 1936, 1939), «Екі жиһан» (1938), «Абыл» (1940), «Шын жүректен» (1949), «Сүйген жүректер» (1951), «Таныс дауыстар» (1984) атты поэмалары мен өлеңдері жарық көрді. Қазақ поэзиясының елеулі туындылары ретінде бағаланған «Гүлден дала» (1953), «Аралдар» (1958), «Жастық жылдары» (1962), «Кешеден бүгінге» (1964), «Көне қоңырау» (1973), Абай атындағы Қазақстан республикасының Мемлекеттік сыйлығы (1974), «Жаңа өрімдер» (1975), «Құрдастар» (1977), «Толағай» (1978) т.б. жыр жинақтарын жазды. Әбділдә Тәжібаев шығармаларында бүгінгі дәуір, жасампаз замандас жайлы сыр шертіп, жас ұрпақты патриотизм, интернационализм рухында тәрбиелеуді мақсат етіп, оларды адал еңбек сүйгіш болуға үндеген. Әбділдә Тәжібаев «Жүректілер» (1963) пьесалар жинағының, «Халқым туралы аңыз», «Жомарттың кілемі», «Көтерілген күмбез» атты драмалық дастандардың, «Майра», «Жартас», «Жалғыз ағаш орман емес» т.б. пьесаларының, «Дубай Шубаевич», «Той боларда» комедияларында адамның қоғамдағы орны, махаббаты, адамзаттық парызы сияқты өзекті мәселелері көтерілген. Әбділдә Тәжібаев өз творчествоның бастау көзі жайында былайша толғанған екен: «Менің өз болжалым мен сенімімше де: өлең тілдің соғып тұрған жүрегі, жүріп тұрған қаны секілді. Сондықтан да тіл мұздамайды, өлмейді. Үлкен әлемдік өмірдегі қимыл, ырғақ сияқты, тілде де мәңгі тоқталмайтын қимыл-ырғақ бар. Соларды алдымен сипаттайтын өлең. Барлық өмірде даму, жылылық бар сияқты тілдің де баяу сезілетін дамуы, жылылығы бар. Оны дәлелдейтін де өлең.


Адам қызық қой, мен кейде ойланып жатқанда талай нәрселер есіме түседі. Неғұрлым көп ойлансам, солғұрлым қуанамын. Өйткені талай-талай жарық суреттер, ыстық кездесулер көз алдымнан өтеді. Мен қуанғанымнан елігіп басымды көтеремін. Осындай тұста тіпті сонау бесіктегі, жөргектегі сезім де есте сақталғандай сезінемін. Мүмкін, мен шешемнің сөзіне түсінбеген болармын. Бірақ оның үні, әні есімде болуы керек. Мені сол әдемі үн, күйлі сөздер ғажап ырғағымен тербемесе, шайқамаса ұйықтамаған болар ем ғой. Мен әрбір жылағанда, шешемді шақырғанда соларды сағынып шақырған болуым керек. Сол әдемі үн, күйлі сөздермен қайта табысқанда жұбанған болуым керек. Мен осыған сенемін. Біз өлең десек, поэзия туралы сөйлесек ұлы жырлардан бастап, Абайларды айта бастаймыз. Шынында біз оларға кейін сәбилік жастан асқан соң кездестік қой. Ал, оларға дейін ше?
Біз «апа», «көке», «ата», «әже» дегенге түсінгеннен-ақ өлеңнен құлағымыз бір босап көрді ме? Миымызға да өлең ұялай бастаған жоқ па? Содан бастап бізге, осы барлығымызға бар дүние өлең сиқырлары, Паустовскийше айтқанда: «өлеңнің мөлдір заттары» арқылы танылды ғой.
Менің ойымша қазақтың өлең сөздері әнге (музыкаға) қосылушы ғана емес, әнді өзі туғызушы да сияқты. Кейде әнін білмей-ақ бір қызық, күйлі өлеңдерді есіңе алсаң, жел сияқты ма, ормандағы ызың, қамыстағы сылдыр сияқты ма бір ғажап жұмбақ үн көз алдыңда ырғала жөнелмей ме? Ия, сөйтеді. Кейбір жұмбақ, жаңылтпаш, әйтпесе күлдіргі үшін айтылған сөздері құлағымызға өз музыкасымен құйылады.

Сылдыраманың әр жағында,


Салдыраманың бер жағында.
Маңыраманы ұлыма жеп жатыр...

Осы жұртты күлдіретін, қуанышқа бөлейтін әңгімені мен де бір жапырақ – бала кезімде естігенмін. Бұл не деген қызық дүние деп іштей таңданғанмын.


Әдетте, балалық шағыңды аңсап, сол бір тәтті кезің, тамаша күндерің сияқты көрінетін кезеңді жырласаң кейбір сыншы жолдастар күле бастайды.
-Аңсап отырғаның жалаң аяқ-жалаңбас жетім шағың ба? Қара нан тісіңе тимей, түсіңе әрең кірген шағың ба? Бұл қай арман? Бұл ненің идеализациясы,-дейді, шын достық жүректен. Мұнда үлкен дұрыстық, шындық бар. Менің балалығым өзге құрбы-құрдастарым секілді жүдеу-жадау өткені рас, қара нанның түсіме кірмегені де рас. Бірақ ойланыңыздаршы, менің аңсарым сол жүдеу-жадаулық па екен? Мен «өлеңнің сиқырлы мөлдір заттары» арқылы ең алғаш таныған, алғашқы қабылдаған ғажайып фантастикалық дүниемді іздеп отырғам жоқ па? Бұл менің өмірдегі барлық болмыстар, барлық құбылыстар мен күнәсіз, ақ жұмыртқадай пәк кезімде табысқан шағым емес пе? Ол менің бір-ақ рет келіп өткен, көрген түстей жоғалған қанатты балалығым емес пе? Біз Қобыландыны эпостың батыры дегенді кейін ғалымдардан үйренген соң айтып жүрміз. Маған Қобыланды ес білгелі-ақ өз ауылымыздың, өз қауымымыздың бір ұлы адамы сияқты боп кеткен-ді. Әлі сондай. Мен Қобыландының еншілесі тәріздімін, сан рет оның алыс жолдан терге шомып қайтқан Тайбурылын да суытқанмын. Аналықтың жалғыз ұлына жақсы тілек тілегені де есімде. Құртқа жеңешемнің жол шетіне телміре қарап батырын күткені де есімде. Батыр кейде күткен жарына күлім қағып, көңілді оралса, кейде ауыр соғыстан сауыты дал-дал, денесі қан-қан боп қайтатын. Соның бәрінде де Құртқа күтіп алатын.
Сол елім, ата-анам, жарым деген батыр бүгін де Ұлы Отанның шегінде, жаудың өтінде, елінің, махаббатының күзетінде тұрған сияқты. Мен кейде соған қарап отырып та сөйлеп кетемін.

Буырылын қара астында шапшып ойнаған,


Көрсем деп тұр ол күркіреген майданды.
Кіреді қазір қап-қара бұлтқа қайнаған,
Ағызып қанды, салады жауға ойранды.
Күн батса да, ол батпайды, сөнбейді,
Қас қарая өзі де қан боп қайтады.
Қыз Құртқасын құшақтап қана отырып,
Қиналғанын күбірлеп қана айтады.
Ал, Құртқа ше?
Қара көзі мөлдіреп,
Қызыл ерні үлбіреп.
Сүйеді де сүйгенін,
Көрсетпейді көлегейлеп.
Ақ жүзінің ыстық жасқа күйгенін.

Мен бұл үзіндіні ең асылдарымның бірі болған соң келтіріп отырған жоқпын. Бұл менің сәби күннен бастап қиялыма ұялаған, ішіме қазақ өлеңі боп кірген жарықтардың бір ұшқыны. Бұл менің сол сәби күндерде кеудеме енген, жүрегіме қонақтаған кішкене ғана өлең құсының сілкініп қалғандағы бір сыбдыры. Сөйтіп, бұл идеализация емес, өткенді, өткеннің «балпаң батырын» армандау емес. Эпос өзінің ұшқыр ырғағымен емес, от шашқан сиқырлы сөздерімен жас ұланын өз әлеміне кіргізеді де, оған өзінің аспан-жұлдыздарын, орман-тауларын, теңіз-дарияларын ұсынады. Біз онда құстан озған жүйріктер шабысын, қырандардың жолбарыс алғанын, алып жігіттердің таудай дәулерді жеңгенін қызықтаймыз. Жарық пен қараңғы, суық пен ыстыққа да сонда түсінеміз, бояулардың да сан алуан түрін танимыз. Данышпан қарттарымыздың пәлсәпәларына да сонда жетігеміз. Бұл менің өз өмірімнің де бірінші кезеңі»(60).


Ақын, драматург, әдебиет зерттеушісі Әбділдә Тәжібаев 1998 жылы 23 қыркүйекте қайтыс болды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет