Еңбек ету құқығы азаматтардың негізгі құқықтарына жатады



бет2/5
Дата24.01.2022
өлшемі24,69 Kb.
#114018
1   2   3   4   5
Байланысты:
Эссе енбек

«... еріксіз еңбекке тыйым салынады» (Конституция, 19-бап).

Еңбек етуге мәжбүрлеу тек екі жағдацда қолданылуы мүмкін: сот үкімі бойынша жазаны орындау үшін және төтенше жағдай туралы заңды қолданғанда. Бұл екі жағдай да халықаралық жұртшылық таныған қағидаларға қайшы келмейді. Азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық акт мынадай жағдайларда еңбек етуге мәжбүрлеуді орынды деп табады: егер ол сот үкімі арқылы тағайындалса және төтенше жағдайда немесе халықтың өміріне қауіп төнген жағдайда белгіленсе.

Еңбекке қабілеті бар азаматтарды жұмыспен қамтамасыз ету үшін мемлекет органдары қажетті шаралар қолданады.

Жұмыстары мен табыстарын жоғалтқан және алғаш рет жұмыс іздеген, сондай-ақ, ұзақ уақыт үзілістен кейін еңбек етуге қайтадан кірісуге ниеті бар жұмыссыз деп танылған адамдар тіркелген кезінің 8-ші күнінен бастап жәрдемақы ала бастайды. Жәрдемақы алудың мөлшері мен мерзімі заңда белгіленген. Жұмыссыздарды мемлекет жұмыспен қамту қызметін жүргізеді. 1992 жылы жұмыспен қамту қызметі жұмыс іздеушілер есебіне 270 мың адамды тіркеді. Олардың ішінен әр төртінші адам жұмысқа орналастырылды. Жұмыссыздық статусын, яғни, әлеуметтік қорғау хұқығын 70 мың мың адам иемденді. Жұмыссыздардың қатарының 28 проценті еркектер, 72 процентін әйелдер құраған. Жұмыссыз деп танылған адамға жәрдемақы беріледі. Жәрдемақы алудың мөлшері мен мерзімі мынадай:

жұмыстарын жоғалтқан адамдар өзінің соңғы жұмыс орнында алған негізгі еңбекақысының 50 проценті мөлшерінде 26 күнтізбелі апта бойы жәрдемақы алады, бірақ, ол республикадағы орташа еңбекақыдан көп болмауы және ең аз жұмысақыдан кем болмауы керек;

зейнет демалысына дейінгі жастағы адамдар 36 апта бойы жәрдемақы аладьг;

алғаш рет жұмыс іздеуші адамдар 13 апта бойы ең аз еңбекақының 75 процентінен кем емес жәрдемақы алуға құқылы.

Азаматтардың ереуіл жасауга құқы бар. Кеңес дәуірінде «ереуіл жасау» деген түсінік мүлдем жоғалған болатын. Себебі, Кеңес мемлекеті халықтық мемлекет, халықтың мұң-мұқтажын ойлап, мүддесін қорғайды, сондықтан халық өз мемлекетіне қарсы ереуілге шығуы мүмкін емес делінетін. Бірақ, ол дәуірде де халықтың еңбегін қанаушылық орын алғаны белгілі. Еңбек құқына нұқсан келгені үшін азаматтардың көбісі сот арқылы өзінің занды мүддесін қорғай алмайтын. Мысалы, мұғалімдер әрбір бес жыл сайын аттестациядан әтетін. Егер аттестация кезінде мұғалімнің заңды мүддесі бұзылатын болса, оның арызын сот қарамайтын, тек әкімшілік жолымен әділеттікті іздеуге тура келетін. Көп жағдайда әкімшілік сөз-бұйдалыққа салып, әділетсіздікті қорғайтын. Осындай тәсіл басқа да қызмет адамдарына қолданылатын. Әділетсіздіктің құрбаны болған адамдар бірігіп, ереуілге шығу мүмкіндігінен біржола айырылған еді.

«Республика азаматтарының ереуіл жасауға құқы бар» (Конституция, 20 бап).

Азаматтардың тынығуға құқы бар. Тынығу уақытын еңбек заңдары жан-жақты реттейді. Тынығу уақыты деп жұмысшылар мен қызметшілердің еңбек міндеттерінен босатылып, өз ұйғаруымен пайдаланылатын уақытты айтады.неше түрі бар:

1. Жұмыс күніндегі үзіліс. Бұл үзіліс екі сағаттан артпау керек. Ол түскі ауқаттануға беріледі. Үзіліс жұмыс басталғаннан кейін төрт сағаттан соң беріледі. Емізулі баласы бар әйелге әрбір үш сағатта, кемінде жарты сағаттан үзіліс беріледі. Бұл үзіліс жұмыс уақытына есептеліп, төленеді.

2. Жұмыста күнаралық үзіліс. Бұл үзіліс жұмыстан соң басталып келесі жұмыс күні басталғанға дейін созылады.

3. Апта сайынғы үзіліссіз демалыс. Жалпыға бірдей демалыс күні – жексенбі. Бес күндік жұмыс аптасы бар жерде қосымша демалыс – сенбі.

Апталық жұмыс уақытының ұзақтығы 42 сағаттан аспау керек. Әрине, үздіксіз өндірістің (заводтар, фабрикалар, ауыл шаруашылығы) ерекшелігі бар.

4. Демалыс күндері еңбекшілерді жұмысқа тартуға болмайды. Тек заңда көрсетілген жағдайларда жекелеген еңбекшілерді демалыс күні жұмысқа шақыруға болады:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет