Еңбек нарығы мен жұмысбастылық құрылымы



Дата29.09.2022
өлшемі0,53 Mb.
#151110
Байланысты:
Презентация (8)
ГИД ПО 1 КУРСУ МЕДА 3.0, doc, spravka o ne trud, аманат фарм, Презентация, Жорабек Ақниет, Клинический случай CРОП КАЗ 2022-23, коронавирус, Biostat stud ЖМ 2021-22 kz, 1-топ Адырбек Гүлзат, Серік Арайлым эс срсп фарма 3-023 ОМ (копия), Серик Арайлым бх срсп, Гормоны СРСП ТФП 2022-23, LПеченьKZ

Еңбек нарығы мен жұмысбастылық құрылымы

Орындаған: Адырбек Гүлзат, Еликбай Қымбат, Кеңесбай Малика

  • Еңбек нарығы – негізгі тауар – еңбек күшін айналымға жіберуге байланысты экономикалық қатынастардың жиынтығы. Жұмыс күші – адамның еңбек ету қабілеті, адам өз қызметінде пайдаланатын дене және рухани қабілеттіліктерінің жиынтығы. Еңбек – бұл оны иеленуші адамнан бөлінбейтін жалғыз тауар. Иеленуші-адам сату сатып-алу объектісі болып табылмайды, яғни жұмысшы емес, оның еңбекке қабілеттілігі сатылады және сатып алынады.
  • Еңбек нарығының ерекшелігі мынада: оның реттегіштері тек экономикалық қана емес, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-психологиялық факторлар болып табылады. Олар ұдайы өндіріс сипаты мен және тауар ерекшеліктерімен, жұмыс күшімен байланысқан. Еңбек нарығының мынадай ерекшеліктері бар:Тауарға – жұмыс күшіне меншіктік құқық оны иеленушіден бөлінбейді, яғни сатып алушы (жұмыс беруші) көптеген тауарлардың бірі ретінде жай ғана жұмыс күшін сатып алмайды, сондай-ақ адаммен істес болады.Сатушы мен сатып алушының өзара қатынасы ұзаққа созылады, яғни еңбек нарығында сатушы мен сатып алушының өзара қатынастары қызметкерді жалдау шарты жасалған уақытқа дейін жалғасады.Жұмыс күшінің әртүрлі кәсіптік-біліктілік деңгейі, технологиялармен, еңбекті ұйымдастырудың саналуандылығы, жалдаудың келісімшарттық (контрактілік) жүйесіне көшу және т.б. тауар-жұмыс күшін сатып алу кезінде мәмілелерді жекешелендіру қажеттігін туындатады.Еңбек нарығына кәсіптік одақтардың, еңбек заңнамасының, жұмыспен қамту мен кәсіптік дайындықтың мемлекеттік саясатының, кәсіпкерлер одақтары мен басқаларының елеулі ықпал етуі.Ақшалай емес факторлар – жұмыстың күрделілігі мен беделділігі, еңбек жағдайлары, оның денсаулық үшін қауіпсіздігі, жұмыспен қамту мен кәсіптік өсуге кепілдіктер, ұжымдағы моральдық ахуал және басқаларының орын алуы.
  • Еңбек нарығының негізгі екі қызметі ажыратылады:экономикалық функция, ол еңбекке қабілетті халықты ұдайы өндірудің оңтайлы үдерісін қамтамасыз етуді білдіреді;әлеуметтік функция, ол табыстар мен адамдар әл-ауқатының қалыпты деңгейін қамтамасыз етуден құралады.
  • Еңбек нарығының субъектілері. Экономикалық түсінік ретінде еңбек нарығы бір мезгілде тауарды сатушылар болып табылатын оның иелері (жалдамалы қызметкерлер) мен сатып алушылар (жұмыс берушілер) арасындағы өзара қатынастарды бейнелейді. Қоғам үшін бұл өзара қатынастардың ерекшелігі мен маңыздылығына байланысты олар еңбек заңнамасында заң жүзінде ресімделеді. Осылайша еңбек нарығының субъектілері кәсіпкерлер (ірі, орта, ұсақ фирмалар), жалдамалы қызметкерлер, кәсіподақтар, сондай-ақ өзінің уәкілетті органдарымен бірге мемлекет болып табылады.
  • Еңбек нарығының құрамдастары. Еңбек нарығында жұмыс күшіне сұраныс, ұсыныс және баға қалыптасады, бұлар осы нарықтың негізгі құрамдастары болып табылады.Еңбекке сұраныс – еңбек нарығында ұсынылған жұмыс күшіне деген қоғамдық қажеттіліктердің жалпы көлемін бейнелейді.Еңбек ұсынысы – халықтың саны және құрамымен (жынысы, жылы, білімі, кәсібі, біліктілігі және т.б.) сипатталатын жұмыс күшінің жалпы саны.Жұмыс күшінің бағасы (жалақы).Еңбекке сұраныс жұмыс берушілердің тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді өндіру үшін қажетті қызметкерлерді қажетсінуін білдіреді. Еңбекке сұранысты бос жұмыс орындары, сондай-ақ жұмыс берушіні қанағаттандырмайтын қызметкерлер орнына оларды алмастырушылар іздестіретін жұмыс берушілер қалыптастырады.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет