Әдебиеттануға кіріспе пәні,19 тақырып: Көркем әдебиет тілі


Тақырып Өнер түрлерінің шығу,даму жағдайлары



бет8/19
Дата05.05.2020
өлшемі69,49 Kb.
#65839
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19
Байланысты:
306 adebit
-sabaq-kz-attachment-mzh.-aza-debiet-7-synyp-3-tosan-dostyy-zharasan-elmz, -sabaq-kz-attachment-mzh.-aza-debiet-7-synyp-3-tosan-dostyy-zharasan-elmz, 001273b1-18effb9d, Квалиметрия Лекция 1
23 Тақырып Өнер түрлерінің шығу,даму жағдайлары

Әдебиет (арабша — асыл сөз) — сөз өнері, әлеуметтік мәні бар шығармалар жиынтығы. Мазмұнына қарай саяси, ғылыми, техникалық, көркем әдебиет болып бөлінеді. Әдебиет атауы көбінесе, көркем әдебиет мағнасында қолданылады. Ахмет Байтұрсынұлы оған “бір нәрсенің жайын, күйін, түрін, түсін, ісін сөзбен келістіріп айту өнері”, “Сөз өнері” деп баға берген. Әдебиет — жалпы өнердің бір саласы. Бірақ ол қоғамдық сананың ерекше түрі есебінде шындықты логикалық ойлау жүйесімен емес, көркем тіл арқылы, сөз өнерінің күшімен суреттеп көрсетеді. Көркем бейненің сыртқы сұлбасымен бірге ішкі мазмұнын, сырын оқырман тұшынып сезіне алатындай етіп ашады, адамның жан дүниесі мен ішкі сезім байлығын көзге елестету арқылы қоғамдық санаға әсер етеді. Оның “өнер атаулының ең қиыны және күрделісі” (Бальзак), “Өнердің ең жоғарғы түрі” (В.Белинский) болатыны да осыдан. Қазақ та “Өнер алды — қызыл тіл” деп тегін айтпаған. Әдебиет теориясы әдебиет тарихында жасалғандарды жинақтауға жегіліп, сонымен бір мезгілде оларға нақты әдебиеттанушылық зерттеу жасауға түрткі болатын бағыт ұстанып, оған танымдық басымдылық бағдарын береді. Ол әдебиет тарихына қатысты көмекші пән болып табылады. Сонымен қатар әдебиет теориясы өз алдына дербес мәнге ие болып келеді. Оны толық құқылы іргелі ғылыми пәндер санатына қосуға болады. Әдебиет теориясының аясы – көркем әдебиеттің мәнісін жарыққа шығаратын біршама кең ауқымдылыққа ие болып, белгілі бір шамада адамның шынайы болмысын тұтастық ретінде өзінше түсіндіреді Әдеби жанрлар (фр. тілінде genre - түр, тек, жанр) – ауызша және жазбаша шығармалардың көркем даму процесінде қалыптасады.


Шығарма жанры дәстүрлі түрде мынадай негізгі белгісі бойынша анықталады - бір жанрдағы шығармаларды біріктіретін және айтарлықтай тұрақты, әрі тарихи қайталанатын сипаттағы мазмұнына, құрылысы мен түріне қарай.
Көркем шығарманы кеңінен танып білу жанрлар сериясын тудырады. Атап айтар болсақ, тарихи, отбасылық-тұрмыстық, детективтік, ғылыми-фантастикалық және т.б. келтіруге болады. Мұның барлығы көркем шығарманы кеңінен таңып білудің жемісі. Шығарманың танымдық мазмұны көбінесе романның, повестің және әңгіменің немесе пьеса мен көріністің, өлеңнің жеке немесе топтық портреттің жанрлық ерекшеліктерін айқындайды. Суреткердің идеялық-психологиялық бағалау ұстанымы апологиялық және сырттай объективті, ирониялық болуы мүмкін болғандықтан, бірқатар жанр түрлері туындайды. Оларға тоқталар болсақ, әдебиеттегі ода – баллада – эпиграмма – памфлет осының нәтижесі. Сонымен қатар, олардың әрқайсысында өнердің басқа түрлеріне қарағанда жанрлық мүшелену қатынасында өзгешелік бар, яғни өнердің түрі (мысалы, фольклорлық поэзия және әдебиет, поэзия және проза) мен тегіне (мысалы, әдебиеттегі эпос, лирика, драма) қарай бөлінісінде. Көркем шығарма дифференциясындағы олардың қарым-қатынасын зерделеу тұйыққа тірелуде. Өйткені, «Жанр», «Түр», «Тек», «Әр түрлілік» терминдері осыған байланысты нақты анықтамасын тапқан жоқ. Осының салдарынан, оларды қолданыста бірінің орнына бірін пайдалану жалғасуда.
Жанрды тудыратын көркем шығарма. Көркем шығарма өз заманының бейнесін суреттеп, тұрмысты ақиқатпен бергенде ғана жанрдың дамуына өзіндік үлес қоса алады. Сыншылар, әдебиетшілер арасында кең талқыға түсіп, әдебиетте өзіндік орын алуы үшін шындыққа құрылуы маңызды. Міне, сонда ғана әдебиет алға қадам басып, үлкен өмір арнасына ұласады.
Жанр мәселесінің маңында даулы пікірлер көп. Әдебиет теориясын толғайтын кітаптардың, көбінде әдебиеттің тегі—жанр, әдеби шығарма — жанрлық түр деп танылып жүр. Сонда, мысалы, эпосты — жанр деп білсек, оның шағын, орта және кең көлемді үш түрі белгіленеді де, шағын көлемді эпикалық түрге — очерк, новелла, сюжетті қысқа өлеңдер, орта көлемді эпикалық түрге — повесть, поэма, ал кең, көлемді эпикалық түрге — роман, эпопея тәрізділер жатады. Бұл ретте, лириканы да дәстүрлі әдетпен ода, идиллия, мадригал, элегия, романс, эклога, сонет, эпиталама дегендей ондаған түрге бөліп жатпай-ақ, саяси, не философиялық лирика, махаббат, не табиғат лирикасы деген секілді санаулы түрлерге ғана бөліп, бұлардың әрқайсысына тән ерекшеліктерді пайымдауға болады.

Комедия - өмір құбылыстарының, мінез-құлықтың, іс-әрекеттің күлкілі жақтарын көрсету мақсатымен сахнаға лайықталып жазылған драммалық шығарма. Жанры түрліше: водевиль, фарс, сатиралық комедия, юморлық комедия, лирикалық комедия, музыкалық комедия, т.б. Комедияның алғашқы белгілері Ежелгі Грекияда шарап тәңірісі Диониске құрмет көрсетуге арналған ойын-сауықтан басталған.  Ежелгі Грекиядағы комедия жанрының тамаша өкілі — Аристофан (біздің заманымызға дейінгі 445—385 жылдар шамасы) болды. Оның комедиялық туындыларында халықтың күнделікті өмірі, тұрмыс-тіршілігі басты орын алды. Сондықтан да болар, оның комедияларындағы кейіпкерлер әдетте халық атынан сөйлеп, халықты қанап, алдап-арбаушыларды өткір сынға алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет