Әдістеме туралы ұғымды сипаттаңыз


Оқушылардың орфографиялық қателерін есепке алудың тиімді жолдарын түсіндіріңіз



бет14/89
Дата05.06.2020
өлшемі341,08 Kb.
#72382
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   89
Байланысты:
каз т емтихан жауабыы

Оқушылардың орфографиялық қателерін есепке алудың тиімді жолдарын түсіндіріңіз.

1) Бағдарламада көрсетілген ережелерден жіберілген қателерден өзге осы сыныпта орфография мен тыныс белгісінің ережелері оқытылуына байланысты жіберілген қателер есепке кірмейді. 2) Бастауыш мектептерде және осы сыныпта арналған оқулықтың жаттығуларында кездеспеген сөздерден жіберілген қате есепке алынбайды. 3) Байқаусыздан жақсақ жазылған сөздердегі қате есепке кірмейді: келмейді - кемейді, болыпты - бопты, т.б. Алайда, қателерді жаңылып жазылған дей беруге болмайды. Оқушының жаңылып жазған сөзін оның дұрыс жаза алатынын көз жеткенде ғана қатеге есептеліеу керек. Егер де жаңылып жазылған жағдай үштен асып кетсе, онда оларды емле қатесі деп санайды. 4) Екі түрлі жазылып жүрген сөздердің бір түрі жазылса, немесе екі түрлі қойылып жүрген тыныс белгісінің біреуі қойылса, онда диктант тексіндегі жазуға дәл келмей тұр деп, қатеге есептеуге болмайды. Мысалы: қазір-кәзір, ейткені-үйткені, т.б. Егер де диктантта қате жазылған сөз не тыныс белгісі қайталанып келсе, онда олар бір қатеге есептеледі. Өрескел қателер 1) Орфография мен тыныс белгісінің өтілген ережелерімен жіберілген қателер. 2) Игеріп алуы қиынға соқпайтын ережелерге байланысты жіберілген қателер. 3) Сөздерді тасымалдаудан жіберілген қателер. 4) Дефис арқылы жазылатын сөздерден жіберілген қателер. Мысалы: қоссөздер, демеулікшылаулар, қысқарған сөздерге дефис арқылы жалғанатын қосымшалар. Жеңіл қателер 1) Диктант өткізген кезде оқытылып бітпеген және әлі өтілмеген ережелерге байланысты. 2) Күрделі жалқы есімдердің бас әрпін дұрыс қолданбау, сол сияқты әріптерді дұрыс таңбаламау. 3) Үтір, тырнақшаларды дұрыс қолданбау (сөзді, сөз тіркестерінің үтір, тырнақшаларын бір жағына ғана қойып, екінші жағына қоймай кету) 4) Төл сөзден кейін келген автор сөзінің алдынан, сызықшаның алдынан үтірдің орнына нүкте қойып қою. 5) Бір ережеге байланысты жіберілген бірнеше қате (үш және оңнан да көп қате) болса, онда оқушының бір ғана ережені нашар білетінін ескерту қажет . Тыныс белгісінен де бір ғана ережені нашар білетінін ескерту қажет . Тыныс белгісінен де бір ғана ережені білмегендіктен, жіберілген қатені жеңілге жатқызған жөн.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   89




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет