Әдістемелік қызметтің мақсаты, міндеттері және негізгі бағыттары



бет1/4
Дата13.12.2021
өлшемі31,9 Kb.
#126052
  1   2   3   4
Байланысты:
29.11.2021ж (9аптаның тапсырмасы)


Әдістемелік қызметтің мақсаты, міндеттері және негізгі бағыттары.

Мектептегі әдістемелік қызметтің мақсаты: мұғалімдер мен сынып жетекшілеріне оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде, оларды шығармашылық әрекетке баулуда білім беру саласындағы жаңалықтарды, озық педагогикалық тәжірибені зерттеп, жинақтап, таратуда кәсіби біліктілігі мен теориялық білім деңгейін көтеру ісінде нақты әдістемелік көмек көрсету болып табылады. 


Мектептегі ғылыми-әдістемелік жұмыстардың негізгі міндеттері:

Мектептің педагогикалық ұжымының іс-әрекетін жаңашылдыққа бағыттауды қалыптастыру (озық тәжірибені ендіру, жалпылау, тарату мен жүйелі зерттеу, үйрену);


Мұғалімдердің теориялық және педагогикалық-психологиялық даярлық деңгейін көтеру;


Тәрбие, білім берудің жаңа бағдарламаларын, оқу жоспарларын, мемлекеттік стандартын, нормативті құжаттар, әдістемелік нұсқауларды талдау, игеру жұмыстарын ұйымдастыру;


Оқуты мен тәрбиені ұйымдастырудың жаңа формаларын, әдістерін педагогикалық технологиялармен байыту;


Жас мамандарға, пән мұғалімдеріне, сынып жетекшілері және психолог, педагогтік қызметте жекелеген бір мәселелерде қиналатын мұғалімдерге жас ерекшеліктерін ескере отырып, диагностикаланған, сараланған негізде әдістемелік көмек көрсету;


Мұғалімдерге педагогикалық білімін өз бетінше көтеру жолдарын үйрету;


Оқу жоспары мен бағдарламаларын үйлестіру, жетілдіру, оқу пәндерінің мазмұнын жаңартуға және өндеуге ұсыныстар беру;


Оқу сабақтарының барлық түрлерінің өткізілуінің әдістемесін, тиімділігін жетілдіру, әдістемелік апталықтар мен онкүндіктер ұйымдастырып, олардың мектептегі педагог қызметкерлердің шеберлігін арттыруға ықпал ету;


Басқа ғылыми орталықтармен және білім беру мекемелерімен байланыс орнату, педагогикалық ұжымның, мұғалімдердің, жас мамандардың ғылыми-әдістемелік сауатын, өзара тәжірибе алмасу әрекетін, өзін-өзі бағалау, өз білімін көтеру, кәсіби шеберлігін арттыру жолдарын анықтау;


Педагог қызметін ғылыми-әдістемелік тұрғыда талдау, бағалау, көмек көрсету, әдістемелік бірлестіктердегі ғылыми әдістемелік жұмыстардың жандануына педагогикалық ықпал ету, оқу тәрбие үрдісінің деңгейін көтеруді әдістемелік тұрғыда қамтамасыз ету, әдістемелік кеңес жұмысының мазмұнын, бағыт-бағдарын айқындау, болжам жасау.


Мұғалімдер мен оқушыларды ғылыми-зерттеушілік шығармашылық жұмыстарға баулу, ынталандыру.


Әдістемелік жұмыс бағыттары:

-          Мектеп мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін арттыру

-          Инновациялық-педагогикалық технологияларды пайдалану

-          Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру

Озық тәжірибе мектебі


Жас мамандар мектебі


Сертификатталған ұстаздардың шығармашылық топ жұмысы


Инновациялық-педагогикалық технологияларды қолдану

-          Тұрақты үйретуші семинар

-          Пәндік апталықтар

-          Сабаққа қатысу

-          Біліктілікті арттыру курстары

- Оқушылармен жұмыс

-          Пәндік олимпиада, интернет олимпиадалар.

-          Ғылыми жобалар, сайыстар.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет