Әдістемелік тақырып



бет4/12
Дата06.02.2022
өлшемі5,07 Mb.
#65605
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Дарынды балалармен жұмыс
Еліміздің дамуындағы стратегиялық міндеттерді шешуде білім беру саласына тың жаңалықтар, ұтымды шешімдер енгізу қажеттілігі –заман талабы болып тұр. Себебі 21 ғасыр ғылым мен техника ғасыры екендігі баршамызға мәлім. Осындай ауқымды мәселені шешудің негізгі тетіктерінің бірі – балалардың дарындылығын дамыту. Қазақстан әлем аренасына шығып, халықаралық деңгейде экономикалық және мәдени байланыстарды дамыту үшін дамыған мемлекеттермен терезесі тең болып қарым-қатынас жасауы үшін интеллектуалды элитаны қалыптастыру ісін қолға алуда.
Дарындылық-адам қоғамында және бір құндылық ретінде қаралатындықтан дарынды балалармен жұмыс істеу адам ресурсын барынша жақсы пайдалану болып табылатыны сөзсіз. Бұл бағытта мемлекет тарапынан жас талаптыларды қолдау бағдарламасы және президенттің «Дарынды балаларға арналған мектептерді қолдау мен дамыту» қаулысы. «Дарын» республикалық ғылыми- практикалық орталығы жасаған консепция қызмет етуде. Осыншалық маңызды істе жалпы білім беру мекемелерінің алар орны орасан зор, себебі онда барша бала білім алады да оның ішінде дарынды балаларда отырады. Оқу бағдарламасына сай білімді терең меңгерген, жеке шығармашылық қабілеті дамыған, ұлттық сана сезімі жетілген және ішкі жан дүниесін тануға, өзін өзгелермен салыстыра алатын, іс-әрекетке талдау жасай алатын, жоспарлау мүмкіндігі қалыптасқан тұлға.
Мектепте әр пән мұғалімдері өздерінің құрылған жылдық жоспарлары бойынша дарынды балалармен жұмыс жасайды.Сонымен бірге үлгермейтін оқушыларға да сабақ сұрауда , тақтада көбірек жұмыс істеуге жағдай жасайды. Сабақ түсіндіру барысында үлгермеуші оқушыларға сұрақтар қою арқылы тақырыпты қаншалықты меңгергенін байқау. Үлгермеуші оқушыларды қандайда бір приборлар жасауда және тәжірибе өткізуде көмекші ретінде іске тарту.
Үздік оқушылардың айтқан түсіндірмелеріне үлгермеушілердің өз пікірін білдіруге және нәтиже шығаруға жағдай туғызу.
Оқушы бойынан дарындылығын анықтап, олармен жұмыс жасау қалай жүзеге асырылуы керек екендігін ескеріп отырылады. Ол үшін :
оқушыны таңдаған кезде оқушының жеке құжаттарын, мінездемесімен бақылау жүргізіп аламыз.Оқушының сабақтағы , сабақтан тыс кездегі іс-әрекетіне бақылау жасалып, талдау жүргізілді.Әр түрлі әдістерді пайдаланып оқушы білімін тексеретін жұмыстарды ұйымдастырып, баланың білім деңгейін анықтап отырады.
Осындай жұмыстарды жүйелі жасап және жан-жақты талдау жұмыстарын жүргізе отырып, оқушының дарындылығын, қабілет мүмкіндіктерін айқындайды. Мектеп психологымен диагностика жүргізіп, пікір талас жүргізіледі.
Оны байқамау, оның патенциялын дамытуға мүмкіндік бермеу қылмыспен тең әрекет. Ал соншама баланың ішінде табиғи дарынын қалай байқауға, дамытуға болады.
Бұл сұраққа жауап беру үшін негізгі екі аспектіні назарда ұстау қажет: Дарынды баланы анықтау және онымен жұмыс істеуді ұйымдастыру. Дарынды балалардың бір-бірінен айырмашылығы болғанымен, кейбір ортақ ерекшеліктеріде бар. Дегенмен ғылымда бала дарындылығын анықтайтын кей бір әдістер бар.
Мектептің оқу – тәрбие үрдісінде дарынды балалардың шығармашылық қабілеттерін, іскерлігін дамыта отырып тәрбиелеу бағытында жұмыс жасауда.
Мектепте дарынды балалармен жұмыс үзіліссіз жүргізілуде. Жыл басында әр дарынды балаға жетекші бекітіліп, олиммпиадаға дайындық жеке дара жүргізіледі. Әр түрлі сайыстарға жүйелі түрде жұмыс ұйымдастырылуда.
Қорыта келе, мектебімізде атқарылған барлық іс-шаралар бойынша мұғалімдер марапатталып, алғыс жарияланды. Келесі оқу жылында да көптеген іс-шаралар, қомақты жұмыстар атқаратынымызға сеніміміз мол.

Туындайтын мәселе:



  • Озат пен екпінділер санын қанағаттанарлық деңгейден оңтайлы деңгейге жеткізу;

  • Бір немесе екі «4», «3» бар оқушылармен жеке-дара жұмысты ұйымдастыру


Каталог: arc -> attach
attach -> Конкурс: «Жас ғалымдар»
attach -> Сабақтың мақсаты: М.Әуезовтің өскен ортасын, еңбек жолымен, шығармашылығымен таныстыру, тақырыбы мен идеясын ашу
attach -> 2018 жылдың 5-18 қыркүйегі аралығында Қазақстан халқы Тілдер күніне орай Қараөткел ауылы №2 орта мектебінде онкүндік аясында өткізілетін шаралар есебі
attach -> А. м са ожаева. Сабырова, М. бу азы, Г. изатова музыка
attach -> Сабақтың мақсаты: Өнер ордасы туралы түсінік беру
attach -> Көктерек негізгі мектебіндегі 2017-2018 оқу жылындағы тәрбие жұмысының жылдық сараптамасы
attach -> I тоқсан бойынша кітапханада жүргізілген іс-шаралар есебі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет