«edu. E-history. Kz» электрондық Ғылыми журналы



Pdf көрінісі
бет7/25
Дата20.11.2023
өлшемі1,05 Mb.
#192464
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   25
Байланысты:
191-201
СӨЖ ДипКУЖ- Прот2022, СӨЖ ДипКУЖ- Прот2022, СӨЖ ДипКУЖ- Прот2022, План-конспект урока гимнастики Лекция №13, pdf 20221210 140126 0000, емтихан сұрақтары.Документ Microsoft Word
Материалдар мен әдістері 
Петропавл қаласының тарихын зерттеу нысаны етіп алған бұл тақырыпты талдау барысында 
тарих ғылымы қалыптастырған кейбір әдістер басшылыққа алынды. Олар құрылымдық, жүйелік, 
салыстырмалы, сараптамалық, диалектикалық таным тұрғысынан қаралды. Қазақ жүздерінің


Edu.e-history.kz 2020. 2(22)
193
ертеден қоныс тепкен этникалық территориясын анықтауға, оқиғаларды дәлелдейтін материалдар 
аясында шет мемлекеттер архивтарынан алынған деректерді анықтау, сұрыптау және зерделеу 
арқылы аталған мәселе төңірегіндегі қарама-қайшылықтар өз мәресіне жетті. 
Талдау 
Патша өкіметінің Солтүстік Қазақстан жерінде әскери бекіністі салуының мақсаты және 
экономикалық, әлеуметтік қадамдары, Қазақ даласы арқылы Орта Азияға, Үндістанға баратын 
Кам сауда жолын өз бақылауында ұстау болатын. Сонымен қатар, аталмыш жұмыста авторлар 
қазақ жүздерінің этникалық территориясын көрсетуге тырысқан. Осыған орай, СҚМА және РФ 
Омбы облысының тарихи архивіндегі құжаттар мен отандық және Ресей ғалымдарының 
еңбектеріндегі мәліметтер, Орта жүз қазақтарының этникалық территориясын нақты көрсетуге 
мүмкіндік берді. 
Солтүстік Қазақстан жерінде патша өкіметінің отарлау саясатын жүргізудің және бекініс 
салудың себептеріне сипаттама бере отырып, бұл бекіністер Ресейдің оңтүстік шекарасын 
қорғауға мүмкіншілік туғызып, қазақ даласына бағытталған саяси қадамдарын жүзеге асырды. 
Бекіністерде негізінен әскери орыс-казактары орналастырылды. Қазақтарға бекініс маңына 
көшіп-қонуға тыйым салынды. 
Өркениеттік әдіснамалық бағытқа соңғы кезеңдегі жаңа ғылыми ой-пікірлермен 
тұжырымдарға М.Қ. Қозыбаев, Х.М. Әбжанов, К.Л. Есмағамбетов, М.Қ. Әбусейтова, Т.О. 
Омарбеков, Ж.О. Артықбаев, А.Ғ. Ибраева, А.Б. Шалғымбеков, Ж.Е. Жаппасов, С.З. Мәлікова 
және т.б. жетекші тарих, филолог, өлкетанушы ғалымдардың еңбектеріндегі ұлттық, әлеуметтік, 
этникалық тарихқа қатысты, тарихи этнологиялық, тарихнамалық ұлттық деректерді зерттеу, 
талдау, пайдалануға қатысты тарихнамалық көзқарастарға және Қазақстан тарихына шолу 
жасаған шет мемлекет ғалымдарының еңбектеріндегі саяси, әлеуметтік экономикалық үдерістер 
жөніндегі тұжырымдарына, пікірлерге сүйендік. 
Авторлар қауымы бүгінгі күні тарихшылардың деректерді жан-жақты пайдалану 
барысындағы қолжетімділігін негізге ала отырып, Петропавл қаласының тарихын жаңа қырынан 
зерделеуді жөн көріп отыр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   25




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет