Әйел және дін Қоғамның дамуы мен рухани жаңғыруындағы әйелдердің ролі



Дата07.02.2022
өлшемі18,49 Kb.
#86178
Байланысты:
Әйел және дін


Әйел және дін
1.Қоғамның дамуы мен рухани жаңғыруындағы әйелдердің ролі.
2.Ислам және қазақ халқының ұлттық құндылықтары.
3.Діндегі әйел-аналар мәртебесі мен ролі.
4.Дін, қоғам және отбасылық құндылықтар.
5.Қасиетті Құранда ер мен әйелдің Алла алдындағы құқықтары мен міндеттері.
6.Қазақ халқында әйелдер жүзінің ашықтығы, сөйлесу, қонақ қабылдау құқығы.
Әйел қай кезде болсын сыйлы, отбасының ұйытқысы, ерінің жанашыры, әлем анасы. Қоғамның дамуында әйелдің орны ерекше әрі күрделі. Әйел заты керек кезде би де, шешен де, ханда бола алған. Ер қанша мықты болса да оның ақылшысы әйел. Әйел рухы мен жаны мықты болады бірақ, жүрегі әлсіз. Әйел салт- дәстүр мен мәдениеттің жалғастырушысы, құндылықтардың сақтаушысы. Әйелдің рөлі қай жерде болмасын жоғары тұрады.
2. Ислам діні бізді дұрыс жолға салып, жұмаққа апарар жол. Ислам діні бізге 8-10 ғ да келіп осы күнге дейін тұрақтап, өзінің қасиетін жоғалтқан жоқ. Ислам діні мен қазақ халқының өзіндік құндылықтары бір біріне ұқсас болып келеді. Әрқайсымыздың өмір жалғасымыз болып табылатын жас ұрпақты ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу – аса өзекті тақырып. Жастардың бойында ұлттық құндылықтарға негізделген адамгершілік тәрбие менадами сезімді қалыптастыру және дамыту мәселесі қазақ ақын-жырауларының ой иірімдері, даналық тұжырымдары, халықтың адамгершілік ұғымдары, этнопедагогикалық ойлар арқылы жүргізілуі тиіс.
3. Дініміз әйел адамды жоғары бағалайды. Әйел тап бір бүкіл өмірдің бастауы секілді. Әйелге дауыс көтермеу, ұрмау, ренжітпеу тіпті еш қиянат жасауға болмайды. Дінде әйелдің және ананың орны ерекше. Әйел ерінің ақылшысы, тіреуі. Әйеліңе қарай қарасаң сенің келесі өмірің де сондай болмақ. Әйелің сенің балаларыңның анасы, өз отбасын тастап сенімен өмір сүру үшін басқа отбасыға келген жан. Ана ол сені 9 ай 9 күн құрсағында көтеріп, өсіріп, сенің табаныңа кірген тікен , менің маңдайыма кірсе екен деп жан ұшырып жүрген асыл жан. Жұмақ ананың табанының астында деп бекер айтылмаған. Анасын сыйламаған, батасын алмаған адам ешқашан да жұмаққа кірмейді.
4. Қоғам отбасынан құралады, отбасы махаббат пен сенімнен құралады. Отбасы тыныш әрі берекелі болуы ер мен әйелге байланысты. Олардың алған тәрбиесі, болашақ ұрпақтарына берер тәрбиесі, ұстанымдары мен жауапкершіліктерін байланысты. Отбасы берекелі болсын десең, ата- баба құндылықтарын сақтау қажет. Отбасындағы сырлар сыртқа шықпауы керек. Бір біріне махаббатпен сеніммен қарау керек. Махаббатқа толы отбасы махаббатқа толы қоғамды құрады. Қоғам да отбасы тәрізді. Тек әртүрлі адамдар тобы бір біріне сыйластықпен қарай білуі керек. Ал бұл қасиеттер дінде айтылады. Діни сауатты адам өмірде өз орнын табады.
5. Ер мен әйел отбасының бастауы. Ері ер, әйелі әйел болған үйде бақыт пен береке тұрақтайды. Әйелдің ерінің алдындағы әдептері
1.Мұсылман әйел Алла тағаланың бұйрығына қарсы келмейтін барлық жағдайда күйеуін тыңдау керек.
2.Барға қанағат ету. Қанағат қарын тойғызар деген.
3.Күйеуіне ықыласпен қызмет ету.
4.Күйеуін жаман іс-әрекеттерден тыюға жәрдемші болу, күнәға бой алдыруына себеп болмау.
5.Қайғыда да қуанышта да бірге болу.
6.Күйеуінің сенімді адамы болу.
7.Күйеуімен сөйлескенде жылы жылы сөйлеп, әдемі сөздерді айтып, өзін ұқыпты, таза етіп ұстауы тиіс.
8.Ата-енесінің, туған-туыстарының абыройын төкпей, күйеуінің мал-мүлкін сақтай білу.
Еркектің әйелінің алдындағы міндеттері:
1.Жұбайымен жақсы қарым-қатынаста болу.
2.Әйелдерге нәпақа тауып беру, тамақтандыру, жағдайын жасау.
3.Қателік кемшіліктерін жасыра білу.
4.Ер адам жұбайының алдында әрдайым әдепті болып көрінуі тиіс.
5.Барынша сабырлы болу.
6. Әйел жұртқа жағымды, жылы жүзді, сыпайы болуы шарт. Ел жұртқа үлгі болар ата дәстүрді сақтайтын, құрметтейтін болуы керек. Ашық жарқын, орнымен сөйлейтін, артық сөз айтпайтын, жалпы тәртіпті білу керек. Ата енемен, қайың аға, абысын жегжатпен, өз жұртымен және үлкен кісімен сөйлесудің тәртібін білуі және сақтауы шарт. Қонақ келген кезде қабағын шытпай құдайдай сыйлап төріне шығаруы керек. Алдына асын қойып батасын алып ризығын арттыруы керек. Жайдары, бар салт- дәстүр мен тәртіпті білетін әйел отбасының ұйытқысы.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет