Әкімшілік құқық ғылым және құқық саласы ретінде



Дата06.12.2023
өлшемі29,86 Kb.
#195416
түріКодекс
Байланысты:
әкімшілік 2
Практикалық

Әкімшілік құқық ғылым және құқық саласы ретінде

  1. Әкімшілік құқық түсінігі мен пәні.

  2. Әкімшілік құқық тарихы.

  3. Әкімшілік құқығының Ұлттық құқық жүйесіндегі алатын орыны.

  4. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодекстің жалпы сипаттамасы.

  5. Әкімшілік құқық ғылымының пәні мен міндеттері.

1. Кәзіргі кезде ″Әкімшілік құқық″ терминінің әртүрлі анықтамаларын кездестіруге болады. Мысалы: оқулық, әдебиеттерде әкімшілік құқық – тиісті мемлекеттің құқық жүйесінің дербес саласы деп айтылған, ал жалпы түрде әкімшілік құқықты – басқару құқығы деп айтуға болады делінген. ″Әкімшілік құқық″ деген терминді мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық саласы деп аталған. Әкімшілік құқықты сипаттайтын аса маңызды белгілері:


- Әкімшілік құқық – құқықтың дербес саласы;
- Ол мемлекеттік басқару саласында қалыптасатын қоғамдық қатынастардың реттеушісі болып табылады.
- Әкімшілік құқықтың негізгі мазмұны Қазақстан Республикасының мемлекеттік және өзін-өзі басқару органдарының, олардың лауазымды адамдардың және азаматтардың басқару қызметі болып табылады.
2. Белгілі құқықтанушы С.С.Алексеегвтің пікірінше, құқықтың қоғам өміріндегі тарихи миссиясы тікелей оның ішкі талаптарынан туындаған, атап айтқанда: таптық, саяси күрестен, этникалық, топтық және басқа қатынастардан, жеке жанжалдардан туындаған аса күрделі әлеуметтік жағдайға азаматтық бейбіт өмір, келісім, татулық, тыныштық, әр түрлі мүделлерді ескерту, өзара, үйлесімді түсіністік принциптеріне тұрғызылған тұрақты және берік нормативтік басқаруды енгізу.
3. Кей мамандардың бұл саланың маңызын төмендетуге құлшынған әрекеттеріне қарамастан әкімшілік құқық құқықтар жүйесіндегі алдыңғы позициялардың бірін алады. Қазақстан Республикасы өзін президенттік басқару формасындағы демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп бекіткен жағдайда әкімшілік құқық нормаларына мұқтаждықтың өсуі мұның айғағы бола алады. Айта кететін бір жағдай – әкімшілік құқық дегеніміз – ол тек басқару құқығына ғана емес, жеке қатынастарды жария бастамалар деңгейіне дейін өзгертетін арнайы ұйым.
4. «Әкімшілік құқық көздері» терминін басқарушылық қатынастар субъектілерінің іс – әрекет ережелерін баяндаудың және бекітудің мемлекеттік билік ресми таныған формасын білдіреді. Құық көзі болып саналу үшін әрбір мұндай формада бірқатар мынадай белгілер болуы тиіс:
- субъектілердің белгілі бір санаттары міндетті түрде орындайтын бір немесе бірнеше қаракет ережелері болуға;
- практикалық маңызы бар және де әкімшілік құқықтық қатынастар субъектілерінің қызметінде жиі қолданылады;
- әкімшілік құқықтық қатынастар субъектілерінің қандай да бір заңдық маңызы бар әрекеттер жасауы үшін негіздемелері болуға;
- елдің қолданыстағы құқық жүйесімен үйлесуге, ғылыми құқықтық диктринаға сәйкес келуге.
Әкімшілік құқық нормаларының қайнар көздері:

  • Конституция.

  • Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс.

  • Мемлекетттік қызмет туралы заң.

  • Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы заң.

  • Мемлекет басшыларының жарлықтары, Үкімет және Конституциялық кеңестің қаулылары, Министірлердің бұйрықтары, әкімдердің шешімдері.

5. Әкімшілік кодексі 2001 жылы 15 шілдеде қабылданды. Бұл кодексте әкімшілік жазалар қарастырылған. Жаза құқық бұзушылық жасаған тұлғаға материалдық және моральдық әсер ету арқылы жүзеге асырылады. Бұл әкімшілік құқық нормаларының қайнар көздері болып табылады. Әкімшілік құқықта Жалпы және Ерекше бөлімдері бар. Жалпы бөлімде мыналар көрсетілген: әкімшілік құқықтың негізгі институттары (әкімшілік құқыққа кіріспе, әкімшілік құқықтық ноормалар мен қатынастар, әкімшілік құқық субъектілері, атқарушы билік органдары, мемлекеттік қызмет, басқарудың формалары мен әдістері). Ерекше бөлімде: әкімшілік құқық институттарын біріктіретін және мемлекеттік биліктің кейбір өрістеріне (мемлекеттік меншікті, білім беруді, әділет органдарын басқару) әрекет ететін нормалар қамтылған.
7. Заң әдебиеттерінде әкімшілік құқық ғылымы ретінде және құқық саласы ретінде қарастыру мәселесі ол уақытқа дейін талас тудыруда. Француз ғалымы Р.Драго мемлекеттік басқару ғылымын басқа ғылымдардың, политологияның, құқық теориясының, құқық социологиясының амалдары мен әдістерінің өзіндік ғылыми қиылысы деп санайды. Негізінен әкімшілік құқық ғылымы заң ретінде жүргізіледі.
1. Әкімшілік құқық, құқықтың басқа салалары сияқты, заң нормаларынан тұрады. «Әкімшілік норма» ұғымын мына мазмұнда қолдануға болады:
- заңдастырылған ережелер негізінде басқару.
- ережеде белгіленген жария мүделлер үшін басқару.
Әкімшілік құқық нормалары дегеніміз – орынды, заңмен рұқсат етілетін іс – қарекеттің мемлекеттік билік органдары белгілеген және атқару билігін өндірістегі қоғамдық қатынастарды реттейтін ережелер. Әкімшілік құқық нормаларының өздерінің заңдық салмағына қарай заңнамалық және заң күшіндегі болып бөлінеді. Нормалардың жалпы және арнайы деп бөлінудің практикалық маңызы да зор.
2. Әкімшілік құқық қатынастардың өзіндік нақты айқын құрылымы болады. Бұл мәселе осы кезге дейін дау туғызып келгенімен, құқықтық қатынастар құрамы мына элементтерден тұратындығына ешкімнің таласы жоқ, олар: құқықтық қатынастар субъектісі, объект, және іс жүзіндегі және заң жүзіндегі мазмұны. Әкімшілік құқық нормаларын әртүрлі өлшемдер бойынша топтастырып, солар арқылы олардың түр – түрге бөлінуге болады. Мазмұнына қарай әкімшілік құқық нормалары материалдық және іс жүргізу болып бөлінеді. Әкімшілік құқық қатынастар, әдетте мемлекеттік басқару өрісінде, әкімшілік құқықтың нормаларымен реттелген қоғамдық қатынастар деп қарастырылады. Өз қызметінің барысында атқарушы билік органдары әртүрлі және көптеген субъектілермен өзара байланыста болады. Кейде олардың мүдделері сәйкес келмейді, ал мұндай жағдай іс – әрекет жасаудың ортақ ережесін, оның пайдаланудың тәртібін ретке келтірілген қатынастар жүйесін табуға екі жақты да итермелейді.
3. Әкімшілік құқық қатынастар құқықтық қатынастардың бір түрі болып табылады. Оларға қандайда бомасын құқықтық қатынастардың барлық негізгі белгілері тән, атап айтқанда: құқық нормаларының біріншілігі, соның арқасында құқықтық қатынас тиісті құқықтық норманың тиісті қоғамдық қатынасқа, оған заңдық нысан беретін, реттеушілік ықпал жасауының нәтижесі. Әкімшілік құқық қатынастар ерекшеліктерінің аса маңыздылары мыналар:
- Тараптадың теңсіздігі.
- Тараптардың ынтасы.
- даулардың әкімшілік тәртіппен шешілуі.
Әкімшілік құқық қатынастардың әртүрлі белгілері бойынша түрлеп топтастыруға болады:
1. Тікелей
2. Көлбеу
Тікелей әкімшілік құқық қатынастар әкімшілік құқықтық реттеудің және мемлекеттік басқару қызметіне тән басқарудың субъектісі мен объектісінің арасындағы бағыныстылық байланыстардың мәнін едәуір мол дәрежеде білдіруі.
Көлбеу әкімшілік құқық қатынастар болып, солардың шеңберінде тараптардың шындығында және заңды түрде тең құқылы болатындығы танылады. Оларда, осыған сәйкес, бір тараптың екінші тарапқа міндетті болатын заңдық – биліктің өкімі болмайды.
4. Құқықтық қатынастар субъектісі, объект, және іс жүзіндегі және заң жүзіндегі мазмұны болады. Нормаға сәйкес құқықтар мен міндеттер жүктелген адам құқықтық қатынастар субъектісі бола алады. Әкімшілік құқықтың түрлік нормалармен анықталынатын субъектілеріне қарағанда құқықтық қатынастар субъектісі әрқашанда нақты. Әкімшілік құқық қатынастардың объектісі – әрқашанда мемлекеттік басқару өрісінде өзара жөнділікке және келісімшілікке қол жеткізу. Іс жүзіндегі мазмұн дегеніміз – тараптардың құқықтар мен міндеттерін жүзеге асыратын тұлғалардың нақты әрекеттері, ал субъективтік құқықтары мен міндеттер заңдық мазмұнға жатады.
1. Құқытар мен міндеттер қашан да сол құқықтар мен міндеттердің қайсібір субьектілеріне байланысты болады. Біз қайсібір субьективтік құқық туралы айтқанымызда, бұл құқыққа әлдебіреулердің ие екендігін үнемі есте ұстайиыз. Сондай-ақ, міндеттің де әлдебіреудің мойнындағы міндет екендігін жадымыздан шығара алмаймыз. Заң тілінде құқықтардың және міндеттердің иелерін «құқық субьектілері» деп немесе «тұлға» деп атайды. Тұлғаның заңдық тұрғыдан алғандағы ұғымы құқық қабілеттілік ұғымымен сәйкес келеді. Құқық өкілеттігіналған құқық қабілетті атаумен түрлерге орай субьектілердің мазмұнын біркелкі бола бермейді. Ал азаматтық құқық қабілеттілігі дегеніміз субьектілердің азаматтық құқыққа ие болып, міндетін орындау қабілеті деп түсіну керек. Тұлғаның екі категориясы бар. Құқық субьектілері-ең алдымен адамдар (жеке тұлға). әрбір адам-құқық субьектісі. Бірақ, құқықта субьектілердің басқа да категориясының барлығы мәлім. Бұл – ұжымдар, толып жатқан ұйымдар, кәсіпорындар, қоғамдар және т.б. да құқық пен міндеттердің иелері болып табылады. Жоғарыда айтқанымыздай екі категориялы құқық субьектілерін (яғни адамдар мен ұйымдар) бір-бірінен ажырату үшін заңгерлер бұларды жеке тұлғалар және заңды тұлғалар деп бөледі. Жеке тұлға дегеніміз-Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар. Заңды тұлға деп мекемелерді, ұйымдарды, кәсіпорындарды және т.с.с. атайды.
2. Азаматтардың әкімшілік - құқықтық мәртебесі мыналарды қамтиды:
- Жалпы құқық субъектілері (құқықтар мен міндеттерді иемдену мүмкіндігі және оларды өз бетімен жүзеге асыру мүмкіндігі);
- Салалық құқық субъектілікті (әкімшіліктік құқықтық қатынастарға қатысушы болуға қабілеттілік);
- арнайы құқық субъектілік (арнайы құқықтық нормалармен қамтамасыз етілетін, қорғалатын белгілі бір құқықтық қатынастарға қатысушы болуға қабілеттілік);
3. Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқтар да әкімшілік құқық субъектісі болып табылады. Бұл жеке тұлғалардың жалпы құқықтары мен міндеттері басқа арнайы құқықтық мәртебе болады. Әкімшілік құқық тұрғысынан алғанда бұл адамдарда тиісті құқықтық рәсімдеу болады, олар тұрақты тұратындар және уақытша келгендер болып топтасады. Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқтар Қазақстан Республикасының заңдарына бағынады.
4. Әкімшілік құқықтық мәртебесінің мына элементін байқауға болады:
Әкімшілік құқықтық қабілеттілік және әрекет қабілеттілік; мемлекеттік басқару өндірісіндегі құқықтар мен міндеттер; азаматтардың құқықтары мен бостандығына әкімшілік құқықтық кепілдік. Әкімшілік құқықтық мәртебенің негізі элементіне баға бергенде кейбір бұрынғы көзқарастардан арылу қажет. Егер бұрын азаматтардың құқықтары мен бостандығының сипаттамасы едәуір деңгейде мемлекеттік басқару өрісін зерттеу режимімен реттелсе, бүгіндн басқару режимі өзгермейді. Құқықтық субъекті дегеніміз тұлғаның құқықтары мен міндеттері болып оны жүзеге асыруға алу мүмкіндіктері мен қабілеттіліктері. Әкімшілік құқық субъектісі болу үшін азаматтар тек құқық қабілеті ғана емес, сонымен қатар құқық шеңберінде ұсынылған қызметтерді иемденуге, пайдалануға дайын болуы тиіс. Әкімшілік әрекет қабілеттіліктің болуы азаматтағы құқықтың басқа салаларындағы әрекет қабілеттіліктенбұрын туындайды, сондықтан да бастапқыда қызмет көрсетудің қанағаттандырылуын таңдау үшін алғышарт жасалады. (білім беру, рухани, материалдық, медициналық).
5. Қазақстан Респуликасының жеке тұлғалары мен мемлекеттік органдар, мекемелер, мемлекеттік емес ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер, т.б. әкімшілік құқықтың субъектілері болып табылады. Мемлекеттік органдар:
Қазақстан Республикасының Парламенті, Үкіметі, Жергілікті атқарушы органдар, бұлар да субъектілері болып табылады.
6. Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасының атқарушы билер Үкіметтің қолында. Олар атқарушы органдардың жүйесін, қызметін қадағалап отырады. Үкімет Республикалық бюджет жасайды және оның орындалуын қамтамасыз етеді. Парламент заң жобаларын енгізеді және оның орындалуын жүзеге асырады және мемлекеттік меншікті басқарады. Жергілікті органдардың қызметіне басшылық жасайды.
1. Мемлекеттік қызмет мемлекет қызыметінің құрамдас бір бөлігі. Ол мынандай міндеттерді шешуге арналған:
- Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары негізінде мемлекеттің және мемлекеттік органдардың функцияларын жүзеге асыру;
- мемлекеттік органдардың өз құзіретіне сәйкес тиімді қызмет атқару үшін жағдай тудыру болытптабылады;
- басқарушылық қызметтің ұйымдастрылуын жетілдіру;
- азаматтардың құқықтары мен бостандығын қамтамасыз ету;
Мемлекеттік қызмет белгілі бір принциптерге – заңнамада бекітімін тапқан басты идеяларға негізделеді. Принциптер көп, себебі олар Қазақстан Респуликасының бірыңғай мемлекеттік билігінің барлық тармақтарын біріктіре отырып жүйе құрушы міндеттерді атқарады. Мемлекетті биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот билігімен бөлінгенімен, мемлекеттік қызмет жүйесінің бірлігі принципі. Бұл принцип мемлекеттік билік көзінің ортақ екендігін негіздеген.
2. Мемлекеттік қызмет туралы заңнама мемлекеттік қызметкерлердің екі санатқа бөлінеді:
- Саяси қызмет атқаратын мемлекеттік қызметкерлер.
- Әкімшілік қызмет атқаратын мемлекеттік қызметкерлер.
Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлердің әрбір санатында «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңда көрсетілген ережелермен қатар өзіндік жеке құқықтық мәртебесі болады.
3. Мемлекеттік қызметкерлердің білімінің, біліктілігінің деңгейі мемлекеттік басқару аппаратындағы нақты қызметтің талаптарын қанағаттандыруға тиіс. Мемлекеттік қызмет туралы заңнамада мемлекеттік қызметкерлерге қойылатын жалпы, тыйым салынатын және шектейтін талаптар біршама анық баяндалған. Жалпы талаптармен қатар заңнама тыйым салынатын, яғни мемлекеттік қызметкерлер мәртебесімен сыйыспайтын жағдайлар белгілеуі мүмкін. Басқаша айтқанда, мемлекеттік қызметке мына адамдар алынбайды:
- әрекет қабілеттілігі жоқ немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылған;
- белгілі бір мерзім аралығында мемлекеттік қызмет атқару құқығынан сот айырған;
- Лауазымды өкілеттіліктерді атқаруға медициналық қайшылықтары бар және біліктілік талаптарына сай келмейтін;
- заңда белгіленген шектеулерді қабылдаудан бас тарту;
- ұйымдасқан жемқорлық қылмысы үшін мемлекеттік қызметке тұрарға дейінгі бір жыл ішінде тәртіптік жауаптылыққа тартылған;
- мемлекеттік қызметке тұрарға дейінгі бір жыл ішінде сот тәртібінде әкімшілік жазаға тартылған;
- заңда белгіленген тәртіпте соттылығы жойылмаған адам;
4. Арнайы құқықтары мен міндеттеріне мыналарды жатқызуға болады:
- басқару мәселесін даярлау және шешу;
- заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарының және басқа да нормативтік актілердің дұрыс орындалуын қадағалау;
- заңдардың, жарлықтардың, қаулылардың және басқа да нормативтік құқықтық актілердің орындалуын ұйымдастыру;
- арнайы мәртебенің және белгіленген тәртіпке іске асырылатын өктем биліктің болуы;
- биліктің тиісті ресурстарын иемденіп мемлекет мүддесін білдіре алу;
1. Басқарудың құқықтық актілері атқарушы билік органдары мен лауазымды адамдардың заңдылық сипаты бар, яғни заңдардың орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған қызметіне байланысты қарастырылады. Басқарудың құқықтық актілеріне мынадай сипаты болады:
- заңдық күш болады;
- ресми белгіленген қаражаттарда көріністабады.
- органның немесе лауазымды адамның заңдық өктемділігін білдіру;
Басқарудың құқықтық формаларына мыналар жатады:
- Нормативтік құқықтық актілерді дайындау және қабылдау;
- Шарттар жасау;
Нормативтік құқықтық актілерді дайындау және бақылау - жария мүддені тек заңдардың көмегімен қамтамасыз ету мүмкін болғандықтан атқарушы билік органдарының әкімшілік норма шығаруға мұқтаждығымен байланысты қызметінің негізгі түрі.
2. Басқарудың әдістері дегеніміз:
- әкімшілік құқығы субъектісінің қызметін ұйымдастыру;
- басқару процесінде туындайтын нақты мәселелерді шешу;
- басқарылатындардың ырқына ықпал ету тәсілдері;
Басқару процесінде нақты мәселелер жеке ақылдасып немесе бірлесіп шешілуі мүмкін. Бұл шешімдер қаулы, бұйрық, нұсқаулық түрінде рәсімделді. Мемлекеттік басқару дегеніміз – билікті – ұйымдық қызмет. Бұл қызмет билікке және бағынуға негізделген, ол мәжбүрлеу арқылы қамтамасыз етіледі. Мемлекеттік қызмет туралы заңнама мемлекеттік қызметкерлердің екі санатқа бөлінеді:
- Саяси қызмет атқаратын мемлекеттік қызметкерлер.
- Әкімшілік қызмет атқаратын мемлекеттік қызметкерлер.
Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлердің әрбір санатында «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңда көрсетілген ережелермен қатар өзіндік жеке құқықтық мәртебесі болады.
3. Мемлекеттік басқару дегеніміз – билікті- ұйымдық қызмет. Бұл қызмен билікке және бағынуға негізделген. Ол мәжбүрлеу арқылы қамтамасыз етеді. Мұндай басқарудың мәні заңдары, жарлықтары және басқа нормативтік құқықтық актілерді қамтамасыз етуге бағытталған, сондықтан ол азаматтарға, бағынышты және басқа ұйымдарға бағытталған.
1. 60- жылдары кеңестік құқықтануда басқару әдістері әкімшілік – құқықтық және экономикалық болып бөлінеді. Басқарудың экономикалық әдістері азаматтардың материалдық мүдделеріне әсер етеді, ал әкімшілік – құқықтық әдістер мемлекеттік органдардың мүдделеріне ғана әсер етеді деп саналады. Сонымен қатар, әкімшілік – құқық әдістері мемлекет пен қоғамның барлық өрісінде, әсіресе экономикада күшпен басқару құралы ретінде қаралады. Бірақ жекелеген лауазымды адамдардың зорлық – зомбылығын басқарудың әкімшілік – құқықтық әдіс деп қарауға болады. Экономикалық саланы мемлекеттік басқару:
- Мемлекеттік меншікті басқару.
- Кәсіпкерлік қызметті басқару.
- Өнеркәсіпті басқару.
- Агроөнеркәсіпті басқару.
- Жол – көліктік кешен мен байланысты басқару.
- Құрылыс – тұрғын үй кешенін басқару.
- Экологиялық саланы басқару.
- Сауда мен кеден ісін басқару.
- Бюджет, қаржы, несие және салалық саласын басқару.
2. Үйлестіру әдісі белгілі бір әлеуметтік институттармен: құндылықтық бағдармен, мұқтаждықтармен, әлеуметтік бағалаумен және мүдделермен байланысты болуы мүмкін. Сонымен қатар, әлеуметтік бағдардың қалыптасуының әлеуметтік – психологиялық жаратылысында өзіндік ерекшелігі бар, ол мұқтаждықты түйсінуден, оны қанағаттандырудың шарттары мен формаларына ұғынып ұмтылудан тұрады. Құндылыққа бағдарды құқықтан, заңды білуден тысқары қалыптастыру мүмкін емес. Әлеуметтік – мәдени саланы мемлекеттік басқару түрлері:
- Білім беруді басқару.
- Ғылым саласын басқару.
- Мәдени саласын басқару.
- Еңбек және әлеуметтік даму саласын басқару.
- Туризм саласын басқару.
3. Әкімшілік – саяси саланы мемлекеттік басқару: Қорғаныс саласын басқару, қауіпсіздік саласын басқару, ішкі істер саласын басқару, сыртқы істер саласын басқару, әділет саласын басқару болып табылады. Бұлар да әкімшілік кодексіне бағынып, талаптарды орындайды.
1. Әкімшілік – құқықтық режимдерді жалпы, қосымша және арнайы деп топтастырылуға болатындығын негізе аламыз. Жалпы режим әкімшілік құқықты құқықтық қамтамасыз етудің барабар шараларына мұқтаж әкімшілік – құқықтық қатынастардың дамуын сипаттайды. Қосымша әкімшілік – құқықтық режимдер салалық құқық субъектілікпен ұштасады, бұл жағдайда азамат немесе басқа тұлға, әкімшілік құқық субъектісі болғандықтан белгілі бір құқықтық қатынастарға кіре алады. Арнайы дағдылы режимдер құқықтық жай – күйдегі немесе әкімшілік құқық қатынастарды шегіндегі талаптардың тиянақтылығымен, тұрақтылығымен сипатталады.
2. Төтенше жағдайдың әкімшілік құқықтық режимі нақты және заңдық мән – жайлар жеткілікті болғанда ғана енгізіледі. Нақтылы мән – жайларға мынаны жатқызуға болады:
- конституциялық қозғалыстың өзгеруімен, зорлық – зомбылықпен, жаппай тәртіпсіздікпен және әлеуметтік дау – жанжалмен ұштасатын әрекеттер;
- халықтың өмірі мен денсаулығын қорғау;
- дүлей апат, масштабты техногендік опат нақты қауіп төндіргенде мемлекеттің уәкілетті органдары көрсеткен негіздемелер бойынша;
3.Мұндай жағдайда Қазақстан Республикасының Конституциясы, Республикаға қарсы агрессия жасалғанда, Президентке Қазақстаннгың барлық аумағында немесе оның жекелеген аймақтарында әскери жағдай енгізуге, ішінара немесе жаппай әскер қатарына шақыруға және сол жайында Республика Парламентін дереу хабардар етуге құқық берген. Соғыс жайындағы жариялаyes немесе Президенттің тез арада соғыс жағдайын енгізуі, оның қорғаныс туралы заңнамаға және халықаралық міндеттемелерге сәйкес жүзеге асырылуы соғыс уағының және агрессияға ұйымдасып қарсы шығуының бастапқы кезеңі болып саналады.
4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы сызық және ол арқылы өтетін тік бет деп анықталады, ол – аумақтың шегін - Қазақстан Республикасының құрылығын, суын, жер қойнауын және әуе кеңістігін анықтайды. Мемлекеттік шекараны күзетуді қамтамасыз ететін іс – шаралардың тізбегі мемлекеттік шекара режимін құрайды. Мемлекет шекарасы дегеніміз – ішінде мемлекеттің егемендік билігі таралатын кеңістік шегі.
1.Заңдық, оның ішінде әкімшілік жауапкершілік мемлекеттік құқық бұзушылықққа қарсы қолданылатын амал болып табылады. Әкімшілік жауапкершілікті Парламент, Президент, Үкімет белгілей алады. Заңнамада белгіленген шекте және әкімшілік жауапкершілікті көздейтін шешімдер қабылдауға, сонымен қатар, мемлекеттің жергілікті өкілді және атқарушы органдары да құқылы. Белгілеріне келетін болсақ:
- Әкімшілік жаза шараларын қолдану;
- Құқық бұзушылықтан сақтану;
- ар – намысын таптау, оған күйзеліс келтіру, жеке тұлғаның іскерлік беделін түсіру мақсаты болмайды.
2. Құықтар мен міндеттердің иесі бола білу, азаматтық айналымда құқықтың дербес субьектісі ретінде қатысу, біз жоғарыда айтқанымыздай, жеке тұлғаға ғана емес, заңды тұлғаларға да тән. Заңды тұлғалар да Әкімшілік кодексіндегі бабтарға жүгінуі керек. Егер де ондаға бабтарға бағынбаса, оларға жаза түрін қа\олданылады.
3. Әкімшілік жауаптылық:
- құқыққа қарсы жасалған әрекетфактісі үшін;
- әкімшілік – құқықтық нормаларда көзделген жағдайларда;
- уәкілеттігі бар органдарарқылы сот және әкімшілік тәртібінде қолданылады. Әкімшілік жаза арқылы тәртіп орнатылады. Әкімшілік жазаны:
- тиісті органдар мен лауазымды адамдар өз құзіреті шегінде;
- егер айыптының әрекетінде әкімшілік теріс қылықтың құрамы болса;
- егер құрам ӘҚтК- нің тиісті нормаларында немесе әкімшілік құқық бұзушылықты реттейтін басқа да нормативтік актілерде бекітілсе;
- егер осы баптың санкциясында жасалған құқық бұзушылық үшін жауаптылық көзделсе;
4. Әкімшілік құқық бұзушылық дегеніміз – жалпыға міндетті әкімшілік – құқықтық нормаларды бұзатын және әкімшілік жаза түріндегі жауаптылықты тудыратын заңсыз айыптық әрекет не әрекетсіздік. Әкімшілік құқық бұзғандықтың белгілеріне мыналар жатады:
- заңға қайшылық;
- кінәләләк;
- жаппай жасалау;
- әкімшілік жолмен жазалауға жататындар
Әкімшілік құқық бұзушылық ырықтық іс – әрекет актісі болып табылады, ол өзіне іс – әрекеттің екі аспектісін – әрекеттік немесе әрекетсіздік көрініс береді.
5. Әкімшілік құқық бұзушылықтың заңи құрамы дегеніміз – қандай да бір әрекеттердің заңға қайшы, кінәлі деп танылған, әкімшілік жауапкершілікке алып келу үшін қажетті, әкімшілік заңнамада белгіленген белгілер жиындығы. Объективтік жақ әкімшілік құқық бұзушылықтың сыртқы көрінісі, іс – әрекеттің өзін сипаттайды.
1. Әкімшілік құқық нормасы қандай да бір әрекетке әкімшілік – құқықтық тыйым белгілейді және әкімшілік – құқықтық санкцияның болуын көздейді, сол арқылы ереженің сақталуын қамтамасыз етеді, ал ол бұзылған жағдайда жаза қолданылады. Әкімшілік жазаның мына мақсаттарын анықтауға болады:
- құқық бұзушының өзінің де, басқа адамдардың да қайтадан құқық бұзуының алдын алу;
- іс әрекет үшін әкімшілік заң нормаларында көзделген тиісті жауапкершілік шаралары;
- құқық бұзушының әкімшілік заң нормаларына сәйкес тәрбиелеу;
- әкімшілік құқық бұзушылық жасаудан сақтандыру жұмыстары;
2.Әкімшілік жазаның түрлері 4 бөлінеді.
- Ескерту
- Айыппұл салу
- Әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралы
- арнаулы құқықтарынан айыру
Ескерту жасау- елеусіз әкімшілік теріс әрекет жасағандық үшін көзделген әкімшілік жауапкершіліктің өзінше дербес шарасы ретінде қолданылады.
Айппұл салу – ақшалай жаза қолдану, дәл мөлшердегі ақша сомасын арқылы салынады.
Арнайы құқығынан айыру 4 бөлінеді.
- Көлік құралын жүргізу құқығы
- Шағын кемелерді жүргізу
- Балық және аң аулау
- қаруды сақтау және тасмалдау
3. Әкімшілік жазаны:
- тиісті органдар мен лауазымды адамдар өз құзіреті шегінде;
- егер айыптының әрекетінде әкімшілік теріс қылықтың құрамы болса;
- егер құрам ӘҚтК- нің тиісті нормаларында немесе әкімшілік құқық бұзушылықты реттейтін басқа да нормативтік актілерде бекітілсе;
- егер осы баптың санкциясында жасалған құқық бұзушылық үшін жауаптылық көзделсе;
ӘҚтК-нің 61 бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылықты жеңілдетілетін мән – жайларға:
- кінәлә адамның өкінуі;
- кінәлі адамның құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарын болдырмауы, залалды өз еркімен өтеуі немесе келтірілген зиянды жоюы;
- Әкімшілік құқық бұзушылықты кәмілетке толмаған адамның жасалуы;
Жауапкершілікті ауырлататын мән – жайлардың тізімі ӘҚтК-нің 62 бабында көрсетілген және онда басқа жоқ. Оларға мыналар жатады:
- өкілетті органдардың тоқтатуды талап еткеніне қарамастан құқыққа қайшы әрекетті әрі қарай жалғастыру;
- кәмілетке толмаған адамды құқық бұзушылыққа тарту;
- құқық бұзушылықты мас күйінде жасау;
4. ӘҚтК-нің 65 бабына сәйкес әкімшілік жазалардың мерзімі жылдарымен, айлармен немесе күнтізбелік күндермен есептеледі. Әкімшілік құқық бұзушылық жасалғаннан кейін екі ай өткен соң жеке адамға қарсы әкімшілік жаза қолдануға болмайды, ал әкімшілік құқық бұзушылықты қоршаған ортаны қорғау саласында жасалса 6 айдан кейін, салық салу саласында жасаса – 3 жыл өткен соң әкімшілік жаза қолданылмайды.
5.Әкімшілік теріс қылықтың көптігін анықтаудың критерийлері:
- Көптік дегеніміз, бәрінен бұрын – әкімшілік құқық бұзушылықтардың өзінше бөлек құрамдарының болуы;
- Бірнеше өзінше бөлек құрамдардың болуы олардың субъектісі болғанда ғана көптікті құрайды, ал бұл құқық бұзушылықтың субъектісі – адам.
- Әкімшілік теріс қылықтың көптігі үшін жаза қолданғанда айыптыны құқықтық жауапкершілікке тартуға кедергі болатындай мән – жайлар болуы тиіс;
- Көптікті анықтауда субъекті көрсеткен мінез- құлықтың да маңызы бар;
6 Егер де ӘҚтК- нің бабтарына қарсы тұрып, оны орындамай бағынбаса, әкімшілік тыйм салу шаралары қолданылады. Әкімшілік жаза да қолданылуы мүмкін:
- тиісті органдар мен лауазымды адамдар өз құзіреті шегінде;
- егер айыптының әрекетінде әкімшілік теріс қылықтың құрамы болса;
- егер құрам ӘҚтК- нің тиісті нормаларында немесе әкімшілік құқық бұзушылықты реттейтін басқа да нормативтік актілерде бекітілсе;
- егер осы баптың санкциясында жасалған құқық бұзушылық үшін жауаптылық көзделсе;
7. Тиым салу – бұл заңмен тиым салынған әрекеттерге тиым салу болып табылады. Яғни адамның абыройын түсірмеуге, беделіне нұқсан келтірмеуге тиым салу жатады.
1. Құқықтың дәстүрлі іс жүргізу салаларында, оның ішінде әкімшілік – іс жүргізу саласында құқық қолдану қызметі неғұрлым майда бөліктердің – өндірістердің – жиындығынан тұрады, яғни процес дегеніміз өндірістер жиындығы. Принципіне келетін блсақ:
- басқару заңдылықтарын сипаттайтын жалпы басқарушылық;
- басқарудың құқық шығару және құқық қолдану өрісіне жалпы іс жүргізу заңдылықтарының өзіндік әрекетін сипаттайтын іс жүргізушілік;
- жария мүдде мен тараптар мүдделеріне есеп жүргізу;
- әкімшілік процеске қоғамдық бақылау жасау;
- ұлттық тең құқылық;
- заңдылық;
2.Әкімшілік процестегі субъектілері жеке (азаматтар, шетел азамттары, азаматтығы жоқ адамдар) және заңды (меншіктің сипатына, ұйымдастырудың құқықтық формасына қарамастан) тұлғалар бола алады. Қазақстан Республикасының азаматтық әкімшілік процестің толық құқылы субъектілері тараптары бола алады. Көптеген өндірістің субъектілері, республика заң актілерінде көрсетілген шектеулерді қоспасақ, Қазақстан аумағында жүрген шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар да болады.
3. Азаматтар құқықтары кепілдігінің бірінші тобы – сол құқықтардың жүзеге асуын қамтамасыз ететін процедуралар негізделген принциптер. Әкімшілік процесс жүргізу жағдайына жасалған талдау, мұндай принциптерді уәкілетті органдардың тиісті шешімдер қабылдау барысында басшылыққа алатын негізгі идеяларының кескіні деп сануға болады.
4. Барлық процестер сатыларға бөлінеді – процесс субъектілерінің қисынды байланыстағы, бірінен кейін бірі кезектесіп келетін әрекеттері. Әкімшілік процеске келетін өндірістердің кез – келгені үшін де ортақ болып келетін мынадай сатылары бар:
- шешімін күткен проблемаларды анықтау;
- бұл проблеманы талдау және шешім жобасын даярлау;
- жобаны қарау;
- жобаны бекіту, шешім қабылдау;
- оны орындаушыға жеткізу;
- шешімнің орындалуын ұйымдастыру және оның орындалуын бақылау;
- қажет болған жағдайда бұрын қабылдаған шешімді қайта қарау, оны түзету, әрекеттерді бұзу не тоқтату;
5. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша өндірістің мынадай міндеттерін заң анықтап берген:
- әр істің мән – жайын уақытылы, жан – жақты, толық және әділ айқындау;
- оны заңнамаға дәл сәйкестендіріп шешу;
- шығарылған қаулының орындалуын қамтамасыз ету;
- әкімшілік құқық бұзушылық жасауға итермелейтін себептер мен жағдайларды айқындау;
құқық бұзушылықтың алдын алу, азаматтардың заңды сақтау рухында тәрбиелеу, заңдылықты нығайту;
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша өндірістің 2 түрін бөліп алуға болады:
- әдеттегідей
- оңайлатылған
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекске сүйеніп әкімшілік өндірісте бірнеше дербес іс жүргізу сатыларын бөліп алуға болады: Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау, істі қарау, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулы шығару, қабылданған шешімді орындау, шешімге шағым және наразылық келтіру.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет