Әкімшілік-кү-кыктык нормалар мсн қатынастар


Әкімшілік-құқықтық қатынастар түсінігі, мазмұны



бет4/5
Дата07.02.2022
өлшемі74 Kb.
#86450
1   2   3   4   5
Байланысты:
6=әкімшілік-құқықтық нормалар мен қатынастар

3. Әкімшілік-құқықтық қатынастар түсінігі, мазмұны.


Әкімшілік - құқықтық нормалардың көптеген түрлері бар. Оларды әр түрлі түлерге бөлудің негіздемелері мыналар: мазмұны; белгіленген ережелер көрінісінің нысаны; олардың ықпалы таратылатын тұлғалар тобы; нормалардың кеңістіктегі әрекетінің тәртібі және басқа белгілер болып табылады.


Әкімшілік - құқықтық нормалар мазмұны жағынан құқықтық институттарға топтастырылады - олармен реттелінетін қоғамдық қатынастардың мазмұны бойынша ұқсас болатын белгілі бір құқықтық нормалардың жиынтықтары. Осыған сәйкес тым есепсіз көп әкімшілік - құқықтық нормалар:
Әкімшілік - құқық субъектілерінің: азаматтардың, атқарушы билік органдарының мемлекеттік қызметшілердің, кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың құқықтарын, міндеттері мен жауапкершіліктерін (мәртебесін) бекітетін;
атқарушы билікті жүзеге асырудың нысандары мен әдістерін айқындайтын;
қылмыс болып табылмайтын құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауапкершілік белгілейтін;
әкімшілік — іс жүргізу қызметін реттейтін;
атқарушы билік органдарының қызметінде зандылықты қамтамасыз ететін;
экономика, әлеуметтік - мәдениет және әкімшілік - саяси аяларда мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру туралы негізгі ережелерді айқындайтын нормалар түрлеріне бөлінеді.
Әкімшілік - құқықтық нормалармен реттелінетін қатынастарға қатысушылардың құқықтарын, міндеттері мен жауапкершіліктерін айқындайтын нормалар - тобын материалдық деп атау алынған — мысалы, мемлекеттік басқару субъектілері туралы көптеген ережелердің баптары. Материадық құқық нормаларын жүзеге асырудың тәртібін (рәсімдеуін) айықындайтын әкімшілік - құқықтық нормалар процессуалдық деп аталады — мысалы, істердің тиісті сыныптары бойынша іс жүргізуді реттейтін әкімшілік - құқық бұзушылық туралы ҚР-сы кодексінің (ӘҚБтК-тің) бөлімдері.
Әкімшілік құқық курсын оқып білу кезінде әкімшілік - құқықтық нормаларды олардың мазмұны бойынша бөлудің маңызды мәні бар, өйткені ол көлемді нормативтік материалды белгілі бір жүйелілікпен топтастыруға мүмкіндік береді.
Әкімшілік - құқықтық нормалар көрінісінің нысаны бойынша (реттелінетін қатынастардың қатысушыларына ықпал ету тәсілі бойынша ) міндеттейтін, тиым салатын, уәкілеттік беретін (рұқсат (ерік) беретін), ынталандыратын (көтермелейтін) және ұсынылатын болады.
Міндеттейтін нормаға, яғни тиісті түрде іс әрекет жасау жөнінде нұсқама қаралған Су кодексінің 42 бабы мысал - болып табылады. Ол бойынша су пайдалушылар суды үнемді жұмсауға міндетті. Мұнда тиым салу да: табиғи ортаға және шаруашылық объектілеріне зиян келтірмеу; басқа су пайдаланушы құқыларының бұзылуына жол бермеу қаралған.
Уәкілеттік беретін рұқсат ететін нормалар, мысалы, "ҚР-ның ішкі істер органдары туралы" 1995 ж. 21-желтоқсандағы заңның Ш-тарауы 12-14 баптары болып табылады. Онда ішкі істер органдарының өздеріне жүктелген міндеттерін орындау кезіндегі рұқсат берілген іс-әрекеттердің түрлері, атыс қаруын, арнайы құралдар мен күш қолданудың шарттары мен шектері толығынан айқындалған.
Ынталандыратын /көтермелйтін/ нормалар реттелінетін басқарушылық қатынастарға қатысушыларға олардың қажетті мінез-құлқын қамтамасыз ету мақсатында материалдық және моральдық ықпал ету құралдарын /шараларын/ қарайды, мысалы, белгілі бір жеңілдіктер беруді.
Әкімшілік-құқықтық нормаларды мерзімі, кеңістігі және тұлғалар тобы бойынша әрекет ету тәртібі жөнінен бөлудің маңызды мәні бар.
Жалпы тәртіп бойынша әкімшілік-құқықтық нормалар оларды орындаушылар назарына жеткізген соттан бастап күшіне енеді, яғни әрекет жасай бастайды. Жекелеген жағдайларда олар нормативтік актіде көрсетілген мерзімнен бастап күшіне енеді.
Құқық нормасының қолданылуы Кодексте белгіленбеген мерзімге есептелінеді, бірақ олардың қолданылуының мерзідік шарттары қаралуы мүмкін, мысалы, белгілі бір аумақта төтенше жағдай енгізілген кезеңге. Жалпы тәртіп бойынша нормативтік актінің, егер онда өзгеше айтылмаса, кері күші болмайды.
Әкімшілік - құқықтық норманың кеңістікте қолданылуы актіні шығарған органның атқаратын қызмет жағдайымен байланысты.
Осының негізінде бүкіл Республика немесе аймақ аумағында қолданылатын нормаларды; салааралық және салалық сипаты бар нормаларды; локальдық /ішкі ұйымдастырушылық/ сипаты бар нормаларды /және актілерді/ айырады.
Жеке тұлғалар тобы бойынша әкімшілік-құқықтық нормалардың күші олар белгілейтін ережелердің барлық азаматтарға немесе олардың жекелеген топтарына таратылумен байланысты /әскери қызметшілер, қашқындар, белгілі бір министірліктің қызметкерлері және т.б/ - бұлар арнайы субъектілер деп ата- келген өзге нормасы сияқты, әкімшілік-құқықтық норма да гипотезадан, диспозициядан және санциядан тұрады.
Гипотеза норманы жүзеге асырудың шынайы шарттарын, мән-жайларын көрсетеді, солар болған жағдайда тиісті түрде іс-әрекет жасау керек немесе жасауға болады.Әкімшілік құқық нормасының гипотезасымен қаралатын жағдайлар әкімшілік құқық қатынастарын туғызатын, өзгертетін немесе тоқтататын заңдық айғақтар /фактілер/ болып табылады. Мысалы, ӘҚБтК-тің 32-6 әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде он алты жасқа толған адам әкімшілік жауаптылықта болуга тиіс деп бекіткен. Бұл жерде көрсетілген жасқа жету кінәліні әкімшілік жауапкершілікке тартуға оған уәкілетті органдарға құқық береді.
Диспозиция - әкімшілік-құқықтық норманың негізгі бөлігі - құқықтың осы нормасымен нұсқама жасалынатын /міндеттелетін/ рұқсат берілмейтін немесе ұсынылатын мінез-құлық ережесінің өзін айқындайды.
Әкімшілік-құқықтық норманың санкциясында осы нормамен белгіленген ережені бұзушылар үшін туындайтын жағамсыз салдарлар көрсетіледі.
Әкімшілік-құқықтық норма қаңдай да болмасын актінің бабының немесе параграфының мазмұнына бара-бар емес. Бұл норманың ерекшелігі сол, санкция /бірқатар жағдайларда гапотеза да/ осы норма енгізілген актінің мазмұнында әрқашанда тікелей көрініс таппайды, - көбінесе ол басқа актімен қаралады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет