«Экология және тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі негіздері» пәні бойынша



бет16/81
Дата02.03.2022
өлшемі224,43 Kb.
#133896
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   81
Байланысты:
Курс лекции ЭиТӘҚ негіздері-1
Базиева.Е Сро 8 тарих, Базиева.Е Сро 8 тарих, 1514444019
Физико-химиялық əдiсте ағызынды сулардан ерiген органи-калық емес қосылыстар бөлiнiп, органикалық заттар ыдыра-тылады. Көбiнесе электролиз қолданылады. Электролиз кезiн-де ағызынды сулардағы органикалық заттар ыдырап, металл-дар, қышқылдар мен басқа да органикалық емес қосылыстар бөлi-нiп алынады. Электролиттiк тазарту электролизер деп аталатын арнаулы қондырғыларда жүзеге асырылады. Ағызынды суларды электролиз арқылы тазарту əсiресе, қорғасын, мыс өнеркəсiптерi мен бояғыш заттар өндiрiс орындарында тиiмдi.
Кесте 5
Əлемдік су қоры



Атаулары



Ауданы
млн. км2



Көлемі, мың
км.

Жалпы
су қоры

Тұщы
су қоры

Əлемдік мұхит

361,4

1338000

96,5

-

Жер асты
сулары Оның ішінде:

134,8

23400

1,7

-

Тұщы жер асты сулар

-

10530

0,76

30,1

Топырақ ылғалы

82,0

16,5

0,001

0,05

Мұздықтар мен ерімейтін
қар сулары

16,

24064

1,74

68,7

Жер асты мұздықтары

631.95:631.82

300

0,022

0,86

Көл сулары













Тұщы

21,0

91,0

0,007

0,26

Ащы

-

85,4

0,006

-

Батпақтар суы

1,24

11,5

0,0008

0,03

Өзендер суы



0,82

2,1

0,0002

0,006

Атмосферадағы су

2,68

12,9

0,001

0,04

Организмдердегі су

148,2

1,1

0,0001

0,003

Жалпы қоры

510,0

1385984,6

100,0

-

Тұщы судың жалпы қоры

-

35029,2

2,53

100,0

Ластанған ағызынды суларды ультрадыбыс, озон, иониттер мен жоғары қысым арқылы да тазартуға болады. Ал химиялық əдісте суды тазарту үшiн химиялық реагенттер, мысалы, хлор жəне оның хлорамин, хлорлы iзбес, натрий гипохлоритi сияқты қосылыстары қолданылады.


Кесте 6
Əлемдегi ең iрi өзендердiң сипаттамасы



Аттары

Ұзын-
дықтары, км

Көлемi, млн.

Судың
жұмсалуы, м3/сек

Континентi

Амазонка

6437

6,915

200000

Оңтүстiк Америка

Миссисипи

5971

4,268

18000

Солтүстiк Америка

Нiл

6670

2,870

3000

Африка

Янцзы

5800

1,808

34000

Азия

Объ

5410

2,990

12800

Азия

Хуанхэ

4845

0,771

1500

Азия

Меконг

4500

0,810

14800

Азия

Амур

4440

1,855

10900

Азия

Лена

4400

2,490

16800

Азия

Конго

4370

4,820

41000

Африка

Суды тазартудың биологиялық əдісі сулардың биохимиялық жəне физиологиялық өздiгiнен тазару құбылыстарының заңды-лықтарына негiзделген. Ағызынды суларды тазартудың биоло-гиялық қондырғыларының бiрнеше типтерi бар: биофильтрлер, биологиялық тоғандар мен аэротенклер, метантэнклер.


Аэротенклерге активтi ил — микроскопиялық өсiмдiктер мен жануарлар өсiрiп, үстiнен ағызынды сумен толтырады да, ағызынды суларды төменгi жағынан қатты ауа ағынымен үр-лейдi. Оттектiң (ауамен үрлегенде) жəне органикалық заттар-дың көп мөлшерiнде (ағызынды судағы) активтi илде бакте-риялар мен микрофауна қарқынды өсiп, көбейiп, бактериялар бiр-бiрiне жабысып, кесектелiп, органикалық ластаушыларды жай минералдық заттарға дейiн ыдырататын ферменттер бөле бастайды. Органикалық заттардың минералдану процесi жүре-дi. Органикалық заттардың мол қорымен қоректенген бакте-риялар активтi көбейе бастап, массалары ұлғая түседi. Бакте-риялардың кесектелген массалары бiртiндеп судың түбiне шө-гiп, ал су тазара бередi. Тұнған таза суды бөлiп алып, ал актив-тi илдiң суды тазарту функциясы əрi қарай жалғаса бередi.
Ағызынды суды тазартудың химиялық əдiстерiнiң ең көп қолданылатын түрi нейтралдау. Өнеркəсiп орындарының ағы-зынды сулардың көпшiлiгiнiң құрамында күкiрт қышқылы, тұз жəне азот қышқылдары көп кездеседi. Осы қышқылдар бола-тын суларды нейтралдау үшiн магнезит, доломит, iзбестастар қолданылады. Əдетте химиялық тазартудан соң биологиялық тазарту жүзеге асырылады.
Ағызынды суларды тазартуға жұмсалатын шығын өндiрiс орындарынаң жалпы сметалық құнының 10-15%, кейде 20-25% құрайды. Ағызынды суларды тазарту қондырғыларының өте қымбатқа түсуi, сол сияқты көбiнесе тек қана тазарту қон-дырғылары арқылы үздiксiз даму үстiндегi өндiрiс орындары-ның зиянды əсерiнен биосфераны қорғау проблемасын шешу мүмкiн еместiгi су көздерiн ластанудан қорғаудың неғұрлым тиiмдi жолдарын iздестiрудi қажет етiп отыр. Ал мəселенi шешу үшiн экологиялық жағынан қауiпсiз, аз қалдық шығара-тын, тiптi кейбiр жағдайларда қалдықсыз технологиялық процестердi енгiзу қажет.
Суды ластаушылардан бөлу үш этап арқылы жүзеге асыры-лады.
Бiрiншi реттiк тазарту. Ағызынды сулар iрi қатты қалдық-тардан тұндыру арқылы тазартылады.
Екiншi реттiк тазарту: ерiген органикалық заттарды бө-лу. Ағызынды суларды биохимиялық тазарту əдiсiнде кейбiр микроорганизмдер судағы ерiген органикалық заттармен қо-ректенiп, өсiп, дамып, көбейедi. Осылайша, ағызынды сулар органикалық заттардан тазарады.
Екiншi реттiк тазартудың келесi бiр көп таралған əдiсi там-шылы биофильтрлер арқылы тазарту. Бұл əдiсте судағы тек қана жүзiндi органикалық қосылыстар емес, ерiген қосылыстар да бөлiнедi. Тамшылы биофильтрлер арқылы 80-85% ерiген органикалық заттар тазарады.
Бiрiншi жəне екiншi реттiк тазарту арқылы ағызынды сулар-дан 90% органикалық ластаушыларды бөлуге болады.
Үшінші реттік тазарту: Үшiншi реттiк тазартудың негiзгi мақсаты — ағызынды судың құрамындағы азот жəне фосфор қосылыстарын бөлу. Осы элементтердiң қосылыстары суда балдырлардың қарқынды өсiп, дамуына себеп болады. Үшiншi реттiк тазартуда ластаушыларды химиялық реагенттермен тұнбаға түсiру арқылы суды тазартады.
Тазартудың осы үш этапынан кейiн суды ондағы қалған бак-териялар мен вирустардан тазарту үшiн хлорлап, жер бетiлiк суларға ағызады.
Суды ластанудан қорғауда оның санитарлық-гигиеналық жағдайы аса маңызды роль атқарады. Халықтың пайдаланатын ауыз суы таза, зиянды қоспасыз болуы керек. Сондықтан су көздерiнiң биологиялық, химиялық жəне бактериологиялық жағдайы үнемi бақылауда болады.


Қалдықсыз өндiрiстер
Биосфера ластануы ұлғаюының катастрофалық процестерi жəне осы негативтi əсерлердi жоюға жұмсалып жатқан шығын-дарға байланысты қазiргi заманғы өнеркəсiптегi технологиялық процестердi комплекстi экологиялық жəне экономикалық жағынан бағалаудың қажеттiгi туындап отыр.
Технологиялық процестердiң экологиялық тиiмдiлiгiн баға-лау үшiн өнеркəсiп өндiрiсiндегi қоршаған ортаға зиянды зат-тардың экологиялық көрсеткiшi қолданылады. Бұдан басқа екiншi бiр маңызды бағалау критериi — ресурс сыйымдылық көрсеткiшi — пайдалы өнiм шығару процесiндегi жұмсалатын энергия, су, ауа, шикiзат, т.б. табиғи ресурстардың үлесi. Өкi-нiшке орай, қазiргi кезде бұл көрсеткiштердiң үлесi өте жо-ғары. Қор үнемдегiш технологияларды қолдану тиiмдi болар едi. Бұл технологиялар табиғи ортадан алынатын шикiзаттарды үнемдеп пайдалану, технологиялық процесте қолданылатын материалдық жəне энергетикалық ресурстарды тиiмдi пайдала-ну, т.б. негiзiнде жүзеге асырылады.
Қалдықсыз өндiрiс, өндiрiске енгiзiлген табиғи ресурстарды неғұрлым тиiмдi жəне үнемдi пайдалану үшiн шешiмдер қа-былдау үшiн қажет.
Территориялық-өндiрiстiк комплекстер iшiндегi энергия мен заттар ағынына талдау нəтижесi, əрбiр келесi кезеңде алы-натын өнiмнiң массасы, алдыңғы кезеңдегi өнiмнiң массасынан түрлi: қатты, газ, сұйық күйдегi қалатын қалдық мөлшерiне аз болатынын көрсеттi. Ал бұл қалдықтардың өзiн де белгiлi мақ-сатта пайдалануға болады. Өндiрiстi интенсивтендiруге байла-нысты қалдықтар мен қосымша өнiмдердi өндiрiсте қайтадан пайдалануға мүмкiндiк беретiн жаңа экологиялық таза техно-логиялар пайда болды. Қалдықтардың түзiлуiн азайта отырып, өндiрiстiң рентабельдiгiн, ресурстарды пайдалану коэффи-циентiн көтеруге жəне соның нəтижесiнде табиғатты қорғау iс-шараларына жұмсалатын шығынды азайтуға болады.
Қалдықсыз өнiм өндiрiсiнiң мəнi жұмсалатын ресурстарды толық пайдалану арқылы биосфераның ластануына жол Бер-меу. Практика жүзiнде қалдықсыз өнiм өндiрудi жүзеге асыру өте қиын. Қалдықсыз өнiм өндiруге технологиялық процестер мен құрал-жабдықтардың тиiмдiлiгiн арттыру, рекуперацияны пайдалану, қоланылып келе жатқан технологиялық процестердi анағұрлым экологиялық жағынан таза процестермен алмас-тыру, т.б. арқылы жетуге болады.
Қалдықсыз өнiм өндiрiсiн енгiзуден бiз не күте аламыз? Практика көрсеткендей, олар: биосфераға келетiн шығынды төмендету, шикiзат пен энергетикалық ресурстарды үнемдеу, шикiзат базасын кеңейту, қалдықтарға жұмсалатын шығынды азайту, т.с.с.
Қалдықсыз өнiм шығару технологиясының ең жақсы мыса-лы хромдау гальваникалық цехының қазiргi заманғы техноло-гиясы. Бұл технология бойынша, шайылатын судағы ауыр металл иондары тазартқыш қондырғыға сiңiрiлiп, хромдау ваннасына қайтып келедi, ал тазартылған технологиялық су хромдалған детальдарды жууға қайтадан қолданылады. Бұндай мысалдарды көптеп кездестiруге болады.
Сонымен, қалдықсыз өнiм өндiрiстерi болашақта өнеркə-сiптiң биосфераға зиянды əсерiн түгелдей жою, табиғи ресурс-тарды өндiру, қайта өңдеу жəне пайдалану, өнiм өндiру кезiн-дегi келтiрiлетiн шығындарды толығымен жою проблемала-рын шешедi деп ойлаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   81




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет