Экологиялық білім қазіргі таңда жалпы білімнің бір бөлігі


Жаратылыстану, гуманитарлық пәндерде экологиялық білім мен тәрбие беру



бет7/32
Дата06.01.2022
өлшемі464,5 Kb.
#110124
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   32
Байланысты:
балау диплом

Жаратылыстану, гуманитарлық пәндерде экологиялық білім мен тәрбие беру.

Қазіргі кезеңде мектеп табалдырығын аттаған жасөспірімдерге

сыныптар деңгейінде берілетін барлық пәндер негізінде экологиялық білім мен тәрбие беру, яғни бір сөзбен айтқанда пәндерді экологияландыру деп те атайды. Яғни, дәстүрлі пәндерді оқыту барысында бұрыннан оқытылып келген тақырыптардың мазмұнына қосымша жаңа экологиялық мәліметтер баяндалады. Олар мазмұнына қарай: әлеуметтік-гуманитарлық пәндер, жаратылыстану пәндері болып табылады.

Гуманитарлық пәндер арқылы оқушылар – қоғам – табиғат арасындағы қатынастардың жалпы заңдылықтарымен таныса отырып олардың біртұтастылығы туралы экологиялық көзқарас қалыптасады.

Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру ісін мектеп тәжірибесінде жаратылыстану ғылымдары арқылы іске асыру қазіргі уақытта дәстүрге айналуда.

Биология пәндерінің әрбір тақырыбьның мазмұны экологиялық проблемаларды көтеріп онымен астарласып жатуы тиіс. Әсіресе, химия, география, биология, физика тағы басқа пәндердің негізгі идеясы мен мазмұны үздіксіз экологиялық білім берудіңі біртұтас жүйесі негізінде қалыптасады. Олар: табиғи орта, табиғи қорлар, ауа,су, жер ресурстары, биотоп, биоценоз, экожүйе, популяция, зат және энергия айналымдары, физикалық факторлар, ортаның физикалық жағдайлары, радиоэкологиялвқ жағлар, радиация, химиялық улыпрепараттар, биогенді элементтеің айналымы, қышқыл жауындар, озон тесігі, жылу эффектісі, өндіріс және автокөлік қалдықтары, экологиялық таза өнім, жаңа технология, биосфера тұрақтылығы, ноосфера, дам экологиясы тағы басқа көптеген экологиялық ұғымдардың жиынтығы негізінде оқушылардың дүниетанымдық көзқарасының экологиялық тұрғыда қалыптасуына жүйелі түрде берілуі қажет.

Жоғарғы тұжырымдарды ескере отырып, біз химия, биология, физика және география оқу бағдарламаларына анализ жасадық. Химия пәнінің оқу программасын зерттеу барысында экологиялық білімнің мынадай элементтерін оқушылар химия курсында игеруге тиіс екендігі анықталды.



Химия: Ортаның химиялық өлшемдерінің нормасы. Олардың адамның хмиялық іс-әрекетінің нәтижесінен өзгеруінің шегі мен бағасы. Химия өндірістерін экологияландыру: қалдықтарды тазалау және зиянсыздандыру, металдарды тотығудан сақтау. Қоршаған ортаның химиялық жағдайын бақылау.

Биология: Адамның сенсаулығы және табиғи ортаның көрсеткіштері. Биосфера – тіршілік бар шекарадағы жүйе. Биосферадағы тірі табиғаттың қызметі, биологиялық жүйеге табтғт антропогендік факторлардың әсер етуі Басқарылымы эволюция мәселелері. Табиғи ортаның байлығы адам денсаулығының кепілі: практикалық: эстетикалық, танымдық, адамгершілік қоршаған ортаның құндылығы.

Физика. Адамды қоршаған ортаның физикалық параметрлері – олардың физикалық антропогенді әсерлердің нәтижесінде өзгеруін бағалау, шудың деңгейінің жоғарылылығын радияция, электромагниттік сәулелену, шаңмен ластану және тағы басқа. Қоршаған ортаға тасталынған физикалық қалдықтар нормасы. Қоршаған ортаны ластанудан қорғанудың физикалық әдісі : экологиялық таза энергия көздерін игеру, экология жағынан таза өндірістерді ұйымдастыру принципі, қорғау құрылысының жұмыс істеу принципі.

География. Географиялық қабықтар - өмір сүретін орта және аданың қызметі. Өндірістік территориялық комплекстері – қоғам мен табиғаттың өзара әсерлесуінің саналы жаңа кезеңдері. Адам қызметінің табиғи ортаның өзгеруін бағалау. Адам қоғамының дамуыныңтабиғат жағдайларына ықпалы . Мемлекет табиғи-әлеуметтік жүйе: өндіруші күш пен өндірістік қатынастың даму деңгейі.

Физиологиялық пәндер саласында көркем әдебиет шығармашылық, поззия, жыр мен өлеңдер тағы басқа творчествалық туындылар оқуышаларға экологиялық тәрбие беруде үлкен роль атқарады. Бұл тұрғыда Ыбырай, Абай, Мұхтар, Олжас, Мұқағали, Қадыр, Мұқтар Шахановтағы басқа педагог ақын жазушылардың еңбектерін талда, ондағы экологиялықидеяны аша отырып, оқушылардың экологиялық сана сезіміне туғпн өлкесінің сұслулығын ұялату арқылы тәрбие беру өте ұтымды болр еді.

Көркемсурет пен музыка оқушыларға экологиялық тәрбие мөлдір бұлағы. Себебі, шебер салған сұлу табиғат көрініс, көгілдір аспан, аққудың пәк мүсіні, гүлдің құбылған түр түсі оқушының жан сезімін тербете отырып, оған деген аяушылық сезімін оятары сөзсіз. Ал, Арал апатының тағдыры бейнеленген «құлазыған шөл», батпандаған кемелер тағы басқа көріністері жөсөспірімнің жан-жүйкесін тітіркендіріп табиғат тағдырын тәлкек еткен адамдардың әреткетіне жиіркенішті сезімін оятары анық. Сондықтан пәндерді экологияландыру әрбір пән мұғалімінің экологиялық білім деңгеіне, парасттылығына ұстаздық шеберлігіне байланысты екені белгілі.




    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   32




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет