Негізгі абиотикалық факторлар және организмдердің соған бейімделуі Мекен ету ортасында тірі ағзаға әсер ететін экологиялық факторлардың көптүрлілігіне қарамай, олардың ағзаға әсер ету сипаты мен тірі ағзалардың жауап ретінде беретін реакциялары бойынша бірқатар жалпы заңдылықтарды көрсетуге болады. Тірі ағзаларға экологиялық фактордың әсерінің қолайлы немесе қолайсыз болуы, ең алдымен оның әсер ету күшіне байланысты. Фактордың жетіспеуі немесе шектен тыс көп болуы ағзалардың тіршілігіне қолайсыз әсер етеді.
Ағзаның тіршілігі үшін анағұрлым қолайлы болатын экологиялық фактордың интенсивтілігін оптимум деп атайды. Көптеген түрлердің гүлденуі, көбеюі үшін оптималды температуралар белгілі.
Т үрлердің мекен ету ортасының факторларының қандай да бір ауытқу диапозонына бейімделуге қабілетін экологиялық валенттілік деп атайды. 5- сурет.
Әр түдiң өкiлдерi оптимум шамасына және экологиялық валенттiлiгiне қарай ерекшеленедi. Мысалы, тундрадағы қарсақ ауа температурасының, шамамен 800С (+300С- дан -550С-ға дейiн) ауытқуына шыдай алса, ал жылы су шаяндары судың температурасының 60С-дан (+2З0С-дан +290С) жоғары ауытқуы көтере алмайды. Фактордың бір әсер ету шамасы бiр түр үшін оптималды, екіншісі үшін зиянды, ал үшіншiсi үшiн төзімдiлік шегінен тыс болуы мүмкін.
Экологиялық валенттiгi төмен түрлердi стенобионтты (грек тiлiнен аударғанда Stenos тар), ал төзімділігі жоғары түрлер – эврибионтты (грек тiлiнен аударғанда еуros — кең) деп атайды. Стенобионттылық пен эврибионттылық ағзада өзінің тiршілігін сақтауда пайда болатын әр түрлi бейімделу типтерiн сиппаттайды. Мысалы, температураға қатысты эври және стенотермді ағзалар; тұздардың концентрациясына байланысты эври және стеногалилі; жарыққа – эври және стенофагты ағзаларды бөліп көрсетуге болады.
1840 жылы Ю.Либих (1803-1873) ағзалардың төзімділігі оның экологиялық қажеттіліктерінің тізбегіндегі ең әлсіз звеносымен анықталатынын дәлелді.
Экологиялық фактордың минимумы ғана емес, оның максимумы да шектеуші фактор бола алады, ал олардың арасындағы ауытқу диапозоны толеранттылық шамасын (латын тілінен аударғанда tolerantia - шыдау, төзім) яғни ағзаның белгілі бір факторға төзімділігін анықтайды.
Жарық. Белгілі француз астрономы К.Фламмарион (1842-1925) «Біздің планетамызда жүрген, қозғалған, өмір сүретін нәрселердің барлығы күннен жаралған» деді.
Биосферадағы ең маңызды процес – фотосинтез тек жарықта ғана жүзеге асырылады. Жасыл өсімдіктерде (жоғары сатыдағы өсімдіктер мен балдырлар) электрондардың доноры су (оттегі) болып табылады. Сондықтан фотосинтез нәтижесінде оттегі түзіледі.
Көрінетін жарық ағзаларға әр түрлі әсер етеді: Қызыл сәулелер – жылулық, көк және күлгін – биохимиялық реакциялардың жылдамдығы мен бағытын өзгертеді. Жалпы алғанда жарық өсімдіктердің даму жылдамдығына, фотосинтездің интенсивтілігіне, жануарлардың белсенділігіне, қоршаған ортаның ылғалдылығы мен температурасының өзгеруіне әсер етеді, тәуліктік және маусымдық циклдері қамтамасыз ететін маңызды фактор болып табылады.