Экологиялық мәселе ұғымдарын ашу



Дата23.10.2023
өлшемі32,24 Kb.
#187566
Байланысты:
8 такырып


Жоспар
-Атмосфера
-Гидросфера
-Литосфера
-Экология
-Экологиялық мәселе ұғымдарын ашу

Атмосфера (гр. ατμός — «бу» және гр. σφαῖρα — «шар») - жердің ауа қабығы. Атмосфера – ауа, химиялық қоспалар мен су буынан тұратын күрделі жүйе. Ол биосферадағы физико-химиялық және биологиялық процестердің жүріуінің шарты және метеорологиялық режимнің маңызды факторы. Атмосферадағы жекелеген құрамдастардың қатынасы оның радиатцияға, жылу және су режиміне, өздігінен тазартуға қабілетін анықтайды. Атмосфераның газдық құрамы, су буы және әр түрлі қоспалар жер бетіне күн радиациясының өту деңгейін және жер маңы кеңістігіндегі жылуды ұстап тұруды анықтайды. Егер атмосферада қоспалар болмаса, онда жер бетіндегі орташа жылдық температура +15º С емес, -18ºС болар еді. Атмосфераның орташа қалыңдығы - 150 км.


Атмосфераның төменгі шекарасы жер беті болып табылады. Оның төменгі қабаты азот, оттегі мен сирек кездесетін көміртегінен, аргоннан, сутегіден, гелийден тағы басқа газдардан тұрады. Бұған су буы да араласады. Атмосфера түсінің көк болып келуі газ молекулаларының жарық сәуле шашуына байланысты. Жоғарылаған сайын атмосфера бірте-бірте сирей береді, қысымы төмендеп, оның құрылысы да өзгереді.


Атмосфера 3 қабаттан тұрады.


Тропосфера


Тропосфера (көне грекше: τρόπος — «бұрылыс», және көне грекше: σφαῖρα — «шар») - ауаның жер бетіне жақын ең тығыз шоғырланған қабаты. 12 км биіктікке дейінгі атмосфераның төменгі қабаты. Тропосфера - бүкіл ауаның 4\5 бөлігі. Тропосферада бұлт, жауын-шашын, жел және тағы басқа құбылыстар орын алып отырады.

Тропосфераның жоғарғы шекарасы географиялық ендіктер мен жыл мезгілдері бойынша әртүрлі биіктікте орналасуы мүмкін. Орташа есеппен тропосфера полюстер үстінде 9 км-ге, қоңыржай ендіктерде 10—12 км-ге, ал экватор үстінде 15—17 км-ге дейін созылады. Тропосфераның қалыңдығы:


Экваторда - 17-18 км


Қоңыржай ендіктерде - 10-12 км
Полюстерде - 8 км
Орташа қалыңдығы - 11 км

Тропосферада ауа температурасы шамамен әр 100 м сайын 0,6°С-қа төмендейді. Мәселен, тропосфераның жоғарғы бөлігінің орташа жылдық температурасы солтүстік полюсте — 55°С болса, экваторда бұл көрсеткіш — 70°С-қа төмендейді.


Тропосфера тропопауза деп аталатын өтпелі жұқа қабат (қалыңдығы 1—2 км) арқылы атмосфераның келесі қабаты — стратосфераға ауысады.


Стратосфера


Стратосфера (лат. stratum - «қабатталған») - тропосфераның үстінен 80 км-ге дейінгі биіктікте орналасқан атмосфера қабаты. Бұл қабат бүкіл атмосфера салмағының 20%-ын құрайды. Мұнда күннің ультрафиолетті сәулеленуін күшті сіңіретін озон қабатының болуына байланысты жоғарыдан келетін температураның төмендеуі тоқталады. 30 км биіктік шамасына дейін температура өзгермей 50° шамасында сақталып тұрады, ал одан әрі қарай биіктікте біртіндеп жоғарылай отырып, 60 км биіктікке барғанда тіпті 75°-қа дейін артады. Статосферада су буы және бұлт атаулы мүлдем дерлік болмайды. 1951 жылы халықаралық келісім бойынша стратосфера деп тек 40 км биіктікке дейінгі қабатты атап, ал 40-тан 80 км-ге дейінгі қабатты мезосфера (орта қабат) деп атау керектігі келісілді. Стратосферада озон қабаты түзіледі.

Мезосфера


Мезосфера (гр. mesos — « ортаңғы» және гр. σφαῖρα — «шар») - атмосфераның 50 — 80 километр биіктіктегі ортаңғы қабаты. Стратосфера (мезосфера асты) мен ионосфера (мезосфера үсті) қабаттарының аралығында. Мезосферада жоғарылаған сайын температура төмендей береді: 50 километр биіктікте 70°С шамасында.

Атмосфераның құрамы және маңызы


Атмосфера — Жер шарының ауа қабығы, ол салмақ күшіне байланысты ғаламшармен бірге айналып, қозғалысқа түседі. Жалпы массасы 5-1015 т шамасында болатын атмосфера түрлі газдардан, су тамшылары мен шаң-тозаңнан тұрады. Атмосфераның төменгі бөлігі Жер бетімен шектесіп жатыр. Ал жоғары шекарасы ретінде соңғы ғылыми деректер бойынша 1000 км биіктік алынады, бұдан әрі қарай ауа өте сиреген күйде болады.

Шамамен 100 км-ге дейінгі биіктік аралығында ауа құрамы мынадай газдардан: азот — 78%, оттек — 21%, инертті газдар — 1%-ға жуық (оның 0,93%-ы аргон), көмірқышқыл газынан — 0,03%-ы тұрады. Ауа құрамындағы криптон, ксенон, неон, гелий және сутек газдары өте аз мөлшерде болады. Атмосфераның төменгі қабатында ауа құрамы салыстырмалы түрде тұрақты болады, тек өнеркәсіпті аудандар мен ірі қалалар үстінде көмірқышқыл газының үлесі он есеге дейін артуы мүмкін. Лас ауаның құрамында бөгде қосылыстар да кездеседі. Шамамен 200—1000 км биіктікте ауа құрамында оттек басым, ол ультра- күлгін сәулелер әсерінен атомдарға ыдыраған күйінде болады. 1000 км-ден биікте сиреген атмосфера негізінен гелий мен сутектен турады, сутек зарядталған атомдар күйінде таралған.


Атмосфера құрамындағы әрбір газдың атқаратын қызметі бар. Азот нәруызды (белок) заттар мен нуклеин қышқылдарының құрамына енеді, ал оның қосылыстары өсімдіктерді Минepaлды қорекпен қамтамасыз етеді. Оттексіз тірі организмдердің тыныс алуы мүмкін емес, сондай-ақ жану мен тотығу процестері де жүрмейді. Жасыл өсімдіктер көмірқышқыл газын пайдаланып, органикалық заттар түзеді. Атмосфера газдары тау жыныстарының химиялық үгілуіне қатысады. Ал шамамен 25—30 км биіктіктегі озон қабаты Күннен келетін ультра-күлгін сәулелерді ұстап қалу арқылы тірі организмдерді бұл сәулелердің зиянды әсерінен қорғайды. Ауа құрамындағы жай көзге көрінбейтін су булары белгілі жағдайда су тамшылары түрінде бөлініп шығып (конденсациялану), олардың тұтасуынан бұлттар қалыптасады. Атмосфераның құрылысы. Биіктеген сайын ауаның физикалық қасиеттері (температурасы, тығыздығы, қысымы және т.б.) өзгереді, сондықтан атмосфераны тропосфера, стратосфера, жзосфера, термосфера, экзосфера деп аталатын қабаттарға бөледі.


Атмосферада күн сәулелерін озон, көмірқышқыл газы мен бұлттар, су тамшылары мен шаң-тозаң жұтады. Жалпы алғанда, атмосферада Күннен келетін радиацияның 15—20%-ы жұтылады. Осылайша күннің сәулелік энергиясының біразы атмосферада жылуға айналса, басым бөлігі жер бетін жылытуға жұмсалады. Кез келген қызған денелер жылу бөлетіні сияқты, жер бетінен көтерілген жылу атмосфераның төменгі қабатын жылытады. Жиынтық радиацияның кері шағылу мен жер бетінің жылулық сәулеленуіне жұмсалғаннан қапған бөлігін радизциялық баланс немесе қапдық радиация деп атайды. Радиациялық баланс мөлшері экватордан полюстерге қарай кемиді. Қоңыржай ендіктерде қыс кезінде радиациялық баланс теріс мәнге ие, ал экватордан, шамамен, 40' ендіктер аралығында бұл көрсеткіш жыл бойы оң болады.


Ауа температурасының атмосферада таралуы мен онъщ үздіксіз өзгерістері атмосфераның жылу режімі деп аталады, ол атмосфера мен қоршаған орта арасындағы жылу алмасуы нәтижесінде жүзеге асады. Тропосферада жұтылған радиация тәулігіне ауа температурасын 0,5°С-ка ғана жоғарылата алады. Сондықтан атмосфераның жылу режімінде атмосфера мен жер беті арасындағы жылу мен ылғал алмасуы маңызды рөл аткарады. Ауа температурасының өзгеруіне Жер шарының басқа бөліктерінен келетін ауа массаларының келуі (адвекция) де әсер етеді. Бұл туралы келесі тақырыптан таныса аласыңдар.


Атмосфера құрамында жалпы көлемі 13 мың км3 болатын су буы бар, оның атмосферадағы үлесі ұдайы өзгеріл отырады. Ауаның ылғал сыйымдылығы оның температурасына байланысты болады. Температурасы неғүрлым жоғарылаған сайын ауа өзінің құрамында соғұрлым көп су буын ұстай алады, ал суық ауа ылғалға қанығу шегіне аназғұрлым жылдам жетеді. Жылы, ылғалды ауа жоғары көтерілген кезде суының, конденсацияланады. Яғни, ауа құрамындағы су буы бөлінен шығып, тамшы күйіне өтеді. Су тамшылары мен мұз кристалдарының тұтасуынан бұлттар пайда болатынын білесідцер. Су буынын конденсациясы жүзеге асатын ауа температурасын шық нүктесі деп атайды.


Гидросфера (гр. һуdor — су, spһаіrа — шар) — 1) жер ғаламшарының су қабығы немесе құрлықтағы (тереңдегі, топырақтағы, жер бетіндегі), мұхиттағы және атмосферадағы, яғни жер шарындағы барлық сулардың жиынтығы. Оны мұхиттар мен теңіздердің суы, құрлық сулары — өзендер, көлдер, бөгендер, мұздықтар, сондай-ақ литосфераның жоғарғы бөлігіне сіңетін жер асты суы, атмосферадағы ылғал құрайды. Гидросфера жер бетінің шамамен 71%-ын алып жатыр. Гидросфераның шамамен 94%-ын мұхиттар мен теңіздер құраса, 4%-ы жер асты суларының, шамамен 2%-мұздықтар мен қарлардың (негізінен Арктика, Антарктида мен Гренландия), 0,4%-құрлықтардағы жер үсті суларының (өзен, көл, батпақ) үлесіне тиеді. Гидро-су, сфера-шар Су 3 күйде болады: сұйық, қатты, газ Гидросферадағы барлық судың мөлшері-1,6 млрд км куб, мұхит теңіз сулары-96,5 %, тұщы су-2,5% Жер бетінің 3\4 бөлігін д.ж мұхит суы алып жатыр.


Су айналымы 2-ге бөлінеді:


Кіші су айналымы-судың мұхиттан атмосфераға, атмосферадан мұхитқа қайтып қосылуы.


Үлкен су айналымы-судың мұхиттан атмосфераға, атмосферадан құрлыққа, құрлықтан мұхитқа қайтып қосылуы.
Дүниежүзілік мұхиттың бөліктері:

Теңіз-мұхит суының қасиетімен жануарлар дүниесі ерекше болып келетін бөлігі.


Шығанақ-мұхиттың құрлыққа сұғына еніп жатқан бөлігі.
Бұғаз-екі жағы құрлықпен шектескен енсіз су айдыны.
Теңізер арал, су асты жоталары, түбектер арқылы бөлініп тұрады. Теңіздер ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Ішкі теңіздер тек Еуразияда кездеседі:Жерорта, Қара, Азов,Каспий, Арал теңіздер Ең терең теңіз-Филиппин Ең үлкен шығанақ-Гвинея шығанағы. Д.ж ең үлкен бұғаз-Дрейк бұғазы, ені-5248км Ең ұзын бұғаз-Мозамбик, ұзындығы-1670км, ені-950км Мұхит суының қасиетіне тұздылығы мен температурасы жатады. Судың температурасы географиялық ендікке, тереңдікке байланысты өзгереді. Д.ж мұхит суының орташа температурасы-17,4 градус Жердегі жылу жинақтаушы-Мұхит Мұхит суының қату температурасы- -2 градус Тұздылықтың өлшем бірлігі-промилле Судың тұздылығы дегеніміз-бір литр суда еріген әр түрлі заттардың граммен алынған мөлшері. Д.ж мұхит суының орташа тұздылығы- 35 промилле Д.ж ең тұзды теңіз- Қызыл теңіз 41 промилле Өлі теңіздің тұздылығы-270 промилле Тереңдікті өлшейтін құрал-эколот Тереңдікті дыбыстың көмегімен өлшейді. Дыбыс бір секундта 1500м жетеді. Д.ж мұхит суының тереңдігі-3700м 20 ғасырдың 20-шы жылдарына дейін тереңдікті өлшейтін құрал-қарапайым лот Д.ж ең терең шұңғыма- Мариан 11022м.

Мұхиттағы тіршіліктің таралуы 3-ке бөлінеді:


Планктон-грекше-кезеген ағысқа қарсы келе алмайтын өте ұсақ микроорганизмдер мен балдырлар Киттер қоректенеді-планктон


Нектон-грекше-қалдық мұхиттың негізгі бөлігінде өмір сүретін балықтар, жыландар, тасбақалар
Бентос- грекше-тереңдік теңіз шаяндары, маржандар, балдырлар.
Теңіз сүтқоректілері-дельфиндер, киттер Тіршілікке бай тереңдік-200метр Тіршілікке бай аудан-қоңыржай ендік. Оның жалпы көлемі 1370,3 млн км3, бұл планета көлемінің 1/800 бөлігін ғана құрайды. Шөгінді (тұнба) таужыныстардың басым көпшілігі Гидросфера мен литосфераның жапсарында қалыптасады.[1] Аздаған мөлшердегі су атмосфера мен тірі ағзаларда шоғырланған. Су массаларының барлық нысандары су айналымы барысында бір түрден екінші түрге өтеді;
2) жердің теңіз, мұхит, көл, өзен, мұздықтар мен жер асты суларынан тұратын қабығы, солардың жиынтығы. Гидросфераның орташа қалындығы 3,8 км-ге жетеді. Мұхиттың ең терең тұсы 11 км-ден асады (Тұнық мұхиттағы Мариан ойысы — 11022 м).
Литосфера — жердің қатты қабығы (грек. lithos- тас, sphaira — шар) — жердің сыртқы қатты қабаты жоғарғы гидросфера және атмосферамен шектеседі. Жер қабығының жоғарғы бөлімі — шөгінді қабық; ол шөгінді тау жыныстарынан тұрады, кейде бұған эффузивтер жамылғысын да енгізеді. Жер қабығының тербеліс тарихы қозғалысына байланысты, оның қалыңдығы әр орында әр түрлі болып келеді. Шөгінді қабықтың астында граниттік қабат орналасады; бұл қабат мұхит ойыстарында ұшырамайды. Граниттік қабаттың астында аралық немесе «базальттық» аса тығыз жыныстар қабаты жатады.
Литосфера - Жер планетасының біршама берік тау жыныстары кешендерінен тұрады, төменгі жапсары ішінара балқымалы яки онша берік емес атмосфера қабатымен шектелетін ең сыртқы қабаты. Литосфера жер қыртысын (Жердің ең сыртқы қатты қабыршағын) және осы қыртыс пен атмосфера аралығын қамтитын қатты заттардан тұратын, литосфералық мантия деп аталатын жоғарғы мантияның ең жоғарғы қабатын біріктіреді. Литосфералық мантия қабаты жер қыртысынан Мохоровичич шегі арқылы дараланады, бұл қабатты құрайтын тау жыныстарының құрамы негізінен оливин мен пироксеннен тұратын аса негізді жыныстарға сәйкес келетін болса керек. Литосфераның беткі жазықтығы атмосферамен немесе гидросферамен шектеледі. Литосфера қалыңдығы 50-200 шақырым аралығында деп есептелінеді.

Литосфера қабатындағы өзгерістер


Адамдар және олардың шаруашылығы жер бетіне тікелей және жанама зор ықпалын мен әсерін тигізіп келеді. Егерде жылына ауаға дүниежүзі бойынша 1 млрд тонна деңгейінде антропогендік заттектер, гидросфераға шамамен 15 млрд тонна ластанғыш заттар енгізіліп отырса, жерге түсетін техногенді қалдықтардың мөлшері 90 млрд тонна. Кейбір ғылыми мәліметтерге сүйенетін болсақ, XX ғасырдың 90-шы жылдарының аяғында жерде жинақталған қалдықтар көлемі 4000 млрд тоннаға дейін көтерілген. Топырақтың ластануына байланысты қазіргі уақытта құрлықтың жартысына жуығын антропогендік ландшафт алып жатыр. Ғалымдардың арасында тараған пікір бойынша дүниежүзіндегі шөлдердің барлығының шығу тегі де анторпогендік. Анторпогендік шөлдің аумағы жылдан-жылға үнемі ұлғаюда, оның көлемі қазіргі шақта 10 млн км² – ден асып отыр. Бұл бүкіл құрлықтың 7%-ын құрайды. Топырақты ластайтын компоненттерге қарай топырақтың ластануының түрлері: физикалық, химиялық және биологиялық.

Физикалық ластану – радиактивті заттармен байланысты. Мысалы, уран рудаларын ашық әдіспен алғанда, жер қыртысында активтілігі жоғары сәуленетін сұйық және қатты қалдықтар алады.


Биологиялық ластану – ауру тудыратын және де басқа жағымсыз жағдайға итеретінмикроорганизмдердің қоршаған ортада болуы. Мысалы, ластанбаған топырақта дизентерия, сүзек және тағы басқа да ауру қоздырғыштары 2-3 тәулік бойы сақталса, ластанғыштармен әлсіреген қоздырғыштар бірнеше ай мен жылдарға дейін сақталып, едәуір аймаққа таралады. Топырақты ластайтын көздерге өнеркәсіпті кәсіпорындардың шығарымдары, көлік, ауылшаруашылығында қолданылатын шапжойғыштар мен минералды тыңйтқыштар, қалдықтар, жылу энергетика кешендері, атмосфералық жауын-шашын апатты жағдайда тасталатын шығарындылар әскери өндірістік кешендері жатады. Түсті металл кендерін алу, байыту және таза металдар алу процестерінен шыққан өнімдерден және қалдықтармен топырақ көп ластанады. Ауыр металдардан топырақтың ластануының зардабы тұрақты болып келеді. Түсті металлургия кәсіпорындарының маңындағы топырақта қорғасын мен ауыр металдардың мөлшері нормадан 10-20 есе алып отырған жерлері белгілі. Ауыл шаруашылығында улы химикаттар көп қолданылатын және өндірісі дамыған аймақтарда улы заттектер ана сүтінде қанның құрамында болатыны байқалған. Топырақ көптеген аурулардың (ботулизм, күйдіргі, дизентерия, аскоридоз және т.б. ) қоздырғыштарын сатайтын ортаға жатады. Соңғы он жылдың ішінде өте қауіпті ластағыштар қатарына мұнай және газ скважиналарын бұрғылағанда, флотация кезінде, жуғыш заттектердің, лактар мен бояулардың, пестицидтердің, тамақ өнімдерінің т.б. құрамына кіреті, өндірістерде кеңінен қолданылып келе жатқан беттік активті заттар құйылып келеді. Олар суқоймаларға түскенде көбіктенеді, орта қасиетін күшті өзгертіп, тіршілік процестеріне теріс әсерін тигізеді. Кейбір беттік активті заттардың судағы мөлшері 1мг/лден жоғары болса, балықтардың жансыздануы байқалады. Пестицидтер сияқты бұларды химиялық және биологиялық тазалау әдістерімен ыдырату өте қиынға түседі. Суда ерімейтін кейбір пестицидтер мұнай өңдейтін өндіріс қалдықтарында ерігіш келеді, еру нәтижесінде бір түрден екінші түрге айналады. Осының нәтижесінде олар бірте-бірте су түбіне шөгудің орнына тұщы су көздерінің не теңіздердің бетіне жиналады. Сонан соң оларды балықтар, ал балықтарды құстар жем етеді. Сөйтіп біртіндеп көптеген жануарлар әлемінің өкілдері уланады. Егерде су қоймалары қазіргі қарқынмен пестицидтермен және т.б. ластағыштармен ластана берсе, басқа да суда сүзгіш құстар жойылады, ең бастысы адамдар үшін өте қауіпті жағдайлар туады. Латынша литос-тас,сфера-шар


Жер қыртысы 8 ірі тақталардан тұрады:


Еуразия
Солт.Америка


Оң.Америка.
Африка
Антарктида
Үнді-Аустралия
Тынық мұхиттық
Неаска тақтасы
Жер қыртысын түзейтін тау жыныстар 3-ке бөлінеді:

Шөгінді-құм,саз.бор,тұз,тақта тас т.б


Магмалық-гранит, базальт
Метаморфтық өзгергіштік
Шөгінді тау жыныстары 3-ке бөлінеді:

Кесек шөгінділер-тау жынысының көлемінің өзгеруі


Органикалық шөгінділер-шымтезек,таскөмір,бор,құмтас,тақтатас
Химиялық шөгінділер-тұздар,қышқылдар
Метаморфтық тау жынысына- әктастың мәрмәрға,сазды тақта тастың кристалдық тақта тасқа,құмтастың кварцетке айналуы. Жер бедері дегеніміз-жер бетінің ойлы қырлы болып келуі Жер бедері ішкі және сыртқы күштердің әсерінен пайда болады. Геоморфология-жер бедерін зерттейтін ғылым саласы Ішкі күштерді эндогендік деп атайды. Ішкі күштерге плиталардың қозғалуы, жер сілкіну, вулкан атқылау жатады. Сыртқы күштерді экзогендік деп атайды. Сыртқы күштерге ағын су, температура, жауын-шашын, өсімдік , жануар т.б жатады. Литосфералық тақталардың қозғалу теориясын ұсынған-неміс ғалымы Вегенер Литосфералық плиталардың қалыңдығы-60-100км Сейсмикалық белдеулер-жер қыртысының қозғалмалы аймақтары Жер қыртысының қозғалмалы аймақтарын геосинклинальдар деп атайды. Платформаның шөгінді жыныстар алып жатқан бөлігін жазықтар деп атайды. Ежелгі біртұтас құрлық-Пангея Лавразия- Солт.Америка, Еуразия Гондвана-Оңт.Америка, Африка, Аустралия, Антарктида Еуразия мен Үнді-Аустарлия плиталарының соқтығысуынан Альпі, Гималай таулары пайда болған. Еуразия мен Тынық мұхит плиталарының соқтығысуынан Курил аралдары пайда болған. Еуразия мен Африка тақталарының ажырауынан Қызыл теңіз, Арабия түбегі пайда болған. Жер сілкіну дегеніміз-жердің терең қабатындағы тау жыныстарының қозғалуынан жарылуынан пайда болады. Ошағы дүмпу шыққан жер –тау жынысының қозғалған жері Эпицентр-ошағының үстіңгі бөлігі. Жер сілкінудегі белдеулердің саны:2 1.Альпі-Гималай және Жерорта теңіздік 2. Тынық мұхиттық белдеулер Вулкан дегеніміз-жердің терең қабатындағы магманың жер қыртысында пайда болған жарықшалар арқылы жер бетіне шығып төгілуі. Жер бетіне төгілген магма лава деп аталады. Магманың жоғары көтерілген бөлігі вулканның көмейі деп аталады. Көмей кратермен аяқталады. Кратер-вулканның шұңқыр аузы. Вулкан сөнген және сөнбеген болып бөлінеді. Сөнген вулкан-атқылауы туралы ешқандай мәлімет қалмаған вулкан Сөнбеген вулкан-адамның көз алдында атқылап жатқан вулкна. Гейзерлер-оқтын-оқтын фонтан күйінде атқылап жатқан ыстық бұлақтар. Гекла вулканы-Исландияда Еуразиядағы ең биік сөнбеген вулкан-Ключи шоқысы Индонезия аралында-Кракатау Апенин түбегінде-Везувий Сицилия аралында- Этна вулканы Кавказ тауының ең биік нүктесі –Эльбус –сөнген вулкан Антарктидадағы вулкан-Эрэбус Орисабо вулканы-Мексикада Сөнген үлкен Арарад вулканы-Армения Үгілу дегеніміз-тау жыныстарының күйреуі. Үгілудің 3 түрі бар: 1.Физикалық-температураның әсерінен 2.Органикалық-тірі ағзалардың әсерінен 3.Химиялық-су мен ауаның әсерінен. Биіктікті өлшейтін құрал-нивелир (тіктеуіш, деңгейлеуіш) Биіктікті өлшеудің 2 әдісі бар: 1. Абсолютті биіктік-теңіз деңгейінен алынған биіктік. 2. Салыстырмалы-кез келген нүктеден алынған биіктік. Горизонталь дегеніміз-биіктігі бірдей нүктелерді қосатын сызықтар. Бергштрих-беткей бойынша төмен қарайтын бағыттарды көрсететін сызық. Ойпат дегеніміз-теңіз деңгейінен төмен жатқан нүктелер. Дүниежүзіндегі ең үлкен ойпат-Амазонка Жазықтар дегеніміз-абсолюттік биіктігі 200метрге дейінгі жер беті. Жазықтар төмен және төбелі болып бөлінеді. Жазықтар абсолюттік биіктігіне қарай 3-ке бөлінеді: 1.Ойпат- 2.Қырат-200-500м 3.Таулы үстірт-500 метрден жоғары. Таулар абсолюттік биіктігіне қарай 3-ке бөлінеді: 1.Аласа -500-1000м 2.Орташа-1000-2000м 3.Биік тау-2000мден жоғары. Д.ж ең биік тау-Гималай Ең биік шың-Джамалунгма Эверест 8848м Таудың сүйір басы-шыңы Тау жоталары құрайды-таулы өлке Тау жоталарының түйіскен жері-тау торабтары Ежелгі тауларға-Орал, Сарыарқа, Аппалач таулары жатады. Жаңа тауларға-Кордилер, Памир, Кавказ, Гималай таулары жатады. Бұрын теңіз түбі болып кейін көтерілген жазықтар алғашқы жазықтар деп аталады. Жер қыртысының біршама тұрақты бөлігі-платформа Материктік қайраң-материктің мұхитқа өткен 200м дейінгі бөлігі. Материктік беткей-200-2800м Шұңғыма-мұхит түбінің ең терең жері. Шағыл-айшық тәрізді құм төбелер. Бархан-желдің әсерінен пайда болған релеф құм төбелер. Телекан-бос тау жыныстарының үйінділері. Жыралар мен сайлар судың әсерінен болады. Жер қыртысындағы зат алмасудың негізгі қозғаушы күші-Кұн энергиясы.

Адамзат баласы табиғаттың өзі жаратқан ғажайып көріністердің бірі. Бірақ адам баласының үстемдігі, ақыл-ойының біліктілігі оның табиғаттың басқа организмдерінен әлдеқайда жоғары екенін көрсетеді. Үстіне аң терісін, өсімдіктердің жапырағы мен қабығын жамылып күнелткен алғашқы адамдардың өзі де керек-жарақтарды атмосферадан алып отырған. Сана-сезім ғасырлар өткен сайын үлкен эволюциялық даму кезеңдерінен өтіп жоғары мәдениет сатысына көтерілді. Адам өзінің ақыл-ойы арқылы көптеген жетістіктерге жетті. Яғни неше түрлі өндіріс, өнеркәсіп орыдары және т.б. мекемелер жүйесін қалыптастырды. Бұлардың пайдалы және зиянды жақтарын жоғарыда айтып кеткен едік. Биосфераны осындай антропогендік фактор әсерлерін қорғау –маңызды шаралардың бірі. Адам әрекеті санасында табиғатты, жерді, ауа мен өзендерді, көлдерді, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғау және тиімді пайдалану осы заманғы алдыңғы қаталы мәселелерінің біріне айналып отыр. Ұрпақтан ұрпаққа асыл мұра, тіршілігіміздің қайнар көзі-табиғат байлығына жетіп, бағлап, оған келтірілген залалы үшін болашақ ұрпақ алдында жауапты екенімізді ешуақытта естен шығармағанымыз жөн.


Геосинклинальдар аумағында тектоникалық жарықтар жиілігі жоғары болғандықтан ішкі күштердің ықпалы күшті байқалады. Сондықтан магманың жоғары көтерілуі қарқынды жүреді, бұл өз тарапынан жанартау атқылауы мен жерсілкіну құбылыстарына себепші болады. Геосинклинальдарда ішкі күштер әсерінен қатпарлану қозғалыстары жүреді. Соның нәтижесінде антиклинорийлер (тау жоталары) мен синклинорийлер (тауаралық және тауалды ойыстары) түзіледі. Мәселен, Кавказ таулы аймағында Үлкен Кавказ, Кіші Кавказ жоталары антиклинорийлерге, ал олардың арасындағы Колхида мен Ленкорань ойпаттары синклинорийлерге сәйкес келеді. Мұндай құрылым Гималай тауы мен Үнді-Ганг ойпатына да тән.


Экология (лат. оіkos – үй, баспана; logos – ілім) – жеке организмнің қоршаған ортамен қарым-қатынасын, ортаға бейімделу заңдылықтарын, сондай-ақ организм деңгейінен жоғарырақ тұрған биологиялық жүйелердің – популяциялардың, организмдер қауымдастықтарының, экожүйелердің, биосфераның ұйымдастырылу және қызмет атқару заңдылықтарын зерттейтін ғылым.


Экологиялық проблема — адамның табиғатқа және керісінше табиғаттың адамға тигізетін қолайсыз әсерлеріне байланысты туындайтын кез келген құбылыс.[1]


Қазіргі әлемде экологиялық проблемалар өзінің қоғамдық мәні жағынан алдыңғы қатардағы мәселелердің біріне айналады, тіпті ядролық соғыс қауіпі де оның көлеңкесінде қалып қойды. Адамның шаруашылық іс - әрекетінің қауырт дамуы, айналадағы ортаға үдемелі, көбіне білдірушілік сипатта әсер етуде. Адамның табиғатқа әсері мыңдаған жылдар бойында қалыптасқан табиғи жүйелерді өзгерту, сондай – ақ, топырақты, су көздерін ауаны ластау арқылы жүзеге асуда. Бұл табиғат ахуалының күрт төмендеуіне әкеліп соқты, көп жағдайларда орны толмас зардаптар қалдырды. Экологиялық дағдарыс шын мәніндегі қауіпті төндіріп отыр; іс жүзінде тез өндіріс алып бара жатқан дағдарыстық жағдайларды кез келген аймақтардан көруге болады. Адамды құтқару дегеніміз – ең алдымен табиғатты сақтау. Табиғи процестердің негізінде жатқан заңдылықтарды ескермеу табиғат пен адам арасындағы елеулі қайшылықтарға әкеліп соқтырғанын айта кеткен жөн. Американ экологы Риклерс: Табиғатқа келтірілген нұсқанды түзетудің ешқандай көпе – көрнеу жатқан әдістері жоқ екені айдан анық, сонымен қатар қоршаған ортаға деген келеңсіз көзқарасы үшін адамға танылатын кінә да, өзендерге шайынды суларды төгу, егістіктерге пестицидтер бүрку, аңшылардың найзасы мен мылтығы автомашиналардан шыатын түтін қала іргесінің шексі кеңеюісияқты белгілі фактілерден құралмауы тиіс. Адамға табиғат экономикасы - ауыл, елді пунктер, село, қала тұрғындарымен жер жүзінің халықтарының қарым – қатынастарын, сандық және сапалық құрылымын зерттеу және реттеу, көпшілікке үздіксіз экология саласынан білім мен тәрбие беру жұмыстарын зерттейді. Адам әрекеті тек жер бетіндегі суды ғана емес ауаны да ластап келеді. Күн сайын өнеркәсіп орындары ауаға орасан зор улы газ және оларға қоса өте майда бөлшектерден тұратын қоспаларды шығарып жатады. Олар ауамен бірге адам мен жер бетіне. Кейде оларды жел алғашқы шыққан орнына мыңдаған километр жерге айдап апарады. Міне, сондықтан да газ немесе қатты зат түрінде бөлініп шығатын заттардын ауаны қорғау адам денсаулығы үшін де, тіршілік үшін де үлкен мән алады. Осы уақытта ауаға улы қосындыларды жібермеу адамзат баласының алдында тұрған үлкен мәселе. Ауаны әр түрлі жолмен былғануы атмосферада бірте – бірте түпкілікті мутагенді өзгерістер тудыратын анықталып отыр. Мысалы, қалалардың үстін, 2000 – 2500 м биіктік көлемінде газдар мен ұсақ бөлшектерден тұратын қарақошқыл түтін басып тұрады. Осындай көрініс біздің қалаға тән құбылыс.


Осындай құбылыстардын қала ішіне күн сәулесінің ультра күлгін сәулесі жетпейді. Сондықтан қала ішінде неше түрлі жұқпалы ауру тарайтын микробтар көбейіп кетеді. Олар неше түрлі көз, тері, өкпе дерттерін адамдарға дарытады. Адамдар көп мөлшерде ауруға шалдығады. Атмосфераның түтін және газ қосындыларымен ластануы адам денсаулығына зиянды құбылыстар туғызады. Бұл құбылыс әсіресе метеорологиялық жағдайдың әсерінен ауа сирек алмасатын қалаларда жиі кздеседі оны смог деп атайды. Ағылшын сөзі – тұман деген мағына береді. Фотохимиялық тұман өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесіне, сондай – ақ адамзат баласына өте үлкен зиян келтіруде. Осы жағдайларға сәйкес шет елдің мемлекеттерінде және біздің республикамызда атмосфералық ауаны қорғау мақсатында автомобильдердің қозғаушы күшін жетілдіру, нейтрализаторлар орнату, газбен электр қуатымен жүретін электромобильдерді шығару мәселесі туып отыр. Ауаның жер бетіндегі қабатын автомобиль және өнеркәсіп газдары мен түтіннен тұратын қалың тұман басады. Күн сәулесі жиналған газдарды ыдыратып улы қоспалар түзеді. Ол кезде адамдардың көзі ауырады, өкпесін улы газ толтырады, үздіксіз жөтеліп, тынысы тарылады. Бұл орасан үлкен күйзеліске ұшыратады, жүздеген, мыңдаған адамдардың өмірін алып кетеді. Ядролық жарылыстың зәрлі сәукелелері бірде – бір сауатты және саналы адамды тыныш қалдыру емес. Семей атом полигонінде болған оқиға былай сипатталады. Атом бомбасын жару үшін жергілікті халықты көшіріп, сынақ өткенше бір жеті халықты басқа жерде ұстаған. Ал ауылда үлкенді – кішілі 54 адам қалған, олар атом бомбасы жарылған жаққа қарап қара түтіннің ішінен қызылды – жасылды оттарды көріп тамашалаған. Сол адамдардан күні бүгін біреуі де қалмай барлығы өліп қалған. Қазіргі кезеңде адамның экологиялық ортасы - қала. Ол ең ірі және табиғи ортадан өзгеше, көптеген параметрлері бойынша экстремалды деуге болатын орта. Қалада техногенді қуаттың орасан зор концентрациясы жиналады. Қала ортасы адамның басты санасы – оның денсаулығына қолайсыз әсер етеді. Атмосфераның, судың, азық – түлік өнімдерінің, күнделікті қажетті заттардың өнеркәсіп пен транспорттық қалдықтарымен ластануы, электромагниттік өріс, вибрация, шу, тұрмыстық химияландырылуы, гиподинамия, дұрыс тамақтанбау зиянды әрекеттердің кеңінен таралуы.


Осылардың барлығы қосылып адамның денсаулығын нашарлатады. Қала халқының басым бөлігі демалысын қаладан тыс табиға жағдайда өткізуге тырысады. Адамның денсаулағының төмендеп ауыруға шалдығуын ағзаның ортаға толық бейімделе алмауы мен қолайсыз әсерлерге берген теріс жауабы ретінде қарастыру керек. Адамның денсаулығына зиянды әсер ететін факторлардың ішінде ір түрлі ластаушы заттар бірінші орын алады. Көптеген қалалар экологиялық апат аймағы деген мәртебеге ие болған. Соның ішінде Өскемен қаласын алуға болады. Әр түрлі аурулар қаптап, балалар жарымжан болып туу да. Осының бәрі осы экологияның бұзылу себебі. Бүгінгі таңда Өскемен қаласы күннен-күнге құлпырып, өркендеп келеді. Дегенмен, бұл қуаныштың көлеңкесінде қайғылы дерт тұрғанын білеміз бе? Себебі, Өскемен атмосферасы сан жылдар бойы көк түтіннен көз ашпай келеді. Мұның бәрі адам денсаулығына зиян. Қолғасынның өзін алатын болсақ, алдымен жүйке жүйесін зақымдайды, содан кейін іш құрылысындағы мүшелердің жұмысын бұзады. Адам психикасына да кесірі бар. Радикация да солай. Өкпе, жүрек сырқаттарына шалдығып, қан қысымы жоғарылаған адамдар саны күннен-күнге өсуде. Улы газға булығып өмір сүріп келе жатқан Өскемен тұрғындарының тағдыры өзі бір үлкен жағдай. Сондықтан, адам экологиясы мемлекет көлемінде талқыланатын үлкен мәселе деп ойлаймын.


Бүгінгі таңда қоршаған орта әлемдегі басты проблемалардың бірі болып қала береді. Экология туралы айтатын болсақ, біз судың, жердің, ауаның ластануына, сондай-ақ озон қабатының бұзылуына сілтеме жасаймыз, бұл аз ғана бөлігі. Осы мәселелермен күресу үшін адамдар Біріккен Ұлттар Ұйымы, ЮНЕСКО, ДДҰ және басқалар сияқты ұйымдар құрды. Олар табиғатты сақтау, экожүйелерді жақсарту және басқа мәселелермен айналысады.


Forbes ең экологиялық таза елдерді жариялады. Бұл тізімге Швейцария, Швеция, Норвегия, Жаңа Зеландия және т.б. елдер кіреді. Қазақстан бұл тізімге кірмейді, Йель университетінің экологиялық саясат және құқық орталығы құрастырған әлемнің ең экологиялық таза елдерінің рейтингісі осыны айғақтайды-Қазақстан 180 елдің ішінде 83-орынды алады.


Ауаны таза ұстаудың шаралары
Адамға табиғат берген байлықтың бірі — атмосферадағы ауа. Өзге табиғи байлықтармен бірге ауаның тазалығын сақтау өте маңызды іс. Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсібі қарышты дамьп келе жатқан Қазақстанда ауа тазалығы үшін күрес маңызды роль атқармақ. Осыған орай, республикада тындырылған іс аз емес. Соңғы жылдары атмосферадағы ауаны қорғау мақсатында ірі-ірі өнеркәсіп орындарында газ бен шаң тұтатын үш жүзге жуық үлкен қондырғылар мен приборлар іске қосылды. Жамбылда, Ақтөбеде, Өскемен мен Теміртауда, басқа да өнеркәсіп қалаларында ауа тазалығын бақылайтын лабораториялар көптеп құрыла бастады.Өскеменнің корғасын-мырыш комбинатында 35,1 млн сомға, Шымкенттің қорғасын заводында 28 млн сомға ауаны таза ұстау мақсатында ірі құрылыстар жүріп жатыр. Қазірдің өзінде осы заводтарда жоғары температураға шыдамды фильтр-сүзгіш «Нитрон» іске қосылып ауаның құрамын тазалауда үлкен үлес косуда. Шығыс машина жасау заводында мазут пешін электр күшімен қыздыру арқылы, ауаға шыратын лас зиянды газдардың көлемін 1,5—2 есе азайтуға мүмкіншілк туды. Сол сияқты Ертіс мыс балқыту заводында өндірістеіі шығатын зиянды газдарды ұстап қалатын құрылыстар салынды.Республикамыздың ірі қалаларында жылуды бір ірі орталықтан жіберу арқылы көптеген ұсақ пештерден құтылды. Мысалы, Алматыда 600 кішкентай пеш жойыл-са, оныц 155-і 1970—1973 ж. ж. келеді. Қарағандыда 107 пеш, 84 жанатын террикондар жойылды. Павлодарда -50, Шымкентте — 7 пеш газбен жағылуға көшті. Бір сөз-бен айтқанда, Алматы каласын қоспағанда республикамызда 1970—1973 жылдары 276 пеш сөндірілді, 12 ТЭЦ пен 65 пеш газға көшті. Қазіргі жағдайда ауада улы заттардың мөлшерін азайту мақсатында, автомобильдерден бөлініп шығатын газдарды азайту барысында көптеген тиянақты жұмыстар жасалынды. 1973—1975 жылдары облыс орталықтарында «Қазақавтотехникалық қызмет көрсету» ауаға шығатын зиянды газдарды ұстап қалатын 157 бақылау-реттегіштердің кондырмаларын жасау жобаланды. Қазір Алматыда 40 пункт жұмыс істейді, алдағы уақытта тағы да 50 болуы керек. Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде адамдардың денсаулығына зиянын тигізетін газдардың мөлшері азайды. Мысалы, Өскеменнің қорғасын-мырыш комбинатында ауаға шығатын зиянды шаңдар 54,2% корғасын —68,6% күкірт ангидриді—17,2% азайды. Балқаш кен-металлургия комбинатында—41%. Теміртау синтетикалық каучук заводында сыртқа шығатын сынаптың мөлшері 2,5 есе, Шымкенттің цемент заводындағы ауаға шығатын цемент мөлшері — Юесе, Өскеменнің титан-магний ком-бинатында ауаға шығатын хлордын, мөлаіері 1,8 есе қыс-қартылды.Республикада 25 қалада мемлекеттік санитарлык мекемелер лабораториясында ауаның құрамын зерттеп, ол зерттеулердің нәтижесін жүйелі күйге келтіріп, практикаға беруде. Зерттеулердің нәтижесінде өндірістің орналасуына қарай негізгі ауаға шығатын лас қалдықтар қорғасын, күкірт ангидриді көмірқышқыл газы, азоттың қосоксиді, мышьяк, күйе, хлор, шаң екені анықталып отыр.Қарағанды қаласында көмірқышқыл газының мөлшері санитарлық нормадан 8-9 есе асып кеткен, ал азоттың қосоксиді, шаң күкірт ангидриді барлық ендіріс орындарында 1973 жылы белгілі-бір нормаға дейін темендеген.Ауа тазалығы, адамдардың денсаулығы үшін күрес әрбір кәсіпорын мен цехта да тиімді жүргізіліп келеді. Мысалы, Алматы үй құрылысы комбинаты бойынша ауаға күн сайын шығарылатын зиянды заттардың мөлшері 75% қысқартылды. Шымкент қорғасын заводында шаң тұтқыштар мен технологиялық газды өңдеу және тазарту қондырғыларын салуға қыруар қаржы жұмсалып, адамдардың жұмыс істеуіне қолайлы жағдай туғызылған. Үстіміздегі жылдың жеті айы ішінде барлығы 144 кәсіпорынның жұмысына «жақсы» деген баға берілді.Республикада сағатына 19 миллион текше метр шаңды сорып алатын жаңа қондырғылар іске қосылды. Ауаны ластауға себепші болып отырған Алматы қаласындағы 72 ұсақ пештер жабылып, олардың орнына электр энергиясымен және газбен жылытатын жүйелер орнатыл-ы. Ал, Жамбыл Шымкент қалаларында үйлерді табиғи газбен жылыту көптен бері жүзеге асырылып келеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет