Экологиялық тәрбие-қазіргі таңдағы білім саласындағы ең бір басты бағыттардың бірі. Бастауыш сатыда бір заттар мен табиғат құбылыстарды жүйелі түрде бақылау, зерттеу, эксперимент жүргізу негізінде жүзеге асады



Дата30.01.2022
өлшемі27,9 Kb.
#116045
түріСабақ
Байланысты:
10 класс бжб1, Алдымен сүй ардақты ата-анаңды, Ампер күші сол қол ережесі, Ампер күші сол қол ережесі, жеке жұмыс жоспары, жеке жұмыс жоспары, 9яз4т3а1-2с, 1513599536, 9 а жарты жылдық жоспар, 4 хаттама, 00073741-9e09e5a2, 00073741-9e09e5a2

Түсінік хат

Экологиялық тәрбие-қазіргі таңдағы білім саласындағы ең бір басты бағыттардың бірі. Бастауыш сатыда бір заттар мен табиғат құбылыстарды жүйелі түрде бақылау, зерттеу, эксперимент жүргізу негізінде жүзеге асады. Ол ойын түрін, бейнелеу, модельдеу т.б. іс әрекеттерін енгізеді. Бұл бағдарлама табиғатты жаңа танып келе жатқан 2-сынып оқушыларына арналған. Ол дүниетану сабағына қосымша ретінде аптасына 1 сағаттан 34 сабаққа арналып жасалған. Ұсынылып отырған бағдарлама оқушыларға тірі және өлі табиғат, адам және табиғат арасындағы қарым-қатынас туралы білімді игеруге көмектеседі. Ол оқушыларға экологиялық тәрбиемен қатар қоршаған ортаға, табиғатқа мейірімділікпен қарауға тәрбиелейді. Адамзат қоғамы мен табиғи орта арасындағы қарым-қатынас қазіргі кез еңдегі ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады.Экологиялық жағдай дың нашарлауы қоршаған ортадағы қайтарымсыз табиғи өзгерістерге әкеліп соғып отыр. Айталық,климаттың жылынуы,өзен-көлдердің суының азаюы,мұздықтардың еруі, сел тасқындардың жиі қайталануы,биология лық алуантүрліліктің азайып, тіршіліктің жұтаңдануы және т.б.ғаламдық экологиялық проблемалар адамзат баласының болашағына деген алаңда тушылық туғызып отырғаны сөзсіз. Сонымен қатар, жас ұрпақты туған өлкесінің табиғатын қорғау мен экологиялық проблемаларын шешуге жұмылдыру қажет. Осы орайда экология ғылымы бүгінгі таңда халықаралық, мемлекеттік және қоғамдық деңгейдегі мәселелерді зерттейтін кешенді ғылымға айналды. Бүкіл жер бетіндегі адамзатты қатты ойландыратын және кезек күттірмейтін мәселелердің бірі — табиғи ортаны қорғау, табиғатты тиімді пайдалану керек. Соңғы кезде қоршаған ортаның ластануы барынша көкейкесті мәселелерге айналып отыр, өйіткені техникалық прогрестің және адамның ойланбай жасаған әрекетінің салдарынан өмір сүруге қажетті нәрселердің бәрі ластануда. Экология – ол қоршаған орта, ал қоршаған орта дегеніміз – табиғат. Адам өзіне керектің бәрін табиғаттан алады. Алайда қазіргі кезде дүние жүзінде экологиялық апаттар көбейіп кетті. Жұмыс барысында оқушылар ұсынылған мәліметтер арасынан ең қажеттілерін таңдап алып, қосымша материалдарды жинақтау арқылы курс бойынша құрас тырылған жұмыс дәптерін толтырады, өз білімдерін тексереді.

Мақсаты:

-Оқушыларға қоршаған ортаның ластануы тіршілік иелеріне өте зиян келтіретінін айтып, келешекке табиғат тағдыры өз қолдарында екені туралы толық түсінік беру;

-мектеп оқушыларының бойында экологиялық білім, әдеп, сана мен мәдениеттерді қалыптастыру:

-бізді қоршап тұрған табиғат пен адам арасындағы қарым-қатынас туралы білімдерін кеңейту;

-әр оқушының жеке қабілеттерін ашып дамытуына қажетті жағдай жасау.

-тақырыпқа қатысты жаңа сөздерді меңгерту;

-оқушылар сөздік қорын молайту, берілген тақырыптар бойынша білгендерін бір жүйеге келтіріп, толықтыру.

-ойларын байланыстырып сөйлеу дағдысын қалыптастыру;

-оқушылардың танымдық қабілеттерін, шығармашылық ізденістерін, сабаққа деген қызығушылықтарын, білімге белсенділікпен арттыру;

Міндеті:
-Қоршаған орта мен адамзат арасындағы үйлесімділікті сәкестендіру;

-адамның іс-әрекетіне баға беру және адам денсаулығына сақтау;

-табиғат қорғаудың экологиялық негіздерін білу;

-табиғи қорларды тиімді пайдалану мен қорғауды жеке адамның жауапкершілігін

күшейту;


-жас ерекшеліктеріне сай табиғаттану түсініктері;

-баланың эмоционалды сезім байыту;

-табиғатты қорғау саласындағы оқушылардың білімдерін жүйелену, нақты мысалдар

келтіре отырып, суреттермен көрсете отырып нақтылау;

-берілген тақырып бойынша өздігінен ізденуге дағдыландыру;

-табиғаттың сенімді досы болуына көмектесу;

-экология  мәселелеріне, табиғат келешегіне көз жүгіртіп, қоршаған ортаның тағдырына немқұрайлы қарамауға баулып, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін одан әрі дамыту;

-қоршаған орта мен оның табиғи ресурстарын тиімді пайдалану барысында табиғатты қорғай алатын, аялай білетін адамгершілігі мол, ізгілікті, мәдениетті жоғары ұрпақ тәрбиелеу;

Күтілетін нәтиже:

-Оқушылардың қоршаған орта туралы білімдері кеңейеді;

-Ғылымға деген қызығушылығы артады;

-Зерттеушілік қабілеті дамиды;

-Экологиялық проблемаларды шешудегі жеке басының жауапкершілігі қалыптасады;

-Алған білімін күнделікті өмірде қолданады;

-Зейіндік біліктілігін дамытады;
Мазмұндық бөлім:

Экология дегеніміз не? 4 сағат

Жер қоры және оның адам өміріндегі маңызы.Топырақ байлықтарының қазіргі экологиялық жағдайы. Жер байлықтарын мелиорациялау және тиімді пайдалану жолдары. Күзгі мезгілдің келбетін оқушылар зерттеу барысында, нәтижелерімен бөлуге үйренеді. Табиғи ортаны қорғаудың экологиялық негіздері.Экологиялық түсінік тер. Экологиялық жорық кезінде оқушылардың өзін ұстау ережелері.

Орман-біздің байлығымыз 8 сағат

Табиғат байлықтарын топтау.Оларды тиімді пайдалану жолдары.Қазақ станның табиғи байлықтары.Туған өлкенің табиғи байлықтары. Табиғи ортаны қорғаудың маңызы және міндеттері. Табиғи кешендерді қорғау шаралары. Орман-жер бетіндегі табиғи қорлардың, оның ішіндегі өсімдіктер жамылғысының басты бір бөлшегі екенің ұғынады.

Табиғатты қорғау тәсілдерін үйрену 9 сағат

Табиғат тіршілік иелерінің бәріне де қорек, ауа, су, жылу, жарық қажет. Осы тіршілік қажеттерін олар табиғаттан алынатының түсінеді. Қорғауды қажет ететін жерлер мен территорияларды анықтау. Экологиялық жорық кезінде оқушылардың өзін ұстау ережелері. Құстар мен саңырауқұлақтарды қорғаудың жолдарын үйренеді. Қазақстанның жануарлар дүние сін қорғау. Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген жануарлар.

Су және өмір 3 сағат

Адам өміріндегі және шаруашылық қызметіндегі судың маңызы.Су бай лықтарының таралу географиясы.Қазіргі кезеңдегі дүние жүзіндегі тұщы суды пайдалану мәселесі.Қазақстанның су байлықтары.олардың қазіргі экологиялық жағдайы. «Судың сұрауы» бар демекші оқушыларға «Алтын балық» ертегісінің идеясының желісін өмірмен және тараумен байланысты екенің түсінеді. Жергілікті жердегі табиғи тұщы су көздерінің ластану себептерін анық тау және оны сақтау жолдары.

Біздің қанатты достарымыз 5 сағат

Құстар өзгеше болып жаратылған құбылыс иесі. Көкті құссыз, құсты көксіз елестету мүмкін емес екенің біледі. Құстарға ұяны неден жасауға болатындығы, үйлерінде қандау құстар бар екені сұралып, қалай күтіп ұстайтыны туралы айтылады. Құстардың пайдасы мен зияны туралы айтылады. Ойын түрінде тапсырмалар орындалады.

Қорғауға арналған өсімдіктермен танысу 5 сағат

Өсімдіктердің адам өміріндегі маңызы. Орман байлықтары және оның маңызы.Қазақстанда өсетін дәрілік өсімдіктер және оны қорғау. Қазақ станның «Қызыл кітабына» енген өсімдіктер.

Нормативтік бөлім:

Барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағаттан



Тақырыбы

Пайдаланған

әдебиеттер



Сағат саны

Уақыты

Экология дегеніміз не? 4 сағат

1

Экология дегеніміз не?

Бейсенова Ә.С. Экология-ел тағдыры.

Алматы.Мектеп.2006ж



1




2

Күзгі саябақ

Дидактикалық матери алдар.Алматы.Мектеп.2007ж

1




3

Жер дегеніміз не?

Дүниетану 2 сынып 2013ж

1




4

Табиғат байланыстары

Табиғат –ел байлығы. Алматы.Қайнар.1982ж







Орман-біздің байлығымыз 8 сағат

5

Қоршаған орта. Табиғат ережелері

Заповедники Казахстана.Алматы.Наука. 1989ж

1




6

Күзгі тоғайға саяхат

Табиғат –ел байлығы. Алматы.Қайнар.1982ж

1




7

Орман-біздің байлығымыз

Экология-ел тағдыры. Алматы.Мектеп.2006ж

1




8

Өлкетану мұражайына саяхат

Дидактикалық матери алдар.Алматы.Мектеп.2007ж

1




9

Жануарлар әлемі

«Таза болса табиғат-аман болар адамзат» респблик. конкурсының материалдары

1




10

Сен білесің бе?

Табиғат –ел байлығы. Алматы.Қайнар.1982ж

1




11

Табиғақұбылыстары

Заповедники Казахстана.Алматы.Наука. 1989ж

1




12

Ормандағы өрттер?

Табиғат –ел байлығы. Алматы.Қайнар.1982ж

1




Табиғатты қорғау тәсілдерін үйрену 9 сағат

13

Жануарларды қорғау және көбейту

Дидактикалық матери алдар.Алматы.Мектеп.2007ж

1




14

Құстарды қамқорлыққа алу

Табиғатты қорғау жөніндегі материалдар жинағы

1




15

Саңырауқұлақтар әлемі

Табиғат –ел байлығы. Алматы.Қайнар.1982ж

1




16

Ойын «Не? Қашан? Қайда»

Дүниетану 2 сынып 2013ж

1




17

Қызыл кітапқа енген жануарлар

Қазақстанның Қызыл кітабы беттерінен

1




18

Ауа мен өмір

Дүниетану 2 сынып 2013ж

1




19

Қысқы саябаққа саяхат

Табиғатты қорғау жөніндегі материалдар жинағы

1




20

Сиқырлы қазына

Дидактикалық матери алдар.Алматы.Мектеп.2007ж

1




21

Топырақтың тірі тұрғындары

«Таза болса табиғат-аман болар адамзат» респблик. конкурсының материалдары

1




Су және өмір 3 сағат

22

«Алтын балық» ертегісі

Табиғат –ел байлығы. Алматы.Қайнар.1982ж

1




23

Түрлі-түсті өзен

Табиғатты қорғау жөніндегі материалдар жинағы

1




24

Өзен атаулары

Экология-ел тағдыры. Алматы.Мектеп.2006ж

1




Біздің қанатты достарымыз 5 сағат

25

Құстардың дамуы

Дидактикалық матери алдар.Алматы.Мектеп.2007ж

1




26

Кімнің үйі жақсы?

Экология-ел тағдыры. Алматы.Мектеп.2006ж

1




27

«Қанатты достар»

«Таза болса табиғат-аман болар адамзат» респблик. конкурсының материалдары

1




28

Құстарға қалай ұя жасаймыз?

Дүниетану 2 сынып 2013ж

1




29

Көктемгі саябаққа саяхат

Дүниетану 3 сынып 2015ж

1




Қорғауға арналған өсімдіктермен танысу 5 сағат

30

Ерте дамитын өсімдіктер

Қазақстанның Қызыл кітабы беттерінен

1




31

Қайын ағашы

Дүниетану 2 сынып 2013ж

1




32

Қызыл кітапқа енген өсімдіктер

Экология-ел тағдыры. Алматы.Мектеп.2006ж

1




33

Пайдалы өсімдіктер

Экология-ел тағдыры. Алматы.Мектеп.2000ж







34

Қорытынды сабақ

Дидактикалық матери алдар.Алматы.Мектеп.2007ж

1



Ақпараттық-әдістемелік бөлім

«Табиғатты қорғау» факультативтік курсын оқытуда «Дамыта оқыту», «сын тұрғысынан ойлау», өзара оқыту, топпен оқыту, жекелеп оқыту технологиялары қолданылады. Жұмыс барысында оқушылар ұсынылған мәліметтер арасынан ең қажеттілерін таңдап алып, қосымша материалдарды жинақтау арқылы курс бойынша құрас тырылған жұмыс дәптерін толтырады,өз білімдерін тексереді. Оқушылар топпен, жеке, жұппен, ым-ишарамен және форматифті, бірін-бірі бағалайды. Мақтау сөздері айтылады, ынталандыру үшін мақтау қағазы беріледі, медалдар мен кубок беріледі. Оқушылардың білім деңгейі алға қойылған мақсат пен жас ерекшеліктеріне қарай бағаланады.Бағалау барысын да:материалдың дұрыс әрі сапалы баяндалуын,ұғымдар мен заңды лықтардың толық ашылуын,оқушылардың дербес жауап беруін,материалдың дәлелді баян далуын,интеллектуалды,жалпы оқуға қатысты және өзіндік икемділік қалыптастырғанын ескеру қажет. «Табиғатты қорғау» факультативтік курсын оқытуда «Дамыта оқыту», «сын тұрғысынан ойлау», өзара оқыту, топпен оқыту, жекелеп оқыту технологиялары қолданамын. Сонымен қатар бірнеше әдіс -тәсілдер пайдаланамыз. «Миға шабуылдау» әдісі: «Миға шабуыл», «ойға шабуыл», немесе «миға батыл әрекет» әдісі мен термині ең алғашында Сократтың эврестикалық диалогты негізге ала отырып жасалынған. Қазіргі таңда «миға шабуыл» әдісінің бірнеше түрі ойластырылған. Осы орайда «Табиғатты аялайық» факультативтік курсын оқытуда ақпараттық-технологиялардың бір түрі-оқытудың интерактивті әдісін басшылыққа алып отырамын. Интерактивті әдісте оқушы дайын білімді көшіріп алмай өз беті мен ізденуге мүмкіндік алады. Бұл әдістің ерекшелігі-тұлғаның танымдық қабілеттерін жетілдіру ойлауды, ынтаны дамытуға қарым-қатынас ойын танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға, зерттеу әдістерін дамытуға бағытталуында.

Оқушы пайдаланылатын әдебиет:



  1. Дүниетану. Әдістемелік құрал 2013ж;

  2. Бастауыш мектеп. журналы 2008ж;

  3. «Туған табиғатты аялайық» журнал Құлжабаев Г.А -2011жыл;

  4. «Таза болса табиғат-аман болар адамзат» материалы 2011ж;

  5. Айналадағы дүниені бақылау дәптері 2002 жыл «Атамұра»

  6. Бастауыш мектеп. журналы 2010ж;

  7. Экология ел-тағдыры журналы 2006ж;

  8. «Өсімдіктер әлемі» оқу-әдістемелік құрал 2014 жыл;

  9. «Жаратылыстану» Мектеп 2011ж;

  10. «Өсімдіктер әлемі» оқу-әдістемелік құрал 2014 жыл;

Мұғалім пайдаланатын әдебиет:

1.Дүниетану 3 сынып 2015, 2 сынып 2011ж

2.Бейсенова Ә.С. Экология-ел тағдыры. Алматы.Мектеп.2006

3.Табиғатты қорғау жөніндегі материалдар жинағы.Табиғат –ел байлығы. Алматы.Қайнар.1982.

4. Омыртқалы жан уарлар.Алматы.Алматыкітап ААҚ.2006

5. Дидактикалық матери алдар.Алматы.Мектеп.2008

6.Ковшарь А.Ф.Иващенко А.А. 1989.

7.«Таза болса табиғат-аман болар адамзат» республикалық конкурсының материалдары.Астана қаласы.2011

8. «Әліппе -гүлдер әлемі» Құлтабаева.2010 жыл

9. «Ерке мен үлпек» Алматы «Таймас»2012ж



10. «Суретті кітапшалар» Б.Баймұратов,Ұ.Ботабаев Алматы «Рауан»-2002 ж


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет