Эконометрика


Математикалық статистика элементтері



бет11/56
Дата08.02.2022
өлшемі3,29 Mb.
#98039
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   56
Байланысты:
7 ismagulova n.m. berguzinova t.m. ekonometrika
316 нб 23, коррупция, күшікбаева-әсем-127группа
3 Математикалық статистика элементтері
Нақты экономикалық құбылыстарды әртүрлі көрсеткіштер бойынша зерттеуде өте көп статистикалық мәліметтерді өңдеуге тура келеді. Статистикалық мәліметтер құрылымы бойынша кездейсоқ шамалар болып табылады. Көп жағдайда параметрлердің сандық мәндерін бағалау үшін бірнеше рет болжам қоюға және оларды тексеруге тура келеді. Әртүрлі факторлар арасындағы тәуелділікті орнату және тәуелділіктің шамасын анықтау қажет.
Статистикалық мәліметтер дегеніміз жүргізілген байқаулардың, тәжірибелердің қорытындысы. Математикалық статистиканың негізгі міндеттерінің бірі статистикалық мәліметтердің заңдылықтарын айқындап, оларға сәйкес экономикалық модель құру және шешімдер қабылдау. Математикалық статистиканың бірінші міндеті байқаулар, тәжірибелер арқылы алынған мәліметтерді жинастырып, топтастыру әдістерін көрсету. Ал екінші міндеті статистикалық мәліметтерді алға қойған мақсатқа байланысты талдау жасау әдістерін табу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   56




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет