Экономика және құқық факультеті



Дата06.01.2022
өлшемі14,8 Kb.
#109705
Байланысты:
11 нед тарих срс
13 лекция протозойлы инфекц, 14.12.20 Аналит геом МК-315, 14.12.20 Аналит геом МК-315, 6клфак, ОСӨЖ 9апта , циклограмма наурыз 4 апта[1], Деректану, Документ (58), Семинар 1 (3 сұрақ)

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Экономика және құқық факультеті
Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы

ОСӨЖ
Тақырыбы: “Қазіргі заман жағдайында қазақ халқының ауызша мұрасы (тарихи дәстүрлерді) мен жазбаша тарихнамасы (Мұхаммед Хайдар Дулати, Қадырғали Қасымұлы Жалайырдың шығармаларын) зерттеу” тақырыбында эссе.

Орындаған: Темирбулатова А

Тексерген: Нурпеисова

11-СӨЖ
XVI ғасырдың соңы мен XVII ғасырдың ең алғашқы жылдарында жазылған түркі ескерткіштерінің бірі – Жалаири Қадырғали Қосымұлының қолынан шыққан тарихи туынды «Жамиғат-ат тауарих» («Шежірелер жинағы»). 1602 жылы жазылып аяқталған бұл шығарма ғалымдар назарына ілігуі – XIX ғасырда өмір сүрген татардың ағартушы ғалымы Ибрагим Халфиннің есімімен тығыз байланысты. Ол еңбектің бір көшірмесін 1819 жылы Қазан университетінің кітапханасына тапсырады. Қадырғали би еңбегі – ортаазиялық тарихи шығармалар дәстүрінде жазылған еңбек. Сонымен қатар автор сол тарихи кезеңдегі мәдени дамудың деңгейі мен сипатына сай жазба тарихпен қатар, жатқа айтылған тарихты да жақсы меңгерген. Өйткені, ол өмір сүрген тарихи кезеңде көшпелі түркі қоғамдарында ауызша тарих айту дәстүрі кең тараған еді. Шежірелер жинағында берілген шежірелік материалдар, түркі халықтары арасында кең тараған Едіге жайлы эпостан үзінді, пайдаланылған қанатты сөздер мен мақал-мәтелдер соның айғағы. Алайда, Қадырғали би еңбегінің құндылығы – қазақ халқы өз өкілінің қаламынан туған жазба тарих болуында. Бұл шығармада қазақ тарихына қатысты деректер аса көп емес, дегенмен сол азын-аулақ мәліметтің өзі ғылыми маңызы зор, оны басқа сол тұстағы ескерткіштерден кездестіре алмаймыз. Өйткені, Қадырғали мәліметтері қазақ қоғамына тән процестерді сырт көз арқылы емес, іштен қарауға көмектеседі. Орта ғасырлардағы түркі жазба ескерткіштерінің барлығында да, оның ішінде Қадырғали шежіресінде де өзге тілдік қабатты араб пен парсы сөздері құрайды. Сонымен қатар мұнда монғол сөздері және некен-саяқ қытай тілінің элементтері кездеседі. Шығармада қолданылған араб сөздерінің дені – дерексіз (абстракт) ұғым атаулары. Олардың да басым көпшілігі түркі тілдеріне еніп, күні бүгінге дейін қолданылып келе жатқан дәулет, асыл, илтифат, ихлас, ишарат, файда, рәсім, адат тәрізді сөздер. Қорыта айтқанда, Қадырғали бидің «Жамиғат-ат тауарих» атты шығармасы – XVI ғасыр соңғы ширегіндегі қазақтың ескі жазба әдеби тілінің прозадағы, оның ішінде тарихи-шежіре жанрындағы тұңғыш үлгісі.

Мұхаммед Хайдар Дулатидің Тарих-и-Рашиди атты осы еңбегі әлем елдерінде көптеген тілдерге аударылған құнды еңбек болып табылады. Атап айтқанда, ағылшын, француз, қытай, орыс, түрік, өзбек және тағы басқа да халықтар осы классикалық еңбекті өз тілдерінде оқиды. Дулатидің бұл кітабы XIV ғасырдың XVI ғасырдың орта кезеңіне дейінгі аралықты қамтиды. Ол шын мәніндегі энциклопедиялық және тарихи деректемелік еңбек екені дәлелденген. Орта ғасырдан біздің кезімізге дейінгі аралықта бізге жеткен мұндай құнды мұра жоқтың қасы.Тарих-и-Рашиди көтерген мәселелердің ауқымы өте кең. Автор қазіргі Орталық Азия, Қазақстан, Шығыс Түркістан, Пәкістан, Ауғанстан, Үндістан және тағы басқа елдерді мекендеген халықтардың сол замандағы саяси жағдайы, мәдениеті, тарихы, әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, тұрмыс-тіршілігі жайында жан-жақты танымдық маңызы мол деректерді келтірген.



Бұл еңбек, осы кітапты құрастырушылардың айтуынша, этнографиялық, этникалық, географиялық, археологиялық, астрономиялық мәліметтердің, тарихи деректердің соншалықты молдығымен ерекшеленеді. Қазақ хандығының қашан құрылғандығы туралы нақты мәліметті де бізге алғаш рет Дулати осы Тарих-и-Рашиди кітабында жазып қалдырған. Сондай-ақ онда қазақ хандығының бір ғасырдан астам саяси тіршілігінің жай-жапсары жөнінде, қазақ елінің өсіп-өркендеуі туралы, Моғолстан мен Ұлы Моғол империясы хақында біздер үшін тың мәліметтер жазып қалдырған. Бұл еңбек ұлтын сүйетін әрбір азамат үшін құнды екені анық. Сонымен қатар мемлекет тарихымен айналысатын тарихшылар, әдебиетші, мәдениет танушы, философтар, дінтанушылар, географтар, астрономдар, әскери басшылар үшін аса құнды мұра болып табылады. Осы еңбектегі өлеңдерді аударған ақын Болат Шарахымбай.Бұл көлемді еңбек 48 баспа табақтан, 768 беттен тұрады.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет