Экстремалды жағдайлар кезіндегі және одан кейін байқалатын психогендік бұзылыстар және олардың клиникалық ерекшеліктері



бет1/3
Дата01.04.2022
өлшемі15,94 Kb.
#137509
  1   2   3
Байланысты:
10 апта ЭКП
Презентация Microsoft Office PowerPoint

Экстремалды жағдайлар кезіндегі және одан кейін байқалатын психогендік бұзылыстар және олардың клиникалық ерекшеліктері.
Апаттар мен табиғи бақытсыздықтар кезінде жүйке-психикалық бұзылыстар дезадаптация күйі мен невротикалық, невроз тектес реакциялардан реактивті психозадарға дейін кең ауқымда көрініс береді. Олардың ауыртпалылығы: адамның жасы, жынысы, бастапқы әлеуметтік бейімделу деңгейі; жеке дара мінез-құлық ерекшеліктері; апат кезіндегі қосымша күрделі факторлар (жалғыздық, ауру туыстары, жеке басының шарасыздығы, жүктілік, ауру және т.б.) сияқты көптеген жағдайларға байланысты болады.
Өмірге қауіпті жағдайларда туындайтын әртекті жағымсыз факторлардың адамның психикалық іс-әрекетіне жарақаттаушы ықпалы патологиялық емес психоэмоциялы (белгілі бір дәрежеде физиологиялық) реакциялар және патологиялық күйлер – психогениялар (реактивті күйлер) деп жіктеледі.Біріншілеріне реакцияның психологиялық түсініктілігі, оның тікелей жағдайға байланысты болуы және аса ұзақ болмауы. Патологиялық емес реакцияларда әдетте адамның еңбекке қабілеттілігі (төмендетілген болса да), айналасындағылармен араласу мүмкіндігі және мінез-құлқын сын тұрғысынан талдау қабілеті сақталады.
Патологиялық емес реакцияларға қарағанда патологиялық – психогенді бұзылыстар адамның қатардан шығарып тастайтын, оны өзге адамдармен өнімді араласу ықтималдылығынан және мақсатты әрекеттерге деген қабілетінен айыратын ауыр күйлер болып табылады. Бірқатар жағдайларда сана бұзылыстары орын алуы мүмкін, психотикалық бұзылыстардың кең шеңберімен қатар жүретін психопатологиялық бұзылыстар кездесіп жатады.
Экстремалды жағдайлар кезіндегі және одан кейін байқалатын неғұрлым жиі орын алатын психогендік бұзылыстарды – патологиялық емес (физиологиялық) реакциялар, патологиялық реакциялар, невротикалық күйлер мен реактивті психоздар деп төрт топқа біріктіреді.

Экстремалды жағдайлар кезіндегі және одан кейін байқалатын психогендік бұзылыстар (Александровский).



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет