Әл-Фараби: «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактат»



Дата09.10.2023
өлшемі1,03 Mb.
#184334
Байланысты:
Азамат тооооооп
Әbu-nasyr-әl-farabi

Әбу Насыр Әл-Фараби - әлемге әйгілі ойшыл, философ, социолог, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеушісі. Биылғы жылы ортағасырлық ұлы ғұлама, замандастары үлкен құрметпен "Шығыстың Аристотелі", "Аристотельден кейінгі екінші Ұстаз" деп атаған Әл-Фарабидің туғанына дәл 1130 жыл толады.

Әл-Фараби басқаруды өз еңбегінде қайырымды және қайырымсыз деп екіге бөлді. Қайырымды, білімді, мәдениетті басқару – халықты бақытқа бастайды, олардың іс-әрекетін, ерік-қасиетін осы жолға бағыттайды. Ол үшін басқару заң күшіне, игі тәжірибеге негізделуі тиіс. Ал қайырымсыз, надан басқаруда теріс әрекеттер мен жаман қасиеттер бой алады.

Әл-Фараби: «Адамдар бірлестігі шынайы бақытқа жеткізетін істерде өзара көмектесу мақсатын қойған қала – қайырымды қала, ал адамдары бақытқа жету мақсатымен бір-біріне көмектесіп отыратын қоғам – қайырымды қоғам.

Қайырымды қала басшылары және билеушілерінің келесідей төрт түрлері болады: – шынайы билеуші (барлық қасиеттерге ие бірінші басшы); – шынайы билеуші жоқ болса, қайырымды қаланы «ең лайықтылар» басқарады; – егер жоғарыда аталғандардың екеуі де болмаса, бірінші билеушілермен енгізілген ерте заңдарды және ережелерді білетін және орындайтын «заң бойынша билеуші» қаланы басқарады; – заң бойынша билеуші жоқ болған жағдайда, бұрынғы заңдар туралы білімдері бар адамдар тобы, яғни, заң бойынша басшылар. Әл-Фараби үшін қайырымды қаланы кім және қанша уақыт басқарғаны маңызды емес. Оған қалай басқаратыны маңызды.

Әл-Фараби қайырымды қала басшысында алты түрлi қасиет болу керек деп есептейдi. Олар: даналық, асқан пайымдылық, сенiмдiлiк, ойлау қабiлетiнiң жоғары болуы, соғыс өнерiн жетiк бiлуi, денсаулығының мықты болуы. Ал, қала тұрғындарын бес топқа бөледi. Оның ойынша, «қайырымды қала бес түрлi адамдар тобынан құралады: ең құрметтi адамдардан, шешендерден, өлшеушiлерден, жауынгерлерден және байлардан».

Қайырымды қаланың орнығуында әл-Фараби мұсылман құқығының принциптерiн талап етпейдi, оны ақыл-парасаттың дамуы мен қайырымдылықтың нығаюымен байланыстырады. Ол тұжырымдаған жағдайдың бәрiнде мұндай қала билеушiлерi моральдық-этикалық қалыпқа сай болып келедi, олардың ешқайсысының исламға тiкелей қатысы жоқ.

Осы еңбегінде адамның өзін танымақтығы жөнінде айтылатын ойларын«өсімдік жаны», «хайуан жаны», «адам жаны» деп жүйелейді. Адам жанына (интеллект), оның ішкі және сыртқы сезім мүшелеріне (хауас) талдау бергенде жүрекке үнемі шешуші мән беріп, ерекше даралай көрсетіп отырады. Адам қоғамдастығын философ екі түрге бөліп көрсетеді: толық және толық емес. Толық қоғамдастықтың өзін үш түрге бөлген: үлкен, орташа, кіші. Үлкен қоғамдастық деген – ол бүкіл жерді мекендеуші барлық адамдардың жалпы қоғамдастығы деп көрсетеді. Ал орташа қоғамдастық дегеніміз – белгілі бір халық ретіндегі қоғам дейді, кіші қоғамдастық – белгілі бір қала ретінде көрсетілген.

Әл-Фарабидің еңбектері күні бүгінге дейін өз мән-маңызын жойған жоқ. Қорқыт өмір бойы ажалды жеңетін күш іздесе, әл-Фараби бақыттың кілтін іздеді. Бақытты қалада тұруды армандады. Ол ең соңында: «Бақытқа қолы жеткен адам үшін ең жарастысы – қанағатшылдық жасау»,- деп бақытты қанағатпен ғана ұстап тұру мүмкін екенін айтты. Марфуға Шапиян



Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет