«Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ» кеақ Ғылыми кеңес отырысында


Білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтиханға дайындалуға



Pdf көрінісі
бет2/9
Дата08.11.2023
өлшемі193,95 Kb.
#190385
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Наномат. и нанотехнологии каз

Білім беру бағдарламасы тобының бейіні бойынша емтиханға дайындалуға 
арналған тақырыптар. 
 
 «Нанотехнологияның іргелі негіздері» 
пәні
 
 
 
Наножүйелер және нанотехнология ғылымының негізгі түсініктері мен 
анықтамалары
.
Нанотехнологиялар мен наноматериалдардың даму тарихы. Негізгі терминдер мен 
ұғымдар. Нанотехнологияның объектілері мен әдістері. Наноматериалдарды жіктеу 
негіздері. Нанобъектілер мен наножүйелер мысалдары, олардың ерекшеліктері, қасиеттері 
және қолданылуы. Фуллерендер, фуллериттер, графендер, нанотүтікшелер, наноталшықтар, 
аэрогельдер - құрылымы, физикалық қасиеттері, қолданылуы. Нанотехнологияның даму 
принциптері мен болашағы. Көміртекті нанотүтікшелер. Бір қабатты және көп қабатты 
нанотүтікшелер. Көміртекті нанотүтікшелердің хиральдікке байланысты қасиеттері. 
 
Наноматериалдар, нанобөлшектер және олардың жіктелуі.
Бейорганикалық және органикалық функционалды материалдар. Гибридті (органо - 
бейорганикалық және бейоргано - органикалық) материалдар. Биоминерализация және 
биокерамика. Наноқұрылымды 1D, 2D және 3D материалдар. Мезокеуекті материалдар. 
Молекулалық елеуiштер. Нанокомпозиттер және олардың синергетикалық қасиеттерi. 
Құрылымдық наноматериалдар. Нанобөлшектердің түрлері. Кванттық нүктелер, кванттық 
сымдар. Нанобөлшектерді алу және тұрақтандыру әдістері. 
 
Наножүйелер түзілуінің негізгі принциптері.
Физикалық және химиялық әдістер. Нанообъектілерді «жоғарыдан - төмен» алу 
процестері. Нанообъектілерді «төменнен - жоғары» алу процестері. Нанообъектілерді 
механобелсендіру және механосинтез. Нанообъектілерді синтездеу технологиялары (будан 
химиялық тұндыру (CVD), будан физикалық тұндыру (PVD)). Газ және конденсірленген
ортадағы туынтектердің түзілу процестері. Гетерогенді дән түзілу, эпитаксия және 
гетероэпитаксия. Химиялық гомогенизация әдістері (қайта тұндыру, золь-гель әдістері, 
криохимиялық технология, аэрозоль пиролизі, сольвотермалды өңдеу, өте жоғары шекті 
кептіру).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет