«Электрондық кестені есептеулерге қолдану»



бет1/4
Дата07.02.2022
өлшемі305,47 Kb.
#90740
түріСабақ
  1   2   3   4
Байланысты:
docx1543927043


Сабақтың тақырыбы:Электрондық кестені есептеулерге қолдану
«Электрондық кестені есептеулерге қолдану».
1985 жылы мамыр айында Microsoft компаниясы өздерінің электрондық есептеулерге арналған кестелік бағдарламасы MS Excel – ді ойлап шығарды. Үш айдан соң-ақ бұл бағдарлама барлық есеп жүргізушілерге таныс болып, қолданысқа жаппай енді.
Excel даярлайтын құжат Жұмыс кітабы деп аталады. Жұмыс кітабы жұмыс парағынан тұрады. Жұмыс парағының құрылымы кестенің құрылымындай және ол бір немесе бірнеше кестені қамтиды. Әрбір парақтың аты төменгі жағында орналасқан таңбашада көрініп тұрады. Осы таңбашаның көмегімен кітапты парақтауға болады. Таңбашаны тышқанның батырмасын екі рет басу арқылы өзгертуге болады. Әрбір жұмыс парағы жолдар мен бағандардан тұрады. Бағандардың аты латын алфавитінің бас әріптерімен жазылады. Бір жұмыс парағы 256-ға дейін баған санын қамти алады. Бағандар А-дан ZZ әріптерінің комбинацияларымен белгіленеді, ал жолдар 1-ден бастап 65536-ға дейін нөмірленеді. Бағандар мен жолдардың қиылысуы ұяшықтар деп аталады. Ол электрондық кестенің мәлімет енгізетін ең кіші элементі болып табылады. Әрбір ұяшықтың жол мен бағандардың белгіленуінен тұратын адресі болады. Мысалы: А9, D21, F5, G7, L16. Әрқашанда ұяшықтардың біреуі ағымдық ұяшық болып есептеледі және жақтаумен ерекшеленіп тұрады. Осы жақтау кестелік меңзердің рөлін атқарады және тышқанның немесе басқару пернелердің көмегімен экранда жылжыта аламыз. Мәліметтерді енгізу, пішімдеу және басқа да іс-әрекеттер осы ағымдағы ұяшықта жүзеге асырылады. Бірнеше ұяшықтар тобын ұяшықтар ауқымы деп атаймыз. Ауқымдар тік төртбұрыш қалыпты болады. Оларды былай белгілейді: A7:E25. Мұндағы А7 – тік төртбұрыштың сол жақ жоғарғы, ал Е25 – оң жақ төменгі бұрыштары. Кестенің ұяшықтарына мәліметтердің келесі үш типінің біреуін ғана енгізе аламыз. Ол мынадай типтер: Сан, Формула, Мәтін.
Мәтіндік мәліметтерді автоматтандыру үшін автотолтыру әдісін қолданады. Оны жұмыс парағының бір бағанына бірнеше рет қайталанатын мәтіндік жолды енгізгенде пайдаланады. Мәтінді енгізу кезінде программа оны жоғарғы жолдармен салыстырып, бірдей элементтер кездессе автоматты түрде толтырады.
Сандармен жұмыс істеген кезде автотолтыру әдісі пайдаланады. Ағымдағы ұяшықтың қоршауының төменгі бұрышында кішкентай қара түсті шаршы орналасқан. Оны толтыру маркері деп атайды. Тышқанның нұсқағышын сол маркерге алып барса, оның пішіні кішкентай крест тәрізді болып өзгереді. Сол кезде маркерді тік немесе көлденең тасымалдау арқылы автотолтыру жүзеге асырылады.
Электрондық кестедегі формуладеп есептеу үшін қолданылатын кәдімгі математикалық өрнектерді айтады. Формулалар белгілі ереже бойынша жазылады. Формуланы енгізу міндетті түрде теңдік (=) белгісінен басталады. Ұяшықта енгізілген формуланың өзі емес, сол бойынша есептелген мәні көрсетіледі.
Формулалардың мынандай түрлері бар:
- математикалық;
- статистикалық;
- қаржылық;
- логикалық;
- жіберу және т.б.
Формулалар операторлардың көмегімен жазылады:
- арифметикалық;
- салыстыру;
- жіберу;
- мәтіндік
Бағдарламада деректерді жедел енгізетін екі механизм бар: автотолтыру және автоаяқтау. Үнсіз келісім бойынша ол екі механизм активті, бірақ қажетті жағдайда оларды ажыратып тастауға болады. Егер бір толтырылған ұяшықтың құрамындағы деректерді басқа ұяшықтарға енгізу қажет болса, автотолтыру функциясы сіздің уақытыңызды үнемдеп береді. Ол үшін деректері бар ұяшықты белгілеп, тінтуір нұсқағышын төменгі оң жақ бұрышыныа орнатыңыз. Нұсқар (стрелка) қосу (+) белгісіне айналады. Сол жақ батырманы басып тұрып, (+) белгісін қатар бойынша немесе баған бойынша (яғни, қажетті бағытта) жылжытыңыз.

Автотолтыру механизмі ай белгілерін реті бойынша енгізу қажет екенін қаблдайды. Ол үшін екі қатарлас ұяшыққа екі бірінші белгіні енгізіп, екі ұяшықты белгілеңіз. Тінтуір нұсқағышын белгіленген диапазонның төменгі оң жақ бұрышына орнатып және сол жақ батырмасын басып тұрып, қажетті бағытта жылжытыңыз. Тінтуір нұсқағышын жылжыту кезінде автотолтыру механизмі ұяшықтарды толтыра бастайды. Егер, 12 ұяшыққа жылжытсақ, 12 ай белгісі толтырылады. Апта күндерін де автоматты түрде толтыра алады.

Автотолтыруды көбінесе жұмыс парағының бір бағанына бірнеше рет қайталанатын мәтіндік жолды енгізгенде пайдаланады. Мәтінді енгізу кезінде программа оны жоғарғы жолдармен салыстырып, бірдей элементтер кездессе автоматты түрде толтырады.
Сандарды автолтыру. Сандармен жұмыс істеген кезде автолтыру әдісі пайдаланады. Ағымдығы ұяшықтың қоршауының төменгі бұрышында кішкентай қара түсті шаршы орналасқан. Оны толтыру маркері деп атайды. Тышқанның нұсқағышын сол маркерге алып барса, оның пішіні кішкентай крест тәрізді болып өзгереді. Сол кезде маркерді тік немесе көлденең тасымалдау арқылы автолтыру жүзеге асырылады.
Excel –де есептеу. Excel –де мынадай тәртіп бар: формуланы енгізу міндетті түрде теңдік белгісінен (=) басталады. Мысалы, егер сіз Excel ұяшығына мына өрнекті =35-48 енгізіп, пернесін бассаңыз, бағдарламада осы формула бойынша есептеп, таңдалған ұяшыққа 13 санын орнатады.
Ескеріңіз, ұяшықта енгізілген формуланың өзі емес, сол бойынша есептелген мәні көрсетіледі. Excel –де математикалық өрнектерді енгізген кезде белгілі операторлар қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет