Электрондық пошта жасау. Электрондық пошта қызметі



Дата27.03.2020
өлшемі63 Kb.
#60940
Байланысты:
2 сабак

Электрондық пошта жасау. Электрондық пошта қызметі

1820 жылы Брайтондағы қағаз сатумен айналысатын Бревер деген саудагер кәдімгі конвертті ойлап тапты.

1840 жылы Ұлыбританияда пошта маркасының шығарылуы осы сала тарихының ең маңызды тұсы болды

Қазір Бүкіләлемдік пошта одағында әлемнің 189 елі бар.

Қазақстанда ресми пошталық байланыс бөлімшесі алғаш рет 1860 жылы Алматы қаласында (Верныйда) ашылды.

Электронды поштаның пайда болуын 1965 ж жатқызуға болады. Осы жылы Массачусетк-технологиялық институтының (MIT) қызметкерлері Ноэль Моррис және То Ван Влек, CTSS (Compatible time-sharing system) операциялық жүйесіне арналған MAIL бағдарламасын жазды. Ал бұл бағдарлама IBM 7090/7094 компьютерінде орнатылды



1971 жылы BBN компаниясының қызметкері Рэй Томлинсон тарату желісі арқылы хат жіберу мүмкіндігіне қол жеткізді.

1972 жылы Рэй Томлинсон пошталық бағдарламасын жаңартып, Интернетке дейінгі, ARPANET желісіне сай жасады.

1975 жылы Джон Виттал ‘‘MSG’’ бағдарламасын жасап шығарды. Ол келген хатқа жауап беру, келіп түскен хаттарды қайта жіберу, сұрыптау мүмкіндігін іске асырды.



Электрондық пошта-(ағылшынша email, e-mail, electronic mail) интернет арқылы электрондық хабарларды жіберу және алу қызметтерін көрсететін технология («хат» немесе «электрондық хабарлама» жіберу). Басқа да осындай жүйелерден айырмашылығы (мысалы, тікелей хабарласу қызметтерінен) кейінірек жіберу мүмкіндігі және тәуелсіз пошта серверлері арасында хабар алмасудың өте дамығандығы.

Электрондық поштаны пайдалану үшін интернетте осы қызметті ұсынатын және жүзеге асыратын компаниялардың сайтында тіркелу керек. Мұндай компанияларды пошта-провайдерлері деп атайды.



Дүниежүзілік пошта провайдерлері:

www.hotmail.com - Microsoft компаниясы

www.gmail.kz - Google компаниясы

www.inbox.com – шет елдік

www.ojooo.com - шет елдік

Ресейлік пошта провайдерлері:

www.mail.ru – mailru

www.rambler.ru – Rambler

www.yandex.ru - Yandex


Пошта қызметін пайдалану

Электрондық пошта қызметін пайдалану үшін ең алдымен провайдер сайтына кіріп, сұраныс беру керек, оны басқаша - register, регистрация, тіркелу дейді. Бұл әрекетті сайттағы “Пошта”, “Пошта жәшігін ашу” немесе осыған мағыналас арнайы формада жүзеге асырады. Ол әдетте сайттың бір шетінде, анық көрінетін жерде орналасады.

“Регистрация” батырмасын тышқанмен шерткенде арнайы тіркелу беті, онда тіркелу формасы ашылады. Бұл форманы өте мұқият толтыру керек.

Пошта провайдерінен e-mail адрес, логин мен пароль алу

Пошта провайдеріне тіркелгеннен кейін жаңадан ашқан пошта жәшігіңізге оның e-mail адресі, логин мен пароль келіп түседі.

E-mail адресі, мысалы, былай жазылады:



askar16@mail.ru , B.dulat@gmail.kz , Kuat_Yerjan@mail.kz

@ таңбасы міндетті түрде жазылады. Оны - айқұлақ дейміз. Оның сол жағына қолдаушының аты-жөні немесе логині, ал оң жағына провайдердің атауы мен елдің аты көрсетіледі. Оларды - домен немесе - үйшік дейміз.

Пошта клиенті программалары

Outlook Express - Windows 98-XP операциялық жүйелерімен бірге орнатылатын өте ыңғайлы да шағын пошта клиенті.

Microsoft Office Outlook – Microsoft Office пакетінің құрамына кіретін пошта клиенті. Ол - поштадан басқа жұмыс пен жұмыс орнын жанжақты ұйымдастыру қызметі бар, яғни өте білікті хатшы міндетін атқара алатын қуатты программа. Сондықтан да оны органайзер, яғни ұйымдастырушы деп атайды.

Windows Live Mail – Windows 7, 8 операциялық жүйелерінде жұмыс істейтін пошта клиенті. Жүйеге бөлек орнатылады.

Thundderbird – Mozilla фирмасы жасаған атақты да өте қуатты пошта клиенті. Мүмкіндіктері өте жан-жақты. Және интернетте тегін таратылады.

Спам және онымен күрес

Электрондық поштамен көп мөлшерде бөтен, яғни сізге арналмаған хабарламалар келеді. Олар не адресі жоқ, мағынасы да жоқ, тіпті түсініксіз тілдерде жазылған, дөрекі мазмұнды сурет пен клиптер алып келеді. Ең жаманы – дәл осындай қаңғыбас хаттар арқылы Интернетте зиянкес вирустар мен программалар таратылады. Мұндай «шақырусыз» келетін күтілмеген, бетпақ хаттарды СПАМ деп атайды.

СПАММЕН күресу үшін түрлі әдістер ойлап табылған – хаттарды спамға фильтрлеу (сүзгілеу), спам хатты және оны тарату көздерін дәл анықтау, спам тарату көздерін жауып тастау (блокирование).




ТАПСЫРМА:

  1. Электронды хат дайындайтын қандай бағдарламалар бар?

  2. Outlook Express бағдарламасы туралы мәліметтер жазыңыздар.

  3. E-mail электронды поштасының қызметтері қандай?

Үйге тапсырма: «Электрондық пошта қызметі» оқу

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет