«Электроника» кафедрасы


Қажетті мәліметтер мен әдістемелік ұсынылымдар



бет2/6
Дата07.02.2022
өлшемі383,6 Kb.
#82700
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Зертханалық жұмыстар


1 Қажетті мәліметтер мен әдістемелік ұсынылымдар


1.1 суретте құрамына микропроцессор (MP4M), енгізу құрылғысы (In), жады жүйесі (Mem) және жүйенің жұмыс режимін қою блогы (Regime) енгізілген, 4-разрядты микропроцессорлық жүйенің моделі келтірілген.

1.1 Сурет
Оқу моделінің құрылым негізі ретінде микропроцессорлық жүйелердің жалпы құрылым принциптері алынды, олар:
модулдік;
 магистралдік;
 микробағдарламалы басқару.
Магистралдік принцип МПЖ-нің қызмет блоктарының арасындағы байланыс сипатын анықтайды; жүйенің барлық блогы өзара жүйе магистралі арқылы жалғанады және сол арқылы ақпарат алмастырылуы жүзеге асырылады. Жүйе магистралінің құрамына дерек желісі (DB, Data Bus), адрес желісі (AB, Address Bus) және басқару желісі (CB, Control Bus) кіреді. Оқу моделінің дерек желісі мен адрес желісі – төртразрядты, ал басқару желісінің жолдарының саны жүйенің құрама бөліктерінің мен олардың ішкі бөліктемелерінің және олардың жұмыс режимдерінің санымен анықталады.
Модулдік принцип жүйенің, қызметі жағынан толықтай бітірілген, жеке блоктар негізінде құрылатындығын сипаттайды. Оқу моделінің құрама блоктары: микропроцессор (MP4M, Microprocessor 4-bit, Modified), дерек енгізу құрылғысы (In, Input) және жады жүйесі (Mem, Memory). Жүйе блоктарының ішкі құрылымы да осы магистральдік және модулдік принциптерінің негізінде құрылды.
Микробағдарламалы басқару принципі жүйе бағдарламасын құруға пайдаланылатын командалардың әрбіреуінің қарапайым операциялар – микрокомандалар (ақпарат жіберілімі, арифметикалық және логикалық операциялар, өсірілімдер) арқылы жүзеге асырылу мүмкіндіктерін сипаттайды.
Жүйе модулдерінің ішкі құрылымдарын қарастыралық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет