Әлемдегі қазіргі демографиялық жағдай


 Табиғи ресурстардың жіктелуі. Ресурстарды экономикалық-географиялық бағалау



бет23/25
Дата15.10.2023
өлшемі4,95 Mb.
#185560
түріҚұрамы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Байланысты:
СЕССИЯсессия эконом (2)

67. Табиғи ресурстардың жіктелуі. Ресурстарды экономикалық-географиялық бағалау.
Табиғи ресурстардың жіктелуі. Шығарып алу және қайта өңдеу процесстерінің техникалық және технологиялық жетілденуіне, экономикалық рентабелділігіне байланысты, сонымен қатар табиғи шикізаттың көлемі жайында мәліметтерді ескере отырып табиғи-ресурстар қорын екі категорияға бөледі:
• қол жететін (дәлелденген немесе ақиқатты) қорлар – табиғи ресурстардың көлемі барлаудың қазіргі тәсілдерімен анықталған, техника жағынан қол жетерлік және игеруге экономика жағынан рентабелді;
• потенциальды (жалпы) қорлар – қол жетерліктермен қоса теориялық есептер және зерттеулер арқылы анықталған, бірақ әзірше техникалық және экономикалық пікірлерге байланысты игеруге болмайтын ресурстар (мысалы, өте тереңде жатқан қоңыр көмір, мұздақтардағы тұщы су қорлары). Сонымен қатар әзірше технологиялық жағынан шешілмеген термоядерлік синтезді басқару арқылы электро энергиясын өндіру. Былайша айтқанда потенциальды ресурстарды «болашақ ресурстары» деп атауға болады..
Табиғи ресурстардың бірнеше жіктелуі бар: пайда болуына (минералды, климаттық, топырақты, биологиялы-өсімдіктер және жануарлар), шаруашылықта қолдану түрлеріне (өнеркәсіптік, ауыл шаруашылықтық), сарқылуына байланысты (сарқылатын және сарқылмайтын).
Сонымен қатар сарқылатын табиғи ресурстар жоғарыда айтылғандай екіге бөлінеді: қалпына келетін және қалпына келмейтіндер.
Табиғи ресурстарды экономикалық тұрғыдан бағалау кезіндегі есептеулер барысында келесі көрсеткіштер анықталады:
1) табиғи объект шекарасында негізгі табиғи ресурстың қорларын бағалаудағы жалпы көрсеткіштер: ренттік бағалау-таза «нормадан жоғары» табыс: қалпына келтіруді бағалау-қалпына келетін табиғи ресурстарға; пайдаланушыға қосымды бағалау немесе ресурстың жиынтық бағасы;
2) негізгі табиғи ресурс қорларын бағалаудағы оның қорларының бір мөлшеріне келетін өзіндік немесе үлестік көрсеткіштері: үлестік рента, қалпына келтірудің үлестік рентасы, жалпы үлестік бағалау;
3) қосымша көрсеткіштер (табиғи ресурстар иелері мен пайдаланушыларына): басқа қалпына келетін табиғи ресурстарды қалпына келтіруді бағалау, жалпы және үлестік түрде, басқа қалпына келетін табиғи ресурстар бағасы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет