Элементтер мен олардың қосылыстарын жүйелік химия курсында оқытудың негізгі ұстанымдары


Негізгі және қосымша топшалардың металдарын оқыту



бет5/5
Дата29.11.2022
өлшемі77,76 Kb.
#160232
түріРеферат
1   2   3   4   5
Байланысты:
Нурахметова Д. Химияны оқыту әдістемесі
сабаққа қатысу дәптері сырты
Негізгі және қосымша топшалардың металдарын оқыту.
Химиялық элементтерді оқып-үйрену жоспары және жалпы қасиеттері оқушыларға таныс болғандықтан, негізгі және қосымша топшалардың металдары мэселелі әдіспен және оқушылардыц өздігінен істейтін жүмыстарын ұйымдастыру арқылы оқытылады.
Алғашқы сабақтарда оқушылар сілтілік металдардың негізгі сипаттамаларын еске түсіріп, активтілігін салыстырады. Бейметалдармен, сумен және қышқылдармен тотығу реакцияларының теңдеулерін жазады. Сілтілік металдардың ашылу тарихы, табиғаттагы қосылыстары, алынуы және қолданылуы туралы хабарлама жасайды.
Екінші негізгі топша элементтерінің атом құрылысы бірінші негізгі топшаның металдарымен салыстырылып, қасиеттеріндегі үқсастығы мен айырмашылығы анықталады. Тұзетін жай заттарының, оксидтерінің, гидроксидтерінің және тұздарының химиялық формулалары жазылып, қасиеттері сипатталады. Берилийдің қосылыстарынан басқалары нағыз металдың және негіздердің қасиеттерін білдіретіні жайлы тәжірибе  жүзінде дәлелденеді. Тотығу-тотықсыздану және алмасу реакцияларының теңдеулері электрондық және иондық тұрғыдан талқыланады.
Кальций және оның қосылыстары толығырақ қарастырылып, судың кермектілігі және оны жою жолдары жөнінде жаңа ұгым беріледі. Алдымен зертхана жагдайында кермек су алу және оның қасиеттерін сынау тәжірибесі көрсетіледі. Әкті су арқылы көміртегі (IV) оксиді жіберіледі, тұзілген түнба көмірқышқыл ғазын көбірек жібергенде ериді. Байқалған күбылыстың химиялық мэнін талдап, осыларға үқсас әрекеттердің табиғатта жүзеге асатыны айтылады. Жер қыртысында эктас және бор тұрінде кездесетін кальций карбонаты су және ауада әрдайым болатын көмірқышқыл ғазының эсерінен еріп, табиғи суларға кермектілік береді. Судың кермектілігі кальций және магний катиондарының, сульфат және гидрокарбонат аниондарының болуы байланысты. Магний және кальций гидрокарбонаттары бар судыц кермектілігі карбонатты немесе уақытша кермектілік деп аталады және кыздырғанда жойылады:

Са(НС03)2 = СаС03↓+ Н20 +С02


Бейкарбонатты немесе тұрақты кермектілік суда кальций, магний сульфаттырының және басқа тұздарының эсерінен болады,қыздырғанда олар жойылмайды. Уақытша және тұрақты кермектілікті. көбінесе, химиялық жолмен жояды:

Са(НС03)2+ Са(ОН)2= СаС03↓+ Н20


CaS04 + Na2C03= СаС03↓+ Na2S04


Судың кермектілігін білудің және жоюдың тұрмыстағы, сондай — ақ өнеркәсіптегі маңызы айтылады. Кермек суда сабын көпіршімейді, бу қазандарының түбіне және қабырғасына қақ тұрады, олардың бұлінуіне экеліп соқтырады.


Үшінші негізгі топшадан алюминий және оның қосылыстары толық өтіледі. Оқылып өткен екі негізгі топшаның металдарымен салыстырғанда айрықша — амфотерлі қасиеттерінің болатынына, сілтілермеи реакциясына назар аударылады:

2А1 + 2NaOH + 2H2O ═2NaA102 + ЗН2


Кейінірек, бұл реакция комплек тұзу тұрғысынан түсіндіріледі. Нәтижесінде натрийдің тетрагидроксоалюминаты Nа[А1(ОН)4] тұзіліп, сутегі бөлінеді. Алюминийдің өндірілу тарихы, табиғи қосылыстары және қолданылуы жөнінде оқушылар хабарлама жасайды.


Қосымша топшалардың элементтерінен, жаңа бағдарлама бойынша, темір қарастырылады. Темірді мысалға алып, косымша топшалардағы металдар атомдары құрылысының ерекшеліктері толығырақ талданады. Бұлардың сыртқы қабаттарындағы электрон сандары екіден аспайды, жай заттарда металдық кристалл торларын тұзеді. IV период d -элементтерінің электрондарымен толу сызбанұскдсы сызылады. Сызбанұскада скандийден мырышқа дейінгі 10 элемент сыртқының астындагы 3d орбиталін бірден онға дейін электрондармен толтьгратыны, хром мен мыстан басқасында сыртқы қабатындағы екі электронный сакталатыны айтылады. Бұл олардың металдық қасиеттерінің баяу өзгеруіне экеліп соқтырады. Қосымша топшадағы металдардың валенттілік электрондары сыртқы — s және оның астындағы — d орбитальдарында орналасатын болғандықтан, оң тотығу дәрежелері +3-тен +7-ге дейін өзгереді. Хром +2, +3 және +6 тотығу дәрежелерім көрсетеді. +2 тотығу дәрежесінде оксидтері мен гидроксидтері негіздік, +3 тотығу дәрежесіндегі қосылыстары амфотерлі, +6 тотығу дәрежесіндегі қосылыстары қышқылдық қасиет білдіреді. Бұл заңдылық металдардың бәрінде байқалады.
Темір атомыңда электрондардың орналасу ретіне қарап, оқушылар оның тотығу дәрежелері женінде жорамал жасайды:

+26 Ғе 2е, 8е, 14е, 2е

Жорамалды өздеріңе белгілі темірдің тотығу дәрежелерімен салыстырады. Әлсіз тотықтырғыштармен (мысалы, күкіртпен) +2, ал күшті тотықтырғыштармен (мысалы, хлормен) +3-ке дейінтотығатыны еске түсіріледі:

Fe +S= Fe S — темір (II) сульфиді


2Fe + ЗСІ2= 2ҒеСІз- темір (III) хлориді


Темірдің сутегімен (қыздыру арқылы), су буымен және ауадагы оттегімен +2 және +3 дәрежелеріне дейін тотығу реакцияларының теңдеулері жазылады. Екі қатар оттекті қосылыстар тұзетіні, +2 тотығу дәрежесінде негіздік, +3 тотығу дәрежесінде амфотерлі қасиет көрсететіні тәжірибелер арқылы нақтыланады:


ҒеО Ғе(ОН)2 Ғе203 Ғе(ОН)3
қара ақ қызыл қоңыр қоңыр
негіздік қасиет амфотерлі қасиет
Ғе(ОН)3 + NaOH= Na[Fe(OH)4] натрий тетрагидроксоферраты.

Бұдан соң темірдің табиғаттағы қосылыстары, кездесетін жерлері, алынуы және темір қосылыстары мен құймаларының қолданылуы жөнінде түсінік беріледі.


Соңында металдар тақырыбы бойынша эксперимент есептері шығарылады.

https://ulagat.com/


https://stud.baribar.kz/

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет