«Әлемнің жарығын силадың сен маған»



Дата08.06.2023
өлшемі17,65 Kb.
#178446
Байланысты:
Document (1)
209-кабинет паспорты, Сабақ 4 Презентация, 3-Нуралбаева Т жб анализ География 2020-2021 (1), 5-11 оқушы саны, 2021-22 кабинеты, Методика «Кактус»-emirsaba.org

«Әлемнің жарығын силадың сен маған»
Ана — әлемдегі ең ардақты да, аяулы жан. Тоғыз ай құрсағында көтеріп, жүрегінің астында жатқан нәрестесінен барын да, нарын да аямайтын ананың адам өміріндегі орны ерекше. Гүлдің жайқалып өсуі үшін су мен ауа қаншалықты қажет болса, баланың дұрыс жетілуі үшін де ата-ананың қажеттігі басым.

Бізге жарық дүние сыйлаған анаға не сыйласа да аздық етеді. Меккеге жеті рет арқалап апарғанның өзінде қарызын өтей алмассың. Себебі ана сияқты бақытыңды ойлап, табаныңа кірген тікенді маңдайына кіргенін қалайтын адам жоқ. Шын бақытыңды ойлап, жанын құрбан етуге даяр жалғыз адам ол — ана. Ана – үйдің берекесі, қыз баланың өнегесі, шаруаның несібесі. Ананың көзінен нұр төгіліп, жан-жағына шуағын төгеді. Осы шуақпен жылынып, асыл ананың құшағында мейір алып жүрген біз – алтын ананы мәңгі қастерлеп, еңбегін бағалайықшы. Себебі адам өмірде «адам» болғысы келсе, алдымен ананы қастерлей білуі керек емес?!

Өмірде ана алақанының қызуы мен әке-шеше мейірімін тоя жеген тамақ та, шипасы күшті дәрі де алмастыра алмайды. Осыдан жарты ғасыр бұрын ғалымдар жүргізген бір қарапайым тәжірибе осыған дәләл болса керек. Ғалымдар аналарынан айрылған маймыл балалар үшін екі қуыршақ маймыл ана жасап, бірінің омырауынан сүт шығатын, денесі қатты да суық етіп, екіншісінің омырауынан сүт шықпайтын, бірақ денесін жылы да жұмсақ етіп, жасаған екен. Маймыл балалары сүті бар денесі қатты қуыршақты емес, сүті жоқ болса да денесі жұмсақ қуыршақты ана ретінде қабылдап, соның бауырына тығылған. Міне, сонда кімге болса да бәрінен бұрын керегі мейірім, ана құшағы ғана.

Ананы аспандағы ай мен күнге, жарық жұлдызға, баға жетпес асыл заттарға теңеу дәстүрі де өз тілімізде берік қалыптасқан. Олай болса, анаңды қалай сыйласаң, өз балаңның анасын да солай сыйла, барлық әйел затына, тіпті жас нәресте қызына да құрмет көрсет, оларға қолдан келгенше қамқорлық жаса.

Біз анамыздың бір бөлшегіміз ғой. Сондықтан да ол біздің қуанғанымызды, ренжігенімізді сезіп отырады. «Анаңды меккеге үш рет арқалап апарсаң да, қарызыңды өтей алмайсың», үлкенді сыйлау бәрімізге міндет, ал анаңды сыйлау ол өмірлік парызың.
Мен анам жайлы айтсам, ол кісі өте мейірімді, ақкөңіл жан. Анам менің жаратушым, қашан ер жетіп өзіңмен өзің болып кеткенше жанымды сақтаушым. Мейлі, бір затты қате жасап, бүлдірсең де саған ұрысқанымен, сені жаман болсын демейді. Дұрыс жолға түссін, қатесін түзесін дейді. Қанша анаңды ренжітсең де, баласын кім жек көрсін, бәр қылығыңды кешіреді – ау! Сен үшін жанын шүберекке түйеді. Сенің болашағыңнан үлкен үміт күтеді.

Анашым менің! Сәби кезімнен өз қолыңызбен төсегіме жатқыздыңыз, қараңғыдан қорқып жылаған кезімде қасымнан табылдыңыз. Мен үшін бәріне даярсыз анашым. Жығылсам тұрғызып, жыласам жұбатып, сабағымды оқуға көмектесіп, әр жылда туған күнімді атап өтіп, көңілімді табасыз. Сізге деген алғысым шексіз ғой менің. Сізді ренжітпеуге, сабағымды жақсы оқып, айтқаныңызды екі етпей орындап, көңіліңізге қаяу түсірмеуге тырысамын.
«Ана» деген сөз үш әріптен құралса да, мағынасы түпсіз тереңде жатыр. Дүниеде «ана» деген сөзге ештеңеде жетпейді ғой. Әлемнің қаншама сөзі үш әріпті «ана» деген сөздің орнын басып, алмастыра алмайды. «Ана» деген сөз құлаққа да, жаныңа да жағымды сөз ғой бұл. Бір керемет сиқырлы сөз деп те айтар едім. Рахмет, Анашым! Маған осы өмірді сыйлағаныңыз үшін, көп рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет