Әлеуметтану



Pdf көрінісі
Дата17.10.2023
өлшемі38,79 Kb.
#186193
Байланысты:
әлеуметтану
Лицензионное соглашение об использовании ПО iPhone, Pravila dlya akczii SNK NY Magnum 5645bcdf71


1.Қоғамды этноəлеуметтанулық зерттеу.
Халықтардың өзара қарым-қатынасы мəдениетінің үлгісі – бұл қоғамдағы шиеленістік,
қақтығыстық жағдайды жеңу ғана емес, сонымен қатар, оның болашақта ұзаққа
созылған қарсылық пен жек көрушілікке ұласып кетпеуінің алдын алу болып табылады.
Қазақстан қоғамының бұндай жетістікке қол жеткізуі оның халқының ұжымдық субъекті
ретіндегі жəне оның əрбір мүшесінің өз бойында ұлтаралық қарым-қатынас мəдениетін
жоғары қоюында болып отыр. Бұған Қазақстан Республикасының алғашқы кезеңнен
бастап зайырлы, құқықтық мемлекет ретінде дамуды қолға алып, өз конституциясында
республика территориясында тұратын кез-келген азаматтың толық құқықтылығына
кепіл болуы үлкен ықпал етті. Қазіргі таңда Қазақстандағы жалпы ұлттық құрылыстың
негізгі құрамының бірі ретінде ұлттық плюрализм алынып отыр. Аталынған бағыттың
жүзеге асырылуы барысында біршама жетістіктерге қол жеткізілген. Мысалы,
біріншіден, əлеуметтік зерттеу деректеріне сай қазақстандық тұрғындардың басым
бөлігі өздерін Қазақстан Республикасының азаматы деп санайтынын мəлімдеген.
Екіншіден, Қазақстанда тұратын ұлт өкілдеріне өздерінің ұлттық-мəдени мүдделерін
жүзеге асыруға қолайлы жағдай жасалынған. Ұлтаралық қарым-қатынас мəдениеті
қоғамның халықтың, тұлғаның рухани өмірінің белгілі бір құрылымдық компоненті
болып табылады. Ол түрлі ұлт өкілдерінің рухани байланысы деңгейін сипаттайды, бұл
ретте ол ұлтаралық қатынастар нəтижесі ретінде қарастырылады.
2.Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы
Қазақстан халқы Ассамблеясы - Қазақстан Республикасының Президенті құратын,
басты міндеті мемлекеттік ұлттық саясатты іске асыру, Қазақстан Республикасындағы
қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, мемлекеттік жəне азаматтық қоғам
институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылының
тиімділігін арттыру болып табылатын мекеме.
Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру
идеясын алғаш рет 1992 жылы Тəуелсіздіктің бірінші жылдығына арналған Қазақстан
халықтарының форумында айтты. 1995 жылғы 1 наурызда оның мəртебесін Қазақстан
Республикасы Президенті жанындағы консультативті-кеңесші орган деп бекіткен
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы
Жарлығы шықты.
Ассамблеяның мақсаты - қазақ халқының топтастырушылық рөлін арқау ете отырып,
қазақстандық патриотизм, Қазақстан халқының азаматтық жəне рухани-мəдени
ортақтығы негізінде қазақстандық біркелкілікті жəне бəсекеге қабілетті ұлтты
қалыптастыру процесінде республикадағы этносаралық келісімді қамтамасыз ету.
Ассамблеяның негізгі міндеті - этносаралық қатынастар саласында мемлекеттік
органдармен жəне азаматтық қоғам институттарымен тиімді өзара іс-қимылды
қамтамасыз ету, қоғамда этносаралық келісімді жəне толеранттылықты одан əрі
нығайту үшін қолайлы жағдай жасау, ел бірлігін нығайту, қазақстандық қоғамының негіз
қалаушы құндылықтары бойынша қоғамдық келісімді қолдау жəне дамыту. Сонымен
қатар, Қазақстан халқы Ассамблеясы мемлекеттік органдарға экстремизм мен
радикализм көріністеріне қарсы əрекет етуге, азаматтардың демократия нормаларына
негізделген саяси-құқықтық мəдениетін қалыптастыруға көмек көрсетеді. Ассамблея
этномəдени бірлестіктердің күш біріктіруін қамтамасыз етеді, этно мəдени
орталықтардың, Қазақстан халқының ұлттық мəдениеттері, тілдері мен дəстүрлерінің
өркендеуін, сақталуын, жəне дамуын қамтамасыз етеді.
Ассамблеяны басқаруды Ассамблея Кеңесі жүзеге асырады. Кеңеске республикалық
этномəдени бірлестіктердің өкілдері, қоғам қайраткерлері, Парламент депутаттары,


министрлер, облыс əкімдері енеді. Ассамблеяның жəне облыстардың, республикалық
маңызы бар қалалардың жəне астананың ассамблеяларының құрамы Қазақстан
Республикасы азаматтарын - этномəдени жəне өзге де қоғамдық бірлестік өкілдерін,
мемлекеттік органдар өкілдерін жəне қоғамда өзіндік орны, абырой-беделі бар
тұлғаларды қамтиды.
Қазіргі уақытта Ассамблея құрамында 394 мүше бар. Ассамблеяның басты
ерекшеліктерінің бірі оның еліміздің жоғары заң шығару органында - Парламентте
этностық топтар мүдделерінің кепілді өкілдік етуін қамтамасыз етуі болып табылады.
Республикада Қазақстанның барлық этностарының мəдениетін, тілін, дəстүрін дамыту
үшін қажетті жағдайдың бəрі жасалған. Ассамблея қызметі Қазақстанның этносаралық
қатынастар мəселелерін тиімді шешетін ел ретіндегі халықаралық беделін арттыруға
ықпал етеді.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет