Әлеуметтанулық зерттеудің сандық және сапалық әдістерінің артықшылығы мен кемшеліктері



Pdf көрінісі
Дата07.02.2022
өлшемі94,14 Kb.
#82140
Байланысты:
Ізтұрғанов Дарын Механика 19-2. соц



Әлеуметтанулық
 
зерттеудің сандық және сапалық әдістерінің
 
артықшылығы мен кемшеліктері 
 
Әлеуметтану

білім жүйесі ретінде әлеуметтік шынайылық фактілерін 
зерттеуге негізделеді. Әлеуметтанулық зерттеу 

тәжірибеде қолдану үшін 
зерттелетін құбылыс жайлы шынайы деректер алу мақсатында әдіснамалық, 
әдістемелік және ұйымдастыру
-
техникалық процедуралардың логикалық 
кезеңдік жүйесі.
Әлеуметтік
зерттеулер ҚПЗО зерттеу қызметінің маңызды бағыттарының бірі 
болып табылады. Осы бағыт шеңберінде қоғам өмірінің
әлеуметтік және 
экономикалық салаларының түйіскен тұсында жатқан фактілер мен 
құбылыстар зерттеледі. Бүгінгі таңда маркетингтік және әлеуметтік 
зерттеулер жүргізу барысында әлеуметтік
-
экономикалық даму деңгейінен 
бастап, тұрғындар өмірінің сапасы мен деңгейі (қалада, ауылда), жергілікті 
мәселелер мен ерекшеліктер жайлы түрлі ақпараттар қажет болады. Бұндай 
ақпарат жинаудың негізгі көзі әлеуметтік зерттеулер болып табылады. Елдегі 
әлеуметтік үрдістерді зерттеуге және талдауға және қоғамның әлеуметтік 
жүйесіндегі және қоғамдық сана құрылымындағы өзгерістерді зерттеуге 
бағытталған әлеуметтік зерттеу жобалары кешенді және көпжоспарлы 
сипатқа ие.
Сандық және сапалық әдістер.
Қолданбалы
зерттеудің сандық және сапалық әдістерінің үлкен тәжірибесі 
жағдайында теориялық бағдарланған әлеуметтанушылар арасында "сандық" 
және "сапалық" әдістерді жақтақшылардың ұзақ жылдарға созылған пікір
-
таластары өрбіді.
Осы қағысу теориялық және қолданбалы әлеуметтанудың тарихи дамуының 
барысын белгілі бір дәрежеде ашып көрсетті.
Әлеуметтанудың атасы Огюст Конт өзінің көптеген замандастары сияқты 
әлеуметтік процестерді табиғаттағы процестер секілді математикалық 
дәлдікпен есептеуге, модельдеуге және болжамдауға болады деп 
армандаған. 19 ғасырда әлеуметтануды көбіне "әлеуметтік физика" деп 
атады. Әлеуметтану ойының классиктері, Конттан бастап Дюркгеймге дейін, 
әлеуметтанудың ұғымдық аппаратына математика, физика, биология, басқа 
да жаратылыстану ғылымдарының терминдерін енгізуге барынша тырысты.
Алайда, Веберден бастап, қоғамтануда "қоғам 

математикалық аппараттың 
көмегімен талдау үшін тым күрделі шындық" деген өзге түсінік қалыптаса 
бастады. Бүпнде қоғамдық ғылымдарға өзінің атомдары мен гендерін ашуға 


тура келетінін айқын байқап отырмыз. Қазіргі статистикалық қорытындылау 
мен математикалық есептеулер эйфориясы әзірше әлеуметтікатынастар 
механизмінің күрделілігін және көбінесе ескеретін танымның өзге 
құралдарын іздеумен алмастырылды. 
Осы ізденістің негізгі кезеңі әлеуметтану тұрғысынан зерттеулер 
стратегиясын таңдауда сандық және сапальқ
әдістер арасындағы біршама 
тең құқылықты бекіту болды.
Сандық әдістер сапалық әдістерге карағанда әлеуметтік ақпарат жинау және 
талдау кезінде әлдеқайда ертерек колданыла бастады. 19
-
20 ғасырдың 
басында зерттеушілер халық санағы,арнайы статистикалық зерттеулер 
мәліметтерін белсенді пайдаланады. К.Маркстің "Капиталы", Ф.Энгельстің 
"Англиядағы жұмысшы табының жағдайы", Э.Дюркгеймнің "Өзін
-
өзі өлтіру" 
сияқты өткінші емес, даңқа ие болған еңбектері статистикалық ақпаратты 
ғылыми әлеуметтану тұрғысынан талдаудың тамаша үлгілерне айналды.
Қоғамдық
пікірді зерттеудің институттануының алғашқы әрекеті статистика 
шеңберінде "пікірлер статистикасы" деп аталатын біршама дербес бағыттың 
құрылуы болғаны атап кетерлік жайт. Қазіргі эмпирикалық әлеуметтануда 
қолданылатын ақпарат жинаудың аса маңызды әдістері
-
сауапнама, сұхбат, 
пошта және баспасөз сұраулары да статистика аясынан шықты.
Осы тұрғыда сапалық әдістер біршама жасқанып көрінді. Көбіне сапалық 
ақпарат негізінде жасалынған және қалың бұқараның көңілін аударған ең ірі 
әлеуметтану зерттеуі У.Томас пен Ф.Знанецкийдің "Еуропа және 
Америкадағы поляк шаруасы" атты еңбегі болды. 
Кезінде АҚШ
-
ты қоныс тепкен эмигранттардың көпшілік бөлігі Польша 
келімсектері құраған. Олар қалыптасқан сұрау әдісімен зерттеу үшін жақсы 
сандық
базаны құрады. Мұндай сұрау көшіп келушілердің кету себептері, 
жаңа әлеуметтік, экономикалық және мәдени ортаға қосылу деңгейі мен 
нысаны олардың материалдық жағдайы, жергілікті халықтың деген 
қатынасы және т.б. туралы бай ақпарат берер еді.
Алайда, Томас
пен Знанецкийй процестің субьективтік жағына көңіл бөлуді 
ұйғарды.Олар респонденттерді зерттеуші қойған сұраққа ғана жауап беруге 
көндіруге тырысқан жоқ, респонденттерге не болып жатқанын өзіндік сезінуі 
алуан түрлі сезімдері арқылы ақпарат жеткізіге мүмкіндік береді.
"Сандық" және "сапалық" әдістерінің жақтаушылары арасындағы соңғы ірі 
қақтығыс 90
-
шы жылдардың бірінші жартысында ТМД мемлекеттері 
сахнасында орын алды. Қолднбалы әлеуметтану тұрғысынан зерттеулердің 


кеңестік мектебінде сапалық көзқарастың нақтылы
дәстүрлері болмады. 
Сондықтан ТМД елдерінің көптеген жетекші қолданбалы 
әлеуметтанушылары "сапалы әлеуметтануға" бірден қарсы шықты.
Пікір алысулар тек академиялық ортаны ғана құрады. Қолданбалы 
әлеуметтанушылық және маркетингтік зерттеулер көлемінің
көп бөлігі 
өткізілген және коммерциялық зерттеу ұйымдарын бұл пікірталас қозғаған 
жоқ.Бұл жерде назр сандық және сапалық әдістемелердің тиімді 
комбинациясы түрлерін іздеуге шоғырланған болатын. 
Сапалық және сандық көзқарастар арасындағы айырмашылықтардың
теориялық негіздемелері Э.Дюркгейм мен М.Вебердің әлеуметтану 
тұжырымдарына барып тірелед, яғни мәселе қоғамды жеке
-
даралық 
үстіндегі шындық және жеке
-
даралық әлеуметтік маңызды әрекеттердің 
нәтижесі деп түсінулер арасындағы айырмашылықтар жайында болып 
жатыр.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет