Әлеуметтену және бірегейлік. Отбасы және қазіргі заман. Девиация, қылмыскерлік және әлеуметтік бақылау



бет4/4
Дата07.02.2022
өлшемі37,22 Kb.
#85498
1   2   3   4
Байланысты:
2-ТАҚЫРЫП
2-ТАҚЫРЫП, Лекция 3, Лекция 3
Әлеуметтік бақылау дегеніміз, оның ішінде құқықтық түрде де реттеу арқылы әлеуметтік жүйені құрайтын элементтердің өзара әрекетін реттеу жолымен қамтамасыз етеді және сол жүйенің өздігінен басқарылу тәсілі болып табылады.
Сол сияқты әлеуметтік бақылау дегеніміз — ол жеке дара адам мен (индивид) қоғамның, азамат пен мемлекеттің өзара қатынастарын реттейтін құрал. Әлеуметтік бақылау шеңберіндегі әлеуметтік қатынас дегеніміз, ол — субъект (адам, адамдардың алуан топтары мен бірлестіктері, т.б.) мен объектінің (сырт дүниенің), жай ғана қатынасы емес, бұлар әр түрлі сипаттағы элементтердің өзара қарым-қатынастары.
Сөйтіп, әлеуметтік бақылау дегеніміз – ол индивидтердің әлеуметтік тәртібін тек саяси мекемелердің ғана тұрғысынан емес, сонымен қатар басқа да әлеуметтік мекемелердің (яғни, білім берудің, мәдениеттің, мораль, т.б.) тарапынан да реттеу болып табылады.
Әлеуметтік бақылау - топтың, ұжымның, қоғамның тұрақтылығын, бірлігін сақтайды.
Адамның іс-әрекеті деп – оның мұқтаждығы мен алдына қойған мақсатты жүзеге асыруға бағытталған әрекеттердің жиынтығын айтамыз.
М. Вебер атап көрсеткендей, адамның мінез-құлқы деп - оның іс-әрекетінің, қызметінің сыртқы көрінісін айтады. Оның негізгі үш түрі болады:
а) инстинктивті; ә) қарапайым; б) әлеуметтік;
Мінез-құлықтың бірінші және екінші түрі көбінесе саналы, ерікті емес түріне жатады да, оның әлеуметтік мәні болмайды.
Мінез-құлықтың мұндай түрлерін психология ғылымы зерттейді. Екінші жағынан, кейбір осындай тәртіптің түрлерінде әлеуметтік жақтар болуы мүмкін. (Мысалы, білместіктен, байқаусыздан жасалған қылмыстар). Мінез-құлықтың саналы өз үлгісі тек адамға ғана тән. Ол адамның ақыл-ойының көмегімен еркін бақылауы арқылы іске асырылады. Сондықтан оның әлеуметтік маңызы және әлеуметтік мәні болады. Мұндайды әлеуметтік мінез-құлық деп санайды.
Әлеуметтік мінез-құлық әр түрлі болады, олар:
а) Индивидуалды (яғни, жеке адамның мінез-құлқы);
ә) Ұжымдық — бұл жалпы мұқтаждығы, талап-тілек және іс-әрекет мақсатының бірлігі негізінде құрылған, ұйымдасқан топтың мінезі-құлықтары;
б) Бұқаралық — бұл бір типті, әрі ұйымдаспаған үлкен
бұқара тобының мінез-құлқы.
Жеке адам мінез-құлығының құрылымы үш элементтен тұрады:
а) мотивация, мұқтаждық пен себеп-дәлелдердің көкейтесті
мәселелері;
ә) Шешімдер, яғни шешімнің мақсаты, оны іске асырудағы
құралдарды іріктеп алу, жоспарлау;
б) Іске асыру, өмірге ендіру. Бұл қоршаған ортаға әсер ету,
болатын нәтижені талдау, іс-қимылдарды жүзеге асыру.
Әлеуметтік мінез-құлықтың өлшемі болып қылық (поступок) саналады.
Қылық — бұл іс-әрекет. Мұның әлеуметтік маңызы және мәні болады. Мысалы, анасы баласына уақытша тамақ бермесе, бұл жағымсыз қылық болып есептеледі.
Әлеуметтік тәртіп белгілі бір әлеуметтік ережелерге (нормаларға) сәйкес келсе қалыпты дейді. Ал, мінез-кұлық нормаға сәйкес келмесе, оны ауытқыған немесе девианттық мінез-құлық дейді. Бұл ауытқуды (девианттык) әлеуметтанудың арнаулы теориясы — ауытқу мінез-құлқының әлеуметтануын зерттейді.
Ауытқу тәртібіне құқық пен мораль принциптерінен кейін кету, оларды бұзу жатады.
Ауытқу тәртібі еңбек, өндіріс саласында, жеке адамдар арасында, ұйымдық қарым-қатынастарда, қызметте, жұмыста, тұрмыс-салтында, т.б. жиі кездесіп отырады. Мұндай жат қылықтарға бұзақылық, ұрлық, маскүнемдік, нашақорлық өз-өзіне қол жұмсау, жезөкшелік, т.б. жатады. Мұндай ауытқу мінез-құлықтарына қарсы күрестер еліміздің барлық салаларында алуан түрлі әдістермен қатаң жүзеге асырылуда.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет