Әлеуметтік педагог №56 жалпы орта мектебі Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы



бет3/5
Дата13.12.2021
өлшемі24,71 Kb.
#125602
1   2   3   4   5
Байланысты:
Курсовой титулка.Султанбекова Э.М301, 650026711, 650026711, биология 2017, биология 2017
Үйден оқыту -  бұл білім беру формасы, яғни бала  үй жағдайында алатын, ал оқыту үрдісі  жекеше оқыту жоспары бойынша іске асады. Бұл медициналық көрсеткіштері бойынша  білім беру ұйымдарында  тікелей оқи алмайтын балаларға ұсынылады.  Үйден жекеше оқытатын міндет-  интеллектісі бұзылған (бірінші немесе екінші тұрпаты) балалар үшін  арнайы (түзету) мектептің бағдарламасын меңгеруде немесе  мемлекеттік білім беру стандарттар шегінде  білім беру бағдарламасын оқушылардың меңгеруі болып табылады.  

Үйде жекеше оқыту жоспары бойынша оқыған бала мен сыныпта білім алған оқыған баланың айырмасы жер мен көктей. Сондықтан баланың даму мүмкіндігін анықтау мектепке дейінгі мекемелерде анықталса екен деймін.


Бүгінгі таңда іс-тәжірибе көрсетіп отырғандай, елімізге мүмкіндігі шектеулі балаларға білім берудің ұлттық бағдарламасы қажет.
Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балалар арнайы мекемелерде оқытылатындықтан, олар өзге балалардан оқшауланған. Бұл мекемелерде көбінесе медициналық әдістемелер қолданылады. Оларда бір жағынан кемістік болғанымен, екінші жағынан олардың да дені сау екендігі анықталып, оларды дені сау балалармен қатар, жалпы ортаға бейімдеу қажет екендігі түсінікті. Тек олардың сырқаты мен өзгешеліктерін ескере отырып, жай мектептің оқу бағдарламасына кіріктірген жөн. Ол үшін мемлекеттік деңгейде стратегиялық реформа жүргізу керек. Мемлекеттік деңгейде мектептерге және мектепке дейінгі ұйымдарға жаңа стандарттар енгізіліп, жүйе өзгертілгеннен соң ғана құрал-жабдықтар, ғимараттар да бейімделеді.

Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім ,беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру мақсатталған.

Тәжірибе көрсеткендей, қатаң білім беру жүйесінен балалардың бір бөлігі шығып қалады, өйткені қалыптасқан жүйе мұндай балалардың даралық қажеттілігін қанағаттандыра алмайды. Инклюзивті бағыт мұндай балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Инклюзивті оқыту – барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді; оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді; адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді.
Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беруді ұйымдастыру мақсатында,  типтік арнайы білім бағдарламасы жасалды. Онда балалардың мұқтаждықтары ескеріліп, білім алуларын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдістері қарастырылған. Инклюзивті оқыту балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдайлары да өзгереді. Инклюзивті оқытуды ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы білім алуға мүмкіншілік алады. Өйткені, олар бір-бірімен қарым-қатынас жасауға, танып-білуге, қабылдауға үйренеді. 
Біз егеменді елміз, сондықтан қоғамда болып жатқан барлық жайттар назарымызда болып, әр қазақстандық сол жайттарды шешу үшін өз үлесін қосуы керек. Жоғарыда айтылғандай жылдан-жылға республикамызда кемтар балалардың көбеюі әрқайсымызды ойлантып, оларға сын көзбен немесе аяушылықпен қарамай, қолдан келген көмекті беруіміз қажет.

Мүгедек, жарымжан балаларды сәби кезінен бастап анықтап, олардың ортаға бейімделуіне жағдай жасалу керек. Сондықтан осындай кемшіліктерді анықтайтын шағын кабинеттер ашып, арнайы жұмыс жүргізіп, әр баланың қабілеті мен даму мүмкіндігін анықтаса, оларға арнайы түзету жұмыстарын жүргізіп, үй жағдайында өсіріп- тәрбиелеуде ата-анаға ақыл-кеңестер берілсе, бұл да мүмкіндігі шектеулі балалар үшін атқарылған игі істің бірі болар еді.Өйткені ата-ана бұл жағдайды басынан бір жақты болып өткеруде, бұл кезде ата-анаға арнайы маманның көмегі, ақыл-кеңесі және балаға аялы алақан мен жан жылуы, ары қарай бұл жағдаймен күресуіне маманның түзету жұмысының көмегі қажет екені баршаға аян.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет